Буын аяқтылар типі. Оқу-тәрбиелік міндеттері: Жануарлар дүниесінің көп түрлілігі жайында оқушылардың ұғымын кеңейте түсу, оларға буын аяқтардың ең көп тараған алуан түрлі болып келетін жәндітер тобы екенін көрсету. Буын аяқтыларды буылтық құрттармен салыстыру арқылы олардың арасындағы ұқсастық және айырмашылықтарын белгілей отырып, буын аяқтылардың ертедегі көп қылшықты құрттардан шыққандығын дәлелдеу және екіншісінікімен салыстырғанда, біріншісінің дене құрылысы күрделі болатындығын көрсету. Буын аяқтылардың жеке формаларын өткенде тұтас алғанда организмде әр түрлі органдардың пішіні және атқаратын қызметі бір-біріне бағыныңқы болып келетінін көрнекі мысалдар арқылы көрсету. Әр түрлі тіршілік жағдаына организімдірдің бейімділік құбылысны оқушыларға нақтылы мысалдармен ашып көрсетіп, оның салыстырмалы екенін атап айту. Буын аяқтылардың тіршілік ету биологиясын оқып үйрену негізінде егіс түсімін арттырып, адам денсаулығын сақтаудағы ғылым мен практиканың өз ара байланысын көрсету: пайдалы буын аяқтылардың өсіруге қолайлы жағдай жасау. Зиянды насекомдар көбейіп кетуінің табиғи себептерге байланысты екенін оқушыларға түсіндіріп осы мәселе жайындағы әр түрлі діни нанымдар-ды жоққа шығару.
Өзен шаянының сыртқы құрылысы мен тіршілігі. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың буын аяқтылар типіне жататын жәндіктердің өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру. Өзен шаянын мысалға ала-отырып, шаян тәрізділер класының сыртқы құрылысындағы белгілерді анықтау.
Методтары: Баяндау, әңгімен, өздігінен істелетін жұмыс.
Құрал – жабдықтар: Табиғи құралдар. Аквариумдағы тірі өзен шаяны. Өзен шаянның препараттары. Суретпен бейнеленген құралдар. Буын аяқтылар типіне жататын жәндіктер бейнеленген таблицалар.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің буын аяқтылар типі жайындағы кіріспе әңгімесімен баяндауы. Мұғалім оқушыларға оқылып өткен жәндіктер типін түгел атап, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін ажыратуды ұсынады, содан кейін оларға енді жәндіктердің жаңа типін-буын аяқтылар типін кластарға бөлінетінін, ал кластырдың өзі жәндіктердің одан кішілеу топтарына-отрядтарға бөлінетінін баяндайды. Оқушылар буын аяқтылардың негізгі кластары мен отрядтарын оқитын болады.