Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі



бет2/4
Дата16.10.2023
өлшемі126,55 Kb.
#115886
1   2   3   4
Байланысты:
ЖМП 6 прк

Ұйымдастырушылық – студенттерді түрлі әрекеттерге тарту, ұжым құру және бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған түрлі іс-әрекеттер жүйесін орындау

Коммуникативтік-қатысымдық – тәрбиеленушілермен, әріптестермен және өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуға бағытталады

Зерттеушілік кәсіби білімді жаңарту, педагогикалық құбылыстарға ғылыми көзқарас, педагогикалық зерттеу әдістерін игеру, өз тәжірибесі мен өзге оқытушылар тәжірибесін талдау

3.Жоғары мектеп оқытушысының негізгі құзырлықтары

  • Педагогикалық қызметтерін табысты жүзеге асыру үшін қазіргі педагог педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен құрылымын, оның негізгі компоненттерін, педагогикалық әрекеттерді және кәсіби маңызды іскерліктер мен сапаларды түсініп меңгеру қажет.
  • Жоғары оқу орны оқытушысының қызметінің негізгі мазмұны бірнеше функцияларды орындауды қамтиды – білім беру, тәрбиелеу, ұйымдастырушылық және зерттеу.
  • Бұл функциялар тұтастық сипатықа ие, бірақ оқытушылардың кәсібінде осылардың біреуі басқаларынан басым түсіп отырады.
  • Жоғары оқу орны оқытушысына тән ерекшелік ол педагогикалық және ғылыми жұмыстың үйлесуі. Зерттеу жұмысы оқытушының ішкі дүниесін байытады, оның шығармашылық әлеуетін дамытады, ғылыми білім деңгейін арттырады.

Педагогикалық қабілеттер және сәйкесінше педагогикалық іс-әрекет құрылымында келесі компоненттерді ажыратып көрсетуге болады:

  • Конструктивті
  • Ұйымдастырушылық
  • Коммуникативті
  • Гносеологиялық.
  • Конструктивті қабілеттер тактикалық мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді: курсты құрастыру, жеке тарауларға нақты мазмұнды іріктеу, сабақтарды ӛткізу түрлерін таңдау және т.б. Жоғары оқу орнындағы білім беру-тәрбие үрдісін құрастыру мәселелерін шешу міндеті күнделікті әрбір педагог-практик алдында туындап отырады.
  • Ұйымдастырушылық қабілеттер тек қана студенттерді оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін қызмет етпейді, сонымен бірге жоғары оқу орны оқытушысының ӛзінің іс-әрекетін ӛздігінен ұйымдастыру үшін де қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет