Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
1-апта
«Тазалық – денсаулық кепілі». Өзіміз өмір сүріп, күнделікті ауасын жұтып отырған қоршаған ортамыздың тазалығын сақтаудың маңызы зор. Осы орайда ауданымызда көктем айларында ұдайы сенбілік ұйымдастыру жақсы бір дәстүрге айналып келеді. Биылғы жылы көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру екі айлығы жарияланып, елді мекендерді қоқыстан арылту, қалдықтарын жинастыру, көшелерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Осындай тазалық жұмыстары Көкбастау ауылдық округінің аумағында да атқарылды.Осы тазалық жұмыстарына бірден бір себепкер болған “Қоғамға қызмет” сабағы болды.
2-апта
Біз, яғни топ болып бəріміз бірігіп сенбілік өткіздік.Біз сенбіліктің атын "Табиғатты қорғау " деп алдық. Өйткені сенбілікте барлық адамдар табиғатты қорғауға шығады емес пе?! Біз табиғатты қорғау барысында көптеген сынған ағаштарды жамап , оның орнына жаңа ағаштарды отырғыздық.Көкшіл,жасылырақ түсті шөптерді суғардық.Біз өте еңбекқор болып, көптеген жұмыстарды бітірдік.Сенбілік өте керемет өтті. Себебі біз табиғат аясында табиғатқа көптеген жақсылық жасадық.
3-апта
Біз Антикор,яғни Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жиналыста болдық.Бұл жиналыста бізге түсіндіргені осы мамандықтың оқуына және де тікелей жұмыс орнына қалай түсу керектігін егжей-тегжейлі айтып берді.Бізде қызығушылық болды,әрине бірақ біз өзміз таңдаған мамандықта жүргеніміз абзал дедік.Сосын бізге қылмыс болып жатқан жерде көріп қалған жағдайда қай нөмірге қалай сөйлесуді үйретті.
4-апта
Әр мемлекет өз елінің бас қалаларына ерекше көңіл бөледі. Заманауи инфрақұрылым, жаңа ғимараттар мен тұрғын үйлер, балабақшалар мен мектептер, қызмет көрсету және демалыс орындары – бәрі-бәрі шаһардың көркін ашатын, мәртебесін арттыратын нысандар болуы шарт. Халық көп шоғырланған мегополистерде көше, аула, ауа тазалығын сақтау және бір тәулікте тау болып жиналатын қоқыс мәселесі еріксіз алаңдатады. Қазіргі таңда қоқысты іріктеуді игере алмай жатқан мемлекеттер – дамушы елдер. Мұның түрлі себебі бар, біріншіден тұрмыс қалдықтарын өндейтін технологияның жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтардың үлкен көлемі, сонымен қатар, адамдардың қоқыстан болатын залалдың, экологияға әкелетін қауіпті толық сезінбеуінде. Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салмас бұрын көпшілігіміз бұның бәрі қайда кетеді деп ойланбаймыз да. Пакеттерге тамақ қалдықтары, жуынды, қағаз, пластик аралас салынып, толассыз тасталып жатыр.
5-апта
Біз осы апта да Мейірімді орталығының әлеуметтік дүкенінде болдык ол жақта біз қоқыстпрын жинап,ретке келтірдік. Дүкен киім-кешек, аяқкиім, балаларға арналған ойыншықтар, тағы басқа бір-екі қолданыстан шығып қалған, пайдаға асатын заттарды қабылдайды. Қазір уақыт көшімен сән үлгісі де жылдам өзгеруде. Мәселен, биыл алған киіміңіз келесі жылы сәннен шығып, киюге жарамай қалып жатады. Бұрындары ескі киімді ауылдағы туыс-тумаға жіберу деген жақсы үрдіс бар-тын. Ол да қазір қалып бара жатқандай. Берген киімің қоқысқа кетіп, рәсуа болып жатқан жайы бар. Мұндайда мейірім орталығына әкелсеңіз, жағдайы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін таратылады.
6-апта
Тазалық сақшылары барлық қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етілді. Теңіз жағалауы пластикалық, шыны және басқа да қоқыстардан тазартылды. Сенбіліктің қорытындысы бойынша барлығы 200-ден астам қапшық қоқыс жиналған. Барлығымыз демалыс күніміздің осындай пайдалы шаруаға жұмсағанды жөн санадық. Айта кетейін, теңіз жағалауынан осыншама көп қоқыс шығады деп мүлдем ойламаппын. Негізінен сынық шынылар, спирттік ішімдік құйылған бөтелкелер солайымен шашылып жатырғанын кездестірдік, сонымен қатар темекі тұқылдары, пакеттер мен тағам қалдықтары көп. Қазір теңізде шомылу маусымы ресми түрде жабық болғанымен, осындай демалыс орындарына келішулер қатары әлі де бар. Сол демалушылар өздерінің соңын жинамай кететіні өкінішті.
7-апта
Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экология жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде.Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде.