Жоғары мектепте оқыту технологиялары


Жоғары мектептің педагогикалық процесінде оқу құралдары мен оқу жабдықтарын пайдалану мүмкіндіктері



бет3/16
Дата10.03.2022
өлшемі103,47 Kb.
#27504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
камила сессия

Жоғары мектептің педагогикалық процесінде оқу құралдары мен оқу жабдықтарын пайдалану мүмкіндіктері Педагогикалық әдеби еттерде «техникалық оқу құралдарды пайдалану негізінде» , «экранды көру құралдарды пайдалану негізінде», «көру – есту құралдарды пайдалану негізінде» ұғымдары синоним ретінде қолданылады. Оқу материалын жеткізу формалары негізінде экранды проекциялық, экранды – есту, дыбыстық және көру (визуалдық) деп ажыратуға болады.

Бүгінгі таңда көптеген мектептерде қолданылатын техникалық құралдар тобын сараласақ:

Дыбыстық құралдар тобына дыбыстық оқу материалын жазып алу, сақтау, естірту қызметін атқаратын радио, магнитті дыбыс жазбалары немесе лазерлік компакт - дискілер жатады. Олар адамның дыбысты есту мүшелеріне әсер етеді.

Экранды проекциялық құралдарды пайдалану негізінде экранды оқу ақпараттарын жазып алу , сақтау, көрсету қызметін атқаратын диафильмдер, диапозитифтер, графопроектілар жатады. Олар адамның көру мүшелеріне әсер етіп, көзге көрінетін оқу ақпараттарын визуалды түрде көрсетеді.

Экранды есту құралдарын пайдалану негізінде адамның көру және есту мүшелеріне бір мезгілде әсер ете алатын дыбыстық және визуалды ақпараттарды жазып алушы, сақтаушы және естіртіп, көрсететін қондырмалар жатады. Бұл оқу техникалық құралдар-

ға хабарлар, оқу кинофильмдері және оқу жазбалары кіреді. Арнайы әдебиеттерді, публикацияларды , көру-есту материалдарының қорын зерделеу оқу процесінде экранды – көру құралдарды пайдаланудың түрлі аспектілері бірқатар ғалымдардың еңбектерінде жарияланған. Солардың ішінде А.В.Деттерер, Ю.П.Тимофей, А.А.Степанова, В.А.Дмитриева В.И.Коркина сияқты ғалым – педагогтардың еңбектерін атап өтуге тұрарлық.

Бүгінгі таңда техникалық технологиялар құралдарына техникалық, оқу – видео жазбалар, компьютерлік мультимедиалық жүйелер жатады. Олардың әр қайсысының өзіне тән дидактикалық ерекшеліктері бар. Сонымен қатар олардың ортақ сана қасиеті шығармашылық ақпаратты динамикалық , техникалық технологиялар формасында жеткізуі болып саналады. Ал айырмашылығы сол техникалық технологиялар құралдарының атқаратын қызметі мен интерактивті белсенділігі болып табылады.

Е.С.Полат техникалық технология құралдарының дидакатикалық сапа қасиеттерін «Оқу – тәрбие процесінде дидактикалық тапсырмаларды шешуде пайдаланылатын техникалық және технология-

лық мүмкіндіктері» деп түсіндіреді.

Техникалық құралдарды пайдалану негізінде өздерінің оқу материалын меңгеруді қамтамасыз ете алуға қабілетті және интерактивті мүмкіндіктері мол болуымен ерекшеленеді.

Бүгінгі таңда техникалық құралдарды пайдалану негізінде интерактивті видеожазба құралдарының жаңа буындары өмірге келуде. Ғалым И.В.Роберт олардың бірнеше ерекшеліктерін көрсетеді.

Оқушылардың оқу-шығармашылық іс-белсенділігін жетілдіруде модульді видео жазбалар үлкен рол атқарады. Модельді видеожазбалар дегеніміз – ол тақырыптың мұрағаттардағы материалдарға коментарии жасау емес. Бұл жөнінде Стенфорд университетінде айтарлықтай тәжірибе жинақталған . Мәселен оның құрылымы мынадай үш бөліктен құралған:

Бірінші бөлімінде кіріспе ретінде 5 минуттық лекция

Екінші бөлімінде сабақтың фрагменті беріледі. Бұл кезде оқушыларға жазбаша орындалатын тапсырма беріледі.

Үшінші бөлімі бақылау қызметін атқарады. Бұл сәтте сабақтың мазмұны жазылған екінші бөлім қайта көрсетіледі.

Сонымен оқу жазбалары тек педагогикалық жағдаяттарды тұп- тура көшіріп алу емес ол педагогикалық іс әрекет шығармашылығы , көкейтесті педагогикалық білім берудің , оқушылардың оқу шығармашылық іс – белсенділігін жетілдіру құралы болып табылады.

Техникалық құралдарды қолдану барысында түрлі әдістер қоданылады. Бұл әдістердің ішінде ең басты роль атқаратыны - бақылау әдісі. Бақылау әдісі барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техникалық құралдарды демонстрациялау (көрсету) кезінде, сондай – ақ экскурсияда , лабороториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады.

Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық , логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Бақылау әдісін қолданудің тиімділігі мынадай тәсілдерді қолдана білуге байланысты: байқаудың мақсатын анықтау, қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі , бастыларын ажырату, содан кейін оларды топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау т.б.

Сабақтарда оқу-дыбыстық жазбалар педагогикалық пәндерді оқу процесінде меңгерген білімдерді бекіту және талдау, пайымдау үшін қолданады. Бұған магнит таспасында жазылған түрлі ситуациялар, мысалы,оқушының берген жауабына баға беруі, оқушының ой-пікірін айтқан түсініктемесі , ескертулер т.б. сондай дыбыстық жазбалар деректемелік құжат ретінде оқушылардың өзіен таныс жағдаяттарын өзгеше пайымдауына, пікірі, көзқарастарының тереңдеуіне , тіпті өзінің педагогикалық іс-белсенділігін қайта қарауға, өзгертуге, жаңа жолдарын іздестіруге сенімін нығайтады. Сөйтіп, нақты мысалдар негізінде бүгінгі сабақты ұйымдастыру принциптерін нақты ұстануға, кәсіби жетілдіруіне көмектесетінін дәстүрлі және техникалық құралдардың көмегімен оқыту әдістерінің салыстырмалы кестесі арқылы нақтылауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет