Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында»



бет18/92
Дата12.04.2023
өлшемі421,48 Kb.
#81882
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92
Байланысты:
Жобалау – о?у ?рекетіні? ерекше т?рі ретінде Елімізді? білім бер

Жобалау әрекетінің педагогикалық мәнін ашу үшін жобалауға негіз болатын танымның және қалыптасқан ортаны жаңартудың ерекше тәсілі туралы идеяларды қарастыруымыз қажет болады, олардың бастылары:
«алдын–алу идеясы» – алдағы әрекеттерді жобалауға бағытталған жобаға тән перспективалар;
«әлеуеттердің айырмашалық идеясы» – жоба нысанының қалыптасқан жағдайы мен алдағы уақытта болуы тиіс сипаттарының айырмашылығы;
«бір қадамнанкелесі қадамға» – «болашақтағы қажеттіктердің» бірте–бірте, өз кезеңімен жақындай беруі (Н.А.Бернштейн);
«бірлесу идеясы» – жобалау барысындағы түрлі бағыттағы күштер мен ресурстарды біріктіре пайдалану жолдары;
«көбейіп тарай беретін белсенді» қатысушылар – (В.Х.Килпатрик) біірлескен әрекеттер барысында мақсатты орындауға деген қатысушылар белсенділігінің артуы.
Қазіргі кезде көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарының нәтижелері сапалы құрылған білім жобаларының ғылыми негіздемесі болуын, ал жобалардың нәтижесі жаңа ғылыми идеялар мен жаңа зерттеу бағыттарына негіз болуын дұрыс деп есептейді.
Дегенмен де, білім беруде жобалау әрекетінің «идеядан –соңғы нәтижеге дейінгі» толық циклы бойынша жобаны таңдау, құрастыру ғана емес, идея берушілер мен жобаны құрастырушылардың жобаны тәжірибеге ендіруге де тікелей араласатын болғандықтан, білім берудегі жобалау әрекетінің құрылымы күрделірек болады. Оны инновациялық жобалау тәжірибесінен айқын көруге болады.
Ғылыми–әдістемелік әдебиеттерде «жоба», «жобалау» ұғымдарынан тарайтын түрлі сөз тіркестері мен терминологиялық түсініктер көбеюде. Олар бір қарағанда мәндес сияқты болғанымен әрқайсысының қолдану аясы бар, сондықтан жобалау әрекеті барысында пайда болуы мүмкін қайшылықтарды болдырмау мақсатында нақтылауды қажет етеді. Оларды төмендегі сипаттары бойыша ажырата аламыз:
«жобалық» – бұл сипат белгілі бір нәрсенің жоба аясында қолданылатынын түсіндіретін, жоба категориясына жататынын білдіретін ұғым, мысалы, жобалық шешім, жобалақ құжаттар, жобалық тұрғы, жобалық мәдениет, т.б.
«жобалай алушылық» – бұл сипат адамның ой түріндегі объект бейнесінің тәжірибеде іске асырылу моделін көре алатын қабілеті. Ол белгілі бір әдістер мен процедуралар негізінде іске қосылатын тұлғалық сапасы ретінде көрінеді, мысалы, жобалай алатын ой-сана, жобалай алу әдістемесі, жобалай алуды тексеру, т.б.
«жобалаушылық» – бұл сипат ерекше әрекет ретіндегі жобалауға жататын ұғымдарды білдіреді, мысалы «жобалаушылық кезең» деп белгілі бір үрдістегі жобалау әрекетін пайдалануға мүмкіндік бар кезеңді, «жобалаушылық біліктілік» –жобалау қызметін іске асыру мүмкіндігін білдіреді.
Жобалау түрлерін классикалық сипаттағы инженерлік -техникалық жобалау, әлеуметтік жобалау деп қарастырсақ, білім берудегі жобалау әлеуметтік жобалаудың бір түрі ретінде гуманитарлық жобалау деуге болады. Оны дәлірек түсіндіру үшін гуманитарлық жобалардың мәнісін айқындап алу керек. Атынан белгілі болып тұрғандай, гуманитарлық жобалаудың мән - мақсаты адам табиғаты мен адами қатынастардың ерекшеліктеріне сай жаңғыртулар жасау болып табылады. Ғалымдар білім берудегі жобалаудың екі стратегиялық түрін белгілейді, олардың бірі – әлеуметтік ортаға және оның жағдайларына бейімделу, басқаша айтқанда, педагогтардың білімнің әлеуметтік өзгерістерге жауап беру түрлері деуге болады; екіншісі –өз құндылықтарына, мақсаты мен ұстанымдарына сәйкес жетілдіру немесе жаңарту, қайта құру.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми Түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде жобалау туралы бірнеше түсініктер берілген, мысалы «педагогикалық жобалау –оқушы мен тәлімгердің алдағы іс - әрекетінің негізгі құрылымдарының жасалымы, бұл оқытушы әрекетінің тиімділігін арттырады» делінсе, «жобалау әдісі» – оқушыны бірте -бірте күрделене түсетін практикалқ тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі» деп тұсіндіріледі. Енді «жоба» ұғымына келсек, қазақ тілінде оны «жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге тиісті нысандардың макеттері, есептеулері және ұстанымды дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар. Жоба болашақ жоспар негізінде жасалып, қабылданады».
Білім беру саласы қоғам дамуының деңгейін анықтайтын әлеуметтік және әлеуметтік мәдени технология және іргелі сала. Бұл тұрғыдан қарастыру арқылы жобалау мен ғылыми зерттеудің ортақ идеясын болатынын дәлелденеді. Оның мәні:

  • объектінің құрылым ішінде пайда болуы;

  • кейін оның зерттеу пәніне айналуы;

  • оның кешенді және көп пәнді болуы;

  • зерттеу элементтерімен қатар жобалау элементтерінің қамтуы;

  • жобалық идеяның тиімділігінің бағалануы және оның салдарының талдануы;

  • ғылыми зерттеу позициясымен қатар басқару субъектілерінің өзара байланысы.

Білім берудің тұтас саласы да жобалау пәні бола алады, бұнда тәжірибелік зерттеулер жүргізілуі эксперименттердің жобалық бағдарламалық түрі пайда болуына алып келеді.
В.В. Давыдов пен Ю.В. Громыко ғылымилықтың жаңа жобалық – бағдарламалық түрін белгіледі. Оның негізіне ғылыми сипаттама беру (модельдеу), жаңа фрагменттер мен жүйелер құрастыру алынады. Жобалау пәні ретінде әлеуметтік –мәдени әрекеттер жүйесінің мәдени – тарихи түрлері алынады, бағдарламалау пәні ретінде тәжірибенің даму үрдісі алынады. Аталған В.В. Давыдов пен Ю.В.Громыконың тұжырымдамасын білім берудегі жобалаудың мета –әдіснамасы деп есептей аламыз және ол дәстүрлі педагогикалық үрдістің тұтас адам құндылықтарына көшуін белгілейді. Оның жобалау негізінде қолданылу шарттары төмендегідей қарастырылады:

  1. белгілі бір білім мекемесі деңгейінде тәжірибелік зарттеудің зерттеудің қажеттігін анықтау;

  2. білім саласындағы дәстүрлі нормативтік қызметтермен қатар инновациялық тәжірибелік алаңдардың болуына жағдай жасау;

  3. білім беру саласындағы тәжірибелік жаңғыртулардың құралы ретінде жобалық әрекеттерді алу.

Айта кететін жайт, білім берудегі жобалау инновациялық жобаларды барлық білім беру ұйымдарына міндеттеуге тиіс емес. Бұл жағдайда басқару маниулятивтік сипатта болып, білім беру ұйымдары бірдей сипат алуы мүмкін.
Білім беруді жаңарту білім беру жүйелерін жобалау әдіснамасына, әртүрлі білім мекемелері сипатын және олардың өзін –өзі дамыту әрекеттерін қолдайтын құндылықтар мен мақсаттарға негізделуі тиіс. Білім беруді дамытудың перспективалық бағыты ретіндегі жобалау идеяларын В.И. Слободчиков білім берудегі инновациялық әрекеттері тұрғысынан зерттейді. Ол инновациялық әрекеттерді:

  • белгілі бір әлеуметтік тәжірибе кеңістігінде;

  • дәстүрлі нормалардың жаңа әлеуметтік күтінімдерге сәйкес болмауынан пайда болған проблемаларды шешуге бағытталған әрекеттер ретінде;

  • жаңа инновациялық тәжірибені, оның мәдени рәсімделуі мен берілу механизмін түсіну және қабылдау әрекеті ретінде;

  • қалыптасқан тәжірибені жаңартуға бағытталған әрекет ретінде қарастырады

Мысалы, зерттеу әрекеттері «мақсат –құрал – нәтиже» схемасы бойынша бар нәрсені зерттеу түрінде болатын болса, басқару әрекеттері «бағдар – әрекет – бақылау» түрінде, ал жобалау әрекеттері логикасы «идея –орындау – рефлексия» түрінде жүзеге асырылады. Жобалаудың өзіне тән ресурстары бар, олар:
интеллектуалдық, ерік – жігерлік;
адами позициялық;
ұйымдастырушылық;
басқару;
кәсіби – әрекеттік
материалдық – қаржылық, т.б
Инновациялық жобалау төмендегі өзара байланысты қызметтерді қамтиды, олар:

  • ғылыми –зерттеу әрекеттері, немесе жаңа білім ашу, игеру;

  • жобалау әрекеттері, немесе жаңа білімді технологияда пайдалану арқылы тағы да жаңа білім құрастыру;

  • білім беру әрекеттері, немесе субъектілердің өз тәжірибесі негізінде өзіндік білімді игеруі;

Осылайша, жаңа әлеуметтік –мәдени жағдайлар ұлттық білімнің жаңа бейнесін қалыптастыра бастады, оның мәні мен белгілері –қоғамдық тәжірибенің өз бетіндік түрі, тарихи тәжірибенің универсалды түрде берілуі, адамдық мәннің қалыптасуы мен күшеюінің жалпы тарихи –мәдени түрі.
Білімнің аталған жаңа бейнесіне сәйкес оның құрылымы өзгереді, білім саласы құрылымының көрінісі үш қырынан байқалады, олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет