Жолдасбай Тұрлыбаев



бет2/4
Дата24.11.2023
өлшемі33,37 Kb.
#125504
1   2   3   4
Байланысты:
автобиография ағай

Төрегелді Тұяқбаев 1955 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, ХХІ партсъезд атындағы кеңшарда туған. 
1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Сол кезден бастап «Жалын» баспасында қызмет істеді. Төл шығармаларымен қатар, көркем аудармамен де айналысады. А.Лихановтың «Менің генералым» («Күн тұтылған күн»), О.Оразбердиеваның «Өмірімнің таңғы шағы», В.Лукшаның «Жарқырап жаз келді» атты кітаптарын аударған. «Қар адамы» поэмасы үшін «Жалын» баспасының үздік шығармаларға жариялаған конкурсының лауреаты атанды.
Шығармалары: Бастау. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979; Өз көзіммен. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Қарлы құйын. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982.
Ақынның «Сүймегендер сағынбайды» атты жыр кітабы туралы айтатын болсақ, бір қарағанда аксиома сынды сезілгенмен байыптап, терең үңіле бастасаң, сөз жоқ, сезім тереңіне, ой тұнығына шым-шым батып бара жатасың. Шынында да, сағынышсыз өмір сүру мүмкін емес, сағынышсыз өмір сүру – сезімсіздікпен тең. Сыртқа сапарға шықсаң, ертесіне үй-ішіңді, бала-шағаңды, немерелерің болса, тіпті, тезірек оралуға асығасың. Құс құрлы жоқсың ба? Құстың өзі ұясындағы балапанға алаң болып, айналсоқтап жүріп алмай ма? Аң да солай. Ал, адамның сағынышы, оның ішінде, Ақынның сағынышы, шынында ғажап қой, ғажап! Алпыстың асқар биігіне көтеріліп отырған Төрегелді ақынның айтары тіпті бөлек. Баяғы Төлеген Айбергенов айтып, санамызға сіңірген сағыныштан өзгешелеу, өзіндік қолтаңба, өзіндік ой, пікір, пайымы бар Тұяқбаевқа тән тәмсіл. Алдымен ол өз өлеңін қалың додаға балуан етіп қосады. Демек, ол өлеңін баптаған, аялаған, шыңдаған, содан кейін барып, үлкен бәйгеге қосып отыр: Құмар – ақпан күнеске, Халуаға мен құмармын. Өмір атты күреске Балуан – өлең шығардым. Жүрек сыны дір етсе, Шығады кеп, алуан үн. Сеніп тұрмын күресте Жығады деп балуаным. Осылайша, өз өлеңін аламан бәйгеге, дүбірлі додаға салып, жеңісін тілеп жүретін Төрегелді ақынның жыр жолындағы жүрек лүпіліне, тағатсыз талпынысына бейқам қарауға болмайды. Өйткені, оның балуан бітімді өлеңінің болмысы бөлек, тұла бойындағы бұлшық еттері білемдей, ойнақшып тұр. «Төрегелдінің ақындық ерекшелігі неде?» – деген сұрақ туындауы әбден мүмкін.
Төрегелді ақын өлеңдерін үш топқа бөлуге болады екен. Біріншіден, бозбала шақ, балауса күндердегі балғын жырлар. Екіншісі – жастық шақ, таудан аққан бұлақтай, желкілдеген құрақтай, хош иісті шалғын жырлар. Үшіншісі – кемел шақ, қиып түсер қашаудай, құрық тимеген асаудай, ақ алмастай алғыр жырлар. Осынау өміріне өрнек болған жырлар тоғысында, сөз басында айтқан ерекшелігіне тоқтар болсақ, ақын –суреткер екендігіне көз жеткіздім. Себебі, Төрегелді уақыттың, белгілі бір мерзім-мезгілдің уысында қалып қоймай, оның құшағынан тез сытылып шығып, қысқа да нұсқа өлең жолдарынан ой жұптап кетеді. Осыған қарап мен Төрегелдінің өлеңдегі ерекшелігі – оның табиғат жыршысы бола білуінде деп бағалар едім. Мәселен, ол көктем туралы өлеңінде: Уақытты тоқтата алмай зырлап өткен, Көктемді қарсы алуға қырға кеткем. Үшбұрыш хат сияқты тырна көктем, – деп өзінше тың теңеу тапса, күз туралы өлеңінде: Томсарып тұрған салқын бақ, Егілді-ай келіп, егілді! Жапырақ біткен жалпылдап, Көз жоса болып төгілді. Күзгі жапырақты мөлт еткен көз жасына теңеуді де, ақындық тапқырлық, суреткерлік деп түсінем. Төрегелдінің табиғат болуы құр жалаң сурет емес, онда өмір қозғалысы бар. Демек, ақын өзінің айтар ойының кілтін тауып, құлпын ашты деген сөз.
Төрегелді Тұяқбаев бұл жыр кітабынан табиғат тақырыбына қатысты талай тың теңеулер, көркем көріністерге куә боларымыз хақ. Төрегелді Тұяқбаевтың біз сөз етіп отырған «Сүймегендер сағынбайды» деген бұл кітабы негізінен төрт тараудан тұрады екен. Таратып айтсақ, алғашқы тарауы – «Күбір-күбір өлең жаза бастасам» деп аталады. Оған «өлең – өнер тарауы» деп айдар тағып, сол тақырыпқа лайық өлеңдерін үкілеп ұсынған. Алғашқы тараудан оқырман қауым «Жағалауда жүргенде жазылған жыр», «Қол диірмен», «Қоға, шілік және басқалар туралы», «Шыбын өлтіруші шал», «Қызыл шөп» деп аталатын өлеңдері тек тақырып даралығынан ғана емес, ішкі иірімдерінен-ақ ізгі ойлар ұшқыны елес беріп, оқушы сезімін толқытады. Екінші тарау, «Ғұмыр түбін терең қаза бастасам» деп алғашқы бөлімнің заңды жалғасындай әсер етеді. Мұндағы өмір-ғұмыр толғаулары тараудың тақырыбына жүйеленіп, оқушыны белгілі бір ой-сезімге жетелеп отырады. Әйтпесе, мұндағы «Құрақтың өзенді жоқтауы», «Бейтарап жерлер», «Салқын тиген», «Құлаған құдық туралы», «Тоқал там», «Қара шәугім», деп аталатын өлеңдері мен топтамалары оқырмандарын бей-жай қалдырмайды, көңіл құштарлығын оятады. «Мұңға батсам, сағынғаным ол сені» бұл кітаптағы үшінші тарау. Бұл топтама тұтас кітаптың атына сай алған тақырыптың алтын арқауына айналған. Мұндағы «Абайсызда торға түскен балықтай», «Саздауыт сайдың саласы», «Табалдырық», «Базардағы кездесу», «Бұрым» өлеңдері Төрегелдінің бұрын жазған өлеңдерінен гөрі өзгеше өрнек тартқан, өрелі ойларға кезек берген жаңа тынысына куә боламыз. Ал, соңғы төртінші тарау, дастандарға орын берген. Бұл кітаптың атауын ақтайтын «Сүймегендер сағынбайды ешқашан» деген дәуір-дастанымен, сондай-ақ, «Орман аңызы» драмалық ертегісімен, сондай-ақ, «Жан дауасы», «Бомж» поэмаларымен өз нүктесін табады. Мұндағы әр поэма жеке-жеке талдауды қажет етеді. Оны кітап туралы ой айтып, пікір пайымдайтын әдеби сын-талдаулар назарына қалдырып, мен тек осы кітапқа кірген өлеңдер мен топтамалардың өн бойын көктей етіп, тек жекелеген жырларына пікір пайымдадым. Сондағы ұққаным, Төрегелді ақынның өз жолы, өз мақсаты, өлеңдегі өрнегі, жыр жолында анық ізі бар екеніне көз жеткіздім. Әйтпесе, Сыртқы істер, Мәдениет, Ақпарат министрліктерінде, тіпті, қазіргі кездің өзінде де, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкері бола жүріп, өлеңдегі өзінің өрнегімен орнын тапқан Төрегелді Тұяқбаевтың жыр жолындағы жемістері мен жеңістеріне разылық білдіруді парыз тұттық. Осы биігіне дейін бірнеше жыр жинақтарын шығарып оқырман ықыласына бөленген Төрегелді Тұяқбаевтың бұдан былай да тұлпар тұяғы талмасын, қыран қанаты самғасын деген ізгі тілек айтқымыз келеді.


Бекежан Тілегенов (1934–1998) 10 наурызда бұрынғы Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка селосында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Республикалық жастар газеті «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас алаш») бастапқы кезде әдеби қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі болған. 1965 жылы партиялық жұмысқа ауысып, Алматы қалалық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. Одан кейін бірер жыл Қазақ КСР
Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болған. 1969 жылдан Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті мәдениет бөлімінде нұсқаушы, әдебиет секторының меңгерушісі қызметін атқарған. 
1975–1989 жж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1993–1996 жж. ҚР Тіл комитетінің бөлім бастығы болған. 1969 жылы Мәскеуде өткен жас жазушылардың бүкілодақтық бесінші кеңесіне қатысқан.
«Қазақ совет әдебиетінің интернационалдық дәстүрлері және оның ұлттық негізінің баю жолдары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Шығармалары: Таң нұры. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1966; Көктем де ызғарлы. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Аққайнар. Роман. А., «Жазушы», 1971; Повторится ли весна. Повесть. А., «Жазушы», 1972; Олар жазда кездесті. Повесть. А., «Жалын», 1979; Белый простор. Роман. М., «Советский писатель», 1980; Уақыт. Роман. А., «Жазушы», 1981; Где тебя найти? Повесть. А., «Жалын», 1982; Время. Роман. М., «Советский писатель», 1985; Атамекен. Роман, повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1986; Қара жел. Роман. 1990; Тұйық өмірдің құпиясы. 1992; Тауқымет. 1993; Сексен алтыншы жыл. 1994; Өмір–өзен. 1991; Әдебиет – менің Отаным! 1998; Қас пен көздің арасында. 1999.
Өткен ғасырдың орта шенінен бастап сыналған атом бомбасының сынағы қазақ елінің жүрегінде сыз, жерінде қайғылы із қалдырды. «Полигон» дейтін осынау суық сөз қаншама жүректі мұздатып, қаншама адамның асыл сүйегін сыздатып қара жер қойнына табыстауға мәжбүр қылды. Санасақ та, тереңіне үңіліп қарасақ та жан түршігіп, жағаңызды ұстап, безіп кетеріңіз кәміл. Алпыс төрт жасында көз жұмған, қазақтың қазыналы әдебиетінің қамбасын соқталы романдарымен байытқан Бекежан Тілегенов есімі бүгін де күңгірт. Әдеби жиындарда көзін бақырайтып қойып тірілерді мақтаудан аспайтын жандар оны ауызға алудан қалғалы қашан?.. Бұл «Өлдің, Мамай, қор болдыңның» кері ме, кері кеткен біздің кеспіріміз бе, кім білсін?…
1989 жылы төрт-ақ айдың ішінде жазылып, тоқсаныншы жылдары «Жұлдыз» журналында жария көрген осынау «Қара жел» романы жер әлемге жазылмастай дерт әкелген полигон зардабын баяндайды. Бұл – Кеңестік жүйе тұсында жазылып, басылған, экологиялық апат пен полигон зардабы хақындағы тұңғыш роман, алғашқы көркем шығарма, сүйекті дүние. Рас, сену қиын. Ал біз кейінгі жылдары жазылған немесе бертінгі жылдары тұсауы кесілген дүниелерді ғана айтып жүрміз. 2020 жылы «Ел-шежіре» қоғамдық қорының қолдауымен жарық көрген «Қара жел» романын оқып шықсаңыз, отыз неше жыл бұрын жазылған туындының көркемдік деңгейіне бас ұрып, талғамы жоғары талант Бекежан Тілегеновтің шығармашылығына бас иесіз.
«Қара жел» романының басталуы мен дамуы да, байланысуы мен шиеленісуі де, шарықтау шегі мен шешімі де оқырманды асықпай-аптықпай оқуға жетелеп, Семейдегі атом полигонының қасіреті мен Дегелең трагедеясы арқылы бүкіл адамзат баласына ортақ зауалды суреттейді. Автордың тілі мен ерекше стилі жауыр болған тіркестерді жоққа шығарып, таныс оқиғалардың өзін шебер баяндап, жаттанды диалогтарды қолданбай, кейіпкерлерінің ішкі сыры мен сыртқы келбетін келістіре отырып суреттеуі де жан сүйсінтеді. Шиеленіске толы шебер сомдалған персонаждар, тартысқа түсетін кейіпкерлер характері үш бөлімнен құралған, 250 беттен тұратын шығарманың мазмұнын қоюлата түседі.
Шығарманың бірінші бөліміндегі екі деталь назар аударарлық екен. Біреуі – Әукеннің әрекеті. Екіншісі – Балқияның бағып отырған лағының солдаттар мінген көліктің астында қалып жанышталуы.
Романдағы Мақсұт пен Хадиша образы қияндағы ауылда тірлік кешіп, қақ-соқпен ісі жоқ бұйығы кейіптегі, керек десеңіз, совет заманындағы шенеуніктер елемей шопан етіп, аса бір көзге ілмей қойған елеусіз еңбек адамдарын, екі бірдей баласын атом ажалы жалмаған жаралы жандарды еске салады. Осы шығармадағы иен қалған Қайрақтының сұқыты бүгінгі ауылмен де тығыз байланысты астарлы сөйлемдер арқылы автор үлкен ойға із тастап өтеді. Кейіпкер дегеннен шығады, романда толықтай ашылып, оқиғаларға ішінара емес, іші-сыртымен бірдей кіріп кетіп, сыртқы сұлбасымен де, ішкі жан дүниесімен де оқырманын бейжай қалдырмайтын бір образ, ол – Жұман. Шығарманың шарықтау шегінде пішеншілер шапқан шөпті өртеймінге салып, «шулататын» Жұман. Бір қарағанда жай ғана ауыл адамы болып көрінгенмен, оның қарсылықты (протестік) ойлары шын мәнінде бізді ойландыруға шақырады. Әлдебір дастарқан мәзірінің үстінде полигон басшылары үшін тілек айтудан бас тартып, бұлқынған іштегі сезімімен бас көтеріп жүруінде де автордың айтқысы келген, айтуға тырысқан ойлары тырс-тырс тамған тамшыдай ми қабыршығыңа әсер етпей қоймайды. Тіпті туындыны қолға алғанда негізгі кейіпкер еместей көрінген осынау адам шығарма шешімінде басты орынға шығып, жазушы ойымен астасып, биік тұғырға көтерілгендей әсерге бөлейді.
Шығармада «Киік-қырған жазығы» мен «Атом көлі» деп аталып, кейіпкерлер диалогында баяндалатын осынау жерлер – адам тағдырына әсер еткен полигонның экологиялық апат ошағының ордасы екенін тағы да дәйектейді.
Үшінші бөлімде, баян етілетін оқиғалар шиеленісінде Тойғанбаев, Жиенбаева, Нұржанов сынды атаққа алданып, Баймағанбетов, Мырзашев, Дарбасов сияқты мансапқа малданған кейіпкерлердің «өзім аман болсам, болды» деген эго ойларын автор күл-талқан етеді.
«Қара жел» романы – бір ғана дәуірдің емес, тұтастай алғанда тағдырымызды безбендеген бірегей шығарма. Осынау дүниені оқып, жан байытып, қазақ еліндегі барша адамзат баласына қасірет әкелген атом зардабы зар күйіне жетіп туған шығарма екеніне оқи отыра көз жеткізесіз. Шабыт үстінде шамырқанып толғанған туынды иесіне расында таңдай қағасыз. Романның біз келтірген негізгі оқиғалары мен қамтуға тырысқан артықшылығы да менмұндалайды. Тосын тіркестер мен деректі детальдар оқырманын ойландыра түседі. Бекежанды танудағы, жазушыны танытудағы мақсат та – сол. Әйтпесе, өз атын тасқа жазып қалдырған жазушы басқа шығармаларымен де ерек, өткен ғасырдағы да, бүгінгі күндегі де қазақ әдебиетінің көрнекті сөз иесі – ол.


Зейнолла Тілеужанұлы 1942 жылы 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысының (бұрынғы Семей облысы) Ақсуат ауданына қарасты «Қызыл қайың» ұжымшарында дүниеге келген. 
1968 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. «Жетісу» облыстық газетінде, кинематография комитетінде, «Жаңа фильм»–«Новый фильм», «Еңбек таңы» журналдарында және Мәдениет министрлігі жанындағы халық шығармашылығы үйінде қызмет атқарған. Тырнақалды жырлары республика жас ақындарының «Жас керуен» (1969) жинағына енген. Одан бергі мезгілде «Лебіз» (1971), «Солидарность» (1973, орыс тілінде, ұжымдық жинақта), «Толағай тау», «Ой ағысы», «Сарыарқа», «Махаббат дастаны», «Аспанға көшкен ауыл», «Күнге табынғандар» атты жыр кітаптары шыққан.
Көптеген шетел ақындарының өлеңдерін, сондай-ақ 100-ге тарта кинофильмдерді қазақшаға аударған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет