Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет156/263
Дата27.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#110820
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   263
Байланысты:
Доп мат

Бірінші кезеңде – жобалау нәтижесінде жүйені басқарушылардың құзыреттілік сапаларын дамыту деңгейі. Онда жүйенің түрлі деңгейлеріндегі басқарушылар мен педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі құзыреттіліктері қалыптасып, одан әрі дамытыла бастайды. Бұл кезеңде олардың жобалау барысындағы әлеуметтік – педагогикалық, тұлғааралық қарым-қатынастар негізінде өз әрекетіің мақсатын айқындай алушылық, құндылықтық, өзін – өзі дамытушылық көзқарастары өзгеріп, жаңа сапалары қалыптаса бастайды. Жаңа құзыреттілік сапалары өзара қарым – қатынастың жаңа түрлерін қалыптастырып, нәтижесінде жүйедегі педагогтардың өз әрекеттерін ұйымдастырудағы құндылықтық мақсаттары өзгере бастайды.
Екінші кезең білім беру процесінде, педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында қалыптасқан іс – әрекеттерді, қарым-қатынастарды өзгере бастауы, дамуы. Онда түрлі деңгейлердегі жүйелерде басқарушылық іс- әрекеттер мазмұнында, өзара қарым - қатынаста өзгерістер пайда болды Бұл алдыңғыға қарағанда күрделірек, өйткені бұндағы әрекеттер бір адамға емес, адамдар тобына, немесе, басқарылушы субъектілерге қатысты. Іс - әрекеттерді, қарым-қатынастар мен әдіс - тәсілдерді өзгерту тәжірибеде нормаға айналып кеткенше қадағалау мен қалыптастыруды қажет етеді және жаңа стандарттық жағдайлар тудырады. Бұл жағдайда негізінен қалыптасқан әрекет түрлерін өзгерту жүзеге асырылып, топтар мен адамдар көзқарастары түбегейлі болмағанымен ішінара өзгере бастайды.
Үшінші кезеңде – ұйымдағы басқару субъектілері (педагогтар, білім алушылар, ата - аналар бірлестіктері, т.б.) ұжымды басқаруға қатыстырылып, түрлі деңгейлердегі жүйелерде ұйымдастырушылық - құрылымдық өзгерістер пайда болады, педагогикалық әрекеттердің мазмұны мен әдістері жаңарып, педагогтар тарапынан білім беру процесінде, сабақтардың құрылымына өзгерістер енгізіле бастайды. Бұл күрделі міндет, өйткені ол қосымша құрылымдар енгізу емес, қалыптасқан құрылым мазмұнына өзгеріс енгізуге байланысты. Соған орай, өкілеттіктерді, міндеттер мен жауапкершіліктерді, құрылымдық бағыныштылықты қайта бөлісу, оны талқылау мен реттеп отыру нәтижесіндегі өзгерістер ұйым мүшелерінің, жалпы ұжымның, білім алушылар мен педагогтардың іс – әрекеттік тәртіптері мен көзқарастарының, өзара қарым- қатынастарының жаңа сапасын әкеледі.
Төртінші кезеңде – білім беру процесінде, педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында қалыптасқан басқару қызметтері – мақсат қою, міндеттер мен күтілетін нәтижелерді жаңаша нақтылау жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда түрлі деңгейлердегі жүйелерді басқарудың стратегиялық мақсатына бағдарлы өзгерістері, яғни, жүйені әрбір компоненті нәтижелерінің жалпы жүйе мақсатына, күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі қамтамасыз етілді. Осылайша, басқарушылар мен педагогтардың өзіндік мақсаттарын анықтау арқылы құндылықтық бағыттарының қалыптасуына, өзін – өзі дамытушылық көзқарастары ғана емес, жалпы білім беру ұйымының, білім беру процесін ұйымдастыру мақсатына сай ұйымның даму стратегиясын өзгертуге ықпал етуге мүдделі болуы қамтамасыз етіледі.
Бесінші кезеңде – жүйенің ұйымдастырушылық өзгерістері, жаңа сапаға өтуі –педагогикалық жүйенің мақсатқа сәйкес даму өзгерістері жүзеге асырылады. Осы деңгейде педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында, білім беру процесін басқаруда жаңа бағыттар, тұжырымдамалық өзгерістер пайда болады. Бұндай түбегейлі өзгерістер біртіндеп дамытуды қажет ететіндіктен, әрқайсысының орындалуы өзінің алдындағы деңгейдің орындалуына тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан, жаңа стратегиялық міндеттерді орындау қалыптасқан басқару құрылым жағдайында мүмкін емес.
Педагогикалық жүйені мақсат қою арқылы өзгерту, дамыту әдетте белгілі бір деңгейде ықпал ету әрекеттерін қажет етеді. Мысалы, педагогикалық жүйелерде бірінші және екінші деңгейдегі өзгерістер үнемі жүргізіліп отыратын үрдістер, тіпті стартегиялық өзгерістер де жоспарланып жатады. Бірақ өзгерістерді дәл жоспарлау мүмкін емес. Стратегиялық өзгерістер мен дамуды дәл жоспарлау, есептеу арқылы басқару мүмін емес. Өйткені, өзгерістер жоспардың жақсы болуынан емес, ұйымдағы күрделі қарым қатынастардың тиімді, қолайлылығы нәтижесінде пайда болады. Сөйтіп, педагогикалық жүйені даму логикасында қарастыру басқарудағы жобалау қызметінің жаңа мүмкіндіктерін айқындап отыр.
Педагогикалық жүйенің өзгерістерін жобалау арқылы қамтамасыз ету педагогтар мен білім беру ұйымдары басшыларының құзыреттіліктерін арнайы дамытумен қатар, ұйымды дамытуға сыртқы ықпалдар нәтижесінде байланысты ішкі ресурстарды тиімді пайдалану нәтижесіінде мүмкін болады.
Жобалау негізінде ұжымның өзгерістерін қамтамасыз ете алатын ресурстар және оны пайдалану мүмкіндіктерін төмендегідей белгілейміз:

  • педагогикалық ұжымның құзыреттілігін дамыту, оның ұйымішілік түрлерін жаңарту, педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыру ресурстары, немесе педагогтарды негізгі адам ресурстары ретінде басқару ресурсы;

  • білім беру мекемелері жүйесін пайдалана отырып жеке білім алу бағдарламаларын құрастыру және жүзеге асыру ресурстары, немесе ұйымдастырушылық–педагогикалық ресурстар;

  • білім беру мақсаттары мен педагогтар сұраныстарына сай келетін білім беру технологияларыды игеру, пайдалану ресурстары, немесе ғылыми–әдістемелік ресурстар;

  • педагогикалық жетістіктер мониторингін жасау және пайдалану негізінде білім беру үдерісін жетілдіру ресурстары, немесе ақпарттық ресурстар;

  • әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін ескере отырып ұйының білім беру бағдарламасын жетілдіру, немесе әлеуметтік–педагогикалық ресурстар;

Бұл басқарудағы жобалау қызметін жүйені даму логикасында қарастыру арқылы жаңа мүмкіндіктерін айқындайды.
Осыған сай, басқарудағы жобалау қызметі құрылымдық және мазмұндық өзгерістер механизмі ретінде педагогикалық жүйелердің барлық бөліктері мен құрылымдарындағы мақсат қою мен оны орындау жолдарын талаптарға сай жаңарта алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет