2.1. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде озық елдердің тәжірибесін зерттеу,салыстыру.
Педагогика тарихында Европалық білім беру тәжірибесіне бірге оқыту феномені деген педагогикалық идеяны енгізген педагог И.Г.Песталоцци (1746-1827) болды. Көру, есту, зият кемістігі бар балаларды сау балалармен бірге оқыту идеясы XIX ғ. бірінші жартысында европалық мұғалімдердің ойын жайлаған идея болды (Франция, Германия, Австрия т.б.).
Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе
отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға
деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның адами
қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз
бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір
сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне
көмектесу болып табылады.
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары : -ППҚ қолдауының мақсаттылығы -ППҚ қолдаудың үздіксіздігі - ППҚ қолдаудың бірізділігі -ППҚ қызметінің кешенділігі (біртұтас тәсілдік жүйені меңгерген, біртұтас ұйымдасқан ППҚ қызметі мамандарының біріккен жұмысы) - ППҚ қызмет мамандарының гумандылығы (адамгершілік, ізгілік) – баланың мүмкіндігіне сенетін мамандар құзыреттілігі.
2.3.Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде,дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері.
Осы қағидаларды жүзеге асыру үшін білім беру мекемелеріндегі жеке сүйемелдеудің негізгі кезеңдерін анықтап алу керек:
Баланың дамуын сүйемелдеудің бірінші кезеңі ретінде бала туралы
ақпаратты жинақтау шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |