Университеттегі семинар сабақтары
Оқыту формасы ретінде семинар сабақтары ежелден пайда болған. "Семинар" сөзі латынның "seminarium" – егу дегенді береді. Білімді «егуші» мұғалім өз оқушыларына пікірін, білімін береді деп ауыспалымағынада қолданылған. Ежелгі грек және римдік мектептерде семинарлар пікірталас, оқушылардың баяндамасы, оқытушылардың қорытындысы түрінде қолданылған. XVII ғ. бастап оқытудың бұл формасы Батыс Европада, ал XIX ғ.-дан ресейлік және қазақстандық университтетерінде таралған. Семинар сабақтары практикалық сиптта болып келген, олар белгілі бір ғалымның мектебі болып саналған. Бүгінгі ЖОО-нда семинар гуманитарлық және техникалық ғылымдар бойынша практикалық сабақтардың негізгі түрі болып табылады. Бұл студенттердің ғылыми ойлауын дамыту құралы. Семинар пәнді терең зерттеуге, ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге арналған. Семинар сабақтарының басты мақсаты – студенттерге зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру.
Семинарда мынадай педагогикалық міндеттер шешіледі:
- кәсіби шығармашылық ойды дамыту;
- танымдық мотивация;
- оқу жағдайларында білімді кәсіби қолдану:а) сәйкесінше ғылымның тілін меңгеру; ә) түсініктерді, ұғымдарды, анықтамаларды қолдану дағдылары;б) интеллектуалды проблемалар мен міндеттерді қою және шешу, өз пікірін қорғау, басқа пікірді жоққа шығару іскерліктері мен дағдыларын меңгеру.
Сонымен бірге оқытушы семинар барысында мынадай жеке міндеттерді де шешеді:
- білімді қайталау және бекіту;
- бақылау;
- педагогикалық қарым-қатынас.
Қазіргі жоғары мектепте семинар сабақтарының үш типі бар: просеминар, кәдімгі семинар, арнайы семинар. Просеминар – семинарға дайындау үшін бірінші курста өткізілетін сабақ. Мақсаты – студенттерді өздік жұмыстың спецификасымен, әдебиет тізімімен, негізгі ақпарат көздерімен, жұмыс жасау әдістемесімен таныстыру. Тәжірибе көрсеткендей, бірінші курс студенттері ақпарат көздерімен жұмыс жасауды біле бермейді, әдебиеттер тізімінен қажеттісін таңдап ала алмайды. Сондықтан әдебиетпен жұмыс жасау дағдысын дамытуға, материалды шығармашылықпен өңдеуге ерекше назар аударған жөн. Просеминарда жұмыс жасаудың екінші кезеңі – белгілі бір тақырыптарға реферат даярлау, оны оқу және талқылау, қорытындылау. Маңызды оқу және тәрбиелік міндеттер 2-3 курстарда және әсіресе 4 курстардағы арнайы семинарларда шешіледі.
Жоғары мектепте семинарлардың үш типі қолданылады:
1. Белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында өткізілетін семинар.
2. Курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі әдіснамалық сипаттағы тақырыптың жан-жақты өңдеу үшін өткізілетін семинар.
3. Ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу мақсатында нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі семинар.
Семинар сабақтарының формалары:
а) алдын-ала белгіленген жоспар бойынша әңгіме;
б) студенттердің шағын баяндамалары, кейін оны семинарға қатысушылар талқылайды. Семинар – бұл студенттермен тікелей байланыс, сенімді қарым-қатынас орнату, педагогикалық қарым-қатынас. Семинар сабақтарында біріккен шығармашылық, біріккен іс-әрекет ұстанымы жүзеге асырылады. Арнайы семинар.Жоғары курстардағы семинар студенттерді арнайы семинарға біртіндеп даярлайды. Арнайы семинар – бұл зерттеушілерге арналған белгілі бір ғылыми пролема бойынша пікір алмасу мектебі болып табылады. Арнайы семинардың нәтижелілігі оның жетекшісіне байланысты. Беделді маман жетекшілік жасайтын арнайы семинар ғылыми мектептің сипатына иеленеді, студенттерді ұжымдық ойлауға және шығармашылыққа үйретеді.
Семинар сабақтарында талқыланатын мәселелер:
1) курстың негізгі тақырыптары, оларды меңгеру кәсіби дайндықтың сапасын анықтайды;
2) түсіну және меңгеруде қиын болатын сұрақтар. Оларды әрбір студенттің қатысуын қамтамасыз ететін ұжымдық жұмыста талқылаған жөн. Семинар – қатысушылардың өзара әрекеттесуі және қарым-қатынасы. Оқытушы тұтас топпен әрекеттеседі. Бұнда оқытушы қарым-қатынастың топтық тәсілін сақтайды.
Кемшіліктері:
1. Жауап беретін студент жеке білімін көрсететін болғандықтан, бұнда қарым-қатынас жоққа жақын.
2. Ынтымақтастық пен өзара көмек жоқ. Жауап беріп тұрған студентке көмектесу тәртіп бұзушылық, тыйым салынған тәсіл ретінде қабылданады.
3. Оқу әрекетіне студенттердің тұлғалық қатысуы жоқ.
4. Студенттердің интеллектуалдық белсенділігіне кедергі келтіреді.
5. Оқытушы мен студент арасындағы қашықтық қарым-қатынасқа, өзара әрекеттесуге тосқауыл болып табылады.
6. Студенттерге үндемей отыру, семинарға қатыспай басқа жұмыспен айналысу мүмкіндігі беріледі.
Семинарды ұйымдастыру формасы студенттерді енжар позицияға қояды, олардың сөйлеу белсенділігі барынша төмен дәрежеде болады. Кәсіби қарым-қатынас жасау және әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Осылайша, сабақтағы топтық оқыту формасы ұжымда, өндірісте адамдар қарым-қатынасының тиімді моделіне жатпайды, бүгінгі таңда мамандарды даярлау қажеттілігін қанағаттандырмайды.Тиімді форманы іздестіру нәтижесінде «дөңгелек үстел» принципіне негізделген семинар сабағының ұжымдық формасына әкелді. Бұл форма қазіргі өндірістегі кәсіби қарым-қатынастың ерекшеліктерін көрсетеді. Бұндай семинарда ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір студенттің интеллектуалдық белсенділікке хұқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста студент белсенді позицияға иеленеді. «Дөңгелек үстел» принципі, әсіресе, пікірталас-семинарда толцық сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |