Е) мата
Дұрыс жауабы – А
Дәріс №
Тақырыбы: Ұлттық отбасы тәрбиесі ерекшеліктері
Жоспар: 1. Ұлттық тәрбиені қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің рөлі.
2. Ұлттық отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері.
Дәріс тезистері:
Адамгершілік қатынастардың қалыптасуы ұлттық тәрбиенің негізін
құрайды. Ұлттық тәрбиенің түпкі мақсаты-отбасы өміріне - балаларға деген
ерекше қатынастың қалыптасуын көздейді. Көптеген мемлекеттерде балалар
сәтті және бақытты отбасының негізі деп есептеледі. Халқы толыққанды
отбасы деп көпбалалы жанұяны есептеген.
Ұлттық тәрбиенің негізі, ата-ана сүйіспеншілігі, себебі әке-шешенің
сезімдерінде үлкен тәрбиелік күш жатыр. Ата-ана сүйіспеншілігі балаға деген
оң әсердің негізін тудыратын, ашық әңгімеге бастайтын тура жол. Қазақ
отбасында ата-аналар мен балалар қатынастарда сенімділік, еркелету, мәпелеу
кейпі орныққан. Этнографтар атап көрсеткендей, туыстарымен ыстық
қатынаста болу, үйірсектік тәрбиелік дәстүрлердің маңыздыларына
жатқызылды. Туыстық шежіресін білу - әр адамның адамгершілік борышы
болып есептеледі, лауазымды адамдар жөніндегі әңгімелер оларда мақтаныш
туғызады, соларға ұқсасам екен деген ұмтылысын ояту соған жету мақсатына
жетелейді. Патриотизмді тәрбиелеу диалектикасы ата бабаға, кара шаңыраққа,
туған ауылына, отанына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Ғасырлар қайнауынан бүгінгі күнге жеткен халықтық қазына –
ертегі, жұмбақтар, қара есептер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, ән-күй
мен өнері, түрік ғұламалары мен қазақ ойшылдарының, ағартушы –
жазушыларының, белгілі қоғам қайраткерлігінің мұралары білімнің бастау
көзі болып табылады. Тарихи уақиғалардың, тарихи тұлғалардың халық
санасында сақталуы да сол рухани мұралардың арқасында. Рухани қазына,
яғни педагогикалық материалдар – тек дүниені тану ғана емес, тұлғаның
өзін-өзі тәрбиелеу құралы.Этнопедагогикалық мұра өнер шығармалары
түрінде баланың талғамын, қажеттіліктерін, құндылық бағдарын
қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: