І.Диагностикалық бағыт: — баланы алғашқы дефектологиялық тексеру; — баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау; — баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау;
II. Түзете-дамыту бағыты : Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне байланысты түзету жұмысының мазмұны анықталады. Баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы түзете-дамыту жұмысы бойынша мынадай бағыттарды айқындап берді: — сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру; — кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру; — пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру; -салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру; — зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту; — көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту; — психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру. Айқындалған бағыттар негізінде балаға түзете-дамыту бағдарламасы құрылады.