КСРО-дан кейін:
ТМД-дан Еуразиялық
одаққа
Геннадий ЧУФРИН,
РҒА Əлемдік экономика жəне
халықаралық қатынастар институтының
бас ғылыми қызметкері,
РҒА мүше-корреспонденті,
экономика ғылымдарының докторы,
профессор
К
еңестік қоғамдағы 1980–1990 жылдардағы ұзақ уақыт
жинақталып шешімін таппаған салмақты экономика-
лық, əлеуметтік, ұлттық жəне саяси қайшылықтар мен
түйінді мəселелердің нəтижесінде «ХХ ғасырдың ірі гео-
саяси апаты» – Кеңестер Одағының ыдырауы орын алды.
Бұрынғы біртұтас державаның территориясында ондаған жаңа
мемлекеттер пайда болып, өз саяси тəуелсіздігін жариялаған күннің
ертеңіне-ақ олардың алдына бұрындары болмаған экономикалық
даму, қоғамның əлеуметтік қажеттіліктерін қамсыздандыру мен сая-
си аласапыранға жол бермеу секілді аса өзекті мəселелер тұрды.
Жаңа өмірге аяқ басар алдындағы бұрынғы кеңестік
республикалардың бастапқы экономикалық жағдайлары барлық
жағынан: шикізаттық ресурстармен қамсыздану, оның ішінде жанармай-
энергетикалық, азық-түліктік база, ұлттық өндіруші өнеркəсіптың даму
жəне сыртқы əлеммен шаруашылық байланыстардың деңгейіне қарай
əр түрлі болды. Сондықтан да, жаңа тəуелсіз елдердің өзара тиімді
жəне өзара қолайлы мемлекеттік байланыстың үлгісінде болу тиімді
еді, өйткені посткеңестік кеңістіктегі мүлдем жаңа саяси жағдайды
мойындаумен қатар, КСРО-ның біртұтас халықшаруашылық кешені
негізінде ұзақ мерзімдік экономикалық өзара ықпалдастық пен өзара
толықтырулар арқылы қол жеткізілген тиімді нəтижелерді сақтауға
(кейіндері дамытуға) мүмкіндік беретін еді.
Өздерінің посткеңестік дамуының алғашқы кезеңінде осы
аталынған қатерлерге жауап ретінде қандай да бір сай келетін жау-
13
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУIПСIЗДIК
ап табу мақсатында бұрынғы кеңестік республикалардың көпшілігі
Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына бірікті. Жаңа жағдайда
өзара біртұтастықты сақтауға бағытталған бұл жүйе өзінің заңдық
қатынастардағы енжарлығына байланысты мақсатына жете алма-
ды. Академик Е.М. Примаковтың пікірінше, ТМД құрылғандығы
туралы келісімге КСРО-ны жою туралы Беловежскі келісімімен бір
күнде (1991 жылдың 8 желтоқсаны) қол қойған – Б. Ельцин, Л. Крав-
чук жəне С. Шушкевич секілді тұлғалар мүлдем басқа мақсаттарды
көздеді, олар «бір жағынан таратудың өркениеттік формасын
қалыптастыру, ал екінші жағынан – 1922 жылғы КСРО-ны құру ту-
ралы Келісімді жоюға қарсылықты алдаңқыратуға, яғни біз КСРО-
ны жəй ғана жойып отырғанымыз жоқ, оның орнына алмастыра-
тын ТМД құрдық деген желеу іздеді» [1]. Сонымен қатар одақтық
мемлекеттің ыдырауынан соң посткеңестік кеңістікте сепаратизм
мен өзара территориялық таластар мəселесі шиеленісіп, бұл өз
кезегінде кейбір кеңестік мемлекеттере, оның ішінде Ресейдің өзінде
де шиеленістер мен ашық қарулы қақтығыстарға жəне соғыстарға
алып келді.
Міне, сондықтан да 1990-шы жылдарда посткеңестік аймақта
кез-келген саяси жəне экономикалық тығыз мемлекетаралық
байланыстарға деген талпыныстар нəтижесіз болды. Мыса-
лы, біртіндеп еркін сауда аймағы, кедендік, төлемдік жəне
валюталық одағын құру мен тауар, қызмет жəне капиталдың ортақ
нарығын қалыптастыруға бағытталған 1993 жылы қол қойылған
Экономикалық одақ құру туралы келісім жүзеге асқан жоқ.
Экономикалық ынтымақтастықтың орталық кеңесін құру
мəселесінде келісімге келе алмады, біртұтас валюта ретінде рубльдің
сақталуы мен ортақ Центробанк құру принциптері туралы Арме-
ния, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдовия, Ресей жəне
Өзбекстан басшылары қол қойған келісім де орындалмады. Əскери
салада ортақ қарулы күштер құру жоспары бойынша келісім жасалма-
ды жəне қарулы күштердің бас қолбасшысы лауазымы жойылды [2].
ТМД-ның нəтижелілігі оның құрылған уақытының өзінде-
ақ аз мөлшерде еді, ал жылдар өткен сайын ол одан да азайып
кетті. Бастапқы кезден-ақ ұлттық деңгейден жоғары өкілеттілігі
болмағандықтан, бұл ұйым қазіргі таңда тек өзара келісім алаңы
қызметін ғана атқарып отыр, оның үстіне жыл өткен сайын оның
мүшелер саны да азайып келеді. Мысалы, Өзбекстан соңғы кездер-
де өзінің ТМД қызметіне жəне де оның бұрындары қызығушылық
танытқан жобаларына деген (мысалы, Еуразиялық экономикалық
14
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУIПСIЗДIК
одақ) қызығушылығының төмендегенін танытып отыр. Түркмения
өзінің ТМД жұмысына қатысуын қауымдастырылған мүше
деңгейінде шектеуін сақтап отырса, Грузия 2008 жылдың тамыз
айындағы Кавказда орын алған жағдайдан соң оның құрамынан
мүлдем шығып кетті. Ал ТМД басқа мүшелеріне келер болсақ,
олардың қабылдаған шешімдері орындалуға міндетті емес шартты
мағынадағы ұсыныстар түрінде болып, ал олардың орындалуын
бақылайтын ешбір тетіктері нақтыланбаған.
Тек жаңа жүзжылдықтың бірінші онжылдығының басына қарай
ғана посткеңестік кеңістіктегі сыртқа тепкіш күштер үдерістері
ішке беттелген немесе ортаға тартқыш бағытына ойысты. Бұрынғы
кеңестік елдер арасындағы экономика, саясат, халықаралық жəне
аймақтық қауіпсіздік салалары бойынша екіжақты байланыстар
қалпына келтіріліп, орныға бастады.
Алғашында бұл үрдіс олардың арасындағы көпжақты формат
түріндегі байланыстардың дамуына қатысты болды, бұл жердегі
маңызды оқиғалар ретінде 2000 жылы құрамына Ресей, Белорус-
сия, Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан (ал 2006–2008 жылдары
Өзбекстан кірген) Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың не-
месе 2003 жылы осы мемлекеттер мен Арменияның қосылуымен
құрылған Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымын атауға
болады. Бұл аталынған ұйымдардың пайда болуы бұрынғы кеңестік
елдер арасындағы екіжақты байланыстардың дамуымен қатар, нақты
көпшақты іскерлік ынтымақтастықтың қалыптасуы мен нығаюы
мəселесінің өзектілігі арта түскенін танытты.
Жаңа тəуелсіз мемлекеттердің көпжақты негізде мемлекетаралық
экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға деген объективті
қажеттілігі бірінші кезекте 2008–2010 жылдардағы жаһандық
дағдарыстың бүлдіргіштік салдарларынан арыла алмаған əлемдік
экономикадағы тұрақсыздықтың сақталуымен жəне де əлемдік
дағдарыстың жаңа толқынының, оның ішінде халықаралық қаржы
саласын қамту мүмкіндігі нəтижесі жағдайындағы ішкі өндіріс пен
экспорттық кірістердің төмендеуі қатеріне ұжымдық күш-жігерді
қарсы қою қажеттілігінен туындап отыр.
Бұл мұқтаждық сонымен қатар еңбекке жарамды тұрғындардың
қоныс аударуы мəселесіне қатысты келісілген саясат ұстану, кейбір
бұрынғы кеңестік елдерде өзінің көршілеріндегі шегіне жеткен
əлеуметтік шиеленістікті төмендетуге көмек көрсету мен оның
салдарларын жоюға қатысты қажеттіліктен туындады. Cу ре-
сурстарына бақылау жəне оларды пайдалану немесе қоршаған
15
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУIПСIЗДIК
ортаның жағдайының нашарлауымен күрес секілді трансшекаралық
мəселелерді шешу барысындағы мемлекетаралық деңгейдегі
ынтымақтастықты нығайту мен қажетті əрекеттерді үйлестіру
қажеттілігі барған сайын өзекті болып келеді.
Сондықтан да, ХХI ғасырдың бірінші онжылдығының соңына
қарай бұрынғы кеңестік территориядағы ортаға тартылу əрекеттері
ІКӨ көрсеткіші барынша жоғары елдер – Ресей, Қазақстан жəне Бе-
лорусь (Украинаны қосқанда) мемлекетерінің бірігуіне алып келді,
бұл өз кезегінде интеграциялық мазмұндағы өзара тиімді көпжақты
экономикалық ынтымақтастықтың нығаюы мен дамуына ықпал
етті. Өз елдерінің экономикалық жағдайына ықпал ететін ішкі
жəне сыртқы факторларға талдау жасаған соң жəне оны түбегейлі
жақсарту мəселесін басшылыққа ала келіп, Ресей, Қазақстан жəне
Белорусь елдерінің басшылары бастапқы кезеңде Кедендік одақ
(КО), артынан – Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК), ал ең
соңында түпкілікті мақсат – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО)
құру туралы шешімге келді.
РФ үкіметінің төрағасы В. Путин жəне Қазақстан мен Белоруссия
президенттері Н. Назарбаев пен А. Лукашенко 2011 жылдың қазан
айында «Известия» газетіне осы үрдістердің барысын талдаулық
пікір үлгісінде сұқбаттар берді. Бағдарламалық мазмұндағы бұл
мақалаларда посткеңестік кеңістіктегі көпдеңгейлі жəне түрлі
бағыттық интеграция бойынша жүріп өткен жолға баға баға беру
ғана емес, сонымен қатар негізгі мақсаты Еуразиялық одақ құру бо-
лып табылатын бұдан кейінгі интеграциялық мақсаттардың негізгі
стратегиялық принциптері де қарастырылған. Мақала авторларының
кейбір мəселелеге қатысты көзқарастарының айырмашылықтарына
қарамастан, олардың КСРО ыдырауынан кейінгі екіонжылдық
бойы бұрынғы кеңестік кеңістікте жүргізіп келген саясат пен ме-
желеу əрекеті арасындағы суайрықтың пайда болуы, жəне де
мүдделі мемлекеттер арасындағы көпдеңгейлік ынтымақтастықты
белсендендіруге аяқ басуға деген талпыныс біріктіреді.
Тиісінше, В. Путин «замамнауи əлемнің полюстерінің бірі болуға
лайықты қауқарлы ұлтаралық құрылым» – Еуразиялық одақты
2015 жылға қарай құру – оған қатысушыларға экономикалық жəне
валюталық саясатты үйлестіруге, толық қанды экономикалық одақ
құруға мүмкіндік береді деген пікір білдірді [3]. Ал Н. Назарбаев
болса, өзінің ТМД мемлекеттері негізінде Еуразиялық одақ құру ту-
ралы пікірін 1994 жылдың наурызында білдіргенін еске сала отырып,
посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық мұраттарға адалдығын та-
16
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУIПСIЗДIК
нытып қана қоймай, сонымен қатар бұл жобаның түрлі аспектілерін
дамыту мен нақтылауды жалғастыруға дайын екендігін білдірді [4].
А. Лукашенко Белоруссия үшін «нағыз табиғи даму жолы ретінде
өзіне жақын көршілермен терең де жемісті» интеграцияға бару
қажеттілігінің мойындалған мəселе екендігі туралы айта келіп,
бұндай интеграияға қосылу 1990 жылдардың бірінші жартысындағы
өткізілген екі референдум барысында халықтың басым көпшілігінің
қолдауына ие болғандығын атап өтті [5].
Ресей, Қазақстан жəне Белоруссия арасындағы тығыз
экономикалық байланыстың қалыптасуының бастамасы 2010 жылы
Кедендік одақ құру арқылы жасалған болатын. Өз кезегінде осы
мақсаттарға қатысты жасалынған мемлекетаралық келісімдердің
жүзеге асырылуы оның мүшелері тарапынан əртүрлі қарқындық
деңгейде жүргізілгендігіне қарамастан, біртіндеп орындала баста-
ды. Бір айта кетерлігі – əрекет ету бағыты белгіленіп жəне нақты
анықталғандығына қарамастан, тəжірибе жүзінде КО кіретін
елдердің мүдделерін барынша қамсыздандыру мен үйлестіру үшін
реттеуші шаралар мен тəртіптерге ұдайы түрде түзетулер енгізіліп
отыру қажет болды.
Белгілі-бір интеграциялық шаралар жүргізу барысында Кедендік
одақтың əрбір мүше-мемлекетіндегі ұлттық кəсіпкерлер мен
тауарөндірушілердің өзіндік ерекшеліктерін зерделі түрде есепке
алу қажет болды. Сонымен қатар ұлттық экономикадағы өзгерістер
де өз кезегінде тұтынушы тауарлар мен қызметтердің құнына ықпал
ететіндігін де зерделенген түрде есепке алынуы керек еді. Өйткені,
бұлай істемеген жағдайда КО елдеріндегі ұлттық өнеркəсіптің да-
муы тежеліп, инфляцияның дамуына ықпал етумен қатар, таза
экономикалық салағы қатысты басқа да апаттық салдарлардың пайда
болуы мен əлеуметтік-саяси шиеленістікке де алып келуі мүмкін еді.
Басқаша айтқанда, посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық
үрдістің жүріп жатқанына қарамастан, интеграцияқ өзгерістер ал-
дында тұрған қиындықтарды жəне де Кедендік одақтың мүше-
мемлекеттері жолығатын қатерлерді есепке алып, бағаламау үлкен
қателік болар еді. Сонымен қатар Кедендік одаққа деген қатынас
құрылтайшы-елдерде түрлі көзқарасқа ие. Кедендік одақтың
жетістіктері мен кемшіліктері туралы талас оның ресми түрде жұмыс
істей бастағанына қарамастан тоқтамай келеді. Оның мақсаттылығы
мен өміршеңдігі туралы түрлі саяси күштер мен ағымдардың,
академиялық орта мен іскерлік топтардың өкілдері өз пікірлерін
білдірді жəне де білдіріп келеді. Кедендік одақтың құрылуы тура-
17
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУIПСIЗДIК
лы сын пікірлер шетелдер тарапынан, оның ішінде АҚШ пен ЕО
елдерінен де айтылды. Бұл жердегі ең қисынсыз мəселе ретінде сын-
шылдар бұл одақтың құрылуы оның мүшелерінің мүддесіне жауап
берудің орнына, олардың өзіндік қызығушылықтары арасындағы
қайшылықтарды туындатады деген пікірді келтіруге болады.
Кедендік одақты сынаушылардың мысалдарына зерделі жəне ала-
ламай назар аударатын болсақ, олардың пікірлері арасында баса на-
зар салуды жəне шешімін табуды талап ететін маңызды мəселелердің
орын алып отырғандығын мойындауымыз қажет. Бірақ та, КО
қатысты барлық қарсы пікірлермен келісуге болмайды.
Кедендік одаққа қатысты айтылған қарсылықтар мен
наразылықтарды талдай отырып, оларды келесідей негізгі
категорияларға топтауға болады.
Айтылған ескертпелердің ішіндегі барынша салмақтыларының
қатарына біріншіден, посткеңестік елдердің өзара іскерлік байла-
ныстарын қолдауға (əрине, кеңейтуге де) ешқандай экономикалық
қызығушылықтың жоқтығы туралы пікірді жатқызамыз. Бұл пікірді
ұстанушылар өз ойларын просткеңестік кезеңдегі ТМД елдерінің
өзара сауда-экономикалық жəне инвестициялық байланыстары
көлемінің айтарлықтай төмендегені байқалғандығы мен олардың
сыртқы сауда айналымындағы үлес салмағының кемуімен негіздейді.
Бірақ та, олар бұрынғы кеңестік республикалардың (қазіргі
тəуелсіз елдер) шаруашылық байланыстарының біршама ұзақ
тарихы бар екендігін, яғни олардың бірнеше ондаған жылдар
бойы біртұтас халықшаруашылық кешен аясында жемісті жұмыс
істегендігі фактісін елемей отыр. Еуропалық одаққа кіретін ел-
дерден бір айырмашылығы посткеңестік мемлекеттерге өзара
шаруашылық байланыстарды қалыптастырудың қажеті жоқ,
тек оны қайта қалпына келтіру керек еді. Өйткені олардың 1990
жылдардағы қиратылуға ұшырауына Кеңестер Одағының ыдырау-
ына ұлттық республикалардың қарқынды саяси егеменділігі ықпал
етті, ал бұл өзара шаруашылықтық мүдделердің жоқтығын немесе
жойылғандығын білдірмейді.
Тіпті де, соңғы жиырма жылдық тəжірибе көрсетіп отырғанындай,
өзара шаруашылықтық байланыстардың айтарлықтай қиратылуы
нəтижесінде ұлттық экономикаға барынша зиян келтірілген, яғни,
барлық посткеңестік елдердегі ұлттық өнеркəсіптің алдыңғы қатарлы
салаларының жойылуына алып келген үрдіс болған. Нəтижесінде
олар, оның ішінде Ресей де бар, əлемдік экономиканың перифериясы-
на айналудың қайтарымсыз келешегіне аяқ басқан еді. Ал ұлттық эко-
18
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУIПСIЗДIК
номиканы дағдарыстан шығару, оны құрылымдық жағынан қайта құру
мен жаңғырту, экономикалық жəне технологиялық прогрестің траек-
ториясына өз күшімен шығу немесе бұл мақсаттар үшін шетелдік ин-
вестицияларды тарту арқылы жүзеге асыру көп жағдайда тек бұлдыр
үміт күйінде қалды. Осындай жағдайда бұрындары болған өзара
өнеркəсіптік, технологиялық, сауда жəне басқа да шарушылықтық
байланыстарды жаһандық қатерлерге қарсы қолданудың тиімді
формасы ретінде белгі-бір үлгіде қайта қалпына келтіруге деген
қызығушылықтың қайта туындауы заңды мəселе болып саналады.
Бұл құбылыс бұрынғы кеңестік республикалардың (оның
ішінде Ресей де бар) барлығына да тəн. Олардың барлығы
посткеңестік елдердің нарығына деген қолжетімділікті жəне оны
кеңейтуді, олармен өнеркəсіптік кооперацияны жүргізу, жəне де
басқа елдердің аумағында өндірілетін энергошикізаттық жəне
ауылшаруашылықтық ресурстар есебінен өзінің өсу үстіндегі
қажеттіліктерін қамсыздандыруға деген қажеттілікті сезіне бастады.
Өзара экономикалық қызығушылықтың үдерісін 2000–2008
жылдардағы Ресейдің ТМД елдерімен арадағы өзара тауар айна-
лымы құндылық көрсеткіші бойынша 4,2 есе артып, 25 327-ден
106 263 млн долларға жеткен. Ал жаһандық қаржы-экономикалық
дағдарыстың ықпалына байланысты 2009 жылы бұл көрсеткіш
біршама (36%) төмендесе, 2010 жылы Ресейдің ТМД елдерімен
арадағы сауда көлемі бұрынғы деңгейіне қайта көтерілді.
Федералды кеден қызметінің мəліметтеріне сəйкес 2011 жылдың
бірінші жартысындағы Ресейдің ЕурАзЭҚ-қа кіретін елдермен
сыртқы сауда айналымы 38,6%, ал Кеден одағына кіретін елдер-
мен айналымы — 41,3%, яғни РФ басқа шетелдік елдермен сауда
айналымының өсіміне сай 2,7 жəне 5,2 пайызға басып озған [6].
Ресей
Өнеркəсіп
жəне
сауда
министрілігің
басшысы
В. Христенконың пікірінше, Кедендік одақтың құрылуы оның
мүшелері арасындағы тауар айналымының өсіміне айтарлықтай
ықпал етті. Ол 2011 жылдың 19 қазанында Петербор қаласында
өткен Кеден одағының үкімет басшылары деңгейіндегі жоғары ор-
ганы мен ЕурАзЭҚ-тың Мемаркеңес отырысында: «2011 жылдың
қорытындысы бойынша үш мемлекет өзара тауар айналымының
100, тіпті 110 млрд доллар көлеміне еркін шығады. Бұл ауқымды
көрсеткіш» – деп атап өтті [7]
Айтылған ойды жинақтай келе, ТМД елдерінің өзара тау-
ар айналымының көлемінің айтарлықтай өсім көрсетуі негізінен
бұрындары болған сауда, өнеркəсіптік, технологиялық жəне басқа
19
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУIПСIЗДIК
да іскерлік байланыстарды қалпына келтіру нəтижесінде орын
алғандығын атап өту қажет. Бұл əсіресе көршілес орналасқан об-
лыстар мен аймақтардағы тауар өндірушілердің шекаралық жəне
аймақаралық саудасы негізінде жүргендігін, ал Кеден одағы
мəселесінде бұған ұйымға мүше елдердің өзара жасасқан келісімдері
барынша қолайлы жағдай жасағандығы белгілі.
Екіншіден, КО қарсыластары оның мүшелерінің мүдделеріндегі
жеке жəне жалпы мəселелер бойынша, белгілі-бір тауарлар немесе
тауар топтары бойынша саудаға байланысты, жəне де шаруашылық
жүргізудің нақты бір саласындағы, мысалы жанармай-энергетикалық
саладағы ынтымақтастық мəселелері бойынша айтарлықтай
айырмашылықтардың болуына назар аудартады.
Өкінішке орай, шындығында да бұрындары айтылып жəне жа-
зылып жүргеніндей Кедендік одақ өзінің əрекет ете бастаған
кезінен бастап-ақ əртүрлі ұлттық жəне топтық мүдделерге қатысты
көтерілген айтарлықтай салмақты мəселелерге келіп тірелді. Бұл
мəселелер негізінен Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жиырма жыл
ішінде оған кірген ұлттық республикалардың егемендік жылдарында
бір-бірінен барынша алшақтап кеткендігінен туындап отыр. Оларда
өзіндік мүдделері бар шаруашылықтық топтар қалыптасып үлгерді,
ал олардың мүдделері кейбір жағдайларда ұлттық мүддемен сəйкес
келмейтін еді. Мысалы, олар көп жағдайларда бұрынғы кеңестік рес-
публикалармен интеграциялық байланыстарды дамытуды өздері
үшін басымдық деп санамайтын (санамайды да), өйткені олардың
назары көп жағдайда басқа мемлекеттерге, мысалы, Еуропалық
одаққа бағытталған.
Жоғарыда аталынған ұлттық қайшылықтарды жəне осы уақытқа
дейін қалыптасып қойған топтық шаруашылықтық мүдделердегі
қайшылықтарды жою – өте күрделі мəселе, бұл сұрақтың шешімін
шығаруда асығыстық жасауға болмайды жəне де оны өз бетінше де
жіберу де дұрыс емес.
Сондықтан да оның мүшелері арасындағы ұстанымдардың
өзара тиімді түрде үйлестілуіне жəне барынша тиімді шешімдер
табуға қол жеткізу маңызды, бірақ та, асығыстық жасап, бірнеше
кезеңдерден атап өтуге немесе насихаттық нəтижелерге жету үшін
нақты қортындыларға зиян келтіруге болмайды.
Кедендік одақтың əрекет етуінің алғашқы кезеңі көрсетіп
отырғанындай, шаруашылықтық өзара əрекеттестіктің тиімді
түрлерін іздестіру мен өзара қолайлы ымыраға келуге мүше-
мемлекетер дайын.
20
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУIПСIЗДIК
Үшіншіден, Кедендік одаққа қатысты келесі наразылықтардың
бірі – оның құрылуы одақ мүшелерінің ДСҰ кіру жолындағы
айтарлықтай күрделі кедергілердің біріне айналады деген мəселемен
қорытындыланады.
Бірақ, Ресей ДСҰ-ға кіру туралы өз өтінішін 1993 жылы бергендігі
белгілі, ол кезде Ресей, Қазақстан жəне Белоруссия арасындағы
қазіргі Кедендік одақ туралы сөз жоқ еді. Соған қарамастан Ресейдің
ДСҰ-ға кіруі сол кезде де, одан кейінгі 18 жыл ішінде де жүзеге аспа-
ды. Тіпті де, АҚШ пен басқа да батыстық мемлекеттердің Мəскеудің
ДСҰ-ға кіруіне қатысты ізгі мəлімдемелеріне қарамастан, олардың
тарапынан экономикалық жеңілдіктер сұраған түрлі жаңа талаптар
түсіп отырды. Ал Грузия болса Ресейдің ДСҰ-ға кіруі мəселесіне
мүлдем шектеу қойып, бұл мəселе Грузияның Абхазия мен Оңтүстік
Осетия шекарасының кедендік дəрегейі қайта қаралған жағдайда ғана
шешімін табатындығын жариялады. Бірақ, жаһандық дағдарыстың
екінші толқынының жақындай түсуі батыс елдерінің ресей
нарығына деген қызығушылықтарын арттырып, Ресейдің ДСҰ-ға
кіруі мəселесіндегі қысымдарының бəсеңдеуіне алып келді. Соны-
мен бірге олар 2011 жылдың қарашасында Грузияның Абхазия мен
Оңтүстік Осетия шекарасындағы кедендік бақылау мен мониторинг
мəселесінде де ымыраға келуге қол жеткізіп, Тблисидің Мəскеуді
ДСҰ-ның мүшесі ретінде көргісі келмеген негізгі себептердің бірін
жойды. Нəтижесінде Ресей Федерациясы жақын уақыттарда ДСҰ
мүшелігіне қабылдануы мүмкін. Жалпы, бұл мəселе Ресей, Белорус-
сия жəне Қазақстан арасындағы Кедендік одаққа ешқандай қатысы
жоқ.
Сонымен
бірге
Кедендік
одақтың
қарсыластырының
аргументтерінде біршама мекерлік те бар, өйткені Ресей де,
Қазақстан да, Белоруссия да бастапқы кезден-ақ ДСҰ мүше болуға
талпыныстарын ашық түрде жариялаған болатын. Осыған қатысты
В. Путин, «Кедендік одақтың ішкі кедергілерін алу арқылы біз КО
сыртқы шекарасында еңсерілмейтін кедергілердің пайда болуына
ешбір жағдайда жол бермейміз. Керісінше, негізгі мақсат ретінде
біздің елдердің мүмкіндіктерін біріктіру арқылы олардың жаһандық
экономикаға барынша тиімді жəне үйлесімді кірігуін қарастырамыз,
қайталап айтамын, негізгі мақсат – жаһандық экономикадан таса-
лану емес, экономикаға кірігу» болып табылады деп мəлімдеді [8].
Сондықтан да, КО мүше-мемлекеттері бастапқы кезден-ақ Кедендік
одақ (кейін Біртұтас экономикалық кеңістік) ДСҰ қағидалары мен
ұстанымдары негізінде құрылатындығы туралы келісімге келді.
21
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУIПСIЗДIК
Алдағы жылдарда Кедендік одақтың жұмыс істеуі, ал арты-
нан БЭК əрекет етуі барысында туындайтын жəне қазірдің өзінде
бар қиындықтар мен көптеген мəселелерді жоққа шығару не-
месе оны кемітіп көрсету аңғалдық, тіпті өзімізге өзіміз зиян
келтірушілік болып саналады. Осыны мойындай отырып, негізгі
мəселе ретінде мынаны түсіну қажет – одақтық мемлекеттің ыды-
рауынан кейінгі 20 жылдан соң посткеңестік кеңістікте тығыз
мемлекетаралық ынтымақтастық қатынастарды қалыптастырудың
қолайлы алғышарттарының пайда болғандығын, ал оның негізінде
экономикалық интеграциялық үрдістер мен сонымен байланысты
жобалардың тұрғандығын, соның бірі – Еуразиялық одақ болуы
мүмкіндігін атап өтуіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |