Дидактика гректің «didaktikos» - оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан. Дидактика – бұл оқу және білімдену олардың мақсаттары мазмұны, әдістері және құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жө
Дидактика гректің «didaktikos» - оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан. Дидактика – бұл оқу және білімдену олардың мақсаттары мазмұны, әдістері және құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактиканы дамытуда Я.А.Коменский, И.Ф.Гербарт, Д.Дьюи, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов және т.б. үлкен үлес қосты.
Жоғары мектеп дидактикасы мәселелерімен айналысқан Ресейлік ғалымдар: Н.И.Пирогов, А.А.Реан, С.И.Архангельск, А.А.Вербицкий, Б.С.Гершунский, В.И.Загвязинский, А.В.Петровский, В.Е.Шукшунова, В.А.Якунина, Ф. Янушкевич және т.б.
Қазақстанда жоғары мектеп дидактикасының жеке мәселелерін қарастырған ғалымдар: А.Е.Әбілқасымова, С.А.Әбдіманапов, Б.А.Абдикаримов, М.Н.Сарыбеков, Н.Д.Хмель, Н.Н.Хан, Г.А.Уманов, С.А. Ұзақбаева, Г.К.Нұрғалиева, Г.Т. Хайруллин, А.П. Сейтешов және т.б.
Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты);
кімді оқытамыз (оқыту субъектілері);
оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері);
неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны);
оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы);
оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компюьтерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.);
оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер),
оқыту нәтижелерін қалай бағалауға және бақылауға болады (оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау әдістері).
Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері. Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты. Дидактика жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз білім беру жүйесі, жоғары білім беру теориясы т.б. мәселелерді зерттейді.