Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз



бет15/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Байланысты:
Жобалау аа-аа 69. А. Файоль сын ан бас ару рлымыны жетістігі

6 «Жобалау» түсінігінің мәні
Білім беру процесінің тиімділігін арттыру мəселесін шешуде педагогикалық жобалаудың маңызы зор. Психологиялық-педагогикалық əдебиеттерде ол оқытушының маңызды кəсіби- педагогикалық функциясы ретінде қарастырылады жəне педагогтың өзінің əрекеттерін жəне əдістемелік даярлығын талдау негізінде көрсетіледі. Ғалымдардың айтуынша, «жобалау» деген атқа ие болған жаңа идеяларды іске асыру жəне жаңа білімдерді берудің құралы – жаңа үлгілерді құруға байланысты теориялық іс-əрекет болып табылады.
«Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нəрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нəрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады.
ХХ ғасырдың соңында «жобалау» адамның шығармашылық іс-əрекетіндегі ойлаудың өзіндік ерекшелігі бар түріне жəне жіктемелік белгісіне айналды. «Жобалау» іс-əрекеті ғылымға, өнерге жəне жалпы адамның қоршаған дүниеге қатынасына тəн іс-əрекет түріне айналды. Яғни ол адам өмірінің барлық сфераларында өз орнын алады.
Оқыту мазмұнын жобалау, оқыту процесін басқаруды жобалау, оқыту нəтижесін бақылау жобасы, оқыту əдістерін жобалау, білім беру жобасы, білім беру технологиясын классификациялау т.б ұғымдарын оқытудың технологиясы, ал «шəкірттердің дүниетанымдары мен қабілеттерінің мазмұнын жобалау, даму процесін жобалау», «даму нəтижелерін жобалау», «даму əдіс-тəсілдерін жобалау» ұғымдарын дамыту технологиясы біріктіреді.
Педагогикалық жобалауды объектілеріне байланысты классификациялаған дұрыс, өйткені технологияландырудың негізгі критерийі жобаның бар болуы. Мəселен, түгелдей педагогикалық жүйені жобалау, педагогикалық, оқыту үрдістерін жобалау, бөлек педагогикалық жағдайларды немесе педагогикалық жүйе компоненттерін жобалау жəне т.б. Оқыту үрдісін технологиялық карта арқылы жобалау дидактикалық ақпараттың қатаң ұйымдастырылуын, жаңа технологиялық этиканың бекітілуін, білім беру үрдісінің тиімділігін анағұрлым арттырылуын қамтамасыз етеді.
ХХ ғасырдың соңында «жобалау» адамның шығармашылық іс-əрекетіндегі ойлаудың өзіндік ерекшелігі бар түріне жəне жіктемелік белгісіне айналды. «Жобалау» іс-əрекеті ғылымға, өнерге жəне жалпы адамның қоршаған дүниеге қатынасына тəн іс-əрекет түріне айналды. Яғни ол адам өмірінің барлық сфераларында өз орнын алады.
Сөздікте «жобалау» ұғымы:
«1) құрылыстың, механизмнің немесе құрылғының жоспарын жасау;
2) белгілі бір құжаттың алдын ала мəтінін жасау» деп түсіндіріледі .
Жоғарыда атап кеткеніміздей, алғашында техникалық, құрылыс салаларында термин ретінде енгізілгендіктен, бұл ұғымның мəні сол сала əдебиеттерінде неғұрлым кең берілген. Мысалы, Л.Арчердің анықтамасы бойынша, жобалау — «белгілі бір міндетті шешу» , ал Г.Надлер бойынша,«бұрынғы белгілі үлгілерге қарағанда неғұрлым жетілдірілген идеал үлгі жасау» болып табылады. И.В. Котляровтың айтуынша, жобаны іске асырудың нəтижелі болуы оны жобалау кезеңдерінен тəуелді. Кез келген саладағы жобалау мынадай кезеңдерден тұрады: мақсатты анықтау, ғылыми зерттеулер, міндеттерді қою, идеяларды іздеу, тұжырымдама жасау, талдау, эксперимент, шешімдер т.б.
Е.А.Крюкованың айтуынша, педагогикалық жобалау дегеніміз – білімдер жиынтығы ретінде қарастырылатын, нақты педагогикалық объектіні, құбылысты немесе процесті көрсететін белгілі бір педагогикалық жүйені іске асырудың шарттарын анықтау жөніндегі іс-əрекет болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет