Педагогикалық шеберлік компоненттері:
- психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі;
- мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;
- кәсіптік көрегендігі;
- педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі;
- ұйымдастырушылық шеберлігі;
- оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білу, шешімді дұрыс әpi уақытылы қабылдай алу.
- ұстаздың сезімталдығы, үлкен жүректілігі;
- педагогикалық техника.
Педагогтың қабілеттері мынадай түрде кездеседі: ұйымдастырушылық қабілеті (студенттерді сабаққа ұйымдастыра білу); дидактикалық қабілеті (оқу материалын ipiктей білу); перспективтік қабілет (байқағыштық) (тәрбиеленушінің психикалық жан-дүниесін анықтау); коммуникативтік қабілет (байланыс) (студенттермен дұрыс қарым-қатынас жасау); сyпесивтік қабілет (беделдік) (студенттің беделіне эмоционалды, epiктік ықпал ету арқылы жету); зерттеушілік (академиялық) қабілет (педагогикалық зерттеуді шешу, бағалай білу); ғылыми-танымдық қабілет (академиялық) (ғылыми білімдерді білу, тану); сөйлеу қабілеті (дауыс тонының дұрыс болуы); елестете білу қабілеті (сабақты алдын-ала елестету, алдын-ала дайындау).
Достарыңызбен бөлісу: |