Жолбарысты жуасыту



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,34 Mb.
#6932
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

 
13-тарау
 
1992-жылдың 11-қарашасы. Менің еркіндікке шыққан күнім. Бұл күні мен өте ерте 
оянып, бірінші кезекте күнделікті мінажат етуге арналған нұсқаулықтың бетін аштым. 
Әлсіз жарықта өзіме қажетті бетті ашқан кезде қатты таңдандым. Бүгінгі күнге арналған 
мінажаттың тақырыбы «Шынайы азаттық» болып шықты. Мен Жохан жазған Ізгі 
хабардағы осы аятты құныға оқыдым: «Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді 
азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар» (Жохан 8:36). Бұл менің аятым еді. Мен 
Құдай Иемнің менің өмірімдегі әрбір қадамды көріп тұрғанын білдім. Енді Оған өз 
болашағымды сеніп тапсыруға тиіс едім.
 
Сол күні таңертең мен бүкіл блокты аралап, тұтқындармен әңгімелестім және 
оларды өз өмірлерін Иса Мәсіхке сеніп тапсыруға шақырдым. Әсіресе достарыммен 
қоштасу оңай болған жоқ. Біз ұзақ уақыт бірге болып, қуанышты да, қайғыны да бірге 
көрдік. Зигги, Симоне, Иэн, Мартин, Андреас, Хасан... Мохаммед көзіне жас алды.
 

 
Сен осы уақытқа дейін Құдайға адал болып келдің. Сеніміңнен айныма. Оған 
өкінбейтініңе сөз беремін. Біз сенуге және үміт артуға міндеттіміз, – дедім оған. 
– Себебі біз шынайы азат адамдармыз, – онымен құшақтасып қосштастым.
 
Блокқа соңғы рет көз тастап, кері бұрылдым да, аяңдап үлкен дүниеге бет алдым.
 
Бастық отырған бөлмеде маған жеке заттарым салынған сөмкені берді. Жөні түзу 
аяқ киімді кию жаныма жайлы тиді. Бірақ олар маған соңғы үш жыл бойы киіп жүрген 
түрме аяқ киімінің жанында тым ауыр секілді болып көрінді. Сөмкемде джинсы шалбар 
мен жағасы биік қара кеудеше бар екен. Мен сөмкемнен шыққан үш қойын дәптерді 
парақтап біраз тұрдым. Онда менің бұрынғы жұмысыма қатысты адамдардың есімдері 
мен телефон нөмірлері бар еді. Құдайға берген уәдем есіме түсті де, қойын дәптерлердің 
бәрін қоқыс жәшігіне тастадым да, олардың орнына Жазбаны оқып-үйренуге арналған 
әдістемені, Киелі кітабымды және Майкл әкеліп берген бірнеше кітаптарды салдым. 
Кітаптарымның көбін достарыма таратып бердім. Кітаптарымның арасында өзім одан 
ешқашан ажырамайтын – «Даңқ қақпаларымен» атты кітап бар еді. Бір нигерлікпен бір 
камерада өткізген кешті есіме алып күлімсіреп қойдым. Мен ол туралы жиі ойлайтынмын. 
Ол шын мәнінде кім болды екен? Құдайдың жіберген адамы емес пе? Мүмкін, ол Оның 
періштесі болар? Ол маған өзінің Лагостағы мекен жайын осы кітаптың бетіне жазып 
берген болатын. Сол күні ол жазуды өз көзіммен көрдім. Бірақ кейіннен ол жазуды ол 
жерден таба алмадым. Кітаптың беттерінің бәрі бүтін, бірақ нигерліктің жазған жазуы еш 
жерде жоқ! Осы жазудық жоқ болып кеткеніне әлі күнге дейін таң қаламын. 
 
Бастық маған ішіне жаңа төлқұжат пен авиабилет салынған конвертті ұсынды. Бір 
сәтке мен өзімнің оққағар болып істеген жұмысымды есіме алдым. Швейцария 
банктерінің бірінде менің бір топ жалған төлқұжаттарым сақтаулы болатын және ол әлі 
күнге дейін сақтаулы тұрған болуы тиіс. Ол кезде жалған төлқұжат жасату оңай еді – бұл 
үшін керекті адамдармен байланысқа шығу жеткілікті болатын. Ал қазір мен қолыма 
британ елшілігі берген жаңа төлқұжат ұстап тұрмын. Бірақ ол жаңа болғанымен, сапасы 
өте нашар, қалай болса солай жасалған. Төлқұжаттың ішінде Ричардтың хаты бар екен: 
«Бұл құжат үшін біз елшіліктегі бір әйелге өте ризамыз. Англияға келген кезде саған оны 
қайта тіркету қажет болады, бірақ бір жақсысы – ол саған үйіңе апаратын жолды ашып 
береді». Түрмеде түсірілген суретіме қараудың өзі қорқынышты еді. Төлқұжатымды 

114 
 
Лондонның Хитроу әуежайына дейінгі авиабилетпен бірге шалбарымның артқы 
қалтасына салып, күзетшілерге:
 

 
Ал, кеттік, – дедім.
 
Ларнаки әуежайына мені бес полицей апарып салды. Кипр үкіметі менің бес жылға 
дейін мұнда келуіме тиым салған болатын. Сондықтан полицейлер менің елден кетіп 
қалғаныма көздерін жеткізуге тиіс болатын. Көліктің артқы орындығына отырып алып, 
айналаның әсемдігіне қызыға қарап келемін. Көк аспан, таулар, ағаштар, әйелдер, балалар, 
теңіздің иісі. Мұның бәрін мен осыдан үш жыл бұрын көрген едім және түрмеде отырған 
кезде оларды жиі көз алдыма елестететінмін. Мен бұл сұлулықты үш жыл бойы көре алған 
жоқпын, енді, міне, олар маған жаңаша қырынан көрініп келеді. 
 
Ұшаққа отырғанға дейін мені әуежайдағы полиция басқармасында ұстады. Сонда 
отырған кезімде кенеттен өте таныс дауысты естідім. Бұл Майкл Райттың дауысы еді. Ол 
қайынатасы екеуі менімен қоштасуға келіпті. Олар маған жылы пальто ала келіпті. 
 

 
Бұл Элизабеттің ұсынысы, – деді Макл күлімсіреп. – Ол қазір Англияда күннің 
суық екенін айтты. 
 
Маған қолдау көрсету үшін ол өзінің Киелі кітабын ашып, бірнеше тамаша 
аяттарды оқып берді. Сырттан қарағанда ол менің әкем, ал мен – оның бүгін үлкен өмірге 
шағарып салып тұрған ұлы секілді көрінемін. Біздің қоштасуымыз жан толқытарлық 
болды. Ол мен үшін көп нәрсе жасады. Майкл өзінің қауымын тастап, азап шегіп 
жүргендерді іздеп шықты. Құдайдың шақыруына құлақ асқан ол өз халқының арасындағы 
үйреншікті өмірін тастап, бөтен елге келді. Тілге, дәстүр өзгешеліктеріне қатысты 
қиындықтарды жеңе отырып, ол осы жерде рухани күрес жүргізді. Никосияның Орталық 
түрмесі – бұл қаніпезер қылмыскерлердің ордасы және Майкл секілді тамаша адам үшін 
жер бетіндегі ең лайықсыз орын. Бірақ ол ештеңеге қарамастан ойларында да, істерінде де 
Құдайға адал болып қала берді. Ол құрып бара жатқандарды Исаның сүйіспеншілігімен 
сүйді және шарасыздық пен торығу жайлаған ортаға үміт алып келді. Менің түсінуім 
бойынша, Майкл дәл Исаның біздің бәрімізді істеуге шақырған істі атқарып жүр. Ол өз 
қажеттіліктерін қанағатандыруды былай ысырып қойып, мен секілді адамдарға Мәсіх 
туралы ізгі хабарды жеткізуге аттанды. Майкл кейіннен мен Ұлыбританиядағы 
сенушілерді бағалауды соны бағытқа алған белгілі бір өлшем ді орнатты. Өкінішке орай, 
бұл мені бұлдыр үміттерден толықтай арылуға және қатты көңіл қалуға алып келді. 
 
Өз өмірімде ұшақпен қаншама көп ұшсам да, сол күні ұшақ жерден көтеріліп, 
бұлттарды жара әуеге қалықтаған кезде мен төмендегі белгі беруші оттарға жүрегім 
дүрсілдей қарап отырдым. Бұл жан толқытарлық көрініс болатын. Өмірдің өзі жан 
толқытарлық еді. Көзімді жұмдым да, ұшақтың бір қалыпты гуілінің астында соңғы үш 
жылдағы өмірімді көз алдыма елестете бастадым. Мен қуанышқа бөленіп, бәрі үшін 
Құдайға алғысымды білдірдім. 
 
Ұшақ қонуға бет алған кезде қорқыныш пен толқыныстан аяқ-қолдарым дірілдеп 
кетті. Сабама түсу үшін жиырма екінші зәбүрді іштей қайталай бастадым:
 
 Жаратқан Ием — менің Бағушым, 
          Мен еш нәрседен де тарықпаймын. 
          Ол мені жасыл жайлауға жаяды, 
          Тұнық суға жетелеп апарады. 
 
          Ием жаныма күш дарытады. 

115 
 
          Есімі «Қасиетті» деп аталады, 
          Содан артамын Оған сенімімді: 
          Ол мені тура жолмен жетелейді. 
 
          Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, 
          Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, 
          Себебі Өзің менің қасымдасың, 
          Жігер береді сойылың мен таяғың. 
 
          Сен маған дастарқан жаясың 
          Көз алдында дұшпандарымның, 
          Мені құрметпен қарсы аласың, 
          Тостағанды толтыра құясың. 
 
          Жақсылық пен мейірімділік 
          Үлесім болады өмірлік, 
          Жаратқан Иенің үйінде 
          Мен қала беремін мәңгілік.
 
Хитроу әуежайындағы күтушілердің арасынан Джон және Кэролайн Нанндар мен 
олардың балаларын бірден таныдым. Өзімнің олар үшін қандай қараңғы тұлға болып 
көрінуге тиіс екенім жайлы жаным ауыра ойладым. Өзімнің атымды атаған мен олардың 
көздеріне тура қарай алмадым, бірақ олар менімен көптен көрмеген туыстарымен кездесіп 
тұрғандай қатты құшақтап көрісті. Мен жаңа әсерлерге бөленіп, не айтарымды да 
білмедім. Түрменің тар бөлмесінде өткізген үш жылдан кейін бәрі маған үлкен, қатты 
дауысты және тіпті, қорқыныншы болып көрінді. Көлікпен жүргеннен басым айналды, 
бірақ мен өзімді жақсы қабылдауға барынша тырысып келе жатқан осы отбасына шексіз 
риза едім. Джонның үйіне келгеннен кейін де мен өзімді ыңғайсыз сезінумен болдым. 
Құдайдың батасына кенелген үй жайлы да жылы еді, тәтті бір нәрсенің иісі аңқып тұр. 
Үйде отбасылық суреттер, жайлы орындықтар көп екен. Еденде балалар ойыншықтары 
шашылып жатыр. Кез келген отбасы үшін қалыпты нәрсе болып табылатын бұл жағдай 
мен үшін мүлде әдеттен тыс еді. 
 
Джон маған үйді аралатып көрсетті де, мен үшін дайындап қойған бөлмеге бастап 
әкелді. Асүйден түскі астың он бес минөттен кейін дайын болатынын хабарлаған 
Кэролайнның дауысы естілді. Қатты ашыққанымды мен тек осы кезде ғана түсіндім. 
Төсектің шетіне отырып алып, өзіме дайындалып қойған  әппақ қардай жұмсақ сейсепті, 
таза ормал мен жеке басқа қажеті басқа да нәрселерді қолыммен сипап көрдім. Бәрі 
сондай керемет, бірақ менің еңбегім сіңбеген нәрселер! «Бұл адамдардың ештеңеден 
хабарлары жоқ», – деп ойладым мен айнадан өзіме қарап тұрып. 
 
Шешініп, ыстық себезгінің астына тұрдым. Үш жыл бойында денеме сіңіп қалған 
кір мәңгілікке шайылды. Түрмеде шомылудың өзі қауіпті нәрсе еді. Қанға толған 
қорқынышты көздер үнемі құрбандық іздеумен жүретін, сондықтан ол жерде толықтай 
шешіну үлкен ақымақтық болып табылатын еді. Ыстық суды тек анда-санда ғана беретін. 
Кейде ол бірінеше күн қатарынан жоқ болып қалатын, ал құбырдан жылы лай су аға 
қалған кезде кезекке талас басталып кететін. 
 

116 
 
Төменнен музыка мен кішкентай Аннаның аяқ дыбыстары естілді. Қыз бөлме 
ішінде жүгіріп жүр, ал әкесі оны биік орындықтың үстіне отырғыза алмай әуре. Мені 
байқап, күлімсіреп:
 

 
Кел, төменге түс, өзіңді үйіңде жүргендей сезін, – деді. 
 
Ол қызды шап беріп ұстап алды да, екі қолынан ұстап шыр айналдыра бастады. 
Сәби қуаныштан сықылықтай күле бастады. Сол кезде Джон оны көтеріп алды да, абайлап 
менің жанымдағы биік орындықтың үстіне отырғызды. Анна маған қарап күліп қойды да, 
бетін қолдарымен жауып, мені саусақтарының арасынан бақылай бастады. 
 
Бөлмеге қолына буы бұрқыраған қаңылтыр таба көтерген Кэролайн кірді де, оны 
үстелдің үстіне қойды. 
 

 
Табаны үстелдің үстіне қойғаным үшін кешірім сұрамаймын, Тони.
 
Мен оған таңдана көз тастадым.
 

 
Сен қонақ емес, отбасының мүшесісің, сондықтан қаласаң да, қаламасаң да 
біздің тамақты қалай қоятынымызға үйренуіңе тура келеді. – Осылай деген ол 
жұпар иісі аңқыған тағамды табақшаларға бөліп сала бастады. Джон тағам үшін 
Құдайға алғысын білдірді де, біз тамақтана бастадық. Бұл тамаша көрініс еді. 
 
Нанндар мені жақсы қабылдады, бірақ олар осындай қалыпты отбасылық 
жағдайдың маған қаншалықты бір түрлі болып көрінгенін, менің бұған 
қаншалықты қиындықпен үйренгенімді бәрібір түсінбеген болулары керек. Мен 
мұндай қатынасқа бұрын ешқашан үйренбеген едім. Олардың маған толықтай 
сенетіндеріне таңдандым. Джон жұмысқа кеткен кезде Кэролайн кішкентай 
Джошуамен бірге жатын бөлмеде болатын, ал біз кішкентай Анна екеуміз қонақ 
бөлмеде жалғыз қалатынбыз. Қызық, олар менің қандай зорлық-зомбылықтардың 
арасында болып келгенімді және олардың менің өмірімнің бір бөлшегіне айналып 
кеткені туралы ойламайтындай соншалықты аңқау ма деп  ойлайтынмын. 
 
Анна еркелегенді ұнататын. Мен осыған дейін кішкентай балалармен араласып 
көрмеген едім және бұл қарым-қатынастың қаншалықты тамаша екенін 
білмейтінмін. Бірақ балалардың дәл осы алаңсыздығы мені сабама түсіретін. 
Аннаның таңғы асын тым ұзақ ішетініне ашуланған Кэролайн бірде үстел басына 
таймер әкеліп қойды.
 

 
Оның қоңырауы соққан кезде сен бәрін жеп бітіруге тиіссің! Ал егер жеп 
бітірмесең, онда... сені жазалауға тура келеді! – осылай деген анасы бөлмеден 
шығып кетті. 
 
Анна табақтағы ботқаға біраз қарап отырды да:
 

 
Жегім келмейді, – деп оны кері ысырып тастады. 
 
Мен оның жанына келіп отырдым.
 

 
Анна, жеп көрші, ол өте дәмді, – дедім онымен тіл табысуға талпынып. 
 
Қыз маған шүбалана қарады. Мен таймерді алып, уақытын бірнеше минөтке созып 
қойдым. Анна күліп жіберді. 
 

 
Тсс-тсс... – дедім мен оған көзімді қысып. 
 
Қыз саусағымен ернін басып:
 

 
Тсс-тсс.. – деп қайталады ды, содан соң тездетіп ботқасын жеп алды. Біз осылай 
достасып кеттік.
 
1992- жылдың 15-қарашасы, жексенбі күні мен Нанн отбасымен бірге Нью-
Молдендегі баптистер қауымына бардым. Қауымға баруды мен көптеген айлардан бері 

117 
 
асыға күтіп жүрген едім. Маған Майклдың және өзге де бауырлар мен әпкелердің 
Ұлыбритания қауымдары туралы айтқан әңгімелерін тыңдаған ұнайтын және өзге 
мәсіхшілермен кездесудің өзім үшін үлкен мереке болатынын білетінмін. Қауымға үш 
жүзге жуық адам жиналды. Құдайға құлшылық ету қызметі мені қайран қалдырды. 
Қауымдағы ыстық ықылас пен музыкалық сүйемелдеу мақтауға тұрарлық еді, ал уағызшы 
мінберге көтерілген кезде мен бар назарымды соған аудардым. Уағызының соңында ол 
өздерінің Құдайға қалай келгендері жайлы әңгімелегісі келетін адамдарды алға шығуға 
шақырды. Денем қалшылдап кетті, бірақ мен Құдайдың маған алға шығуды бұйырып 
тұрғанын түсіндім. Мен орнымнан тұрдым да, айтуға тиіс нәрселерімді ойымда асығыс 
екшелей алға шықтым. Содан соң тұтыға және мүдіре сөйлеп, өз басымда болған 
жағдайды баяндап шықтым. Бұрын мен мұндай жиналыстың алдында ешқашан сөйлеп 
көрмеген едім. Түрмеде көп адамдармен сөйлестім, бірақ бұл табиғи нәрсе болатын және 
оның үстіне қажеттілік те еді. Ал қазір, күлімдеген жылы жүздерге қарап отырып, мен 
өзімді сондай ыңғайсыз сезіндім және оны жеңуге әлім келмеді. 
 
Сол күні мен көптеген жаңа достар таптым. Шомылдыру рәсімінен өтуді қалайтын 
топтың қатарына жазылдым. Түрмеде отырған кезімде шомылдыру рәсімінен өтуді көп 
армандайтынмын. Майкл Райт маған Кипрдегі өз қауымының шомылдыру рәсімін теңіз 
жағалауында қалай өткізетіні жайлы жиі әңгімелейтін. Иэн Реверезер атты жас кәріс жігіті 
бірде маған өзінің теңізде шомылдыру рәсімінен қалай өткені жайында жазды. Мен оған 
қалай қызғана қарадым десеңші! Киелі кітаптан Исаның Өзін шомылдыру рәсімінен 
өткізген Жақия шомылдырушы туралы оқыған болатынмын және өзімнің Мәсіхтің осы 
өсиетін міндетті түрде орындауға тиіс екенімді білетінмін. Түрмеде менің шамамның 
келгенінше орындауға тырысқан рәсімім болды. Себезгінің астында тұрған әрбір сәтімде 
мен бұрынғы өмірім үшін бейнелі түрде өліп, өзімді тазарған, күнәсіз адам ретінде 
есептейтінмін. 
 
Қауымнан оралғаннан кейін үй иелеріне жексенбілік мерекелік үстел жасауға 
көмектестім. Нанндар Фил мен Сараны қонаққа шақырған болатын, олар қауымнан бізбен 
бірге келді. Олар Джон мен Кэролайнның жақын достары болатын. Филдың жасы менімен 
қарайлас екен. Оның ерекшелігі – үнемі күлімдеп жүреді және қолды қатты қысып 
амандасады. Арада көп өтпей-ақ біз жақын достарға айналдық. Біздің екеуміз де 
мотоциклді жақсы көретін болып шықтық. Сара маған қолын ұсынып және көзіме тура 
қарап тұрып:
 

 
Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Сіз туралы көп естідік, – деді. 
 
Мен қысылып қалдым. Сара маған күлімсірей қарады және оның жүзінде нұр 
ойнап тұрды. Мен оған, оның көздеріне қызыға қарадым. Маған оның өз өмсірінде 
Құдайдың Өзін қалай көрсеткені жайлы әңгімелері ұнады. Фил мен Сара Исаны сүйетін, 
ал мен дәл осындай адамдармен қарым-қатынас жасауға мұқтаж едім. 
 
Сол күні кешкісін мен Сара туралы ойламай отыра алмадым. Ол ғажап адам еді. 
Оны есіме алған кезде көңілімді қуаныш кернейді. «Бұл не, Тәңірім? – деп сұрадым мен 
Құдайдан. – Мен мұндай нәрсеге дайын емеспін!» Мен мұның соңы неге әкеліп 
соғатынын білмейтінмін, бірақ Сараның нағыз алтын екенін жақсы білдім. Сол кеште 
Сараның менімен жылы сөйлескені сондай, менің оған сыйлық жасағым келіп кетті. 
Каллиграфиялық жазуға арналған құралдарым мен бояуымды шығарып, іске кірістім.
 
Бірнеше күннен кейін Сараның үйіне қонаққа аттандым. Ол Лондонның оңтүстік 
шетінде, бізден бір шама алыс жерде тұратын. Оққағар болып жүрген кезімде көп 

118 
 
саяхаттап үйренгеніме қарамастан, түрмедегі оқшаулық мені үйден шықпайтын адамға 
айналдырып тастаған еді. Ал қазір үйден шығар кезде қатты толқыдым. Автобус немесе 
поезд туралы ойдың өзі мен үшін жан төзгісіз еді. Жақында ғана Нанндардың үйіне жап-
жақын жердегі жергілікті суретші мен декоратордың жанына жұмысқа тұрған едім. 
Жұмыстың аяғында ол маған еңбекақымды төлеген болатын. Сол ақшаның бәріне 
Сараның үйіне апаратын такси жалдадым. 
 
Сараның есігінің алдына келген кезде жүрегім кеудемнен шығардай болып қатты 
соғып кетті. Мен бұл жерде не істеп жүрмін? Қолымда мөртаңбалы суреттім мен 
гүлшоғыры бар болатын. Есіктің қоңырауын басқан кезде толқыныстан қолдарым 
дірілдеп тұрды. Бұл үйде Сарамен бірге тағы төрт студент қыз тұратын еді. «Сара, 
өтінемін, үйіңде болшы», – дедім мен іштей жалбарынып. Есікті сары шашты, ұзын бойлы 
қыз ашты. Сараны шақыруды өтінген кезімде ол түсіністікпен жымиып қойды. 
 
Іштен Сара шыққан кезде мен қыздардың қонақ бөлмеден сығалай қарап 
тұрғандарын байқадым. Сара қызарып кетті.
 

 
О, Тони, қандай тосынсый!
 
Мен не айтарымды білмедім. 
 

 
Жай ғана сізге мынан сыйлайын деп едім, – дедім мен сөзімді бөліп-бөліп. 
Содан соң әкелгендерімді Сараға тапсырдым да, қайтуға оқталдым. 
 

 
Тоқтаңыз, – деді сәл абдырап қалған ол. – Осылай кетіп калмақшысыз ба? Үйге 
кіріп, тым болмағанда шай ішіп кетіңіз.
 
Денемнің дірілі әлі басылмаса да, мен оның айтқанына келістім. Бұл дірілім тек 
мен Сараның үйінен шығып, Нью-Молденге қайтып оралғанымда бір-ақ басылды. 
Кешкісін мен оған қоңырау шалдым және біз ертең кездесіп, бір жерден барып түскі ас 
ішуге келістік. 
 
Одан кейінгі апталарда біз жиі кездесіп жүрдік. Рас, әр кездескен сайын мен қатты 
толқитынмын, бірақ біз көбіне сеніміміз жайында әңгімелесетінбіз және бұл мен өзімді 
аздап болса да табиғи қалыпта ұстауыма көмектесетін. Жаңа достарыммен кездескен 
кезде өзімді тұйық ұстап, Құдайға келген жолымның түрме, тозақ тұңғиығы арқылы 
өткені үшін қысылатынмын. Ал Сараның жолы мүлде басқа болды. Әдемі, кеңпейіл және 
бейкүнә бұл қыз өзінің бүкіл өмірінде Исаның жақсы көрген. Мен оған қызыға 
қарайтынмын. Бірақ ол Құдайды өзінің мен секілді нағыз қиын жол арқылы танығанын 
қалайтынын айтты. Мен Сараны түсіне алмадым. Басымнан өткен нәрселерді ешкімге де 
тілемейтін едім. Құдай маған ашылғаны сияқты Сараға ашылған жоқ. Бірақ мен бәрібір 
оның «соқыр» сенімінің алдында бас иетін едім. Сара өмірін кішкентай кезінен бастап 
Исаға арнаған. 
 

 
Маған әкеммен бірге ол уағыз айтатын қауымға барған ұнайтын еді, – деді ол 
күлімсіреп. – 
 
Әкем қауымның заңды қызметкері емеас еді, бірақ біздің қауымда бауырлардың барлығы 
уағыз айта беретін. Бірде, он жастағы кезімде әкеме еріп қауымға бардым. Сол кеште 
әкемнің «заманның аяғы» туралы уағыз айтқаны әлі есімде. Әкем заманның ақырының кез 
келген сәтте болуы мүмкін екенін айтты. Иса міндетті түрде қайтып келеді және Оған 
сенбейтіндердің бәрі өлімге душар болады. – Осы жерде Сара селк етіп, мүдіріп қалды. – 
Ойлап қарашы, шынымен де менің өлімге душар болатындардың арасында қалуым мүмкін 
еді. Бұл уақытта мен түрлі киелкітаптық оқиғаларды оқыған болатынмын және Иса 
туралы бірталай нәрсені білетін едім. Құтқаруға ие болу үшін Оған сенім артуым қажет 

119 
 
екенін түсінетінмін. Бірақ мен барлық уақыттағыдай, сол кезде де Оған сенетін едім. Мен 
тек қана өзімнің тәубеге «дұрыс» келгеніме күмәндандым. Сол кеште әкемді тыңдап 
отырып, Құдайға өзімнің жиналғандарды үйреткендей мінажат етуім қажеттігін түсіндім...
 
Мен Сараның әңгімесін жалғастыруын күттім. Оның көздері жасқа шыланып тұр 
еді.
 

 
Иә, иә, Тони... Мен әкем үйреткендей мінажат еттім, – деді ол. – Бірақ та ештеңе 
болмады. Жай ғана ештеңе болған жоқ. Бұған дейін мен мінажат ету қажет, 
сонда өмірің өзгереді немесе Құдайдың өзіңе кешірім сыйлағанын іштей 
сезінетін боласың деген сөздерді жиі еститінмін. Бірақ менде ондай ештеңе де 
болған жоқ. 
 

 
Ештеңе болған жоқ па? – деп сұрадым мен камерада өзімнің Исаға алғаш рет 
қалай шынайы өтініш жасағанымды есіме алып. 
 

 
Жоқ, қатты жарқыл да, көктен шыққан дауыстар да, ғажайып сезімдер де – 
ештеңе болған жоқ. Сонда мен өзім бір нәрсені дұрыс істеген жоқпын деп 
шештім. Мүмкін, сөздерді дұрыс ретімен айтпаған болармын. Мүмкін, жүрегім 
жеткілікті дәрежеде мойынсұнбай, Құдайға мінажатым жеткілікті дәрежеде 
шынайы болып көрінбеген болар... – деді Сара. – Мен бір жыл бойы осыдан 
қорқып жүрдім, – деді ол сөзін жалғастырып. – Түнде төсекте жатқан кезде 
түрлі дыбыстарға құлақ түріп жататынмын. Мен кез келген дыбысқа – 
баспалдықтың сықырына, еміс-еміс естіліп жатқан ата-анамның дауыстарына 
қуанатынмын. Қысқасын айтқанда, әкем мен шешемнің үйде екенін білдіретін 
дыбыстардың бәріне қуанатынмын. Кейде өтірік жөтеле бастайтынмын, сол 
кезде анам жүгіріп келеді, яғни, мен үйде жалғыз емеспін. Ал үйде толықтай 
тыныштық орнай қалған кезде мен Иса бәрін алып кетті, ал мен жалғыз қалдым 
деп қорқатынмын...
 
Мен Сараға таңдана қарап қалдым. Ол күлімсіреп былай деді:
 

 
Ақырында мен бар батылдығымды бойыма жиып, бұл туралы ата-анаммен 
сөйлестім. Осыдан кейін бәрі айқындалды. 
 

 
Қалай? – деп сұрадым мен. – Олар саған не айтты?
 

 
Анам маған өздерінің мені өмірімнің алғашқы күнінен бастап қорғап 
келгендерін және жан-дүниеме зиянын тигізетін еш нәрсеге еліктеп кетуіме жол 
бермегендерін түсіндірді. Сондықтан менің өмірімді кілт өзгеретіндей ештеңе 
болған жоқ...
 
Бірақ та құтқарылу – бұл дұрыс өмір салтын ұстану дегенді білдірмейді ғой, солай 
ма? – деп күбірледім мен бойымды мазасыздық жайлап келе жатқанын сезініп. 
Құтқарылу одан әлдеқайда үлкен нәрсені білдіреді. 
 

 
Әкем Елшілердің істері кітабындағы түрме бастығы Філіпті есіме салды, – деді 
Сара әңгімесін жалғастырып. – Пауыл мен Сыйластың жер сілкінген кезде аяқ-
қолдарындағы шынжырлардан босанып кеткендерін көрген кезде түрме 
бастығы олардан: «Мырзалар, (Құдайдың қаһарынан) құтқарылуым үшін не 
істеуім керек?» – деп сұрады». Содан соң әкем елшілердің берген жауаптарын 
келтірді: «Иеміз Иса Мәсіхке сен, сонда өзің де, үй ішің де құтқарыласыңдар!» 
Мен әкемнен тағы да: «Шынымен де бары сол ма? Басқа еш нәрсе істеудің 
қажеті жоқтығына сенімдісің бе?» – деп сұрадым. Әкем маған Киелі кітаптан 
бұл аяттан өзге де көптеген тұстарды көрсетіп берді. Ол Құдайға алғаш келген 

120 
 
кейбір адамдардың өмірлерінде өте маңызды оқиғалардың болатынын, бірақ 
бұл бәрімен бірдей солай болуы тиіс дегенді білдірмейтінін айтты. Бұл жерде ең 
маңыздысы – менің Исаға деген сенімім мен үмітімнің тұрақтылығына 
бйланысты екендігіне сендірді. Неге екені белгісіз, мен дәл осыны естуді 
қалаған едім, – деді Сара әңгімесін аяқтап.
 
Мен түрмедегі достарымды есіме алдым. Олардың көпшілігі Құдайға өмірдің 
азабын көп тартып, арып-ашқан күйде келді. Оларға жай ғана Мәсіх туралы айттым – мен 
өзге ештеңе білмейтін едім, бірақ та осының өзі жемісін беретін. Мен Киелі кітап 
аяттарын олардың мағынасын сақтай отырып өз сөздеріммен жеткізетін едім. Мен 
«формулаларды» да, жаттанды мінажаттарды да ешқашан білген емеспін. Және мұндай 
біздің ешқайсымыздың басымызға келмейтін де еді. Сондықтан бір кезде 
мінажаттарымның дұрыс болмауы мүмкін деген ойдан азап шеккен Сараға жаным ашыды. 
Мәселе сөзде емес қой. Шын жүректен шыққан кез келген мінажат Құдайдың назарынан 
тыс қалмайды, сондықтан да ешқандай формулалардың, ешқандай жаттанды сөздердің 
қажеті жоқ. Мен Майкл Райттың сөздерін есіме алдым. Ол былай деген еді: «Құтқарылу – 
еңбекақы емес, бұл – сый. Иса біздің құтқарылуымызға қажетті нәрсенің бәрін істеп 
қойды. Бізге тек Оған сенім арту және Оның сыйын қабыл алу қажет. Мұны қалай 
істейтіндігіміздің ешқандай мәні жоқ». 
 
Сараны тыңдап отырып, біздің әрқайсымыздың өміріміздің соншалықты әр түрлі 
болғаны туралы ойладым. Ол сенімді, қалыпты нәрсе ретінде қабылдаған сүюші 
отбасында тәрбиеленді. Мен оның алаңсыз, жайлы, күнәсіз өміріне қызыға қарайтынмын. 
Бірақ осындай өмірден кейін ол мені, менің кім болғанымды және не істегенімді қалай 
түсіне алады? Мен өткен өмірім үшін қатты ұялдым. Мүмкін, Сараға мен секілді адаммен 
араласпағаны дұрыс болар. Бірақ Сараның мені тыңдағанында, сұрақтар қойып, қолдау 
көрсеткенінде әдеттен тыс бір нәрсе бар еді. Неге екені белгісіз, онымен сөйлескен 
кезімде мен өзімді маңызды және құнды адам ретінде сезінемін. Мен оның достығынан 
бас тарта алмадым.
 
Бүкіл өмірімде бойында мен өзіме сенімді болдым. Көпшіліктің алдында ешқашан 
қысылған емеспін және өз-өзіме ие бола алатынмын. Бірақ Кипрде басыма түскен 
сынақтан кейін мен өзгердім. Адамдардың алдында қысылып, толқыныстан дірілдеп 
кететін болдым. Әрине, Сара мұны байқады. Мен тіпті оған жанасып кетудің өзінен 
қорқатынмын. Ақыры бір күні оның өзі маған жанасты. Мен дереу бойымды тартып алуға 
тырыстым, бірақ ол мұны істеуге үлгертпей, мені құшақтады да, сүйіп алды. Мен қатты 
таңданып қалғаныммен, ақыры толқуым басылды. Толқудың орнын бұрын ешқашан 
болмаған қуаныш басты. 
 
Бірнеше айдан кейін мен Джон мен Кэролайнның үйінен қауымдағы тамаша жас 
жұптар – Алан және Ирэн Киркамдардың үйлеріне қоныс аудардым. Содан кейін Кламп 
теміржол торабы ауданынан бөлме жалдадым. Бұл үйдің бірінші қабатына «Оак Рум» 
атты шағын қауым орналасқан еді. Арада екі күн өтпей-ақ мен бұл қауымда тек бір ғана 
бауыр бар екенін білдім. Жиналысқа негізінен бірнеше жасы келген қара нәсілді әпкелер 
қатысады екен. Мені көрген кезде Джо Макдоналдтың жүзі қуаныштан жайнап кетті. 
Дәстүрлі Бірегей бауырластық қауымы (Ұлыбританиядағы жер ауған неміс баптистерінің 
қауымының салаларының бірі) бауырлар мен әпке-қарындастардың қауымдық 
қызметтеріне қатаң қарайтын болғандықтан, Джо қауымдағы жалғыз уағыздаушы болып 
қала берген. Қауымдағы қызметтің басым бөлігін, әрине, әпкелер атқарған, бірақ мұның 

121 
 
уағыз бен нан үзу рәсіміне қатысы жоқ болатын. Джо бауыр көптеген жылдар бойы 
қауымдағы жалғыз және ең маңызды, сүйікті бағушы болып келді. Ол күніне екі рет – 
таңертең және кешке уағыз айтатын. Сондықтан оның жұмыстарының басым бөлігі 
бірнеше күнге менің мойныма ауысты. Бірақ арада аз уақыт өткеннен кейін Джо бауыр 
барша қызмет атаулыдан бас тартты да, жауапкершіліктің бәрі менің мойныма мінді. 
Қысқасын айтқанда, иығыма ауыр жүкті артып алдым. Бұған дейін адамдарға тек Мәсіх 
жайында куәлік етіп келдім, ал уағыз айту және Құдайға құлшылық қызметін жүргізу – 
бұл мүлде басқа нәрсе ғой! Әпкейлеріміз қатал болатын және мені бірден түзетіп 
отыратын, бірақ олар маған кеңпейілдікпен қарады және мен бұл қауымда қызмет 
етуімнің Құдайдың еркі екенін түсіндім. 
 
Бірегей бауырластық қауымының мүшелері өздерінің Киелі кітапты жетік 
білетіндіктерімен әйгілі, сондықтан менің бірнеше сағаттар бойы Киелі кітапты зерттеп, 
уағызға дайындық жасауыма тура келді. Уағыз жүргізуге тәжірибе жинақтағанға дейін, 
алғашқы кездерде мен уағызымды қағаздан оқып айтып жүрдім. Бақытыма қарай, арада 
көп өтпей Жаңазеландиялық Майк Ливингстон маған көмекке келді. Майк Лондонға 
менен біраз уақыт кейін келді және біз тез достасып кеттік. Ол біздің әпкейлерімізге 
ұнады және біртіндеп ол маған қызмет өткізуге көмектесе бастады. Біз өмірімізде болған 
жағдайларды айтып жиі түннің бір уағына дейін отыратынбыз. Сара секілді, Майкл да 
мәсіхшілер отбасында өскен, сондықтан менің Мәсіхпен таң қаларлық кездесуім туралы 
әңгімені ол да аузын аша тыңдады. 
 

 
Білесің бе, кейде мен өзімді екінші сұрыптағы мәсіхші ретінде сезінемін, – деді 
ол бірде кешкі әңгімеміздің үстінде. 
 

 
Бұлай деп қалай айтасың, сен Құдайды барлық уақытта да білдің емес пе? – деп 
сұрадым мен.
 

 
Иә, білдім, бірақ маған үнемі дүниеге мен әкем мен шешемнің көздерімен 
қарайтындай және сенімім менікі емес, ата-анамдікі сияқты болып көрінетін. 
 

 
Түсінбедім.
 

 
Маған қашан да өз сеніміме көз жеткізу, нығаю қажет болды, – деп жауап берді 
ол. – Сен Құдаймен шынайы кездестің. Сен өз өміріңдегі Құдайдың 
әрекеттерінің көруі енді қажет еместігін, Оған онсыз да сенетініңді айттың емес 
пе?
 

 
Иә, – деп жауап бердім мен. – Түрмеде болған кезімде өзімді Оның кез келген 
уақытта, күндіз де, түнде де қорғап жүретінін білетін едім. Түрмеден мен тек 
осының арқасында ғана аман шықтым және мұның артында Құдайдың тұрғаны 
күмәнсіз. 
 

 
Ал менде ондай тәжірибе болған жоқ. Менің өмірім қашан да тыныш болды, 
сондықтан да Оған ондай күшпен үміт артуыма тура келген жоқ, – деді Майк. 
 
Бұл кезде мен Құдаймен осындай кездесулер жайлы көп естіген болатынмын. 
Майктың Мәсіхке қалай бет бұрғаны жайлы әңгімесі Сараныкіне өте ұқсас еді. Ал мен 
мұндай «соқыр» сеніммен қалай өмір сүруге болатынын түсінбейтін едім. Бірақ та бәрінде 
Құдайға үміт артулары және Оған шын жүректерімен қызмет етулері арқылы Майк пен 
Сара жыл санап сенімдерінде нығая берді. 
 

 
Онда не тұр? – дедім мен Майкке. – Қалай дегенде де, Құдай қашан да сенімен 
бірге, сен өз күшіңмен ештеңе істей алмайтын едің. 
 

122 
 
Біздің екеуміз де уағыз айтатынбыз, қауымға жетекшілік жасайтынбыз және бұл 
қызметте бізге Құдайдың көмектесетінін жақсы түсінетінбіз. 
 

 
Саған дәл осы туралы айтқым келіп тұр, Тони, – деді Майк күлімсіреп. – Менің 
Құдайға келген жолым сенікіне мүлде ұқсамайды, бірақ Құдайға шын 
сенетінімді білемін, тек жай ғана Құдайдың мені дәл қай уақытта «жаңа адам 
жасағанын» сен секілді тап басып айта алмаймын. 
 
Майктің шын жүректен сөйлеп отырғанын біліп тұрсам да, оның не айтпақ болып 
тұрғанын жақсы түсіне алмадым. 
 

 
Дұрыстап айтшы, мен ештеңе түсіне алар емеспін, – дедім мен. 
 

 
Мен Исаны сүйетін отбасында тәрбиелендім, сондықтан да нағыз мәсіхші мен 
жай ғана қауымға келушінің арасындағы айырмашылықты бала кезімнен 
білетінмін. Шамамен он жасымда мен өзімді белгілі бір өтілі бар мәсіхші 
санайтынмын. Мен Исаның өз Құтқарушым екенін білдім, бірақ мұны қай 
уақытта түсінгенімді және таңдауды қай кезде жасағанымды есіме түсіру маған 
қиындық туғызады. Мен жай ғана сендім, бары сол. Сірә, Оған сенбеген күнімді 
білмейтіндіктен болар, мен Мәсіхке сенім артқан күнімді есіме түсіре 
алмаймын... – деді Майк күлімсіреп. 
 

 
Ал маған мұны түсіну қиын, – дедім мен. – Менде бәрі басқаша болды. Күнәнің 
батпағына батқаным сондай, Құдайдың менімен біраз еңбектенуіне тура келді.
 

 
Иә, солай шығар, – деді Майк. – Күнәһарлардың шынайы жолға бет бұруын 
кейбіреулер екі қала арасына пойызбен саяхат жасауға теңейді. Егер ұйықтап 
қалмайтын болсаң, онда пойыздың шекарадан өткен кезін көресің, ал егер 
ұйықтап қалсаң – оны өзің түсінесің. Сен шекараны көрдің, ал маған келетін 
болсақ, мен қашан мәсіхшіге айналғанымды есіме түсіре алмаймын. Мәселе 
осыда тұр. 
 

 
Бірақ сен Құдайға бет бұрғаныңа күмәнданбайсың ғой? – деп сұрадым мен. 
 

 
Бұл мен соңғы жылдары шешуге тырысқан мәселелердің ішіндегі ең қиыны 
сияқты болып көрінеді. Жасым он үшке келгенде, мен бәріне Исаны өзімнің 
Құтқарушым ретінде танығанымды көрсетуім үшін шомылдыру рәсімінен 
өтуіме Құдайдың Өзі түрткі болғанын шынайы сендім. Осылайша, мені 
шомылдыру рәсімінен өткізді. Тек кейін, ержеткен шағымда мен өзімнің 
Құдайға бет бұруымның «дұрыстығына» күмән келтіре бастадым. Мен дәл қай 
уақытта тәубеге келгенімді бәрібір есіме түсіре алмадым – менің күмәнімнің 
мәні осында еді және бұл әсіресе Құдайды тану тәжірибесі сенікіне ұқсакйтын 
адамдармен кездескен кезімде айқын сезілетін. 
 
Мен мұңая күлімсіредім:
 

 
Сонымен?
 

 
Сонымен, маған мұндай күмәннен тек үздіксіз мінажат ету арқылы ғана 
арылуға болатын секілді болып көрінеді. Егер мен күнәларым үшін қайта-қайта 
тәубеге келетін болсам, оның кімге зияны бар? – деді Майк күліп. – Бұған қоса, 
мен Құдайды тануды саған ұқсап өмірдің қатаң шындығын бастан өткермеген 
адамдар Оның барлығын ғылыми және пәлсапалық көзқарастар тұрғысынан 
түсінеді. Мен Оған сенетінімді білдім, бірақ Құдайға «неліктен» сенетінімді 
бүкіл саналы өмірімде өзіме жақындарыма дәлелдеуге тырысып келдім. Иә, 
менің ғылыми ой құрылымым дәл осындай. Бірақ Құдайдың бар не жоқ екенін 

123 
 
ғылыми түрде дәлелдеу мүмкін емес. Құдайдың барлығын тәжірибе жасау 
жолымен дәлелдеуге болмайды. Сайып келгенде мен рухани салада Құдайдың 
бар екендігіне тәни дүниеде бізге дәлелдер жеткілікті деген қорытындыға 
келдім. 
 

 
Мұнымен не айтқың келеді? – деп сұрадым мен. 
 

 
Бірінші кезекте, бұл дүниенің өзінің бар екендігі. Содан соң өзге сенушілердің 
куәліктері. Тек осылардың бәрін бір жерге жинастырып, жай ғана саналы түрде 
сенімнің қадамын жасау қажет. 
 
Біз біраз уақытқа үнсіз қалдық. Мен Майктен естігендерімді ойымда қорытуға 
талпындым. Оның куәлігінің күші мені шын мәнінде таңдандырды. 
 

 
Иә, Құдай маған ешқашан саған көрінген қырынан ашылған емес, бірақ Ол 
бәрібір менің өмірімде таңқаларлық кереметтер жасап келді және жасап жатыр, 
– деді Майк әңгімесін аяқтап. – Өмірімнің әрбір бөлігінде мені дәл Соның 
бағыттап, батасын беріп келгенін анық білемін!
 

 
Аумин! – дедім мен күлімсіреп; мұның дәл солай екендігіне еш күмәнім болған 
жоқ. 
 
Қауымдағы қызмет менің өмірімнің көп бөлігін алатын, бірақ маған тіршілігіме 
қажетті қаражат табу қажет еді. Қауымдағы шаруаларымнан бос уақытта мен ешқандай 
жұмыстардан бас тартқан жоқпын. Тәуір жұмыс табу кейде қиынға түсетін, бірақ еш 
уақытта жұмыссыз ұзақ отырған емеспін. Біраз уақыт даяшы болып істедім, содан кейін 
мөртаңбалы суреттермен айналыстым да, ақыры күзет саласына қайтып оралдым. Бұл мен 
үшін қиын жұмыс емес болатын, бірақ мұның артында бұрынғы жолыма қайта түсіп кету 
қаупі тұр еді. Қарапайым күзетші болу бір жағынан өз дарынымды жерге көмуді 
білдіретін және оның жалақысы да төмен еді. Бірақ бұл жұмыс маған бәрібір ұнайтын еді, 
себебі ол біршама тыныш болатын. Қызмет бабымен Кью-Гардензде (Лондонның батыс 
бөлігінде орналасқан үлкен ботаникалық бақ; 1759 жылы құрылған) және Лондонның өзге 
де көрікті орындарында жиі болатынмын. Күнделікті өмірге қажетті қаражатты қандай 
жолмен табу керек екендігіне аса назар аудармайтынмын. Өмірімнің қозғаушы күші 
бәрібір Иса және Оның маған сыйлағандары туралы куәлік айту тілегі болды. Өз сенімім 
туралы адамдарға жеткізу мүмкіндігі үшін үздіксіз мінажат еттім. Ал мүмкіндіктер көп 
болды, сондықтан мен олардың бірін де босқа жіберген жоқпын. 
 
Бірақ мен жұмыс істеп жүрген фирманың басшылығы менің күзет саласындағы бұрынғы 
тәжірибеме тез назар аударды. Менің дәрежемді жоғарылатты және арада көп өтпей-ақ 
қызмет сатысында өрлей бастадым. Маған Құдайға қызмет еткендей адал еңбектену 
ұнайтын еді. Жаңа орында мен фирманың жұмысын жақсарту үшін не және қалай істеу 
керектігін жақсы білдім. Арада көп өтпей мен өзіме де байқамастан бойымда бұрынғы 
атақ құмарлығым қайта оянды. Екі жыл ішінде кәсібіміз жақсы дамып, үлкен табыс әкеле 
бастады. Мен көзді ашып-жұмғанша фирманың коммерциялық директоры болып шыға 
келдім. Маған қызмет көлігі мен Лондонның қақ ортасынан қызметтік пәтер берілді. 
Алатын жалақым да әлдеқайда көбейді. Мен өзіме Оның еркі секілді болып көрінген осы 
жағдай үшін Құдайға алғысымды айттым. Бұл уақытта Сара оқуын аяқтап, мұғалім болып 
жұмыс істеп жүрген. Біз үйлену тойына дайындалып жүргеміз. 
 
Сара екеуміз демалыс күндерімізді жиі оның Эссекстегі ата-анасының үйінде 
өткізетінбіз. Үйленуімізге олардың баталарын алу үшін олардың көздерін көп нәрсеге 
жеткізуім қажет еді. Сараның ата-анасы сүюші, ашық адамдар болатын, бірақ өзімнің олар 
үшін қалаулы күйеу бала емес екенімді жақсы түсінетінмін. Олардың қыздарының 
күйеуінің мен секілді адам болғанын қаламағандары анық. Бұл жағдайда менің қолымнан 

124 
 
бар келетіні, бұл Құдайдан күн санап өзімді күнәнің кірінен тазарта отырып, оларға «жаңа 
мені» ашып беруін сұрап мінажат ету еді. 
 
Бірақ бұл оңай шаруа емес еді. Кун-фуды баяғыда тастап кеткеніме қарамастан, ол 
әлі де менің бір бөлшегім болып қала берді. Бір демалысымызда мен Сараның ата-
анасының үйіне бардым және дүйсенбі күні таңертеңгілік Лондонға баратын пойызға 
үлгеріп кетпекші болдым. Таңғы бестер шамасында Сараның әкесі Дейвид мені оятып, 
шай бермекші болды. Мен қатты ұйықтап жатыр едім, тіпті, қорылдап жатқан болуым да 
мүмкін. Бойымдағы көне түйсіктерім бір сәтке ояна кетті: менің бөлмеме біреу кірді. Мен 
дереу оянып кеттім де, орнымнан қарғып тұрып, қорғаныс ретінде аттың ұрыс қалпын 
ұстанып тұра қалдым. Дейвид байғұс қатты шошып кетті. Әрине, ешқандай соққы болған 
жоқ, мен дер кезінде тоқтап үлгердім. Шошығаннан орнынан секіріп кеткен Дейвид 
әйтеуір қолындағы шайын төкпей ұстап қалды. 
 
Кейіннен осы жағдайды Дейвид күле есіне алатын. Ал бұл мен үшін санамнан еш 
шықпайтын көне «жолды» есіме салатын жағымсыз жайт еді. Кун-фу ұрыс өнері мәңгі-
бақи менің «денеме қадалған тікен» болып қала береді. Мен адам денесіндегі оларға әсер 
ету арқылы санаулы секөндтердің ішінде өлтіре салуға болатын анатомиялық нүктелерді 
білемін. Мұндай білім өте қауіпті. Бұл үнемі оқтаулы қару ұстанып жүргенмен бірдей. 
Алғашқы кездері Сара біз бірге жүрген кезде өзін қауіпсіз сезінетінін жиі айтатын. Бірақ 
бұл мен естуді қалайтын сөздер емес еді! 
 
Алькапонимен болған жанжал кезінде Құдай Өзінің құдіретін көрсеткен сол бір 
күннен бастап мен адамдарды ұрыс өнерінің кез келген түрін үйренуден бас тартуға 
үгіттей бастадым. Батыста оларды негізінен денсаулықты қалыпта ұстау үшін және өз-өзін 
қорғай білу үшін үйретеді, бірақ шығыс жекпе-жектерінің түрлерінің бәрінің негізінде мен 
оны алдамшы және қауіпті деп есептейтін рухани бастау жатыр. Кун-фу жолы Иса 
Мәсіхтің шынайы жолына қарама-қайшы және адамның бойында өз күшіне деген жалған 
сенімнің туындауына себепкер болады. Ұрыс өнері адамның жүрегінің тереңіндегі 
қорқынышты, оның құмарлықтары мен атаққұмарлығын оятады. Ал Мәсіхтің жолы 
адамды күнәнің құлдығынан азат етеді, Ол арқылы және Онымен болатын қауіпсіз жаңа 
өмірге жетелейді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет