Жойып, пайда келтіреді



бет17/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
Дип.-Зоология-сабағында-жергілікті-жердегі-кейбір-төменгі-сатыдағы-жануарларды-оқушыларға-танысты

Буын аяқтылар типі.

Шаян тәрізділер класы.

Өрмекші тәрізділер класы

Отрядтар: өрмекшілер, кенелер

Насикомдар класы

Отрядтар: қоңыздар, кобелектер шыбындар және т.б.

Отрядтар: шаяндар, крабтар


Осыдан соң мұғалім буын аяқтылардың құрылысы күрделі (жоғары сатыдағы) және өте алуан түрлі болып келетін, теңіздерді де, тұщы суларды да, сондай-ақ барлық құрлықтың кез-келген жерлерін мекендейтін, әртүрлі тіршілік жағдайына бейімделген жәндіктер екенін айтады. Мұғалім оқушыларға буын аяқтылардың қандай ерекшеліетері олардың әртүрлі тіршілік жағдайына бейімдеулеріне және осыған орай бұл топтағы жәндіктердің кеінен таралуына, сойтіп олардың негізінен құрлықта иемденуіне нендей себеп болғанын ойлануды ұсынады. Оқушылардың берген жауаптарынан кейін мұғалім сыныпқа қарап, жауын құртының денесі немен жабылғанан және бұл жабынның қандай ерекшеліктері бар екенін естеріне түсіріп, айтып беруді сұрайды. Мұғалім буын аяқтылардың құрттардан айырмашылығы денесі хитинмен жабылған деген қорытынды жасайды.


Хитин қабығы мықты болады да суды аз өткізеді, ылғалды кем буландырады. Бұл типке жататын жеңілдіктердің аяқтары бунақты болып келеді де, осыдан типтің аты – «буын аяқтылар» деп аталған.
Өзен шаянының сыртқы құрылысын оқып үйренуге оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Оқушыларға жаңа ғана өлтірілген немесе дәріге салынған шаянды және бақылауға қажетті жазба нұсқауды таратып береді.


Бақылауға арналған нұсқау.
Мақсаты: Шаянның сыртқы құрылысын қарап шығып, олардың құрылысындағы өзендеріне тән ерекшеліктерін және оның судағы тіршілік жағдайына сай екендігін табу.

  1. Шаянның сыртқы түрі

  1. Тірі шаян денесінің реңі қандай? Оның денесіндегі жабынның қаттылығын /сипап/ жауын құртының деенсіндегі жабын мен салыстырыңдар.

    1. Баскөкірек

  2. Баскөкірегін және бас пен көкіректің арасындағы сайды /жігін/ табыңдар. Қосылған жерін түсіндіріп, анықтаңдар, шаянның бас көкірегінде қандай органдар болады, /мұрттары, көздері/, ауыз органдары, жүретін аяқтары, олардың саны және құрылысы/.

  3. Шаянның бас көкірегі және бүйірін /аяқтарының астынан/ қараңдар. Желбезек қуысына апаратын саңылауды табыңдар.

111. Құрсағы
4. Құрсағының неше бунақтан тұратынын санаңдар. Аяқтарын табыңдар және оларды санап шығарыңдар. Оларды жүретін аяқтарымен салыстырыңдар. Құйрық қанаты және артқы тесігін табыңдар.


Сабақтың қорытынды бөлімі: Өздігінен істеген жұмыстан кейін оқушылардың білімдерін айқындай түсіп, шаянның сыртқы құрылысындағы өздеріне тән ерекшеліктерді /баскөкірек, құрсақ, екі жұп мұрттары, фасеткалы жұп көздері, тыныс органдары, желбезектер/ жекелеп саралап көрсетеді. Өзен шаянының хитин қабығы және бунақты аяқтары болатындықтан буын ақтылар типіне жататындығына ерекше көңіл аударады.
Үйге тапсырма беру: Оқулықтағы суретті пайдаланып келесі сабаққа өзен шаянын мүше-мүшеге бөлшектеп даярлап қою.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет