Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


-Жобалаудың негізгі қарастырылатын контекстері мен оларды синтездеу үлгілерін сипаттаңыз



бет28/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50
81-Жобалаудың негізгі қарастырылатын контекстері мен оларды синтездеу үлгілерін сипаттаңыз

Даму барысында жобалау басқару қызметі контекстіне де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым контекстіне және инновациялардың мәдени түрі ретіндегі контексте қарастырылады. Осы аталған үш контекст ӛз сипаттамаларына сай ортақ негізге ие бола тұра, теорияда да, тәжірибеде де бір-бірінен бӛлек талданып келеді. Қазіргі замандағы қоғам мен әлеуметтік құрылымдар реформаларының, соның ішінде білім беруді жаңартуға қатысты ӛзгерістердің қарқынды жүргізілуіне байланысты берілген контекстерін синтездеу арқылы жобалауды негіздеуге болатыны айқындалады. Бұл жобалау қызметін басқарудағы инновациялардың мәдени түрі ретінде де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым ретінде даму жолдарын айқындаудағы негізгі әдістер мен технологиялар ретінде де, басқарудың негізгі процедурасы ретінде де қарастыруға мүмкіндік береді. Аталған синтезді жүйелі ой-әрекеттері теориясының әрекетті ӛзгерту және мәдениет тудыру схемасына сүйене отырып кӛрсетуге болады. Осы схема бойынша ӛзгерістердің түрлі әлеуметтік-мәдени ситуацияларда пайда болатын қайшылықтарын жаңа инновациялық қызмет ендіру арқылы реттеуге болатыны дәлелденген, бұл инновациялық қызмет жобалау болып табылады.


77 Жобалау барысында «жаңарту», «түгелдей жаңарту», «жартылай жаңарту» түсініктерінің нақтылануы
Әлеуметтік-мәдени тәсілдер біртекті процедура емес, ол бағдарламалық әрекеттердің сценарийін құрастыруды қажет етеді. Мысалы, жүйені жаңарту қажет болса, оны түгелдей өзгерту ме әлде жартылай жаңарту ма немесе бұрынғы жүйе сипатына қайта оралу ма, нақтыланып алынады, сөйтіп, барлық әрекеттер мақсатқа сай құрылады. Осы жерде жаңарту - модернизациялау түсінігін нақтылайтын болсақ, түгелдей жаңарту үшін - алдыңғы қатарлы мәдени үлгіге бағытталу, оны құрастыру және жүзеге асыру бағдарламасын жасау, ресурстарын айқындау, орындалуын қамтамасыз ету әрекеттері жасалады.Түгелдей жаңарту бағдарламасы реформаны жақтаушы күштер мен қоғамды жаңартуға мүдделі элиталарға сүйенеді. Жартылай жаңарту таңдалған жағдайда бірнеше факторларды назарға ала отырып, инновациялық ұсыныстарға түзетілулер жасалады. Ол факторлар қатарында: тарихи жағдайлар, дәстүрлер мен құндылықтар, түрлі топтар мүдделерін ескеру, ұжым дайындығы мен бейімділігін анықтау т .б. жатады. Бұл жерде назарға алынуы тиіс екі жағдай бар, олардың бірі - әлеуметтік амалдардың негізгі субъектілерінің белгілі бір деңгейдегі мәдениеті болуы, екіншісі, олардың жаңартуға бағытталған өзгерістердің қажеттігін түсінуі және қолдауы. Өтпелі кезең тұрғысынан алғанда жартылай жаңарту проблеманы шешудің дәстүрлі сипаттарымен де, түгел жаңартудың кейбір талаптарымен де мәмілеге келе алады, өйткені, ол бейімделу сипатын да көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет