Жолдасбай Тұрлыбаев



бет3/4
Дата24.11.2023
өлшемі33,37 Kb.
#125504
1   2   3   4
Байланысты:
автобиография ағай

Төлек Тілеуханов - 1939 жылы 18 шілдеде бұрынғы Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1964–1969 жж. мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, 1970–1988 жж. «Жазушы» баспасында редактор, редакция меңгерушісі, 1992–1995 жж. «Айқап» баспасында бас редактор, 1996 жылдан «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болды.
1965 жылы «Қазақстан әйелдері» журналында алғашқы әңгімесі жарияланған.
Австралия жазушысы А. Маршаллдың «Мен секіріп ойнай аламын» повесін, Р.Тагордың, А.Чеховтың, словак жазушысы Андрей Плавактың, өзбек жазушысы Х.Нәзірдің, орыс жазушысы А.Беляевтің, үнді жазушысы А.М.Нуридің әңгіме, повестерін аударған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).
Шығармалары: Көрші келіншек. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1971; Шарапатты жан. Повесть. А., «Жазушы», 1973; Өзгенің бақыты үшін. Повесть. А., «Жазушы», 1975; Өмір арнауы. Әңгімелер, повесть. А., «Жазушы», 1977; Келешек кіріспесі. Роман. А., «Жазушы», 1984; Мәуелі бәйтерек. Повесть. А., «Жазушы», 1986; За счастье других. Повесть, Рассказы. А., «Жазушы», 1991; Үш ұрпақ мұңы. Роман. А., «Жазушы», 1996; Ұрпақты жалғап ұрпаққа. Роман. «Жұлдыз» журналы, 2001, №11–12; Базарлы дәурен, балғын шақ. «ҚазАқпарат», 2003.
ЕҢ ҒАЖАЙЫП ХИКАЯ. Бастары істі болып, айдалып кеткен азаматтарының соңынан қазақ әйелдері де қоса кетті. Елде қалғандарын шолақ белсенділер мен қызба жігіттер қудалауға түсірді. Осындай қыспақтан құтылудың жалғыз жолы ел ішінен аулаққа кету еді. Романдағы Баршын аталатын әйелдің де көрген күні осыған саяды. Кішкентай қызын ертіп, бір түнде елден қашады. Жол білмейді. Қала көрмеген. Кең далада түнейді. Ақыры, арып-ашып қалаға жетіп, қилы-қилы тағдырды басынан өткізеді. Кітаптағы екінші шығармада жалпы әдебиетте көрініс бермеген сиыр малының өзіндік психологиясы суреттеледі.


ОТЫЗ ЖЕТІНШІ ЖЫЛДЫҢ БАЛАЛАРЫ. Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегерi жазушы Тілек Тiлеуханның «Отыз жетiншi жылдың балалары» деп аталатын жаңа кiтабына «Отыз жетiншi жылдың балалары» атты романы және әр кезеңдерде жазылған әңгiмелер топтамасы ендi. Романда әке-шешелерi отыз жетiншi жылы қуғынға ұшырап кеткен үш сәбидiң тағдырларына араша түскен қарт әйелдiң сонау Сiбiрге дейiн балаларын iздеп барған ерлiкке пара-пар iс-қылықтары бейнеленген.
Орысша бiр ауыз сөз бiлмейтiн, қалтасында көк тиын қаржысы жоқ, бұрын-соңды ауыл айналасынан шығып көрмеген қазақ әйелi қайсарлық пен төзiмдiлiктiң керемет үлгiлерiн көрсетедi. Адам тағдыры мен мiнез-құлықтарының әр түрлi қыр-сырын суреттейтiн әңгiмелерде адам өмiрiндегi сан қилы құбылыстардың сыр-сипаттары әңгiмеленедi. Адамның адамдық қасиеттерi уақыттың талабы мен қоғамның өзгерiстерiне қаншама тәуелдi болғанымен, қандай қоғамда, қай уақытта болса да қасиет-құнын жоғалтпайтын асыл құндылықтар екенi шығармада паш етiлелi. Автордың тiлi құнарлы, сөз-сөйлемдерi бейнелi. Кейiпкер табиғатын оқиға арқылы ғана емес, психологиялық барлау, ой- сезiм бiрлестiгiн қабат ұштастыру тәсiлдерiн әсерлi қолдануы арқылы да аша бiлуi – жазушының өзiндiк қолтаңбасын танытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет