Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері


Ұлттық тәрбие шараларын ұйымдастыру формалары



Pdf көрінісі
бет26/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Ұлттық тәрбие шараларын ұйымдастыру формалары 
 
Жеке 
 
Топтық 
 
Көпшілік 
 
Көркем өнер 
нөмерлерін 
даярлау 
 
Клубтар 
 
Кештер 
 


Студенттердің өз 
бетінше жұмысы 
 
Қоғамдық 
ұйымдар 
 
Сайыстар, 
жарыстар 
 
Сурет 7 – Ұлттық тәрбие шараларын ұйымдастыру формалары 
 
«Ұлттық  тәрбие  шаралары»  жүйесі  студенттермен,  топ  кураторлары 
және оқытушылар, сонымен қатар тікелей студенттік кәсіподақ ұйымы және 
жастар ісі жөніндегі комитеттердің қатысуымен жүзеге асырылады. Аталған 
орталықтар  мен  жүзеге  асырушы  ұйымдар  өзара  тығыз  байланыста  болады. 
«Ұлттық  тәрбие  шаралары»  жүйесінің  ұйымдастырылу  формалары  шара 
мазмұнына байланысты таңдалады. 
Ұлттық  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру  формасы  –  тәрбиеші  мен 
тәрбиеленуші  қарым  –  қатынасын  және  әртүрлі  ішкі  байланыстарды 
айқындайтын,  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру  тәсілі.  Тәрбие  жұмысын 
ұйымдастыру  формасы  туралы  түсінік  кең  және  тар  мағынасында 
қолданылады. Осыған байланысты тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасын 
жүйелеуге болады. 
Ұлттық  тәрбие  беру  жұмысының  ұйымдастырылу  формасына  қарай 
былай жүйелеуге болады: 
а) Көпшілік жұмыстар. 
ә) Топтық, үйірме жұмыстары. 
в) Жеке жұмыс. 
Ал тәрбиелік іс - әрекетті әдісіне қарай жүйелеуге де болады: 
-  сөздік  формалар  (жиналыс,  саяси  хабарлар,  баяндама,  оқырман 
конфренциясы, пікірталас, ауызша газет, кездесулер); 
-  тәжірибелік  формалар  (жорық,  саяхат,  олимпиада,  сайыстар, 
үйірмелер); 
- көрнекілік формалар (мектеп мұражайы, еңбек, соғыс ардагерлерінің 
залдары, көркемөнер көрмелері, кітап көрмелері, т.б.). 
Жоғарыда  көрсетілген  жүйелер  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру 
формаларының  барлығын  қамтиды.  Соңғы  кезде  тәрбие  жұмысын 
ұйымдастырудың  жаңа  формалары  қанат  жаюда,  атап  айтсақ,  әртүрлі  ерікті 
клубтар, ғылыми қоғамдар, көркемөнер театрлары, дебаттар, т.б. 
 Ұлттық  тәрбие  материалдарын  жоғары  мектептің  оку-тәрбие 
үрдісінде  пайдаланудың  формалары  мен  әдістері  оның  барлық 
компоненттерімен,  әсіресе  оның  мақсат-міндеттерімен  тығыз  байланыста 
екенін атап айтқан жөн. 
Сонымен, 
қазақтың 
ғұлама 
ойшылдарының, 
ағартушы-
педагогтарының, қоғам қайраткерлерінің түрлі мұралары мен ұлттық тәрбие 
берудің  қазіргі  даму  генезисі,  олардың  ұлттық  тәрбие  беру  және  оған  жас 
ұрпақты даярлау туралы ой-пікірлеріне талдау жасай келе: 


1.  Ағартушылар  мен  ғұлама  ойшылдар,  ұлттық  тәрбие  мәселерінің 
әдіснамалық  теорияларын  зерттеуші  ғалымдар  қазақтың  қоғамдық, 
әлеуметтік,  мәдени,  рухани,  әдеби  өміріне  белсене  араласқан,  осы  бағытта 
қызмет атқарған көрнекті педагогтар деп қорытынды жасауға болады. 
2. Қазақ ағартушы-педагогтарының ұлттық  идея туралы  ой-пікірлерін 
зерттеу  қазақтың  ұлттық  мектептерін  жасауда,  онда  ұлттық  тәрбие  беруде 
және оған студенттерді дайындауда ерекше көкейкесті мәселе болып отыр. 
3.  Қазақтың  ағартушы-педагогтары  ана  тілін,  ата  тарихын,  туған  өлке 
географиясы  мен  табиғатын,  ауыз  әдебиетін  қазақ  мектептерінде  оқытуға 
үлкен мән берді, олар халықтың салт - дәстүрлері ұлттық тәрбие негізі екенін 
дәлелдеді.  Сондықтан,  олардың  еңбектерінің  ұлттық  сана-сезімді,  ұлттық 
намысты, тарихи сананы қалыптастыруда алатын орны мен маңызы ерекше. 
4. Ұлттық тәрбие және оның тарихынан қорғалған диссертацияларды, 
сондай-ақ жоғары  мектепте ұлттық  тәрбие беру мәселелері бойынша  жарық 
көрген ғалым-педагогтарымыздың еңбектеріне мазмұндық талдау арқылы оқу 
пәндерінің құрылымдары мен мазмұндары жасалынғанын анықтадық. 
5. Ұлттық тәрбие  беру  пәндерін жоғары  мектептің  оқу жоспарларына 
ендіріп, оларды барлық мамандықтарда жүйелі оқыту жүзеге асырылуы керек. 
Сонда  ғана  жас  ұрпақтың  ұлттық  тәрбиелілігін  тиянақты  және  тиімді 
даярлауға болады. 
6. Жаһандану жағдайында ұлттық тәрбие  беруге  дайындау үшін қажетті 
жоғары  мектепте  ұлттық  тәрбие  берудің  тұжырымдамалық  қағидалары  мен 
құрылымдық-мазмұндық 
моделі 
жасалды. 
Оның 
мақсаты-ұлттық 
құндылықтарды  ескере  отырып,  студенттерге  ұлттық  тәрбиелік  білім  беру 
арқылы оларды ұлттық тәрбие беруге даярлау. 
7.  «Жаһандану  және  ұлттық  тәрбие  негіздері»  элективті  оқу  пәнінің 
студенттерге ұлттық тәрбие беруге дайындаудың негізі екенін, жоғары мектеп 
оқытушыларын  ұлттық  тәрбие  беруге  дайындаудағы  арнаулы  курсының 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындарына  арналған  бағдарламасы  ұсынылды. 
Жаһандану  жағдайында  ұлттық  тәрбие  беру  арнайы  курстар,  арнайы 
семинарлар  және  факультативтердің,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  және 
педагогикалық 
тәжірибе 
кезінде 
ұйымдастырылатын 
жұмыстардың 
мазмұндары арқылы студенттерді ұлттық тәрбие беруге даярлауға болатынын 
біздің көп жылғы іс-тәжірибеміз көрсетті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет