Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі



бет4/4
Дата16.10.2023
өлшемі126,55 Kb.
#115886
1   2   3   4
Байланысты:
ЖМП 6 прк

Төменгі деңгейде студентке белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады. 
Зерттеуші ғалымдар оқудағы танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар төмендегіше сипатталады:
оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде оқытушы мен студенттің бірлескен әрекеті арқылы (Т.Сабыров, Н.Хмель Е.Галант т.б);
танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Б.Есипов, Б.Айтмамбетова, Т.Сабыров, т.б.);
іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (П.Гальперин, Н.Талызина);
оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Л.Рувинский, А.Қазмағамбетов).
Оқыту үрдісінде студенттің танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.

Қорытынды

Қорытынды

  • Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі
  • Қазіргі жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өте күрделі және өзекті болып табылады. Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «кәсіби құзыреттілік» ұғымының мәнін анықтауға деген нақты концептуалдық көзқарастар толық қалыптаспады. Н.М. Борытко оқытушының кәсіби құзыреттілігі ретінде оның білім беру тәжірибесінде әлеуметтік қолдау тапқан құндылықты бағдарлар жүйесін жүзеге асыру және кәсіби-тұлғалық өзін-өзі дамытуда жоғары нәтижелерге жету қабілеттілігін атайды.
  • Н. Кузьмина құзыреттілікті адам сапасы ретінде қарастыра отырып оның келесі түрлерін ажыратады:
  • – әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, ол индивидтің өзін қоршаған тұлғааралық қарым-қатынас жүйесінде қоршаған адамдармен табысты өзара әрекеттесу сапасы ретінде анықталады (әлеуметтік жағдайларда бағдарлана алу, қарым-қатынастың тиесілі тәсілдерін таңдай алу);
  • – коммуникативті құзыреттілік – қарым-қатынастың вербальды (сөйлеу, дикция, дауыс, тембр және т.б.) және вербальды емес (ым, жест, пантомимика, поза және т.б.) іскерліктері мен дағдылары;
  • – кәсіби-педагогикалық құзыреттілік, ол педагогикалық жүйе анықтайтын жағдайларда тиімді өзара әрекеттесе алу сапасы ретінде айқындалады.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет