Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында»



бет3/92
Дата12.04.2023
өлшемі421,48 Kb.
#81882
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
Жобалау – о?у ?рекетіні? ерекше т?рі ретінде Елімізді? білім бер

Сонымен қатар, бұл кешен білім берудің жаңа нәтижелерін ұйымдастырушылық және адам ресурстарын дамыту тұрғысынан қамтамасыз ететін педагогикалық жобалаудың теориясы мен технологиясы туралы мемлекеттік тілде жазылған бірден бір кешен ретіне педагогтар мен білім беру ұйымдары басшыларына да құнды боларына сенеміз.




1.2. Қоғамдық-әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалау әрекеті идеясының пайда болуы мен дамуы.
ХХ ғасырдың екінші жартысында интеллектуалдық әрекеттерді ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыруды жүзеге асырыла бастады және оның негізіне теориялық білімдер ғана емес, көбіне тәжірибелік талдау қызметтері алынатыны белгілі болды. Бұған дейінгі кездері ұйымдастырушылық мәдениеттің теориялық дамуы негізінде таңбалаудың жаңа түрлері – модельдер, алгоритимдер, ақпараттар қоры, т.б. жасаудың көптеген жолдары пайда болып, кейін бұлар жаңа технологиялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша, жаңа модельдер мен технологиялар өнім күйінде ғана емес, таңбалар түрінде шығарылып, олар жобалауды ұйымдастырудың басты элементтеріне айналды.

Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Кейін өзінің кең таралуына байланысты жобалау универсалдық сипат алды. Мысалы, экстенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жоба жасау және оны ендіру барлық салаларды - өнеркәсіп пен құрылысты, мәдениет пен саясатты, білім беруді қамтитынын көруге болады. Интенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жобалау объектісі мен тақырыбы, проблемасы мен әдістері, құрылымы бірдей болып келетін рефлексиялық құралдар арқылы (логикалық, семиотикалық, психотехникалық) ұйымдастырылатыны да байқалады. Осындай біртұтас, не бірегей тұрғыда түрлі салаларда қолдануға болатыны - жобалаудың әлеуметтік тиімділігінің көрсеткіштері болып табылады. Сонымен қатар, жобалаудың автономдығы басқа интеллектуалдық және әлеуметтік-мәдени әрекеттер түрлерінен, мысалы, ғылыми зерттеулер мен бағдарламалау, жобалау мен басқару, құрастыру мен т.б. қарым-қатынастардан өзгешелігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет