Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері


Дәріс №  Тақырыбы: Ұлттық мәдениетке тәрбиелеу



Pdf көрінісі
бет51/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Дәріс № 
Тақырыбы: Ұлттық мәдениетке тәрбиелеу 
Жоспар: 1. Ұлттық мәдениетке тәрбиелеудің маңызы. 
2. Ұлттық мәдениетке тәрбиелеу топтары. 
Дәріс тезистері:  
Рухани  байлықтың  көзі  -  ұлттық  мәдениет.  Адам  өзінің  даму 
барысында  қоғамдағы  мүмкіншілігін,  рухани  дамуын  мәдениеті  арқылы 
көрсетеді. Ол қоғамның дамуының түрлі кезеңдеріне сәйкес мазмұны өзгеріп 
отырды.  Олай  болса, мәдениет өзгермейтін, өзгеріске ұшырамайтын  нәрсе 
деп  қарауға  болмайды.  Ұлттық  мәдениет  -  халықтың  туған  топырағында 
жинақталған  өмірлік  тәжірибесінің  жиынтығы.  Еуразия  жерінде  үш  мың 
жыл бойы көшпелі өмір салтын басынан кешіп, сол өмірге лайық төлтума 
мәдениетін  қалыптастырған  көшпелілердің  адамзат  өркениетінде  өз  орны 
бар. 
Ұлттық  мәдениет  мәселесінің  теориялық  негізін  айқындау  «мәдениет», 
«құндылықтар»,  «рухани  құндылықтар»  ұғымдарының  бірлігі  мен 
ерекшеліктерін  қарастырумен  тығыз  байланысты.  Біз  бұл  ұғымдардың 
сипаттамасының  маңызын  түсінуге  мақсатында  оның  ғылыми  әдебиеттерде 
кездесетін дерек көздерін, түпкі нәтижелерін анықтауға назар аудардық. Арнайы 


әдебиеттерге  талдау  жасау  барысында  біздер  ұлттық  мәдениет  мәселесі  XX 
ғасырдың  50-60  жылдарынан  бастап  зерттелгенін,  онда  ұлттық  мәдениет 
ұғымына мынадай анықтамалар берілгенін айқындадық. 
Ұлттық  мәдениет  -  күнделікті  тұрмыс  ырқымен  дарып,  ұрпақтан-
ұрпаққа тарайтын, әрі бүкіл қоғамның немесе әлеуметтік топтың аясында 
тәжірибені  екшеп,  реттеуге  қызмет  ететін,  белгілі  бір  байланыстағы 
адамдар  үшін  ортақ  болып  саналатын  әлеуметтік  мәні  бар 
құндылықтардың, 
мінез-құлық 
нормалары 
мен 
қағидаларының, 
түсініктердің, нанымдар мен дәстүрлердің жүйесі. 
Ұлттық  мәдениет  -  адамдарға  ортақ  белгілі  бір  өмір  салтымен 
байланысқан  және  бүкіл  қоғам  немесе  әлеуметтік  топтар  шеңберінде 
тәжірибені  тәртіпке  келтіру  және  әлеуметтік  реттеушілік  қызметін 
атқаратын  дүние,  құндылықтар,  мінез-құлық  нормалары  мен  ережелері 
туралы түсінік жүйесі делінген. 
Біз  ұлттық  мәдениет  ұғымының  мазмұнын  көп  салалы,  көпқырлы 
ұғым мәдениетке түсінік берумен талдау жөн деп есептедік. Мәдениет өз 
алдына  ғылыми  категория  ретінде  қолданылып,  әрбір  тарихи  кезеңде  әр 
ғылым  саласында  зерттеушілердің  назарын  аударған  категория. 
«Мәдениет»  терминінің  ғылыми  еңбектерде  анықтамалары  алуан  түрлі. 
Тек  қана  ағылшын  тіліндегі  әдебиеттерде  50-жылдардың  бас  кезінде 
«мәдениетке»  160-тан  астам  анықтама  беріліпті.  Ал,  жалпы  Батыс 
Еуропалық әдебиеттерде мәдениеттің 400-ден астам анықтамасы бар екені 
айтылады. Мәдениет термині көп мәнді, көп мағыналы ұғым. 
Ғалымдар Ж.Молдабеков және А.Қасабек қазақтың ұлттық мәдениеті 
мен рухани мұрасын игеруде бірлескен тарихи, әлеуметтік-гуманитарлық 
және  философиялық  ізденістерден  құралатын  толыққан,  теориялық  даму 
деңгейі жетілген тұтастай қазақтану ілімін ұсынады. Бұл тұрғыдан алғанда 
қазір даму үстіндегі ұлттық мәдениет осы міндетті атқара алады. Ұлттық 
мәдениет  теориясы,  профессор  М.Балтабаевтың  ойынша  қазақстандық 
мәдени  саясаттың  ғылыми  базасына  айналуы  керек.  Әлем  ден  қойған  
жаһандану үрдісінде ұлттық мәдениеттің рөлі ерекше. Ұлттық мәдениеттің 
мазмұндық  элементіне  әр  түрлі  астар  жатады,  олар  дүниетанымды,  мінез-
құлықты және тұлғаның анықтайды, жан-жақты қалыптасудың мәнді компоненті 
ретінде.  Ұлттық  мәдениетке  тәрбиелеудің  бірнеше  тобын  бөліп  қарстыруға 
болады: 
-  бірінші  топты  құрайтын  жеке  тұлғаның  әлеуметтік  қатынасы,  ол 
дүниетанымы мен мінез-құлқының қоғамдық бағытын білдіреді. 
- екінші тобын адамгершілік қатынастар құрайды: ұлтына деген қатынасы 
(патриотизм);  еңбекке  қатынасы  (еңбексүйгіштігі);  адамдарға,  өзіне  деген 
қатынасы  (коллективизм,  адалдық,  сыпайылық,  инабаттылық,  жолдастық, 
достық,  ұят  сезімі,  намыс,  өмір  абыройлылығы  т.б.);  игіліктерге,  табиғатқа, 


қоғамның  материалдық  ,мықтарына  қатынасы  (шаруақорлық,  ұқыптылық, 
үнемшілдік т.б.). 
- үшінші топқа эстетикалық қатынастар жатады: табиғаттың сұлулығын 
түсіну  және  оған  деген  сүйіспеншілік;  өнер  бағытындағы  шығармашылыққа 
ұмтылу т.б. 
-  төртінші  тобын  дене  тәрбиесіне  қатысты  қатынас-байланыстар 
құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет