Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау технологиялары Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін енгізу «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (ҚР БҒМ 28.08.2020 ж. №373 бұйрығына сәйкес өзгерістермен) сәйкес жүргізіледі.
Балдық-рейтингтік әріптік жүйесі:
– оқытушыға оқу жетістіктерінің әр деңгейіндегі білім алушылар санатын объективті бағалауға және сенімді түрде саралауға мүмкіндік береді;
–жаңа шешімдер іздеуге және ғылыми-шығармашылық белсенділікті (креативті құзыреттілікті) дамыта отырып, оқу және оқудан тыс уақытта білім алушылардың жүйелі түрде өзіндік белсенді қажеттілігін ынталандырады;
–оқу мен жеке жетістіктерін өзіндік бағалау рефлексияға әсер етеді. Рефлексия мінез-құлықты және өзін-өзі дамытуды реттеудің негізгі факторына айналады және білім алушының болашақтағы жетістіктерін алдын-ала анықтайды.
Бұл нұсқаулықта келесі ұғымдар қолданылады:
1) білім жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі – халықаралық тәжірибеде қабылданған және білім алушылардың рейтингін орнатуға мүмкіндік беретін әріптік жүйеге сәйкес келетін балдық білім деңгейінің жүйесі;
2) қорытынды аттестаттау–білім алушының ТжКБ мамандықтары бойынша типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларында көзделген оқу пәндерінің / модульдерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) аралық аттестаттау–білім алушылардың бір оқу пәнінің / модулінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оқып біткеннен кейін игеру сапасын бағалау үшін жүргізілетін рәсім;
4) ағымдық бақылау– оқытушы оқу жоспарына сәйкес ағымдағы сабақтарда академиялық кезең ішінде өткізетін білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексеру;
5) кредит– білім беру бағдарламасының модулін игеру шеңберінде білім алушылардыңқол жеткізген оқыту нәтижелерін өлшеудің бірыңғай бірлігі;
6)оқыту нәтижесі– модульдің бір бөлігін бекітілген бағамен игеру кезінде білім алушы білетін, түсінетін және орындай алатын мәлімдеме;
7) бағалау критерийлері– оқыту нәтижелерін құзыреттілікке қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау бойынша шешім қабылдау
Жоғары мектеп оқытушысының қызметі Жоғары мектеп оқытушысы -арнайы даярлығы бар және педагогикалық іс-әрекетпен айналысатын кәсіби адам. Оқытушы-жалпы білім беретін әр түрлі типтердегі мектептерде оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман, дүниеге ғылыми дидактикалық-материалистік көзқарасты, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық даярлықты, жоғары адамгершілікті,қоғамдық белсенділікті, білім алушыға және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, дербес білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген қазіргі заманның алдыңғы қатарлы азаматы.
Оқытушы- оқыту мен тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін, қоғамдық жаңалықтарды қабылдап, игеріп, енгізуші, білім алушылармен белгілі бір қатынаста болатын белсенді әрекет иесі.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық әрекетке даярлау-оқытушылардың үздіксіз педагогикалық ізденісіне тәуелді. соңғы кезде қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім деңгейінің көтерілуі, жеке адамдардың қарым-қатынасын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыруды қарастыру мәселесін тудыруда. Мұны ғылымда инновация, болмаса инновациялық қызмет көрсету деп атайды. Жоғары оқу орнында мұғалім даярлау ісіндегі инновация -қарым-қатынас жасаудың әдіс-амалын табу арқылы оқушылар тұлғасын қалыптастыруға үйрету, қоғам сұранысына байланысты білім, тәрбие беру әдістерін жетілдіру, соған сәйкес жаңа нәтижеге жету мүмкіндігін қамтиды. Ең басты мәселе- болашақ мұғалімнің тұлғалық қасиетін көрсету. Осы мақсатты шешу үшін оқу орындарында қоғамдық, экономикалық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық оқу курстары оқытылады. Бұлардың ішінде педагогика, студентті белгілі бір мамандыққа даярлап қана қоймай, олардың тұлғасын қалыптастыруға да елеулі ықпал етеді.
Оқытушының маңызды қызметі- оқыту, білім беру, тәрбиелеу, тәрбиелеу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |