жоба идеясы оқу процесінде, немесе басқа да ситуацияларда пайда болуы мүмкін;
жобаны орындаудың өзі кластағы сабақтан тыс, жобаның мазмұнына сай орында атқарылады. Мысалы: зертхана, кітапхана, интернет – класс, т.б.
жобаның нәтижесін презентациялау. Бұл жобаның мазмұнына сәйкес арнайы тематикалық сабақ, не мереке, конференция, фестиваль, т.б.
Бұлардың барлығы да алдын ала жоспарлау арқылы орындалады. Мысалы, бастауышта 1 – 2 күн бұрын жоспарланса, 5 – 6 сыныпта 2 апта айналасында (мысалы, бір пән көлеміндегі шығармашылық тапсырма). Ал, 9 сыныпта – 1 тоқсан, одан да көп мерзімдік жобалар ұсынуға болады.
Оқушылардың жоспарлай білу қабілеттерін дамытылуын неден көруге болатынын қарастырайық. Олар:
Шығармашылық тапсырманың, жобаның тематикасы оны орындау мүмкіндігін ескере отырып жасалуы;
Оқушы (топ):
тақырыпты таңдамас бұрын оның нәтижелерін дайындайтын уақытын, өз мүмкіндіктерін талдайды;
тапсырманы орындау кезеңдерін анықтайды, оның уақытын, орындаушыларын көрсетеді, уақыт бөледі;
тапсырманың кейбір бөліктерінен мүмкіндікке қарай бас тарта алады (мысалы, ресурс жеткіліксіз, уақыт аз, т.б.);
Осылайша, міндеттерді орындаудан – оның кезеңдерін жоспарлау, бағдарлама жасау, қолда бар ресурстарды игеру сияқты жұмыстар жалғастырылады.
Білім беру барысындағы құрылымда оқушылар төмендегі жұмыстарды орындайды: