Жоғары мектеп педагогикасының теориялық–Әдіснамалық негіздері


Мұғалім Тәлімгер Оқытушы



бет10/19
Дата06.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#15519
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
теориялық әдістемелік негіздер

Мұғалім

Тәлімгер Оқытушы

Педагог – оқу орындарында, мектепке дейінгі және басқа мекемелерде сабақ немесе тәрбие жұмысын жүргізетін тұлға, ақылшы ұстаз, баланы тәрбиелейтін, оқытатын адам, маман.

Педагогикалық мораль – мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бip талап-тілектердің, қағида мен ережелердің, қалыптық, мазмұндық ой-тұжырымдардың жүйесі, жиынтығы.

Педагогикалык стиль – мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде қалыптасқан педагогикалық шеберлікке тән сипат.

Педагогикалық шеберлік - балаларды сүйетін, жүрек қалауымен әpбіp педагогтың қол жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріп отырылатын өнер.

Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік белгісі. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі, ең алдымен ,оның педагогтік әдебінде.

Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша, оқушылармен тіл табыспайынша оқу-тәрбие процесінде ілгерілеу жоқ. Белгілі психолог М.Д.Лебитов атап көрсеткеніндей, педагог әдептен кұр болса, оқушылардың тәрбиесіне залалы тиеді. Олардың бойында кейін түзеуге қиын соғатын әр түрлі жаман әдет-қылықтардьң пайда болуына себеп болады. М.Д.Лебитовтің байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастауы ықтимал.

Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттерімен өлшенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет