Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Жобалаудың тәжірибелік–бағдарлы ғылым ретінде қарастырылуы



бет16/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
7. Жобалаудың тәжірибелік–бағдарлы ғылым ретінде қарастырылуы
Жобалау феноменіне қатысты дәстүрлі ғылыми кӛзқарас, қазіргі заманның қайта жаңғыртуларды батыл да жедел жүргізу талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқан тәжірибеге тікелей ықпал ете алмады, сондықтан жобалау әрекеті таза ғылымилық емес, тәжірибелік-бағдарлы ғылым контекстіне енгізілді. Осылайша, жобалау ғылымилықтың жаңа түрінің негізгі әдісі ретінде ұсынылды, оны кейбір авторлар тәжірибелік - бағдарлы ғылым деп атаса, әдіснамалық бағдарды ұстанушылар бағдарламалық - жобалық ұғымын ендіру арқылы түсіндіреді.
Тәжірибелік–бағдарлы ғылым ұғымын білдіретін термин ретінде М.А.Данилов бағдарламалық–жобалық тұрғыны енгізіп, оның қарастыратын пәнін белгіленетін, сипатталатын, қайта жаңғыртылатын практикалық әрекеттер жүйесі деп, мақсатын-белгілі бір жүйені және оның мазмұнын дамыту деп кӛрсеткен болатын. Бұл жерде әлеуметтік–мәдени құбылыстарды зерттеуде классикалық түрлермен қатар қолданылатын ғылымилықтың жаңа тұрпаты қалыптасып келе жатқаны туралы айтуға болады. Дәстүрлі сипаттағы тарихилық, дамытушылық және тәжірибедегі жаңартушылық принциптерімен бірге жобалау принципі білім берудегі кешенді проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдаудың басты әдіснамалық міндеттерінің бірі болып қалыптасып келеді. Тәжірибелік–бағдарлы педагогикалық ғылым ендігі жерде жекелеген психологиялық–педагогикалық феномендердің ӛзін зерттеумен қанағаттанбауы сӛзсіз, бұл зерттеулер енді кешенді түрде жүргізілуге тиіс. Осының ӛзі жобалау қызметінде кӛптеген нақты зерттеулер мен білім беру саласындағы жобалауды, адамның ӛмір бойы алатын үздіксіз білімнің бағдарламалары мен технологияларын, бағалаудың эксперттік жүйесі мен оның тиімділігін бағалау құралдарын қамтитын бірнеше күрделі объектілердің синтезделуін талап етеді.
Ғылымилықтың дәстүрлі түрімен салыстырғандағы жаңа түрінің айырмашылығы–жобалауды ұйымдастыру мен одан әрі қарай жүзеге асыру барысындағы ғалымдар мен практиктердің нақты білім беру алаңында жүргізетін бірлескен әрекетінде, сонымен қатар, осы қызметті қолға алуды бастаушыларпрактик адамдар екенінде болып отыр. Тәжірибелік-бағдарлы ғылымның тағы бір ерекшелігі – кӛппәнділігінде (полидисциплинарность), ол білімдік және пәндік салалардың Бірнеше түрлерінің Ӛкілдерін бірлесе отырып, білі берутәжірибесі
интегративтік сипатта дамытуға қатысуын қажет етеді. Білім берудегі ғылымилықтың жаңа кӛппәнділік тұрпатын негізге ала отырып, зерттеушілер жобалаудың екі түрін атап кӛрсетеді. Олар:психологиялық педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық.
Біріншісі, психологиялық–педагогикалық түрі–білім беру үрдісін жобалауға тән, яғни оқыту–әрекеттің тәсілдерін меңгеру, қалыптастыру–әрекеттің жасалған түрін меңгеру, тәрбиелеу–есею мен әлеуметтену. Екіншісі, әлеуметтік- педагогикалық түрінің объектілері ретінде білім беру институттары мен білім берудің түрлі орталары алынып, олардың әрқайсысында атқаратын қызметтеріне сәйкес үрдістер жүргізіліп отырады.
Егер таным бұған дейін ӛмір сүріп келген, зерттеушінің пікіріне тәуелсіз белгілі бір объект туралы шынайы білім алуға бағытталған болса, жобалау дүниеге бұдан бұрын болмаған жаңа объект әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет