Жоба тақырыбы: Мен өз аймағымның экологиясында қандай рөл атқара аламын?



бет3/6
Дата17.05.2022
өлшемі32,93 Kb.
#34736
1   2   3   4   5   6
Негізгі бөлім

  1. Атырау қаласының экологиясы

Еліміздің батысы, Жайықтың бойында орналасқан мұнайлы өлке Атырау қаласының экологиясын айтатын болсақ, жалпы Атырау облысының климаты континентті, жазы ыстық, желі қатты, қысы суық болып келеді. Сонымен қатар жауын шашын мөлшері аз, табиғи ылғалдылығы жеткіліксіз. Атырау облысы Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары мен аймақтарының арасында ерекше орын алады. Мұндағы экологиялық жағдай табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қалыптасады, олардың ең маңыздылары Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі және мұнай – газ кешенінің қарқынды дамуы болып табылады. Атырау қаласының ауасында ауылдық жерлерде кездеспейтін көптеген ластаушы заттар бар.

Бұл жақта мұнай өндіретін АНПЗ зауыты орналасқандықтан ауа бірқалыпты деуге келмейді. Өйткені зауыттан түрлі өндіріс қалдықтарының шығуы қала аймақтарын ластап отыр, осының салдарынан қарапайым халықтың денсаулығына жағымсыз әсерлер беріп, неше түрлі аурулар белең алуда. Тек бұл жағынан ғана тоқталмай, сан алуан қырынан қарастырсақ, Атырау қаласында жасылды өсімдіктердің, ағаштардың, жалпы жасыл аймақтың болмауының және де таулы өлкеге жатпайтындығы да климат пен экологияға тікелей септігін тигізеді. Себебі, осындай таулы, шөбі шүйгін жасылды аймақтарда экология таза әрі адамға емдік шипасын береді. Атырау облысының бүкіл халқы экологиялық проблемаларға алаңдаулы.

Атырау облысы мұнайлы өлке болғандықтан, әртүрлі мұнай өндіргеннен кейін шыққан қалдықтар, және тағы да басқа қаладағы өндіріс қалдықтарының әсерінен атмосфера күннен – күнге ластанып бара жатыр. Жайыққа келетін болсақ, оның жағдайыда жыл өткен сайын күрделенуде. Өзен суы таязданып, жағалауы күннен күнге тарылуда. Ол аздай демалуға келген адамдар неше түрлі қоқыстарын суға лақтырып, өзенді ластауда. Соның салдарынан өзендегі балықтар саны күрт төмендеуде. Өзен бойында тұрып жатқан халықта суды бей берекет пайдаланып, табиғатты аяламауынан Жайық өзені қоқыстың астына көмілуде.

Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, Атырау облысындағы экожүйенің жағдайы дағдарысқа дейінгі сипаттамамен сипатталады. Егер қорғаныс шаралары кешенді қабылданбаса, бұл аймаққа экологиялық апат қаупі төнуі мүмкін. Демографиялық проблемалар аясында мұнай мен мұнай өнімдерінің адам ағзасына кері әсері әр түрлі болуы мүмкін.

Табиғатты қорғау, экологиялық қауіпсіздік, топырақ жамылғысы мен Жайық өзенінің сулы қабатын қорғау мәселелері біз үшін бірінші кезекте тұр. Сондықтан аймақ тұрғындарының денсаулық жағдайларын терең кешенді ғылыми зерттеу және осы аймаққа тән қоршаған ортаның қолайсыз факторларын ескере отырып, мақсатты алдын – алу шараларын әзірлеу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет