Жобаны орындау бойынша есеп


Тасымалдаушылардың шығындарын ӛтеуді талдау: жолаушылардың жеңілдікті санаттарының жол жҥргені ҥшін ӛтемақылар және шығындарды субсидиялау



бет27/125
Дата21.04.2023
өлшемі0,94 Mb.
#85248
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   125

Тасымалдаушылардың шығындарын ӛтеуді талдау: жолаушылардың жеңілдікті санаттарының жол жҥргені ҥшін ӛтемақылар және шығындарды субсидиялау


Жолаушылар автокәсіпорындары кірістерінің негізгі кӛзі жолаушылардың жол жҥруінен тҥсетін кірістер болып табылады. Реттелетін тарифі бар тасымалдарда (қалалық, қала маңындағы және облысішілік тасымалдар) тасымалдарды ҧйымдастыруды қаржыландырудың қосымша кӛздері мыналар болып табылады:

  • ЖАО белгілейтін жолаушылардың жеңілдікті санаттарының жол жҥруінен тасымалдаушының шығындарын ӛтеу;

  • ҚР ККМ 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бҧйрығымен бекітілген Тҧрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жӛнінде қызметтер кӛрсетуге арналған тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалатын есептік деңгейден тӛмен тарифтер белгіленген жағдайда тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау. Ӛтемақылар мен субсидияларды тӛлеу тек жергілікті бюджеттен жҥргізілетінін атап ӛткен жӛн.

Жолаушылардың жеңілдікті санаттарын (зейнеткерлер, оқушылар, ЖОО және колледж студенттері, ҦОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, I, II және III санаттағы мҥгедектер және т.б.) белгілеуді жергілікті ӛкілді және атқарушы органдар жҥргізеді. Жолаушылардың жеңілдікті санаттарының тізбесі облыстар бойынша ерекшеленеді және облыстық (қалалық) бюджеттің кӛлеміне байланысты.
ҚР заңнамасына сәйкес тарифтерді реттеу жағдайында ЖАО тасымалдаушылардың тасымалдауларды жҥзеге асырудан шеккен залалдарын ӛтеуді қамтамасыз етуге міндетті. Еліміздің ӛңірлері бойынша деректерді талдау Қазақстанның кӛптеген ӛңірлерінде жолаушылардың жеңілдікті санаттарының жол жҥруінен тасымалдаушылардың шығындарын ӛтеу жҥргізілмейді деген қорытынды жасауға мҥмкіндік береді.
Бҧл ретте УО тарапынан жолаушылардың жеңілдікті санаттарын тасымалдаудан тасымалдаушының шығындарын ӛтеу бӛлігінде ЖАО-ның ҚР заңнамасын орындауын бақылау жҥйесі жоқ.
Жолаушылардың жеңілдікті санаттарын енгізу салдарынан кірістердің жетіспеушілігі елеулі бӛлігін қҧрайтындықтан, бҧл фактор тасымалдаушылар ҥшін айтарлықтай маңызды болып табылады және ол жолаушылар тасымалын басқару органдары тарапынан тиісті назар аударуды талап етеді.
12-кестеде Алматы қаласы бойынша жеке компаниялар ҥшін (коммуналдық паркті қоспағанда) ӛтемақылар мен субсидиялар сомаларының арақатынасының мысалы келтірілген).

Кесте 12. 2019 жылға Алматы қ. жеке ТБА бойынша ӛтемақылар мен субсидиялар



АТП



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет