ЖМП ғылыми әлеует факторымен түсіндіріледі, ол біліктілігі жоғары мамандар даярлауда меңгеріледі.
Педагогика ғылымының пәні өте күрделі құрылым, өйткені ол мақсаты мен мазмұны қоғам талаптарымен айқындалатын, адам тұлғасының қажеттіліктерін қанағаттандырып, оның әлеуетін дамытуға арналған тәрбие, педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен қағидалары, нақты тәжірибесі болып табылады.
Жогары мектеп педагогикасының пәні — жогары мектептегі педагогикалық процесс болып табылады.
Жоғары мектеп педогогикасының пәні жоғары мектептің білім беру процессі ретінде болашақ мамандардың кәсіби – тұлғалық дамыту факторы болып табылады. Сондықтан жоғары мектеп педогогикасымен маман даярлау және тиімді кәсіби тәрбиелеу мақсатында жоғары мектептегі білім беру процесін ұйымдастыру жолдарын оқып үйретеді, іздестіреді және негіздейді.
Жоғары білімнің қазіргі жағдайын саралау мен дамуын болжау;
Жоғары білімнің даму тарихын зерттеу;
Жоғары кәсіби білім берудің теориялық-әдіснамалық негізін жасау;
Жоғары білімнің заңдылығын айқындау;
Жоғары білімнің мазмұнын жетілдіру;
Білім беру стандартын, оқытудың жаңа әдістері мен формаларын жетілдіру;
ЖОО педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау;
ЖОО педагогикалық инновацияларды ғылыми саралау;
Ғылыми-зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу.
Жоғары мектеп педогогикасының міндеттері
Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері:
студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау;
студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу;
студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу.