Жойып, пайда келтіреді


Құстың сүйек -ет системасы



бет32/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Дип.-Зоология-сабағында-жергілікті-жердегі-кейбір-төменгі-сатыдағы-жануарларды-оқушыларға-танысты

Құстың сүйек -ет системасы.
Сабақтың мақсаты:Құстар скелеті мен басқа омыртқалы жануарлар скелеттерінің құрлысындағы жалпы ұқсастықты белгілеу. Ұшумен байланысты болған құстар скелетіндегі ерекшеліктерді көрсету.
Методтар: Мұғалімнің баяндауы.
Құрал-жабдықтар: Табиғи объектілер. Құстың скелеттері,құстың тұлыбы, жабын және мамық қауырсындар.
Сабақтың барысы: Мұғалім оқушыларға мына сұрақтарды береді: сыртқы құрылысындағы қандай ерекше белгілері құстарды жер бетіндегі басқа омыртқалы жануарлардын айырады? Құс қауырсының құрлысы қандай? Құстардың тіршілігі үшін тұмсығының қандай маңызы бар?
Жаңа материалды оқыту: Мұғалім оқушыларға балықтың, бақаның ,кесірткенің және құстың скелеттерін салыстырып, олардың құрлысындағы жалпы ұқсастықтарын тауып белгілеуді талап етеді. Оқушылар құстардың скелетінде де басқа омыртқалылдардың да бөлімдердің бәрі бар екендігін ,атап айтқанда: бас сүйегі омыртқа жотасы,алдыңғы аяқ скелеті болатынын білетін болады.Бұдан кейін мұғалім басқа омыртқалылармен ұқсастықтар мен болуымен қатар құстар скелетінде ұшумен байланысты болған бір қатар ерекшеліктердің де бар екенін айтады.
Бұлшық еттері: Мұғалім оқушылардан бұлшық еттердің болатынын және олардың қызмет атқаратын сұрайды; құстың ең жақсы дамыған еттері қай жерінде орналасқанын сұрайды, алдыңғы аяқ (қанат) еттерінің нашар жетілгенін және қанаттары төс сүйегінің қырына бекінгенін еттің жиырылуынан қозғалысқа келетінін атап айтады. Көкірек еттері өте жақсы дамыған, мысалы кептердің көкірек етінің салмағы оның жалпы салмағының 6/1 бөлігіне тең.


Құстың ішкі құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды құстың ішкі құрылысымен таныстырып, ұшумен байланысты болған ерекшеліктерін атап көрсету.
Методтары : Мұғалімнің баяндауы.
Құрал-жабдықтар: Табиғи объектілер. Іші жарылған құс немесе іші жарылған құстың препараты.
Сабақтың барысы: Сыныпқа сұрақтар қою арқылы жүргізуге болады.Ұшумен байланысты құстар скелетінің қандай ерекшеліктері бар? Құстың алдыңғы аяғы қалай өзгереді? Неліктен кесірткелер мен жыландардың омыртқа жотасы иілгіш, ал құстардікі мойын омыртқаларынан басқасы тұтасып біткен.
Жаңа материалды оқыту: Ас қорыту органдары. Мұғалім құстардың өте қозғалғыш екенін, ұшқанда көп энергия жұмсайтыны жайында айтады. Энергияның көзі- қорек, сондықтан құс өте көп және жиі қоректенеді, мысалы сары шымшық тәулігіне өздерінің салмағы қанша болса, сонша жем жейтінін айтады. Ұсақ құстар ірі құстарға қарағанда жемді көбірек жейтінін атап айту керек. Ас қорыту органының құрлыстары мен атқаратын қызметін айта отырып, мұғалім оның ұшуымен байланысты болған ерекшеліктеріне: ас қорыту сөлінің күшті әсер ететіне, ашы ішектерінің сіңіру бетінің үлкендігіне, қортылған заттың қалдығын ішектің жиі босап тұратына оқушылардың назарын аударады.
Тыныс алу органдары: Оқушылар жануарлар тіршілігі үшін азықтан басқа, оттек қажет екенін естеріне түсіреді құстардың ұшып жүргенде тыныс алуы бір басқа, жерде жүргенде басқаша болатынын түсіндіреді. Тыныштық күйде көкірек клеткасының көлемінің өзгеруі арқасында тыныс алып , тыныс шығаратын болады. Тыныс алғанда қабырғаның түйіскен бөлімдерінің арқасындағы бұрыш ұлғайады одан төс сүйегі төмен түседі. Тыныс шығарғанда төс сүйегі өзінің қалыпты жағдайындағы күйінде болады. Ұшып жүргенде тыныс алу басқаша болады. Тыныс алғанда қанаттарын жоғары көтергенде , ауа өкпе арқыла ауа қапшығына өтеді. Өкпеде газ алмасада және оттек ғана өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет