Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Жобалаудың пайда болуы және эволюциясы



бет14/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Байланысты:
Жобалау аа-аа 69. А. Файоль сын ан бас ару рлымыны жетістігі

5 Жобалаудың пайда болуы және эволюциясы
Жобалау алғаш пайда болғанда .Жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы .
1828-1903 Н.Ф. Федоров ол өзінің жобалау жұмысының іс-әрекетін тану әдісі деп атап өткен және оны жұмыс жобалауын тану деп қарастырған. Бұл ұстанымға сүйенетін болсақ, теориялық білім мен практикалық іс-әрекеттің бірлігі, философ айтқан, адам өзі құрған дүниені тануға мүмкіншілігі бар, жобалау болжауға сәйкес оның қажеттілігі қандай болуын пракикалық іске асырумен тексеріледі. Философиялық деңгейде жобалау рухани-білімдік іс-әрекет нәтижесі деп қарастырды.
XIX ғасырда С.Т. Шацкий шағын қызметкерлер тобы ұйымдастырды, балалармен тәжірибелік жұмыс істеуде, түрлі жобалау түрлерін белсенді түрде қолданды.
А.С. Макаренко Педагогикалық ойлаудың логикалық негізін жасаған. Тұлғаны тәрбиелеу мақсатының негізінде жобалау сонымен қатар тәрбиелеушінің мүмкінішілігімен нақты сәйкестілігі жайында айтты.
В.С. Безрукова Педагогикалық жобалауды «оқушылар мен мұғалімдердің алда тұрған іс-əрекетінің негізгі детальдарын алдын ала жасау» ретінде қарастырады. Бұл анықтама мұғалімнің педагогикалық процесті жоспарлауының жалпы алгоритмін көрсетеді.
В.В. Краевский оның айтуынша «педагогикалық жобалау əлеуметтік мақсат қоюдың өзіндік формасы болып табылады». Дегенмен, бұл анықтама бойынша, «жобалау» жəне «жоспарлау» іс-əрекеттері бір-бірімен сəйкестендіріледі, ал олардың əрқайсысының өзінің жеке мағынасы бар іс-əрекет екендігі көрсетілмейді. Себебі педагогикалық жобалау – тек мұғалімнің сабақты жоспарлауы ғана емес, ең алдымен оқу-тəрбие процесінің логикалық құрылымын жасау.
А.Н.Дахин Жобалауды «қандай да бір жүйені, объектіні немесе модельді құру (жасау,жоспарлау, құрастыру) жөніндегі іс-əрекет» деп біледі.
В. Килпатриктің айтуынша, кез келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:
Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;
Мақсатқа бағытталған әрекет;
Оқытуды – өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.
Педагогикалық жобалау дегеніміз – білімдер жиынтығы ретінде қарастырылатын, нақты педагогикалық объектіні, құбылысты немесе процесті көрсететін белгілі бір педагогикалық жүйені іске асырудың шарттарын анықтау жөніндегі іс-əрекет болып табылады
Жобалаудың мүмкіндіктері педагогикадағы ақпараттық - комуникативтік технологияның дамуымен де кеңейеді, сөйтіп, білім беру үрдісіне қатысушылардың жобалау кеңістігі одан әрі дами түседі деп айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет