Жойып, пайда келтіреді


Жауын құртының ішкі құрылысы



бет13/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Жауын құртының ішкі құрылысы
Сабақтың мақсаты: Жауын құртының ішкі құрлысын өткенде, ішек қуыстылармен салыстырғанда оның біршама күрделі екндігін көрсеті.
Методтары: Баяндау, әңгіме.
Құрал-жабдықтар: Суретпен бейнеленген құралдар. Жауын құртының ішкі құрылысы бейнеленген табдлица.
Сабақтың барысы: Мұғалім алдыңғы сабақтардағы қойылған тәжірибені демонстрациялайды және оқушыларға мына сұраққа жауап беруді ұсынады: Бірінші және екінші банкадағы қара топырақ пен құм қабаттарының бір бірінен қандай айырмашылықтары бар? Одан кейін оқушылар өздерінің бақылағандарын баяндап береді де қорытынды жасайды. Мұғалім таблица мен кітаптың суретін пайдалана отырып, жауын құртының ішкі құрылысын баяндайды. Құрттың тері-бұлшықет қапшығы мен дене қуысы жайында түсінік береді, тақтаға схема түріндегі суретін салады. Сондай-ақ тері – бұлшықет қапшығы сұйықтыққа толған дене қуысын, онда орналасқан ішкі оргендармен қоса, қоршап жататынын түсіндіру қажет. Мұғалім оқушылардың назарын құрттың сыртқы буылтықтар аралығындағы сайларға тура келетін көлденең орналасқан ішкі перделерге және олардың денелері айқын екі жақты симмет-риялы екеніне, денесінің сегменттерге бөлінгеніне аударады. Пердалерді түзетін клеткалар үшінші қабат-мезодерманы құрайды. Ол дене қуысының ішкі жағын астарлап жатады, асқорту системасын орай отырып, тері –бұлшықет қапшығын ішкі жағынан жауып жатады.
Асқорту органдары: Мұғалім оқушыларға жауын құртының қалай қоректенетінін, гидроқорегін қайда және қалай қорытындылайтынын естеріне түсіруді ұсынады. Осыдан кейін мұғалім жауын құртының қорегі гидрадан өзгеше, тканьдерден тұратын асқорыту органдарында қорытылатынын атап көрсетеді. Мұғалім таблицадан құрттың асқорыту органдары мен астың біртіндеп қозғалуын көрсетеді де, оқушылардың назарын оның өзгеріп, ішек қабырғасы арқылы қанға сіңе алатындай қоректік заттар түзетіндігне аударады.
Ол ас қорыту органдары (ауыз, жұтқыншақ, өңеш, жемсауыт, қарын, ішек) белгілі жүйемен-системамен орналасқанан, бұлардың бәрі бір жұмыс атқаратынан және ас қорыту системасын құрайтынын атап көрсетеді. Оқушыларға жауын құрты ас қорытуының, гидраның ас қорыту процесінен қандай айырмасы бар?-деген сұраққа жауап беруді ұсынады.
Қан айналу органдары және тыныс алу процесі. Бұдан бұрын өткен жәндіктерден жауын құртының өзгешелігі тамырда ағатын (қызыл түсті) қаны болатынын айтады. Мұғалім баяндай және таблицаны көрсете отырып, тақтаға қан айналуының схема түрдегі: арқа қан тамыры, құрсақ қан тамыры, сақиналы тамырлар-«жүрек» суретін салады. Бұл қантамырларының басқа ұсақтау жанама тамырлар болады, оның өзі өте майда капиллярға тарамдалып кетеді. Барлық қантамырлары ашық қан системасын құрайды. Жауын құртының сыртқы құрылысын өткенде оқушылар жауын құрттары бүкіл денесімен терісі арқылы тыныс алатынын белетін болады. Енді мұғалім тынысалудағы қанны маңызын баяндайды және гидрамен жауын құртының тыныс алу процестеріндегі айырмашылықты көрсетеді.
Зәр шығару системасы: Мұғалім оқушыларға мынадай: қарапайымдар мен гидра денесінен зиянды заттар қалай шығарылады?-деген сұраққа ауап беруді ұсынады. Жауын құрты зиянды сұйық заттарды ерекше орган зәр шығару түткітері арқылы шығаратынын оқушылардың білуі қажет. Зәр шығару түткітері зәр шығару системасын құрайды.
Нерв системасы: Мұғалім оқушыларға гидра нерв системасының құрылысын және оның маңызын естеріне түсіріп, рефлекс дегеніміз не? –деген сұраққа жауап берідер де мысал келтіріңдер осыдан кейін оқушылар өткен сабақта, құрттың мінез-құлығын бақылау мақсатында жасаған тәжірибелерін естеріне түсіреді. Мұғалім мұнда жауын құртында алуан түрлі рефлекс байқалатынын, оның мінез-құлығы, гидраныкіне қарағанда, күрделірек екенін айтады. Түсіндіру барысында мұғалім жауын құртының нерв системасын таблицадан көрсетеді және схема түрінде оны тақтаға салады. Бұл жерде жауын құртының нерв системасын жақсы жетілгендігін көсете отырып, оның орталық органын жұтқыншақ астық түйіні мен құрсақ нерв тізбегі болатынын, олардан жанама нервтер таралып, олардың ұштары құрт денесінің барлық жеріне дейін жететінін айту керек. Бұдан әрі мұғалім схема түріндегі сурет арқылы қозу жолдарын көрсетеді. Мұнда ол тітіркену болса да нерв арқылы нерв тізбегіне өтіп одан басқа нервтер арқылы бұлшық етке өтіп, оның жиырылуын тудыратынын түсіндіреді. Құрт денесі алдыңғы ұшынан ғалымдар ерекше сезімтал клеткалардың болатынын тапқан. Органдардың бүкіл қызметін реттестіру, сыртқы ортамен байланыс жасау нерв системасы арқылы жүзеге асрылады.
Көбеюі: Құрттың көбеюі, құрылыс жайында баяндай отырып, мұғалім олардың орналасуын таблицеден көрсетеді; белбеушенің рөліне назар аударады, құрттың дамуы да ішек қуыстылардікіндей бір клеткадан ұрықтанған жұмыртқадан басталатынын айтады; одан кейін жұмыртқа бөліне келе қос қабаттан тұратын ұрыққа айналады. Оқушылардың назарын құрт денесендігі ұрықтың көп қабаты болатындығына және азды-көпты дамығын органдары мен тері –бұлшықет қапшығы сопақша пішінді болатындығына аударған жөн. Жауын құртының: Ас қорыту, қан айналу, зәр шығару нерв және жыныс органдар системалары болатынын айтады. Бұл системаның органдары клеткалардан тұрады. Клеткалар өзара топталып тканьдер түзеді. Оқушылар құрылысы да атқаратын қызметі де бірлдей, өзара қатынасып жатқан клеткалар тобын ткань деп атайтынын өздері түсініп алулары керек. Жауын құртында: жабын тканьі нерв тканьі және басқа да тканьдері болады.
Регенерация: Мұғалім сыныпқа: Біз оқып өткендердің ішінде регенерация құбылысы қай жәндіктерде байқалған еді?-деген сұрақ қояды. Қайтарылған жауаптан соң ол жауын құртының регенерация құбылысы жайында баяндап, жәндіктің өзі үшін мұның қандай маңызы бар екенін түсіндіреді: кездейсоқ жарахаттанудан жәндік өлмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет