Жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңдері. Сабақтың мақсаты: Жануарлар дүниесі тарихи дамуының негізгі кезеңдерін белгілеу. Даму шежіресінің құрылысы принципі жайында ұғым беру, дамудың өте қарапайымнан күрделіге қарай жүретінін көрсет, жануарлар мен адамның шығу тегі жайындағы діни көзқарастардың ғылымға қайшы екенін айту.
Методтары: Әңгіме араластырып отырып баяндау.
Құрал-жабдықтар: Омыртқасыз жануарлардың барлық типтерінің және омыртқалы жануарлардың кластарыныңөкілдері бейнеленген шағын суреттер.
Сабақтың барысы: Мұғалім сыныпқа қарап мына сұрауларды береді: әр түрлі жануарлардың құрылысын зерттегенде салыстыру методының қандай маңызы бар? Жануарлардың ұоықтық дамуын зерттеудің маңызы қандай?
Жаңа материалды оқыту: Мұғалім ғалімдардың жануарлар дүниесі жеке топтарының арасында туыстық байланысты және жануарлардың біреулері екіншісінен шығу тегін көрсетіп ғана қоймай, сондай-ақ жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңдерін де анықтайтынын айтады.
Жануарлардың дүниесінің дамуының үрім бұтақ (эволюциялық) ағаш немесе шежіре ағашы ретінде бейнелеу қабылданған, оның негізгі дінінен кететін жанама бұтақтар немесе тармақтары жануарлардың жеке типтеріне және кластарына сәйкес келеді. Эвалюциялық шежіреде бұтақ дінде қаншама төмен орналасқан болса, оған сәйкес келетін жануарлар топтары соншама бұрын пайда болған және құрылысы да қарапайым болады. Мұғалім осы күнгі қайсы жануарлардың құрылысы өте қарапайым екенін сұайды. Оқушылар қара-пайымдыларды атайды. Мұғалім бірінші-ең төменгі тармақты сызады да : «Қарапайымдар типі» -деп жазды және қарапайым жәндік бейнеленген крточканы соған жапсырып қояды.
Сендер қандай құрылысы төмен көп клеткалы организімді білесіңдер? Ішек қуыстылар қай организімнен тараған? Мұны қандай фактілер дәлелдейді. Оқушылар ішек қуыстыларды атайды, гидра жынысты жолмен көбейгенде бір ғана клеткадан бастап дамитынын естеріне түсіреді. Мұғалім схемаға тағы бір тармақ қосады, ішек қуысты бейнеленген крточканы соған жапсырады және тиісті жазуын жазады.
Бұл жерде көп клеткалы жануарлардың бір клеткалы жануарлардан даму жолын қалай көзге елестетуге болатынына тоқталған жөн, сондай-ақ колониялы форма дайында вольвоксты мысалға ала отырып баяндайды. Вольвокстың колониясында клеткалар бір қабат болып орналасқан. Ішек қуыстылардың да дамуының алғашқы сатысында пішіні шар тәрізді болып, қабырғасы клеткалардың бір қабатынантұрады. Сонымен бірге вольвокстың колониясында клеткалардың қызметіне қарай жіктелу бастамасы байқалады. Осыған негіздей отырып, көп клеткалы жәндіктер ертедегі қандай да бір колониялы жәндіктердің дамыған болуы керек деп жорамалдауға болады. Схемадағы буынаяқтылар типінің орнын анықтаудан бұрын, мұғалім оқушыларға мына сұрақтарды берді: буныаяқтылар қандай жануарларға ұқсас болып келген? Бұл ұқсастық неден білінеді? Оқушылар бұылттық құрттар мен буын аяқтылардың денесінің бунақты болуы насекомдар мен буылтық құрттардың личинкаларының ұқсасболуы, буын аяқтылар мен құрттардың нер системасының орналасуы ұқсас екендігін айтады. Мұғалім омыртқалы жануарларды кластарына сәйкес келетін тамақтарды сзып ,эволюциялық шежіре ағашын аяқтайды. Сүт қоректілердің дамуы жоғарғы құрылысты жануарлардың-маймылдардың, ал одан адамның пайда болуына себепкер болғанын айтқан жөн. Адамның омыртқалы жануарлармен ұқсастығы, адамның жануарлардан жыққандығының дәлелі болады. сабақтың қорытындысында мұғалім шежіреде белгіленген әрбір жаңа типтің, жаңа кластың пайда болуы ұзаққа сөзылған тарихи дамудың нәтижесі екенін атап көрсетеді. Ғылыми фактілерге сүйене отырып, діннің жануарлар мен адамды құдай жаратқан деген пікірін жоққа шығарды.
Буынаяқтылар типін оқушыларға түсіндірген кезде оның оқу тәрбиелік міндеттері анықталды.
Өзен шаяны оқушыларға шаянның сыртқы құрылысына қарап олардың құрылысындағы өзендерге тән ерекшеліктер мен оның судағы тіршілік жағдайына сай екендігі табылды.
Жергілікті жердегі кенелер мен танысқан кезде оның өзіне тән ерекшеліктері және оның адамға жабылып кетуінен сақтау шаралары сақталынды.
Жергілікті жердегі насекомдардың классификациясы жасалынды.
Зоология сабағында өлкетану материалдарын пайдалана отырып жалпы білім мектептерінде лқушыларды лқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды жаңа методтарды қолдап оны одан әрі жетілдір түсу.