Жойып, пайда келтіреді



бет12/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Байланысты:
Дип.-Зоология-сабағында-жергілікті-жердегі-кейбір-төменгі-сатыдағы-жануарларды-оқушыларға-танысты

Шығыршық құрттар типі.
Тақырыптың білімдік және тәрбиелік маңызы: Шығыршық құрттардың жалпақ және дөңгелек құрттардан айырмашылығы, адам жануар және өсімдік паразиттері болып саналмайды. Құрғақта (жауын құрты) және суда (нереиді) организімнің нақты қатынас жасамай-ақ өз бетінше өмір сүреді. Оларда күрделі де сан түрлі ортада өмір сүруіне байланысты ішкі және сыртқы бейімділіктер қалыптасқан. Бұл жануарлардың айқын көрінетін органдар жүйесі және осы органдар байланысын қамтамасыз ететін қаны бар. бұкіл организімнің қызметіне үйлестіретін, іс-әрекетін бағыттайтын нерв жүйесі де жетілген. Қысқаша айтқанда, шығыршық құрттар өткен тақырыптардағы жануарлармен салыстырғанда даму қатысының жоғарғы басбалдағында тұр. Жауын құрты, Орта Азия сазды топырағын қопсытып, оны оттегімен, қарашірікпен қамтамасыз етілуіне пайдасын тигізеді. Сонымен қатар өтілген құрттардан өзгешілігі шығыршық құрттар көптеген жануарлардың азықтану қоры болып табылады. Міне, бұл айтылған шығыршық құрттар ерекшеліктері тақырыптық оқу-тәрбиелік маңызын айқындайды. Бұл тақырыпқа 3 сағат бөлінген. Бұл оқу құралында сабақтың екі сағатына әдістемелік өңдеу берілген.


Шығыршық құрттар типіне сипаттама.
Жауын құрт аз қылшықтылар өкілі.
Мақсаты: Типке жалпылама түрде сипаттама беру. Олардың сыртқа қөұрылыстары ерекшеліктерін сыртқы орта тітіркендіргіштеріне қарсы реакциясын қозғалу әдісін және өмір сүру ортасын түсіндіру.
Жоспар: 1. Жауын құрттардың, жалпақ және дөңгелек құрттармен салыстыра отырып, оның өзгешіліктері мен ортақ белгілеріне анықтама беру.
2. Жауын құрттарының қозғалу әдісі мен әртүрлі тітіркендіргіштерге қарсы реакциясына анықтама беру.
3. Шығыршық құрттар типіне қысқаша сипаттама беру.
4. Жаңа материалдарды қорыту.
5. Үй тапсырмасын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: 1. Жалпақ және дөңгелек құрттардың ылғалды препарат-тары. Сызбалар.
2. Жауын құрттарын, тарату материалы ретінде әр үстелге тарату.
3. Лупалар.
4. Пинцеттер, тірі жауын құрты салынған петр чащкалары.
Сабақтың барысы: Оқытушы жаңа тақырыпты оқу мақсатын қысқаша түсіндіріп, жауын құртын қарауды ұсынады. Бұл құрттың жалпақ және дөңгелек құрттардан айырмашылығына мән беріп, мына сұрақтарға оқытушы жауап береді. Жауын құрттары қандай ортада өмір сүреді? Жауын құрттардың жалпақ және дөңгелек құрттардан айрмашылығы, ұқсастықтары қандай? олрдың өмір сүруі мен ортасы немен ерекшеленеді? Сұрақтар жауабын оқушылар дәптерлеріне жазып алу үшін, оқытушы жауаптарды айтып, оқып тұрады, немесе алдын-ала арнайы қағазға тушьпен жазылған жауаптар тақтаға ілінеді. Әр үстелге жауын құрты салынған ыдыстар (петр чащкасы), қысқаш пинцеттер және лупалар таратылады. Сабақ басында жалпақ және дөңгелек құрттар бейнеленген, ал осы жануарлардың ылғалды препараттар мөлшері жеткілікті болған жағдайда тарату материалы ретінде қолданылады. Өз бетінше жұмыс істеу уақыты белгіленеді. Бұл жұмыс барысында оқытушы, оқушыларға көмек көрсетіп, сыныптың жалпы тәртібін қадағалайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін 5-6 оқушы қойылған сұрақтарға жауап береді. Түсіндіру барысында, олардың жауын құртын бақылау кезінде туындаған сұрақтарына жауап беріледі. оқытушы оқушыларға, жауын құртының қозғалысына қарап оның бас жағын оның тер қабатын саусақпен түрту арқылы шырыш мөлшерін сонымен бірге оның бас жағына қарай саусақпен жүргізу арқылы қылшығын анықтауды ұсынады. Оқытушы жауын құрты осы қылшықтары бойынша аз қылшықтар қатарына жатады.
Үлкен мөлшерде жауын құрты бейнеленген сызба көрсетіледі. Оқушыларға жауын құртын пинцетпен түрту арқылы оның реакциясын, оның қозғалу, көру мүшелері мен жарыққа қарсы реакциясын анықтау тапсырылады. Бұл тапсырманы орындау барысында, жауын құртын түрткен кезіндегіоның бойлық және шеңбер тәрізді бұлшық етінің жиырылуын арнайы қору мүшесінің болмайтындығы, бірақ жарық тітінркендіргішке қарсы реакциясы (жарық жерден жауын құрты ығысуға тырысады) анықталады. Жауын құртын бақылап болғаннан соң, оқушылар өз беттерінше олардың сыртқы құрылыс, қозғалуы, қоршаған ортадағы бағыттары жайлы, жалпақ және дөңгелек құрттармен салыстыра отырып, қорытынды жасайды. Оқушыларға өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, жауын құртының табиғаттағы алатын орны мен маңыздылығын айтуды тапсырады. Оқытушы, оқушылардың шығршық құрттарды байқаудан алған білімдерін қолдана отырып, бұл типтің әртүлері және олардың табиғаттағы рөлі жайлы әңгімелейді (аз қылшықтылар өкілі ретінде нерейда бейнеленген қабырға сызбалары көрсетіледі).
Тақырыпты қайталау және қорыту мақсатында мына сұрақтар қойылады. Жауын құрты сыртқы құрылыстары, ерекшеліктері қандай? Жауын құрты қоршаған ортада қалай бағытталады? Шығыршық құрттар типіне қысқаша сипаттама беріңіздер.
Тақырыпты қорытындылап болғаннан соң үй тапсырмасы түсіндіріледі, және жауын құрттарды табиғатта бақылап отыру тапсырылады. Мына сұраққа жауап беру тапсырылады: Жауын құртының бұлай аталу себебі неде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет