«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ


(2-дәріс). Заманауи жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері



бет5/28
Дата19.10.2023
өлшемі446,43 Kb.
#119674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Ects- 5 курс -1 Құрастырған п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықт-emirsaba.org

1.2 (2-дәріс). Заманауи жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері.
Жоспары:
1. Педагогика ғылымының құрылымы.
2. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық тұғырлары (тәсілдері).
3. Құзыреттілік тұғыр жоғары мектеп педагогикасының негізгі басымдылығы.
4. Құзыреттіліктердің қазіргі заманғы сан алуан түрлері: іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми, экологиялық, техникалық саладағы мамандарды кәсіби, тілдік даярлау.
5. XXI ғасырдағы жаратылыстану-ғылыми білім беру
Әдіснама («методология» ‒ грек. methodos – зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos – сөз, түсінік): 1) теориялық және практикалық әрекетті ұйымдастыру, құру принциптері мен тәсілдері жүйесі; 2) танымның ғылыми әдістері туралы ілім, білім; 3) белгілі бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы (Философиялық энциклопедиялық сөздік). Әдіснама – ғылыми әдістер туралы теориялық ілім; жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі; белгілі бір немесе бірнеше теориялар негізінде зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып табылады. Әдіснамалық негіздер мен бағдарлардың ерекшелігін және мазмұнын ашуда педагог- зерттеушілер көбінесе «әдіс», «тұғыр», «қағида», «заң», «идея», «логика», «парадигма», «теория» ұғымдарын қолданады.

Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білімдер және оны іздеп табу үдерісі жайлы ілім. Оның құрамына 1) педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі, оның ішіндегі педагогикалық мәселе турасындағы ілім; 2) әдіснамалық мәні бар бастапқы, іргелі, философиялық ілімдер, тұжырымдамалар, болжамдар; 3) педагогикалық таным әдістері туралы ілімдер жатқызылады (В.И. Загвязинский)
Ғылым әдіснамасы, оның ішінде педагогика әдіснамасы көптеген шетелдік, отандық ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелуде: М.А. Данилов, А.М. Арсеньев, Ф.Ф. Королев, Н.К. Гончаров, Э.И. Моносзон, В.Е. Гмурман, С.И. Архангельский, М.Н. Скаткин, В.С. Ильин, И.Я. Лернер, А.И. Пискунов, Г.В. Воробьев, Н.И. Волдырев, Я.С. Турбовской, Л.И. Новикова, Л.В. Занков, В.И. Журавлев, Я. Скалова, Х.И. Лийметс, Б.Т. Лихачев, А.Н. Кочетов, Н.Д. Никандров, В.С. Шубинский, Б. Битинас, Ю.К. Бабанский, Н.В. Кузьмина, В.В. Краевский, Е.В. Бережнова, В.И. Гинецинский, В.И. Загвязинский, Г.П. Щедровицкий, О.С. Анисимов, Б.С. Гершунский, Е.В. Бережнова, А.М. Новиков, Н.Д.Хмель, ШТ.Таубаева және т.б. Қазақстандық ғалым-зерттеуші Ш.Т.Таубаева педагогика әдіснамасын зерттей келе оның моделін ұсынған. Педагогикада әдіснама-қағидалар (принциптер), әдістер, таным формасы мен процедурасы және педагогикалық ақиқаттың шыңдалуы туралы ілім (П.И. Пидкасистый). Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттейді. Ол педагогикалық теория тұрғысынан негізгі білімдер мен құрылымдарды бір жүйеге келтіреді. Олай болса, әдіснама- теориялық жүйе туралы ғылым мен ілім болып табылады.
Педагогика ғылымының әдіснамасы: біріншіден, ғылымның жалпы әдіснамасынан туындайды; екіншіден, қоғамдық ғылыми жүйенің даму тенденциясын оқып үйренумен және зерттеумен байланысты туындайды; үшіншіден, педагогикалық құбылыстардың жағдайлары туралы теориялық қағидалармен, олардың зерттеу әдістерін қарастырады; төртіншіден, жаңадан алынған білімдерді тәрбие, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізумен анықталады.
Әдіснамалық білімдер құрылымын ғалым Э.Г. Юдин төрт деңгейге бөліп түсіндіреді, демек бүгінде педагогикада әдіснаманың 4 кезеңі қабылданған:
философиялық әдіснама ‒ экзистенциолизм, неотомизм, позитивизм, неопозитивизм, прагматизм, диалектикалық материализм; яғни таным мен жалпы ғылымның категориялық құрылымы педагогика ғылымының түсініктік аппаратына қатысты сындарлы-сыни қызметті атқаратын, құрылым сәйкестілігі мен педагогикалық зерттеу мәнін, олардың әдіснамалық іргетасын білдіретін және белгілі бір әлем сипаты тұрғысынан педагогикалық зерттеудің нәтижелерінің әлем танитын түсіндірмесіне қатысты жалпы қағидалар жатады;
жалпы ғылымилық әдіснама ‒ жалпы ғылыми қағидалар мен зерттеу формаларын қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешенді, бағдарламалы- мақсаттық секілді жалпы ғылыми әдістер, идеализация, модельдеу, эксперименттеу секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т.б. қатысады). Жалпы ғылыми әдіснама ұстанымдық-бағыттаушы қызметті атқарады, себебі дәл осы кезеңде зерттеудің қағидалық бағыты анықталады, оның стратегиясы, оның субъектісі мен пәнін анықтаудың әдістері қарастырылады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет