Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Жобалау негізінде инновациялық үрдістерді мәдени дамыту тәжірибесінде қалыптасқан бағыттар



бет13/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
4.Жобалау негізінде инновациялық үрдістерді мәдени дамыту тәжірибесінде қалыптасқан бағыттар
«Инновация» термині ғылымға XIX ғасырдан бері қоғам дамуын көрсететін қажетті көрсеткіштерінің бірі ретінде белгілі болды. Ең әуелі бұл ұғым антропология және этнография ғылымдарында пайдаланылып, мәдени өзгерістерді зерттеулер барысында «дәстүрлі» деген түсініктің қарама қарсы мәні ретінде қолданылды. XX ғасырдың басында «инновациялық жаңғыртулар» терминін экономика саласы кеңінен пайдаланып, шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік табыстарын қамтамасыз ететін элементтер комбинациясы ретінде қарастыра бастады. 30- жылдардан бері бұл түсінік менеджерлер арасында белгілі бір «фирманың инновациялық саясаты» термині ретінде кеңінен тарап, инновация «дәстүрлі» ұғымына қарама қарсы қолданылатын болды. Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы екі кезеңді бөліп көрсетеді. Оның бірінші кезеңі қоғамдағы жалпы өзгерістермен тығыз байланысты болып, жобалау қызметінде еркіндіктерге ие болған кездермен сипатталады. Бұл кезеңде стихиялық жобалау тәжірибесі, әсіресе білім беру саласында, кеңінен қанат жайып, өз «жобаларын» құрастыру мен ұсыну жаңашыл мұғалімдерден бастап білім мекемелеріне дейін орын алды. Осы жағдайларды талдау қорытындылары жобалау тәжірибесі мен оның мәдениеті қалыптаспағандығын көрсетіп, жобалауға мәдени түр беру, оны мәдени тәжірибеге айналдыру міндетін алға қойған болатын. Сөйтіп, жобалаудың екінші кезеңі басталды, ресейлік және отандық ғалымдар осы кезеңнен бастап жобалаудың педагогикадағы инновациялардың мәдени түрі деп белгіленуіне негіз қалыптасты деп санайды. Жобалаудың мәдени контекст алуы оны басқа ғылымдар тұрғысынан, соның ішінде, педагогикалық - психологиялық тұрғыдан, педагогика тарихында қалыптасқан үрдістерге сай зерделеуге мүмкіндік берді. Инновациялық үрдістерді жобалау негізінде мәдени дамыту тәжірибесі екі түрлі бағытта қалыптасқандығын айта кету керек. Біріншісі, эмпирикалық деуге болады, ол– бәсекеге қабілетті жобаларды таңдау мақсатында тиімді жобаларды құрастыруға үлгі ретінде қолдануға болатын жобалаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іріктеп алу жолы. Екіншісі, үдерістерді дамытуды көздейтін жобалар үшін қажетті арнайы заңдар мен заңдылықтарды теориялық зерделеу болып табылады.
Қазіргі замандағы қоғам мен әлеуметтік құрылымдар реформаларының, соның ішінде білім беруді жаңартуға қатысты өзгерістердің қарқынды жүргізілуіне байланысты берілген контекстерін синтездеу арқылы жобалауды негіздеуге болатыны айқындалады. Бұл жобалау қызметін басқарудағы инновациялардың мәдени түрі ретінде де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым ретінде даму жолдарын айқындаудағы негізгі әдістер мен технологиялар ретінде де, басқарудың негізгі процедурасы ретінде де қарастыруға мүмкіндік береді.
Қоғам ұйымдастырылуының бірнеше қабаттарға бөліну принциптерін көрсетеді және олар екі үдерістің – көтерілу және орындалу немесе жүзеге асырылу–жүруі мүмкін екенін білдіреді. Бірінші үрдіс әлеуметтік қабаттан мәденилікке, одан әрі идеалдыққа өтуді білдірсе, екіншісі, идеалдық, яғни, идея ретіндегі болмыстың мәдени және әлеуметтік түрлерін ұйымдастыру арқылы менталитетте, салт пен дәстүрлерде бекітілуі болып табылады. Н. Г. Алексеев атап көрсеткен білім берудегі инновациялық қозғалыстарды мәденилендіру жолдары осы көтерілу үдерісіне де, жүзеге асырылу үдерісіне де сәйкес келеді дей аламыз. Өйткені, жобалау қызметі үздік үлгілерін іріктеп алу көтерілу үдерісіне, ал жобалауды технологиялық құрастыру мен теориялық зерделеу жүзеге асырылу үдерісіне тән құбылыстар. Жобалау аталған осы екі үдерісті қамтиды. Мысалы, білім беру ұйымын басқарудың мәдени–инновациялық сипатын алатын болсақ, оның технологиялық циклі білім берудегі тәжірибені қайта жаңғыртуға деген әлеуметтік сұраныс қабылдаудан басталып, инновациялық жобалау арқылы жүзеге асырылады. Тәжірибелік–бағытталған ғылыми контекстегі жобалау педагог – практиктердің қалыптасқан жағдайды өзгертуге қажеттіктерінен пайда болады, яғни, ол да әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабатынан шығады. Осы екі жағдайда да болашақтағы инновациялық қайта құрулардың мәдени түрі ретінде жобалау қызметі алынады. Бұл контекстердің негізгі айырмашылығы идеалдық құрылым қабатында дей аламыз, өйткені, осы жерде ғана жобаланып отырған нысан өзінің басымдық тұрпатына сай идеалдық құрылымына ие болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет