Лекция 5 Ғылыми еңбектерді іздеу 1. Ғылыми мақалаларды іздеудің бағыттары.
2. Ғылыми деректер қорларымен жұмыс жасау
3. Конспект жасаудың әдістері
4. Деректерді саралау, сұрыптау
5. Деректерді салыстыру
Ғылыми құжат деп – ғылыми-техникалық ақпараттардан тұратын және оларды қолдану және сақтауға арналған материалдық объектіні айтады. Сонымен қатар сан жағынан ақпараттық ресурстар және ақпараттық өнімді сипаттайтын құрылымдық бірлікті айтады.
Ақпараттарды көрсету әдістері бойынша құжаттар: текстік, кітаптар, журналдар, есептеулер, және т.б.; графикалық, яғни кестелер, сызбалар, диаграммалар; аудиовизувльдық, яғни кино-және видеофильмдер, дауыстық жазылымдар; машинамен оқу т.б.болып бөлінеді. Қонымен қатар құжаттарды алғашқы яғни факт және белгілі идеяларды жаңарту немесе жаңа ғылыми мәлімет және ғылыми зерттеу және игеру қорытындылары, екінші бір немесе бірнеше алғашқы құжаттардың аналитико-синтетикалық және логикалық қорытындылары қайта қарау немесе олар туралы мәліметтер.
Алғашқы құжаттар және басылымдар. Алғашқы құжпаттар екінші құжаттар сияқты басылымға шығатын және басылымға шықпайтын болып екіге бөлінеді.
Бірінші құжаттарға –кітаптар (текстік басылым көлемі 48 беттен асатын); брошюралар (текстік басылым көлемі 48 беттен аспайтын).
Кітаптар және брашюралар арасында ғылыми маңызға ие көбіне монографиялар кіреді. Олар бір немесе бірнеше авторлар шығарған бір мәселелерді немесе тақырыпты жан-жақты зерттеуден тұрады. Сонымен қатар бір немесе бірнеше авторлар шығармалары қатарынан тұратын рефераттар, әртүрлі арнайы немесе ғылыми материалдардан тұратын ғылыми еңбектер жинақтары да жатады. Оқулық шығару мақсаты бойынша және оқу құралдары шығарылады. Олар – оқу және оқыту үшін арнайы формадағы ғылыми және негізгі сипаттамалар мәліметтердің периодтық емес басылымдары.
Қоғамдық немесе мемлекеттік мекемелердің атынан шығатын кейтір басылымдар арнайы басылымдар деп атайды. Олар заңды нормативті немесе диретивті сипаттамаларды көрсететін материалдардан тұрады.
Дәстүрлі приодтық басылымдарға азеттер және журналдар жатады. Периодттық басылымдарға жалғасушы басылымдар, яғни материалдардың жиналып қалуына байланысты қосымша шығатын басылымдар жатады. Әсіресе ғылыми қоғам, ЖОО, институттардың ғылыми еңбектер жинақтары жатады.
Стандарт – компоненттік органдар бекіткен және стандартизация объектісінің талаптарына ереже, нормаларына сай құрылған нормативтік техникалық құжат. Стандарт категориясына қарай 4-ке бөлінеді: мемлекеттік (ГОСТ); өндірістік (ОСТы), Республикалық стандарт (РСТ) және мекемелер стандарты (СТП).
Стандарттар мазмұнына қарай: техникалық жағдайы және талаптары; параметрлер және өлшемдер; типтері; конструкция маркалар; сортаменттер; қабылдау ережелері; қадағалаау әдістері; жөндеу және пайдалану ережелері; типтік технологиялық процесттер және т.б.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын құру үшін патенттік құжаттар маңызды. Патенттік құжаттар жоғары дәрежелі маңызға ие. Олар жаңа әрі қажетті экспертизаларды қозғайды.
Бірінші басылымға шықпайтын құжаттардың қажетті экземплярды көбейте алады және басылымның заңдарын қолданады. Басылымға шықпайтын бірінші құжаттардың негізгі түрлері ғылыми техникалық есептемелер, дицертациялар, депонировалфқ жазылымдар, ғылыми аудармалар, конструкторлық құжаттамалар, қткізілген ғылыми техникалық конференциялар, съездар, симпозиумдар, семинарлардың ақпараттық мәліметтері.
Екінші құжаттар және басылымдар: анықтамалық, образдық, рефераттық және библиографиялық болып бөлінеді.
Анықтамалық басылымдарға: теориялық мәндер қорытындыларды, әртүрлі параметрлер және олардың мәндерді, өндірістік сипаттамалардың материалдары жатады.
Образдық басылымдарға: белілі бір уақыт аралығында анықталған алғашқы көздердің үлкен көлемінен алынған жинау, жүйелеу және логикалық жалпылау қорытындылар мәліметінің концертрациялық ақпараттары жатады. Образдық басылымдарды: 1) аналитикалық, яғни аргуметтелген бағалар ақпараттар және оларды қолдануға ұсынылған рекомендациялар; 2) реферативттік яғни сипаттамалары анық көрсетілген деп бөлуге болады, Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері көбіне белгілі бір уақытта немесе кейбір жалпы белгілердің жиынтығы көрінен кезде, ақпараттар көзі сияқты бірінші құжаттар сипаттамаларын құрайтын библиографиялық образдарды дайындайды.
Реферативтік басылымдарға: реферативтік журналдар, реферативтік жинақтар бірінші құжаттардың қысқартылған шығармалары немесе олардың негізгі фактілік элементтер және қорытындылпар бөлімі жатады.
Реферативтік журналдар - бұл журналдардың периодтық басылымдар немесе басылымға шыққан құжаттар немесе жалғасушы периодтық басылымдар.
Библиографиялық көрсеткіштерге басылымға шыққандардың библиографиялық көрсеткішінен тұратын журнал немесе кітап типті басылымдар жатады. Библиографиялық көрсеткіштер орналасу принциптері бойынша: жүйелік, яғни ғылым, және техника облыстарына сәйкес жүйелер калссификациялар көрсеткіштер; заттық, яғни алфавиттік қатармен орналасқан қажетті заттар қатарының көрсеткіші.
Екінші басылымға шықпайтын құжаттарға: тіркеу және ақпараттық қарталары, диссертацияның учеттік карточкалары, жоспарланбаған аудармалар және қолдан жазылған көрсеткіштер, «Стандарттық емес құжаттардың конструкторлық құжаттамасы» карточкалары жатады. Сонымен қатар оларға: басылымға шығатын, бірақ жазылым бойынша жіберілетін екінші құжаттар жатады.
Құжаттық классификация – бұл кітапханалы- библиографиялық классификация болып табылатын документальдық фонд қатарының дәстүрлі зат соның үшінде көбіне кеңінен таралғаны – Универсальдық ондық классификация. Универсальдық классификация. Әлемнің 50 елінде таралған және Универсальдық ондық классификация кестесін ары қарай игеруге, оның жағдайына және басылуына жауап беретін халықаралық Федерация құжатының құқықтық негізі болып табылады.
Ғылыми зерттеуді қамтамассыз ететін тапсырманың маңызы зор. Ең озық әдіспен ақпараттарды жинау, іздеу, сақтау, өңдеу және беру маңызды.
Бірнеше қатарды ерекшелеуге болады:
Техникалық (инженерлік), есептеуіш техника мен автоматтандырылған ақпараттық – іздеу жүйесі, программалау, есептеуіш техниканы программамен қамтамассыз етумен байланыстысырманы шешумен байланысты.
Ақпараттық жүйелер. Халықты ақпаратпен қамтамассыз ету үшін ақпараттық жүйені жасау, қолдану және өңдеу. Осыған айланысты «информатика» термині пайда болды.
Ақпаратты пайдаланушылар.
Әр тұтынушының ақпараттық жүйеге, өз сұранысы бар. Жәнеде оның талабы жеке адамдық пікір. Бірақта рацианалдық түсінік бойынша ақпараттық жүйені пайдаланушы тұтынушылар келесі топтарға бөлінеді:
Ғылыми зерттеуді өткізумен байланысты;
тексттік (кітаптар, журналдар, есептер және басқалар);
графикалық (сызбалар, схемалар, диаграммалар);
аудиовизуальдық (дыбысжазу, кино, және бейнефильмдер);
машинаоқитын (мысалы, анықтама базасын құрайды);
бастапқы (ғылыми зерттеудің тікелей нәтижесін алушы);
қосымша (аналитикалық – синтетикалық және логикалық өңдеуден тұратын).
Құжаттардың қорларын тәртіпке келтіру үшін кітапханалық-библиографиялық классификация қолданылады. Әлемде ең көп тараған ӘОК (УДК) - әмбебап ондық классификация, көп елдерде қолданылады. ӘОК арқылы ақпаратты тез тауып алуға болады. Негізгі таблица 10 кластан тұрады – оларға ғылымның әр салалары бекітілген. Әр класс ары қарай 10 бөлімге, ол бөлімдер ары қарай 10 бөлімшелерге бөлінеді.
Шет елдерден келетін ақпарат РПТНБ – республикалық патенттік-техникалық ғылыми кітапхана арқылы таралады. КазГОСИНТИ – мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттар институты ақпараттарды көп таратады, оның аймақтарда бөлімдері бар.
Ғылыми ақпарат көздерімен танысу үшін анықтамалық басылымдардан бастау керек. Керек мәліметтерді кітапхана каталогтарынан табуға да болады. Алфавиттік каталог, жүйелік каталог ғылым салалары бойынша кітаптарды табуға көмектеседі.
Патенттік ақпараттар құқықтық және ғылыми-техникалық негізге ие. Патенттану жаңалықтар мен өнертапқыштықтықты қорғау үшін қажет. Авторлық құқық заңмен қорғалады. Өнеркәсіптегі қолданылатын ой еңбегінің нәтижесі өнеркәсіп жекеменшігі деп аталады. Олар жаңалық, өнертапқыштық, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер және фирмалық атаулар деп бөлінеді. Өнеркәсіп жекеменшігін қорғау үшін Ұлттық патенттік орталыққа өтініш береді.
Патенттік құжаттарда әртүрлі елдердің ресми органдары жаңалықтар мен өнертабыстар туралы мәліметтер жариялайды. Патенттік қорларда ақпараттарды іздеу үшін өнертапқыштықты жіктеу жүйесін білу қажет. Халықаралық жіктеу жүйесі 1954 ж. жасалды.
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін орынды дайындау маңызды. Оқу, оқығанды есте сақтау, белгілеу, конспектілеу, реферат жазу, ғылыми шолу жазу әдістері маңызды.