Білім берудің түрлі инновациялық технологиялар түрін меңгерген Кәсіби шеберлігі жоғары Дарындылықты аша білетін Ізденімпаз Педагогикалық, психологиялық жағынан толық сауаттанған Жан – жақты білімдар Өзіндік ой – пікірі бар, бәскеге қабілетті Ақпараттар ағымына ілесе алатын білім беру мекемелері менеджерінің моделі Білім реформалардан хабардар болуы Үнемі шығармашылықпен айналысатын
2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылдың 24 шілдесіндегі №350 бұйрығына сәйкес, магистратура 6М010300 - Педагогика және психология мамандығы аясында "Білім берудегі Менеджмент" эксперименттік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылды.
Болон үрдісінінің енуіне қатысты білім жүйесіндегі өзгерістерге сипаттама
1. Қазақстандық жоғары оқу орындарының қазіргі таңда әлемнің 650 университеті қол қойған Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылды орын алды. Ұлы Хартияға 60-тан аса қазақстандық университеттер қол қойды.
2. Болон декларациясының принциптеріне негізделген, мамандарды дайындаудың үштік моделі жүзеге асырылды: бакалавр – магистр – PhD доктор.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде магистранттарды дайындау еліміздің 118 университетінде жүргізіледі, онда 32 527 адам білім алады, оның ішінде 16 220-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. Бітіру кезінде магистранттардың 92%- ы қорғап шығады.
Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікте 16 жоғары оқу орнында PhD докторларын дайындау жүргізіледі. 2014 жылғы докторанттар саны 2063 адамды құрады.
Болон үрдісінінің енуіне қатысты білім жүйесіндегі өзгерістерге сипаттама
3 .Жоғары оқу орындарының оқу процесіне озық технологиялар мен оқыту жүйелері енгізілді:
барлық жоғары оқу орындарына оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді,
Дублин дексрипторларына сәйкес модульдік білім беру бағдарламаларын, силлабустарды әзірлеу жүзеге асырылуда,
Ұлттық біліктілік шеңбері құрылды.
4. Студенттердің академиялық ұтқырлығы аясында сынақтық бірліктерді қайта есептеу негізіне ECTS (European Credit Transfer System) қабылданды, ECTS бойынша жаңа нұсқаулық (2015 жылғы 14-15 мамырда Ереван конференциясында білім министрлерімен бекітілген) енгізілуде.