Жойып, пайда келтіреді



бет11/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Паразит құрттар түрлері.
Мақсаты: Паразит құрттар түрлері мен олардың адамдарға, жануарларға және өсімдіктерге тигізетін зияны туралы айтылады. Паразит құрттармен жүргізудегі еліміздің гелментологиясы жетістіктерінің және ауру жұқтырудың алдын алу шараларына тоқталып өткен дұрыс. Түсіндіру барысында Қазақстан Республикасы үкіметінің денсаулық сақту қамқорлығына мән беріледі.
Жоспар: 1. Паразит құрттар түрлері. Фильм фрагметтері мен диапозититер көрсету арқылы паразит құрттар түрлері жайлы әңгімелеу.
2. Паразит құрттарды жұқтырудың алдын алу іс-шаралары және оның маңызы.
3. Қазақстан РЕспубликасы денсаулық сақтау саласы дамуының көріністері ретінде қазақ гелментологиясы.
Құрал-жабдықтар: 1. Паразит құрттар салынған қабырға сызбалар.
2. «Аскарида және шошқа жабысқағы» кинофильмдері.
3. мектептің биология кабинетіндегі сұйық аскарида, жабысқақ эхинококк, финозды ет және т.б. сұйық ылғалды препараттар.
Сабақтың барысы: Өтілген өту материалдарындағы паразит құрттардың құрылысы, өмір сүруі, адам жануар организіміне енуі және олар тудыратын аурудың алдын алу іс-шаралары еске түсіріледі. Сыныпқа қойылатын сұрақтар: 1. Жалпақ паразит құрттарды атаңыздар және олардың адам организіміне ену жолдары.
2. Жабысқақ қалай көбейеді және дамиды.
Жауап тыңдалғаннан соң, оқытушы оқушыларға бейтаныс шашқа жабысқағы жалпақ лентец, эхинококк сияқты ленталық құрттар, олардың адам организіміне енуі және ауру тудыратындығы жайлы, кинофрагменттермен диапозитивтерді, ылғалды препараттарды қолдана отырып әңгімелйді.
Осыдан кейін оқушыларға дөңгелек паразит құрттарды атау тапсырылады. Оқушылар жауабынан соң, сызбалар ілінеді. Көрсетуден соң балалар острицасы ришта т.б. гелменталар жайлы айта келе, олардың өмір сүруінің басты құралына (ілмек, сорғыш), тез көбеюіне жете көңіл бөлінеді. Жоспардың келесі тармағы, парзит құрттардың адам организіміне енудің алдын алу іс-шаралары айтылады. Оқытушы өндірістегі, тұрмыстағы профилактика, отандық гелментолог ғалымдардың жетістіктері паразит құрттар тудырған ауру түрлерінің жойылуы туралы айту арқылы оқушалрдың жауабын толықтырады. Сызбалар сұйық препараттар академик К.И. Скрябиннің пртреті көрсетілген. Әңгімелесу барысында оқытушы ғана емес оқушыларды да әңгімеге тарту ұсынылады.
Үй тапсырмасын түсіндіру кезінде, дөңгелек құрттар жайлы барлық материалдар қайталанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет