Жобаның тақырыбы: Бақытжан Қаратаев


Жұбан Молдагалиев атындағы Батыс



бет3/3
Дата26.12.2022
өлшемі3,4 Mb.
#59763
1   2   3
Байланысты:
Альбина СЛАЙД-1

Жұбан Молдагалиев атындағы Батыс
Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап
кітапхансынанан көрініс.
Ақжайық мұражайындағы
Жұбан бөлмесі
Жұбан Молдагалиев атындағы Батыс
Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап
кітапхансында 2011ж конференция
ұйымдастырылды.
Оқушылардың «Жұбан оқуларына»
қатысуы.
Жұбанның еңбектері
Сафуан Шаймерденов: Меніңше, Жұбанда екі артық қасиет бар: бірі – поэзиясындағы айқын танылар азаматтық пафос. Азаматтық пафос – ақынның көңілі түссе қонып өтіп кетер жолсоқтысы емес, шын поэтикалық болығы. Майдан даласынан жеңімпаз болып та, ақын болып та оралған жас офицердің «Түтін» — дейтін алғашқы өлеңдерінің бірінен бастап, кешегі әйгілі поэмалары «Қаран дала», «Селіне» дейін жаңағы азаматтық пафос ақын творчествосындағы айқын тартылған соқталы желі. «Түптеп келгенде әдебиеттің негізі – дидактика, бірақ шын талантты жазушының шығармасында дидактика тым тереңде жатады» -дейді Максим Горький. Жұбан поэзиясында сұлу лиризм мен азаттық әуен тамаша шешімін тауып, шебер жымдасып жатқандықтан оның үйретер өнеге – дидактикасы да көзге ұрып тұрмайды. Бұл, міне, шын парасатты поэзияға тән құбылыс
Жұбан туралы ой-пікірлер
Ә. Тәжібаев:Абай дәстүрін дамытуға қатысы бар ақындардың эстофетасын заманмен бірге ілгері бастыруға бәрі ортақ. Биылғы талқыланар кітаптардың ортасында Жұбанның «Ғашық көзбені» бар.Жұбан кеше жас атанғанымен бүгінгі егделер санағына қосылған, сан кітабын шығарып, ел алдында бағасын алған жүйрік. Жұбан өлең жазуға сескенбейтін, әбден жүрек тоқтатқан, лирикалық жырдың композициясын құруға да жаттыққан, талант тәжірибелерінің үстіне ырғақ, ұйқастар жасаудың амал –айлаларына жетіккен ақын.
Жұбан Молдағалиев эпикалық жырларында қазақ поэзиясында бұрыннан қалыптасқан сөз өрнегіндегі бояуы қанық ұлттық нақышты, қазақ халқына тән поэтикалық ерекшілікті жаңа мазмұнмен байытып, еңселі бір белеске көтерген ақын. Бүкіл дүние өлеңінде есімі мағлұм Жұбан қазақ әдебиетіне өзіндік үн, нақыш әкелді. Бүкіл шығармашылығы біртұтас көрініп, алғашқысы мен соңғысы, үлкені мен кішісі бір үн, бір ән болып естіліп жатқан ақын поэзиясы әдебиетіміздің үлкен бір жетістігі, жемісі екенінде дау жоқ.
Қазіргі қазақ әдебиетінде Жұбан Молдағалиев тұғыры биік ұлы тұлға, келешек ұрпаққа өшпес үлгі болып қала бермек, ол әрқашан өзі жырлаған халқының жадында. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жыл сайын «Жұбан оқулары» өтеді. Жұбан Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай Орал қаласында ақын құрметіне ескерткіш орнатылған, сондай-ақ оның есімімен аталатын № 2-ші мектебі бар. Жұбан Молдағалиевтің туған жерінде ақынның құрметіне орай ескерткіш орнатылды, ал облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы оның есімімен аталды. Ақындардың өлеңдерінің арасындағы үндестікті байқадым.Себебі Қазақ халқы өзінің төл әдебиетінде осындай ұлы ақынның болғанын әр уақытта мақтан етеді. «Жұбан ақын жырлары біздің өмірімізге тарихи із қалдырғанмен ерекшеленеді, оның жырларында Отанға деген сүйіспеншілік,туған жеріне деген сағыныш, анаға, қазақ әйеліне деген сыйластық, болашақ қазақ елінің қасиеті арқылы көрініс тапқан».
-Жыр қыраны Жұбан ақын мәңгі жасай бермек!
қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
1 https://www.tarbie.kz/27492
2.https://bilim-all.kz/olen/7177-ZHesir-tagdyry
3.Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
4.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет