Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Дидактика теориялық, әрі қолданбалы болғандықтан ғылыми- теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды
Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процесінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу.
Дидактиканың қолданбалы қызметі:білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белегілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу. Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады.
Оқытудың атқаратын қызметі:
Білімдендіру;
Дамыту;
Тәрбиелеу;
Ұйымдастырушылық.
Білімдендіру қызметіндеоқыту процесінде білім, білік, дағдының қалыптастырылуы көзделеді. Білімнақты айғақтарды, ұғымдарды, мәләметтерді, ережелерді, заңдарды, теорияларды, формулаларды есте сақтау. Білік ережелерге сүйене отырып кез-келген іс-әрекетті жүзеге асыра білу немесе білімді тәжірибеде қолдана білу. Дағды саналы іс-әрекеттің автаматтандырылған компоненті.
Білімдендіру қызметінде оқыту процесінде білім, білік, дағдының қалыптастырылуы көзделеді. Білім нақты айғақтарды, ұғымдарды, мәләметтерді, ережелерді, заңдарды, теорияларды, формулаларды есте сақтау. Білік ережелерге сүйене отырып кез-келген іс-әрекетті жүзеге асыра білу немесе білімді тәжірибеде қолдана білу. Дағды саналы іс-әрекеттің автаматтандырылған компоненті.