Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі



бет2/5
Дата03.11.2022
өлшемі33,96 Kb.
#47290
1   2   3   4   5
Байланысты:
ғылым ж әдеб

Зерттеудің міндеті. Ғылыми жобаның мақсатына сай мынадай міндеттер қойылды:
- Мәнерлеп оқудың негізгі принциптерін анықтау;
- Мәнерлеп оқуды зерттеген ғалымдардың пікірлеріне тоқталу;
- Мәнерлеп оқудың түрлерін анықтау және мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу;
- Әдеби талдау және оның маңызы туралы мәлімет беру;
Зерттеудің объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны етіп ғылым салалары мен түрлі оқыту әдістері алынды.
Зерттеудің дереккөздері. Т. Ақшолақовтың «Шығарманың көркем айшықтарын таныту», Жұмақаева Б.Д «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», Қ. Бітібаеваның «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары» атты еңбектері пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында жинақтау, салыстыру әдісі, жүйелеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің жаңалығы. Көркем шығарма тілін талдауда жазушының суреткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігі, тілдік құралдарды поэтикалық деңгейге сай қолданылуы, сөздің, фразаның құдіретін дұрыс танытады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Ғылыми жоба қазақ әдебиеті немесе әдебиетті оқыту әдістемесі пәндерінің оқулығы ретінде немесе ғылыми жұмыстар жазу барысында пайдалануға болады.
Зерттеудің құрылымы. Ғылыми жоба жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімде жұмыстың жалпы сипаттамасы қарастырылса, негізгі бөлім екі тарау, төрт тараушадан тұрады. Қорытынды бөлімде жұмыстар дәйектелсе, соңғы бетінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
І Көркем шығарманы мәнерлеп оқудың маңызы


1.1.Мәнерлеп оқудың негізгі принциптері
Көркем шығарманы мәнерлеп оқу қабылдауға жолбасшы болатын ең басты тәсілдің бірі. Мәнерлеп оқылған мәтін оқушыға әр сөздің өзіндік өрнегі мен мәнін ашып, сезінуіне тиімді ықпал етеді. Өз мәнінде мәнерлеп оқылған мәтін тыңдаушысына көркем көріністі де, мәтіндегі автор толғанысын да, поэтикалық образды да т.б. шығарма өзегіндегі қат-қабат ойлардың ағымын да сездіруге дәрменді.
Мәнерлеп оқу – шығарманың мән-мағынасына үңілуге, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін түсінуге үйрету. Балалардың ауызша сөйлеудің мәнерлі құралдары, оның әсемдігі мен саздылығы туралы түсінігін тереңдетіп, оқушыларға үлгі-өнеге болады.
Мәнерлеп оқудың негізгі принципі – оқылатын нәрсенің идеялық-көркемдік мәніне ену.Мәнерлеп оқу – оқу дағдысының бір қыры. Шығарманың идеялық мазмұнын, образдарын дұрыс жеткізетін оқу. Мәнерлеп оқудың белгілері:
1) автордың ниетін білдіретін үзілістер мен логикалық екпіндерді байқай білу;
2) сұрақтың, мәлімдеменің интонациясын байқау, сондай-ақ дауысқа қажетті эмоционалды бояу беру қабілеті;
3) жақсы дикция, дыбыстардың анық, дәл айтылуы, жеткілікті дыбыс деңгейі, қарқыны. [1.81 б].
Мұғалімнің мәнерлеп оқуы оқушыларға үлкен әсер етеді. Мұғалім неғұрлым мәнерлі оқыса, жас тыңдармандардың санасында соғұрлым терең және тұрақты әсер қалдырады, оқылғанды ​​талдау жұмысы одан әрі саналы болады. Мұғалімнің оқуы балаларға эстетикалық қуаныш сыйлайды, кейіпкердің адамгершілік қасиетінің тектілігін аша отырып, терең эмоционалды тәжірибелерді – К.Д.Ушинский айтқандай «адамгершілік сезімдегі жаттығуларды» тудырады. Мұғалімнің үлгілі оқуын бақылай отырып, студенттердің өзі оқу кезінде қолында бар барлық әдістер арқылы оқығандарына өздерінің көзқарастарын ашуға тырысады.
Оқудың мәнерлілігін қамтамасыз ететін негізгі шарт – оқушылардың мәтінді саналы түрде қабылдауы. Табиғи, дұрыс экспрессивтілікке тек ойланып оқу және шығарма бейнелерін жеткілікті терең талдау негізінде ғана қол жеткізуге болады. Бұл жалпылама әңгімеге дейін оқудың осы жағына мән бермейміз деген сөз емес.
1.2. Мәнерлеп оқудың негізгі шарттары мен әдіс-тәсілдері
«Мәнерлеп оқу» атты оқулығында ғалым С.Желдербаева «Мәнерлеп оқу дегеніміз - қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу» деп анықтама берсе, «Мәнерлеп оқу – оқу шеберлігі, олай болса, ол жұмыс ең алдымен оқушыларға тіліміздегі сөздерді дұрыс айтқызып, жатық сөйлеттіруден, көркем тексті нақышына келтіріп оқудан басталады» деген С.Тілешованың да анықтамасы көкейге қонымды. [5.65 б].Шын мәнінде өзге білім дағдыларын игергендей көркемдеп, мәнерлеп оқу дағдылары да үнемі дайындалу, үздіксіз іздену, жаттығу әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен жинақтаған білімін ұштастыра білу нәтижесінде ғана қалыптасады. Оқушының мәнерлеп оқи білу дәрежесіне қарап, оның талабы, талғамын, білім дәрежесі мен ой өрісін, дүниетанымы деңгейінің көрсеткіші ретінде мөлшерлеуге болады.Әдебиет сабағы – сөз өнері. Бағдарлама бойынша оқушыларға көркем шығарманы мәнерлеп оқу, тіл шеберлігіне көңіл бөліп отырып, терең тебірентіп, әсерлендіріп, оқушыларды сөз құдіретіне сезінуге баулимыз.Мәнерлеп оқуға әдебиеттегі көркем туындылары жатады. Осы көркем шығарманы мәнерлеп оқу жөнінде теориялық және практикалық білім беріледі.Әр сабақтың үрдісінде практикалық, теориялық жоба жасалады.
Енді мәнерлеп оқуға төселдірудің бірнеше шарттарына тоқталайық.
Біріншіден, оқуға байланысты әрекет болғандықтан мәнерлеп оқу үшін
оқушының тыныс алу, ауаны жұту және сыртқа шығару, еркін дем алу
дағдыларын қадағалағаны жөн. Оқу барысында дем алуын басқара алмаған
оқушының мәнерлеп оқу дағдысы оңайлықпен қалыптаспайды. Қалыпты
тыныс алу жағдайында адамның дем алуы мен дем шығаруы бірдей. Ал
сөйлеу, оқу, ән салу сияқты вербальды әрекеттерде демді алу мен сыртқа
шығару ұзақтығындағы тепе-теңдік өзгереді. Демді ішке алу жиілейді, не
демді іште ұстау уақыты ұзарады. Осы әрекеттерді оқушылардың білгені
және жаттыққаны мәтінді мәнерлеп оқуда өз әсерін тигізеді. [2.98 б].
Екіншіден, мәтін графикалық белгілерден құралғандықтан орфогра-фиялық заңдылықтармен таңбаланады. Ал мәтінді оқу орфоэпиялық қалып-тарға сәйкестендірілуі керек. Осы заңдылықтар жете меңгерілмеуі көбіне
мәнерлеп оқуда нұқсан келтіреді. Қазақ тілінде орфоэпиялық заңдылықтар
сингармонизм, ассимиляцияға сүйенеді. Сөйлеу үдерісінде бір сөз екінші сөзбен немесе бір буын екінші буынмен өзінің екпіні, буыны жақтарынан қиюласып, үндесіп тұрады. Осы үндесулер дауыстыларда сингармонизм заңдылықтарына бағынса, дауыссыз дыбыстарда ассимиляцияға негізделеді. Бір дыбыс екінші дыбысқа ықпал етіп, дәл өзіндей өзгеріске жуықтатады. Сондықтан сөздерді оқығанда жазылу қалпымен емес, айтылу ережелерін сақтау қажет. Мысалы: шаш+са//шашша; көз сал//көс сал; торы ала ат//торалат; ақ ешкі//ағешкі; қара қой //қара ғой; ала көйлек //ала гөйлек; «сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» // «сембе жұртқа тұрса да ғанша мақтап»; «жаннан қымбат оларға ар»// «жаннан ғымбат оларғар» т.б. [3.52 б].
Мысалда көрсетілгендей ассимиляцияның прогрессивті (алғашқы
дыбыстың кейінгі дыбысқа ықпал етуі), регресивті (кейінгі дыбыстың
алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуі) түрлері
мәнерлеп оқу үдерісінде сақталуы маңызды. Дыбыстардың сөз ішінде де
өзіндік әсер, ықпалы болады. Дыбыстың буын басында, ортасында, соңында
айтылуының өзінде өзге дыбыстардың аздаған өзгерісі байқалады. Мысалы,
бақыт, абай бол үш сөздегі «б» дыбысының айтылуы үш түрлі. Бірінші сөзде
ұяң «б» дыбысы анық айтылады, ал екінші сөзде «б+в» дыбысына жуық,
үшінші сөзде алғашқыдан сәл ұяңдау естіледі. Мұның бәрі дыбыстардың
өзіндік әсерінен туындайды.
Үшіншіден, сөзге дұрыс екпін түсіре білуге дағдыландыру керек.
Мәтіндегі әр сөздің өзіндік логикалық, грамматикалық синтаксистік, дискурс-тық қызметі, мағыналық салмағы болады. Сөздердің қызметі автордың
идеялық мақсатына тәуелді. Мәтіндегі авторлық ойды түсіну, сөздің қызметін
тану оқушының мәтін оқудағы екпінді дұрыс түсіруіне көп көмектеседі.
Төртіншіден, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруда әр жанрдағы
мәтіндер қолданылады. Мәнерлеп оқуға төселдіру үшін поэзия жанрындағы
шығармалар тұтас күйінде, ал проза мен драмалық шығармалардан үзінділер
пайдаланылады.
Бесіншіден, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыру үшін шығарма
композициясы, ойдың мағыналық жіктері ескерілуі керек. Мәтіндегі ойдың
мағыналық бөліктері дауыс кідірістерімен беріледі. Ол үшін дауыс
кідірістерінің өзін мақсатына қарай ажырата білген орынды. Дауыс логикалы
кідірістер, грамматикалық кідірістер, психологиялық кідірістерге ажыра-тылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет