Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы – кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады
Э.Г. Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі:
философиялық жалпы ғылыми нақты ғылыми технологиялық
Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық апаратын құрса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.
Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық апаратын құрса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.
Үшінші деңгей, нақты ғылыми әдіснама, бұл арнайы ғылыми пәннің әдістерін айқындап, зерттеудің ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілейді.
Төртінші деңгей, технологиялық әдіснама, зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжірибелік-эксперимент материялдарын жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т.б. жатады. Сонымен, әдіснаманың барлық деңгейлері бір-бірін толықтырып тұратын жүйені құрастырады.
М.А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анықтамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық қызметті көрсететін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздемелері туралы, білімді алу тәсілдері мен әдістері, қағидалары туралы білім жүйесі болып табылады».