Жод 2 offline кітап онлайн тренинг indd



бет2/4
Дата27.04.2023
өлшемі321,79 Kb.
#87401
1   2   3   4
1.3-тапсырма
Сөздер арасынан
16 құстың атын табыңдар.

Долана, домбыра, дуадақ, шағала, дауылпаз, қолшатыр, сырқа, сауысқан, цирк, үстел, қарлығаш, хабар, көрпе, жапалақ, қамшы, аққу, жолбарыс, түлкі, қаз, үйрек, тас, тау, бүркіт, қаршыға, үтік, үкі, қияр, қызынақ, қарға, арыстан, кептер, жылқы, өзен, көкек, шар, моншақ, маймыл, бірқазан, тауыс, форма, қайық, бұғы, тиін, пирамида,


жалау, отырыс, келешек, айна.
Уақыты



ҚАҢ

+

ТАР

СА

+

РЫ

ШАЛ

+

БАР

АС

+

ПАН

КЕП

+

ТЕР

ҚАС

+

ҚЫР

ҚАЙ

+

МАҚ

ДҮЙ

+

СЕНБІ

ЖАҢ

+

БЫР

ЖАЙ

+

ЛАУ

ДОС

+

ТЫҚ

ШАХ




МАТ






БІР ҮЗІМ НАН


Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті.
Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен.
Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күн қарны ашқан бай кедейге:

  • Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, – дейді.

  • Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, – деп жауап бере-ді кедей.

Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.

  • Алтынымның жартысын берейін, – дейді ол бұл жолы.

  • Жоқ, бере алмаймын, – деп бұл жолы да кедей келіспейді.

Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен. Арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылғаны екен.

Мәтін бойынша 5 сұрақ құраңдар:


200 сөз Уақыты

















1.6-тапсырма
Ертегіні әр көзбен кезек оқып шық. Бұл ертегінің тақырыбы қандай?
Мазмұнда.

Ерте, ерте, ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен.


Қырғауылы қызыл екен. Құйрық жүні ұзын екен.
Қырғауылы қырқылдап, Жалтыр мұзға сыртылдап,

Алшая келіп қоныпты, Шаты айрылып қалыпты.
Қисая жатып қырғауыл Сонда мұздан сұрапты:

    • Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?

    • Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес едім.

    • Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың?

    • Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім.

    • Жер, жер, сен неден күшті болдың?

    • Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім.

    • Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың?

    • Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді.

    • Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?

    • Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұл-қытпас едім.

    • Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?

    • Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды ойдырмас едім.

    • Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың?

    • Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидыр-мас едім.

    • Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?

    • Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім.

    • Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?

    • Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауыр-ды желкелеген күштімін, – деген екен құмырсқа.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет