Жойып, пайда келтіреді


Тіссіз – қос жақтаулы моллюскалардың өкілі



бет15/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
Дип.-Зоология-сабағында-жергілікті-жердегі-кейбір-төменгі-сатыдағы-жануарларды-оқушыларға-танысты

Тіссіз – қос жақтаулы моллюскалардың өкілі.
Бас аяқты моллюскалар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қос тақтаулы және бос аяқты моллюскалар-дың өздеріне тән ерекшеліктерімен таныстыру бауыр аяқтарымен ұқсастық-тары және олардың айырмашылықтарын белгілеу. Моллюскаларға жалпы сипаттама беру.
Методтары: Баяндау, әңгіме , өздігінен істелетін жұмыс.
Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Тіссіздердің бақалшақ жақтаулары. Ашылған күйіндегі дәріленген тіссіз. Суретпен бейнеленген құралдар. Тіссіз ішкі сыртқы құрылысын бейнелейтін құралдар. Меруерт ұлуының, сегізаяқтың, каракатицаның, кальмардың қолдан жасалған таблицалары.
Қосымша құрал-жабдықтар: Ваннелер, сапталған инелар, лупалар.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің столында бауыр аяқты ұлудың бақалшақтары жатады. Мұғалім оқушыға шалшық ұлуын, тоспа ұлуын, қошқар мүйіздітауып, олардың әр қайсысының өздеріне тән ерекшеліктерін айтып беруді ұсынады. Басқа бір оқушыға жалаңаш шырыш жайында айтып беруді және неге бауыр аяқты моллюскаларға жататынын түсіндіруді ұсынады. Бүкіл сыныпқа, бауыр аяқты моллюскалардың қайсысы мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді және олармен күресудіңқандай шаралары бар? – деген сұрақ берілді.
Жанама материалды оқыту: Мұғалім тіссізді, перловицаны және басқа да қос жақтаулы моллюскаларды демострациялайды. Оқушылар, бұл моллюскалардан қандай айырмашылықтары бар?-деген сұраққа жауап береді. Мұғалім бақалшағы екі жақтаудан тұратын моллюскалардың барлығықос жақтаулы моллюскаларға жататынын, барлық қос жақтулы моллюскалар су жәндітері екенін түсіндіреді. Тіссіздің мекені және тіршілік қалыбы жайында ашып айтып береді.
Сабақтың қорытынды бөлігі: Оқушылар моллюскалар типінің жалпы белгілерін: мантияция, бақалшағын денесінің бөлімдерге бөлінетінін, оған тән орган-аяғы екенін және оның өзі қозғалу органы екенін саралап айтатын болады. Содан кейін мұғалім бауыр аяқты моллюскалардың жұмыртқадан дамуының теңсіздігі бұлттық құртардың дамуымен көп ұқсастықтары болатынан баяндап береді. Бұл ұқсастық моллюскалар мен құрттардың алғашқы даму сатыларында болады. Ол моллюскалар мен сигментке бөлінген буылтық құрттардың арасында туыстықбайланыс бар емес пе жіне бұл типтердің тегі бір емес пе екен деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мұғалім, құртарға қарағанда, моллюскалар дамудың жоғарғы сатысында тұратынын, оларда жүрекбүйрек, арнайы тыныс органы, әжептеуір күрделі нерв системасы мен сезім органдар бар екенін атап көрсетеді.
Үйге тапсырма беру: Моллюскалар типінің өздеріне тән ерекшеліктерін дәптерге жазып келу. Қосымша әдебиетті оқу. Мына төмендегі өлген тіссіздің бақалшақ жақтаулары неліктен ашылып жатады? Ішек қуыстылар және бұлтық құрттармен салыстырғанда, моллюскаларды қай белгілеріне қарап құрылыс жағынан күрделі организімдер деп санауымыз мүмкін?-деген сұрауларға жауап беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет