ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Ларин М.В. Теория и практика информационного менеджмента
в управленческих структурах рыночной экономики. Научный до-
клад. – М.: ВНИИДАД, 1995. – 160 с.
2. Ларин М. Нормативно-методические основы работы с электрон-
ными документами в архивах России // Қазақстан мұрағаттары.
– 2007. – №2(4). – С. 116–119.
3. Ларин М.В. Научная деятельность института // Отечественные
архивы. – 1996. – №1. – С. 16–27.
4. Сокова А.Н. Перспективы развития документоведения и доку-
ментационного обеспечения управления: теория и практика //
Вестник архивиста. – 1997. – №3(39). – С. 69–73.
79
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Таң дəуіріндегі
поэзияның даму тарихы
Əлия АНИПИНА,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
қытайтану кафедрасының магистранты
Т
аң дəуірі – Қытай мемлекетіндегі феодалды қоғамның
гүлденген кезеңі болып саналады. Таң өлеңдері
классикалық өлеңдердің ең жоғарғы жетістігі, келесі
ұрпаққа мол қазына қалдырған шығармалар жиынтығы.
Таң өлеңдері көлемі жағынан мол, ақындары да
көп, «Барлық Таң өлеңдеріне» 50 000-нан аса өлеңдер топтамасы,
3600-ден аса ақындар енген. «Əулие ақын» – Ли Бай (李白), «Ұлы
ақын» – Ду Фу(杜甫), танымал ақын – Бай Цзюй и(白居易), басқа
да атақты ақындар: Мэн Хаужан(孟浩然), Ван Вей(王维), Гау
Шы(高适), Ван Чан лин(王昌龄), Хан Юй(韩愈), Ли Цзя(李贺),
Ли Шанвэн(李商隐), Ду Му(杜牧), Лю Үйси(刘禹锡)сияқты
ақындар керемет туындылары арқасында кейінгі ұрпақтың құрметіне
ие болды.[1, 1 б.].
Таң дəуіріндегі шығармалар тақырыбы алуан түрлі болды, мы-
салы, сол кездегі пайда болған мемлекеттік мəселелерді көтерді,
қоғамдық жағдай, ұлттар арасындағы қалыптасқан дəстүр, əрбір тап,
əрбір топ жəне ұлттың өмірі мен орын алған көтерілістері, əдебиет
тақырыптары: шекаралық бекініс, тау мен су, ауыл, тарих туралы
өлеңдер, жануарлар жайлы, романтика жайлы жазылды.
Таң өлеңдерінің көрінісі – бояуы терең, стилі жан-жақты. Кейде
баяндауы керемет, кейде лирикасы жеңеді, кейде таза суда лотос пай-
да болады, бір-бірінен бөлінбейді, кейде керемет – Қытайдың көне
өлеңдеріндегі əдіс пен өлең стилінің бай жинағы болып саналады.
Таң өлеңдерінің поэтикасы бай. Классикалық өлеңдердің
арасындағы барлық жанрды Таң өлеңдерінен табуға болады. Тек
қана алдағы дəуірдің төрт сөзді өлеңін, бес сөзді классикалық өлең
стилін сақтап қана қоймай, сонымен қатар бес, жеті сөзді шалыс
ұйқасты өлең, ұзын бес жəне жеті иероглифтен тұратын шалыс
80
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
ұйқасты өлең, төрт жолды өлең құрды, сонымен қатар жеті өлең
шумағының стилі ұзарды. Кейбір ақындар ірі көлемді немесе ұзын
өлеңдер жазды. Таң өлеңдерінің жарқыраған жетістігі – бұрын
бұндай дəрежеде болып көрмеген еді. Бұл келесі ұрпаққа өте қатты
əсерін тигізді.
Таң өлеңдерінің дамуы мен толығуы өте ұзақ уақытты қажет етті.
Таң өлеңін зерттеушілер Таң өлеңдерінің даму уақытын əртүрлі
кезеңге бөледі, солардың арасында «Төрт Таңға» бөлінгендігін
көпшілігі қолдады. «Төрт Таң» дегеніміз: алғашқы Таң, гүлденген
Таң, орта Таң, кейіңгі Таң деп төрт кезеңге бөлінуі. Бұны Жуо Яню
(宋严羽) «Цан Лан (沧浪) өлеңдері» жинағында айтып кеткен. Оның
айтуынша: уақыт жағынан алсақ, тек алғашқы Таң стилі, гүлденген
Таң стилі, Да Лити, Юан Хэти, кейіңгі Таң стилі бар. Мин Гаобин
(明高棅) «Таң өлеңдерінің топтамасында» негізінен Да Ли мен Юан
Хэ екі кезеңін біріктіріп Орталық Таң деп айтады, қысқарта айтсақ,
тек алғашқы Таң, гүлденген Таң, орталық Таң, кейіңгі Таң деп бөлу
керек. [2,16-20 c.]
Осыдан кейін, «Төрт Таң» кезеңі əдебиет тарихында қолданысқа
ие болып кетті. Осы «Төрт Таң» кезеңіне қысқаша шолу жасайық:
1) Алғашқы Таң кезеңі (618–712 жж.).
Бұл Қытай халқындағы классикалық өлеңінің даму кезеңі,
Таң өлеңдерінің дамуға аяқ басқан кезеңі. Алғашқы Таң өлеңдері
– Чи Лиаң (齐梁) өлеңдерінің бəдік əуендерінің гүлденген Таң
өлеңдеріндегі тура темпераментке өту жолы. Ол бір жағынан
тиянақты түрде Чи Лиаң (齐梁) өлеңінің жаман əдетінен айықты,
бір жағынан Чи Лиаң (齐梁) өлеңімен өте тығыз байланыста бол-
ды. Ішіндегі керемет шығармалар Чи Лиаң (齐梁) өлеңдерінің жеңіл
мазмұнын қабылдамады, қиын формасы секілді зиянды əдеттің
əсерін де қабылдамады, керісінше Чи Лиаңнің теориясы мен прак-
тикасын дамытты, жаңа сыртқы бейне жасады.
Алғашқы Таңның алғашқы кезеңіндегі өлеңдер толығымен
Оңтүстік династияның өлең жолымен жүрді. «Чжэн Гуан (贞观)
саясатының» 20 жылында поэзияда ең танымал болған ақындар:
шенеулік – 魏征, монарх – Ли Шімин (李世民) жəне патшаның
қамқорлығы арқасында кездейсоқ өкімет басына келген адам – Шан
Гуани (上官仪), 魏征-дің өлеңдерінің көбісі сенім жайлы жаз-
ды, бірақ таланттары жетіспеді. Ли Шіминнің (李世民) өлеңдері
көбінесе жеке тұлғаның мемлекетті құрып жатқандығы, жасаған
үлкен үлесі жайлы жазды, бірақ образы түсініксіз. Шан Гуанидің
(上官仪)
өлеңдері сарайға қатысты, Чи Лиаң өлеңдерінің əдетін
81
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
сақтады, формаға басты назар аударды, өлең сөздерінің бірігуінде
«6 жұп», «8 жұп» көзқарасын көрсетті, өз уақытында мықты дамы-
ды, «Шан Гуани (上官仪) стилі» деген стиль пайда болды. Соны-
мен қатар шыққан ақын Ван Вей (王绩) керісінше негізгі тақырып
етіп ауыл жағдайын алды, өлеңінің стилі қарапайым əрі ерекше бол-
ды, буддалық сопы Ван Фанчжи (王梵志) будда жайлы көптеген
өлеңдер жазды, қоғамды мазақ етті, сонымен бірге ұлттар өмірі жай-
лы да жазды, тілі өте қарапайым болды.
Алғашқы Таң дəуірінің кейіңгі кезеңіндегі өлеңдер едəуір
өзгеріске ұшырады. Шан Гуанимен (上官仪) қатар біраз
кейініректе « Төрт алып» пайда болды: Ван Бо (王勃), Ян Чион
(杨炯), Лу Чжаолин (卢 照邻), Луо Бин ван (骆宾王). Бұлардың
өлеңдері «Шан Гуан (上官)» стилімен байланысты емес еді,
тақырыбы кеңейді, мазмұны тереңдеді. Сарай көшелерінде та-
ралды, императордың жақсы істері өлеңге қосылды, өмірдегі
ұсақ-түйек істер үлкейтіліп берілді, зиялы өкілдердің талпы-
нысы жырланды, қарапайым халықтың көрген қиындығы мен
қоғамның зиянды іс–əрекеттері суреттелді. Форма жағынан Ван
(王),Ян (杨) бес сөзді сегіз жолды шалыс ұйқасты өлеңіне де-
меу берді, Лу (卢) жəне Луоның (骆) жеті сөзді өлеңдерінің
шумақтары керемет ұйқасты, бұрын болмаған характер иеленді.
Бірақ «Төрт алып» Чи Лиаң стилінің əсерін де иеленді, олардың
деңгейі мен шығармашылығы өлең əлеміндегі стильдің үндеуіне
өзгерту енгізулері қиынға соқты. Кейінірек Чэн Цзыан (陈子昂)
соғыстан кейінгі уақытта өз талантын көрсетті, Чи Лиаң стилін сы-
нады, өлең дегеніміз – тұрақтылық, қызығушылық, фонологияның
бірігуінен туады деді, адамды өзгеше ортаға енгізетін өлеңдер
жазды, сол замандағы өлең əлемінінің жаңалық ашушысы болды,
келесі ұрпаққа үлкен əсер қалдырып кетті. Чэн Цзианмен (陈子昂)
бірге сол замандағы сарай тақырыбынан басқа 沈佺期, 宋之问
өлеңдерінде өздерінің оңтүстік тəжірибесін төмендететін өлеңдер
жазған, Таң дəуірінің ерте кезіндегі өлеңдер оңтүстік мемлекеттегі
табиғат көрінісін, əдебі жайлы жазды. «沈宋»-дардың негізгі елеулі
еңбектері – өз шығармаларының тəжірибесінде шалыс ұйқасты
өлеңнің қалыптасуын енгізді. Солармен қатар уақытта өмір
сүрген өлең əлемінде тағы да « Мақалалас төрт дос» (Ду Шэнян
(杜审言),
Цуй Жоң (崔融),Ли Чяо (李峤),Су Вэйдао (苏味道)
жəне Лю Сии (刘希夷), Чжан Жуосю (张若虚). «Төрт Достың»
шығармалары сарай тақырыбы айналасында өрбіді, ішінде Ду
Шэняннің (杜审言) шығармалары жақсырақ болды, бес сөзді сегіз
82
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
жолды өлеңдер көлемі бойынша көп болды. 刘,张 ұзын өлеңдер
жазумен атақтары шықты. [3, 10–14 б.]
Алғашқы кезеңнен білетініміз: алғашқы Таң ақындары негізінен
екі салада: біріншісі, сарай шенеуліктерінен құралған ақындар,
оларға Вэй Чжэн (魏征),Ли Шімин (李世民),Шан Гуани (上宫仪),
«мақалалас төрт дос» Нон Чуанчи (沈佺期), Жон Чжівэн (宋之问);
келесі бір саласы: төменгі сатыдағылар орталығы – оларға негізінен
«Төрт алып» Чэн Цзыан (陈子昂), Лю Сиай (刘希夷),Чжан Жуосю
(张若虚) кіреді. Бұлардан басқа бірнеше тақуа мен буддистік монах-
тар да бар, негізінен бұл топқа Ван Вей (王维),Ван ФанЧжі (王梵志)
кіреді. Осы үш топ ақындарының ішінде табысқа жеткен, келесі
ұрпаққа мол мұра қалдырған – Чэн Чжыан (陈子昂) болды.
Гүлденген Таң дəуірі (713–770 жж.).
Бұл – Таң дəуірі өлеңдерінің дамудың ең биік шыңында тұрған
кезеңі, əртүрлі тақырыпта өлеңдер жазылды, жүздеген гүлдер
бүршік жарған дəуір болды. Гүлденген Таң дəуіріндегі өлеңдер
Таң дəуірінің гүлденген кезеңін толықтай бейнелеп көрсетті,
адамдардың қоғамның тыныштығына деген, мемлекеттің байлығы
мен ұлылығына деген мақтанышы жырланды, əр адамның
мемлекеттің көркеюіне деген ризашылығы, отанының керемет, көз
жауын алар табиғатына деген мақтанышы, сонымен қатар көптеген
əділетсіз қоғамдық жағдайларды да жырланды (мысалы, кедей мен
бай айырмашылығы, соғыстың əкелген зардаптары, жағымпаздану
мен жақсаттану арқылы билік басына келу жəне т.б.), сол кездегі
болып жатқан келіспеушіліктерді жыр ғып көрсетті, сонымен
ұлттар арасындағы келіспеушіліктер мен билік жүргізуші таптар
ішіндегі келіспеушіліктерді де жариялап отырды; барлық жақтан
сол кезеңнің жағдайын көрсетіп отырды, əр қоғамдағы кейіпкердің
қабілетін баяндады, «Гүлденген Таң дəуірінің» үнін құрды, сол
кезеңнің белсенді рухын көрсетті, бұлардың бəрі гүлденген Таң
дəуіріне деген берілген баға. Өлең рухы қарапайым, мағынасы бай,
стилі толық, характері əр алуан – бұл гүлденген Таң дəуіріне деген
бағаның келесі бір маңызды жағы.
Шығармашылық құрамы жағынан алып қарасақ, Гүлденген Таң
дəуірінде алып тұлғалар көп болды. «Таң өлеңдер жинағына» Ли Бай,
Ду Фу, Мэн Хаужан, Ван Вей, Гау Шы, Чан Цзиян сияқты ұлы тұлғалар,
атақты ақындар «Гүлденген Таңды одан əрі гүлдендірді». Негізінде,
бұл ақындардың барлығы өзінше ерекше тұлғалар болып саналады.
Осындай тамаша өлең əлеміндегі жұлдыздар – гүлденген кезеңде жəне
əлсіреген кезеңде пайда болады, бұл бұрын-соңды болмаған жайт еді.
83
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Гүлденген Таң ақындарының алып тұлғасы – Ли Бай мен Ду Фу
еді. Олардың шығармалары бейбітшілік пен гүлдену кезеңіндегі
өлеңдер болды, жəне де қоғамға деген зиянкершіліктің өршіп
тұрған кезінде, мемлекетті, халықты ойлаған толғаныстарын
өлең арқылы берді. Ли Бай көбінесе əр адамның ішкі өмірін,
отанының керемет табиғатына деген сүйіспеншілігін жырлады,
сиқырлы қадамдар жасады, сөйтіп «əулие, пір» деген атаққа ие
болды, Ду Фу қоғамның тыныштығы мен аласапыран кезінен
кейінгі жағдайларды баяндады, сол кездегі қоғам тарихында –
айна іспеттес болды, «Ұлы ақын» деген атаққа ие болды, өлеңдері
үлкен серпіліспен таралды, Ду Фу шығармалары тез таралмады,
əрқайсысының өзіндік табыстары да болды, əрқайсысы өзіндік
ерекшелік иеленді. Бұл екеуі Таң өлеңдерінің тарихында «Қос
жұлдыз» деген атаққа ие болды.
Бұл дəуірде атақты жерлер, көлдер өлеңге қосылды, шекаралық
бекініс те өлеңге қосылды. Алғашқылар: Ван Вей, Мэн Хаожан, Чу
Гуандай ақындар жəне Сие Луин, Тао Юанмин атақты жерлер жай-
лы жазған дəстүрді жалғастырып дамытты, өлеңдерінде табиғаттың
əдемі жерлері тек қана сəйкес келу жағынан емес, сонымен қатар
«керемет ұқсастық» жасады. Ішінде Ван Вейдің жетістігі ерекше,
шығармалары сурет секілді делінген. Кейіңгі ақындар оның жолын
жалғастырып дамытты, олардың шекаралық бекініс, соғыс кезі жай-
лы жазған дəстүрін жалғастырды. Барлық жағынан «шекаралық
бекініс» тақырыбы өлеңде соғысып жатқан жауынгер арқылы
бейнеленіп, сол кезеңнің ерекше рухын көрсетті. Сонымен қатар,
соғысып жатқан ер, сағынып отырған əйелдің тыныш өмір жайлы
үміттері жырланды, сонымен бірге шекаралық бекіністің табиғаты
ерекше суреттелді, оқырманның қоршаған орта туралы түсінігі мо-
лайды.
Қорыта айтсақ, бұл кезеңде басқа да көптеген ақын деген атқа
лайықты адамдар бар. Мысалы, (екі 张» – 张说, 张九龄), Таң
дəуірінің алғашқы гүлденген кезеңінде канцлер болған ақындар,
олардың кейбір шығармаларының мазмұны бай, рухы таза, ұйқасы
қызықты, адамдарға қамқорлық жасайды, кейіңгі ұрпақтың
жауапкершілігін көрсетті, алғашқы гүлденген Таң кезеңінің арьер-
гарды болды, гүлденген Таң кезеңінің жол бастаушысы болды. Тағы
да « үш 王», яғни (王 翰,王湾,王之涣), «екі 崔» (崔 题,崔国
辅)
, «бір 贺» (贺知章) жəне т.б. барлығы да атақты тұлғалар, ал
Юань Цзие (元结),Гу Куанцзы (顾况则) Орта Таң дəуірінде пайда
болды.
84
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Сонымен, көптеген жетістіктерге жеткен ақындар осы кезеңде
пайда болып қалыптасты, олардың өлеңдері əртүрлі, барлығы бірігіп
өлең тарихына сирек кездесетін жетістік əкелді.
Гүлденген Таң өлеңдерінің стилі де əртүрлі болды. Гу Ти өлеңдері
(юэфу, гэсин) жақсы дамыды, шалыс ұйқасты өлеңдер өз шыңына
жетті, ұзын бес сөзді жеті сөзден тұратын өлеңдер маңызды форма
иеленді.
Орта Таң дəуірі (771–835 жж.).
Бұл – Таң дəуірі өлеңдерінің орташа гүлдену кезеңі, қайтадан
көркейген кезеңі. Бұл кезеңнің алғашқы жартысында, мемлекеттегі
көтерілістерден кейін адамдардың өмірге деген құштарлығы сөнген
еді. Тəуелді бола тұра билік басына келген билік жүргізу, əтектер
хұқығының болуы, сыбайластардың бір-бірімен соғысуы – бұл
үш үлкен қоғамның ескі ауруы еді, бұған тағы басынан аяқ сая-
си құлдырау да қосылды. Көп көлемде көпті көрген адамдар (не-
месе алыстан байқайтын адамдар) тынышсызданды, көптеген зи-
ялы өкілдер мемлекеттің алдыға қарай дамығанын көре алмады,
көп ақындар қапаланғаннан не істерлерін білмеді, көңіл-күйлері
түсіп кетті. Өлең əлемінде де депрессия орын алды, Ли Бай, Ду Фу
өлеңдерінен кейін олардың орнын басатын адам болмады. Тек аз
ғана гүлденген Таң дəуірінің ерекшелігін жырлаған шығармалардан
басқа, көптеген шығармалар қайғыны суреттеді, бірақ ішкі мазмұны
ұшқары, шалаңғырт, метеорологиялық құбылыстары əлсіз, ақынның
барлық ойын формаға яғни сыртқы келбетке аудырды, негізінде
өте əлсіз болды.刘张гүлденген Таң дəуіріндегі «王孟»-ның əсерін
иеленді, өздігінен табиғат пейзажы жайлы жазды, жанры аралас
болды, «бес сөзді қытай қорғанын» мақтады, бірақ тілдік мағынасы
мен құрылыс формасы бірдей, Вей Ину (韦应物) көбінесе саяси
мысал жазды жəне табиғат жайлы жазды, гүлденген Таң дəуірінде «
王孟
»-нан кейін, пайда болған ақын, бірақ «王孟» мен салыстыруға
келмейді. Бұл кезеңде тарихта ақындардан «Он таланттылар»
жарыққа шықты. Олардың шығармаларында қоғамдағы жайлар мен
табиғат жырланды, арасында қоғамдық өмір көрінісі ұшқарылау
болды, əрине гүлденген Таң дəуіріне жетпеді. Яо Чжэ (要之),Чиан
Чи (钱起),Лу Люн (卢纶),Ли И (李益) осы дəуірдегі өте таны-
мал ақындар.
Таң дəуірінің екінші жартысында, династия саясатының реформа-
сы басталды, мемлекетте 中光 жағдайы қалыптасты, өлең əлемінде
де жандану кезеңі болды. Гүлденген Таң дəуіріндегі 李, 杜-дан
кейін жаңа жол салған жаңа өлең бағыты басталды, яғни Хан Юй
85
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
(韩愈),孟郊
(Мэн Цзяо) бастаған Чи Сиян (奇险) өлең бағыты
жəне Бай Цзюйи (白居易), Юань Чжэн (元稹) бастаған танымал
əндер бағыты. Хан Юй(韩愈), Ли Бай (李白) мен Ду Фу (杜甫)
əсері болды, өлең арқылы өзінің бүкіл өмір тарихын жəне шынайы
өмірге деген сезімдерін жырлады, терең əрі жан-жақты өзінің зерек
қабілеттіліктерін жазды, өлең стилі қарапайым Чи Сиян (奇险), ол
Таң дəуіріндегі өлең стилін өзгерткен ақын, тағы да Чи Сиян (奇险)
өлең бағытында жазған негізгі ақындары 孟郊 (Мэн Цзяо), 卢仝 Лу
Тон, Ли Цзя (李贺) жəне т.б. ішінде ден қойып қауіптен қашыру, жа-
залаудан қашыру жағынан ерекше көзге түсті. Бай Цзюйи (白居易)
конфуцишілдік мектеп Шы Цзяуды «诗教» басқарды, Ду Фудың
реалистік дəстүрін жалғастырды, «жаңа юэфу» өлеңін жазуды
қолдады, өлең арқылы қоғамның реалистік өміріне араласты, өлеңді
түсінікті тілде жазды. Танымал өлең жазған ақындар қатарына тағы да
Юань Чжэн (元稹), Ли Шэн (李绅), Чжан Цзи (张籍), Ван Цзян (
王建)
енді. Олар бірігіп орта Таң дəуірі өлеңдерінің жаңа құрылысын
құрды, орта Таң дəуірі өлеңдері гүлденген Таң дəуірінен кем түспеді.
Кейіңгі Таң дəуірі (836–907 жж.).
Бұл – Таң өлеңдері даму процесінің құлдырау кезеңі. Кейіңгі
Таң қоғамының саясаты бұлыңғыр болды, тəуелді билік, əтектер
билігі, партиялар күресінің өршуі, Орта Таңнан кейін импера-
тор сарайы біртіндеп құлдырады. Осындай қоғамда, өлеңдердің
жарыққа шығуы өткен істер болды, келмеске кетті. Көптеген
ақындар дəстүрлі шырмауға байланды, жаңа рух енгізуге күштері
жетпеді. Бүкіл кезеңде орта Таң атақты ақындарымен салыстыруға
келетіндері тек Ду Му мен Ли Шанин болды. Бұларды қысқартып
«кішкене Ли Ду» деп аталады, осы кезеңнің атақты ақындары.
Олар Таң дəуіріне керемет сапа, стиль əкелді, елді, халықты ойлап
көптеген қоғамдық шындықты жыр етті, мемлекеттегі құлдырауға
деген алаңдаушылықтарын, адамға деген алаңдаушылықтарын, ман-
сап қуу кезіндегі сəтсіздіктерін ренішпен жеткізді. Өлең формасы
жағынан Ду Му Ли Байды жалғастырды, тағы да Ван Чанлин, Ли Иді
жалғастырды, кейінгі Таң дəуірінде 7 сөзді 4 жолды өлең жазудан
шебер атанды. Жан-жақты 4 жолды тарихты жырлады, лирикалық
өлеңдер жазды, адамдардың қолдауына əрқашан ие болды. Ли
Шаниннің, Ду Фудың өнер дəстүрін жалғастырды, 7 сөзді шалыс
ұйқасты өлеңдер жаңа шыңнан көрінді. «Тақырыпсыз» жазылған
өлеңдердің өзіндік өнерімен кейіңгі ұрпақты еліктірді. Кейіңгі Таң
дəуіріндегі ақындар поэзия жазумен айналысты, поэзияның негізгі
мазмұны 4 бағытта болды:
86
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
1. Халықтың қайғы-мұңын жырлады, шенеуліктік өмірдің
қараңғы жақтарын, əтектердің қылмыстары, вассалдардың
көтерілістері жəне шаруалар көтерілістері сияқты үлкен қоғамдық
шындықтарды жазды. Осындай шығармалар саны аз болды, бірақ
ерекше нұр беріп, ерекше жарық шашып тұрды.
2. Қиын тарих арқылы шынайы құлдыраған, келмеске кеткен
қайғылы кезеңдерді жырлады.
3. Əйел сезімі, махаббат, жезөкшелік жайлы жазды.
4. Адам өміріндегі күнделікті күйбең тіршілікті жырлады.
Кейіңгі 2 бағыт бойынша шығармалар көп жазылған, белгілі
деңгейде ақынның қашатын шынайы бос рухын да жырлады. Өлең
өнері талпынысының 2 түрі бар: бірінші түрі: əдемілікке талпыну,
екінші түрі: тазалыққа талпыну. Негізгі ақындар Сюй Цзюн (许浑),
Вэй Чжуан (韦庄), Пи Жісю (皮日休) жəне т.б. [4, 5–18 б.]
Қорыта айтсақ, кейіңгі Таң шығармалары барлық Таң өлеңдерінің
құрастырушылары болып табылады, олардың əсері зор болды.
ƏДЕБИЕТТЕР:
1. 唐诗宋词概说 / 陈新章编著。-广州:广东人民出版社,1997.6
(2011.7 月重印).
2. Ахметбек, Г.. Қытайдың ежелгі дəуір əдебиеті. – Алматы, 2006.
3. Ахметбекқызы, Г.. Қытай əдбиетінің хрестоматиясы. – Алматы,
2005.
4. 汉俄词典/ 上海外国语学院: 商务卬书馆,北京,2006 年.
87
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
ез-келген тұлғаның қалыптасуы үшін өзін қоршаған орта
мен заманындағы өмір ағысының əсерлерінен бөлек,
игерген білім-ғылымы, оқыған кітаптары, қуат алған
рухани даму көздерінің тікелей əсер ететіндігі белгілі.
Осындай тұлғалардың бірі Шəкəрім Құдайбердіұлының
саналы ғұмыры XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басына
сəйкес келді. Бұл кез қазақ халқының тарихи тағдырындағы ең бір
талмау тұстардың бірі еді. Дүние асты-үстіне төңкерілген нағыз
аласапыран кезең болатын. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының
ішкі заңдылықтарына қарай əлеуметтік, экономикалық қайшылық,
қақтығыстар, күрес-тартыстар шиеленістер, қазақ даласында
қалыптасқан қоғамдық ой-сана, тынымсыз ізденіске түскен дəуірде
ғұмыр кешкен Шəкəрім əдеби өмірге құлшына араласып, Шоқан,
Абай, Ыбырай салған ағартушылық арна-дəстүрін ары қарай
жалғастырады.
Ақын өзінің өмір кезеңдері туралы «Мұтылғанның өмірі» атты
көлемді жырында біршама мағлұматтарға жол ашады. Ол өз өмірін
ірі-ірі үш дəуірге бөліп қарастырып, алғашқысы Құнанбай қажы
мен анасының тəрбиесінде өткен жиырма жыл десе, екіншісі,
болыстықпен зая кеткен жиырма жыл, ал соңғы отыз екі жыл Абай
айналысында өткен іздену, өсіп жетілу мерзімі еді деп көрсетеді.
Белгілі ғалым Ғарифолла Есім ақын өмірін екіге бөліп карастыру-
ды ұсынады [1]. Бірінші кезеңі – Абайдың көзі тірі кезі жəне екіншісі
– Абай қайтыс болғаннан кейінгі кезең. Екінші кезең 1904–1931
жылдар аралығын қамтиды.
Шəкəрім
Құдайбердіұлының
саяси қайраткерлігінің
кезеңдері
Перизат ШАДЫБЕКОВА,
əл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың магистранты
К
88
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Бірінші кезеңге ақынның оқу-іздену, тəжірибе жинау
бағытындағы əрекеттері жатады. Тұлғаның қалыптасуына оқыған
кітаптарының əсері мол екендігі сөзсіз. Ақынның осы бағыттағы
ізденістерін саралау мақсатында белгілі шыгыстанушы ғалым
Өтеген Күмісбаевтың «Шəкəрім жəне шығыс əдебиеті» атты
мақаладағы кейбір пікірлеріне кезек берелік. Онда ғалым былай
деп жазады: «Абай, інісі Шəкəрімге үлкен үміт артып, өзі бір кез-
де көксеген арманын Шəкəрім арқылы жүзеге асырмақка ниет
қылады. «Адам қырық жасына дейін білім жинап, қырық жасында
кəміл толады, ақыл-ойы, жігер-қайраты жетіледі. Енді үш жылда
сен қырыққа толасың. Шығыс тіліне жетік болдың» депті Абай
Шəкəрім шəкіртіне. Сонда Шəкəрім: «Барлық қаражат сізден болса,
білім алуға барайын. Бірақ, қай жерге барамын» десе керек. Сонда
ұстазы: «Афин–Грек білімі Стамболға жиналған, содан табылады.
Араб білімі Меккеде, бірақ Меккеден гөрі Мединадан көбірек та-
былуы керек жəне Мысырдағы Александр атындағы кітапханаға
барасың. Осы төрт жерге барып, тарихи орындарды аралап, ке-
рек кітаптарыңды алып, біліміңді толықтырып қайтасың. Сатып
алатын кітаптарыңа, жол қаражатыңа жетерлік пұлды өзім берем.
Осыған келіссең, колыңды əкел», деп Абай шəкіртіне қол ұсынған
ғой, Шəкəрім шаттанып кетіп келіссе керек.
Бірақ, 1901 жьлы Абайдың жақсы көретін ағасы Шəке, 1892
жылы Оспан дүниеден озады, 1904 жылы Мағаш кетеді. Мағаштың
қырқында Абай қайтыс болады. Көп қайғыдан кейін, Шəкəрім
барлық туғандарынан рұқсат алып, 1906 жылы жолға шығады.
Енді бір сəт Шəкəрім атамыздың өзіне сөз берейік. «Сол са-
парда, неше ұлттың ғалымдарымен сөйлесіп, пікір алысып, ке-
рек кітаптарды алдым. Ол кітаптарды посылка етіп, Семейдегі
Əниярдың атына жіберіп отырдым. Стамболда тарих қорларын
сақтайтын орындарда болып, ары бара жатқанда 13 күн тарих
ақтардым. Ертедегі Шығыс ақын-жазушы, ойшылдарын түгелдей
алдым. Гомерден бастап Грек халқының ойшыл-философтарының
шығармаларын, Батыс философтарының шығармаларын, ертедегі
Түрік ғалымдарының жазған шығармаларын, əр елдің ұлғаттарын,
Америка жазушыларының шығармаларын алдым. Демек, менің бұл
сапарым көкірек көзімді ашып, аңсаған арманыма колым жеткен са-
парым болды! Бұл да Абайдың маған берген ақыл-кеңесінің жемісі.
Стамболдан Меккеге бардым, оның тарихи орындарында болып,
көп қажеттерімді таптым. Мединаға бардым. Одан Араб, халқының
ескі замандағы Мұхаммед пайғамбардан 200 жылдай бұрын болған
89
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Абу Суфиян сияқты ғалымдардың шығармаларымен танысып,
кітаптарын алдым» [2], – дейді.
Шəкəрімнің ұлы Ахат əкесінің бай кітапханасы жайлы өз
естелігінде бырқыдыру деректер келтірген. Бұл кісінің сөзіне
қарағанда, Шəкəрім кітаптарына аса мұқият қараған болса керек.
Жыл сайын кітаптарын тазалықтан өткізіп отырыпты. Олардың
ішінде Құран, Інжіл, Тəурат, Забур, «Мың бір түннің» барлық
томдары, Будда, зороастризм діндері жайлы кітаптар, тарихқа,
философияға байланысты шығармалар, Аристотель, Платон, Со-
крат, Авиценна, Ұлықбек, Шопенгауэр, Кант, Луи Пастер, Гомер
поэмалары, Бигер Стоу, Байрон, Шедрин, Крылов, Гоголь, Некра-
сов, Пушкин, Лермонтов, Толстой, Фердоуси, Науаи, Сағди, Низа-
ми, Физули секілді алыптардың еңбектері болған. Өкінішке қарай,
солардың бəрі 1931 жылы надандардың жауыз қолымен отқа оранып
кете барған. Міне, Шəкəрімнің ақын, ойшыл ретінде қалыптасуына
əсер еткен жайттар бірқатары осылар.
Ақынның нағыз жемісті еңбек еткен кезі – екінші кезең. Осы ке-
зенде Шəкəрім күрделі əрі қиын кезеңде ғұмыр кешті. Ескі күйреп,
жаңа қалыптасты. Алашордашылардың тарихи миссиясын орын-
дау тұсына сəйкес келді. Билік басына большевиктер келді. Жаңа
дəуірдің жаңа зиялылары қалыптасты. Адамдар жаңа тəртіппен өмір
сүруге көшті. Ал қазақтар ғасырлар бойы белгілі бір аумақта еркін
өмір сүрген. Өз құндылықтары, ділі, өмір салты болды. Алайда, жаңа
өмір, өзгеше қозғалыс қазақтың дəстүрлі өмір сүру салтын түбегейлі
өзгерте келді. Бұл өзгеріс қазақтардың бүкіл ой жүйесіне, танымы-
на, тіршілік дағдысына айрықша əсер етті. Жол таба алмай дағдарып
қалған кез болды. Қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сал-
тын бұзуды Шəкəрім де қолдай қоймады. Не үшін бұзылады? Оның
орнына не береді? Ал ұсынылған нəрселер қазақтардың ұлттық
құндылықтарымен үш қайнаса сорпасы қосылмады. Сондықтан ол
социалистік идеяны қабылдамады. Ол күшке негізделген мемлекетті
де мойындағысы келмеді. Ақын жаңа дəуір талабына сай жаңа
құрылымды жырлауы тиіс еді. Бірақ, ақын бұндай қадамға баруды
қаламады. Шəкəрім басқаша арнамен кетті. Жалпы жан мен рух,
адам өмірінің мəні неде, жаратылыстың сыры қандай деген филосо-
фиялык мəселелер туралы ой жүгіртті. Шəкəрімнің өмірінің соңғы
кездерінде жазған шығармалары тым терең. Жалпы адамзаттық
мəселелерді қозғаған. Тəуелсіз сана деңгейіне қол жеткізе алған.
Белгілі бір шектеулерге бой алдырмаған. Нағыз рухани еркіндікке
шыққан. Бұл биігін ақын:
90
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
«Адам үшін еңбегім –
Елу бес жыл тергенім.
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол, жастар, бергенім» – деп ағынан жарыла айтады.
Бұдан кейінгі кезеңдегі шығармалары жалпы адамның жаны,
өмірінің мəні, тіршілік сыры секілді тұңғиық тылсым дүниелердің
қатпарын ашуға бағытталады. Бұл кезде жазылған еңбектерін танып
білу зерттеушіден терең білімді талап ететіні сөзсіз.
Шəкəрімнің елден жырақ, оңаша отырып ой қорытқанда жазған
дүниелері аса терең де мəнді ойлардан тұрады. Оның себебі, мынада:
«1904 жылғы Абай өлімі, өнерлі екі іні – Ақылбай мен Мағауиядан
тағы айырылу, Россия империясы шегіндегі барлық езілген ұлт
үлкен үміт артқан 1905 жылғы алғашқы рефолюциясының жеңіліске
ұшырауы Шəкəрім санасына, оның өмірге, қоғамдық қызметке
көзқарасына ерекше əсер етеді. Шəкəрім тіршілік, тағдыр туралы
сауалдарына жауап іздейді» [3]
Шəкəрімнің Абайдан бір ерекшелігі жалғыз қазақтың дүниетаным
ауқымында шектеліп қалмай, рухани азаттықка қол жеткізуі. Өз
жүрегіне, ішкі əлеміне үңіліп, шын ақиқат сəулесін сезіне алуы. Жан
сырын ашуда біршама табысқа жетуі дер едік.
«Тəн көретін бастағы көз,
Байқамайды жан сырын.
Көз де ақылға сал деген сөз,
Көз керек қой ойлырақ.
Хақиқатты дəл көруге,
Жан көретін кез керек.
Бас көзімен сенделуге
Бізге рұқсат жоқ, шырақ».
Жалпы Шəкəрім өмірде өз бетінше ізденіп, оқып тоқу арқылы
шындықтың сəулесін байқауға қол жеткізген жан. Аса биік деңгейге
көтеріле алған. Мұны Шəкəрімнің «Ардақты Сəбит бауырым!» деп
аталатын Сəбит Мұқановқа жазған хатынан байқаймыз. Онда ақын:
«Мен «пəлен пайғамбар, түгілен философ, профессор айтты» деген-
дерге тоқтап қалмаймын. Өз ақылым қабыл алмағанды кім айтса да
теріс көрем. Бірақ ақыл қабыл аларлық дəлел айтса, ол кім болса
да бас ұрам. Мақтанып кеттім. Мақтан емес, іздегенім тамам адам
пайдасы болғандықтан, ақылым айтқан хақихатты айтпай тура ал-
майым. Еріксізбін» [4], – деп жазды. Мұнда ақынның бағындырған
биігі, ұстанған қағидасы анық көрінеді. Осы хатта ақынның үлкен
өкініші де қылаң береді. Осы кезге дейін жазған дүниелеріне
91
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
қатысты «тірі күнімде не қарсы айтылған дəлелді сындарын, не
білімді ойшылдардың қабыл алғанын біліп өлсем, армансыз бо-
лар едім» деп көкірегі қарс айрылғандай болады. Абай басындағы
деңгейлес адам таба алмай, құса болу дерті Шəкəрімді де айналып
өтпеген. Бір тəубе етеріміз акын мұрасының жұртшылық игілігіне
айналуы, ұлтымыздың ақыл-ой ауқымын байытуы.
Шəкəрім
Құдайбердіұлының
өмір
белестерінде
талай
қысылтаяңдар басынан өткен болатын. Өйткені, Шəкəрім қазақтың
басына ауыр кезең туып алмағайып заманда өмір кешті. Бір
шетінен Ресей патшалығының езгісіне ұшыраған қазақты көрсе,
екінші қырынан кеңестік өкіметтің озбырлықтарын өз жаны-
мен сезінді. Сол кезеңдегі Алаш өкіметінің де əрекетіне бейхабар
қарамады. Кеңес өкіметнің озбырлығына да нали қарады. Оны
Қазы Нұрмухамедұлының қабірінде сөйлеген мына сөзі растай-
тындай: «Қабірге қойып, құран оқылып болғаннан кейін Шаһкерім
ақсақал халыққа қарап сөз сөйледі: «Əлеумет! Мынау жатқан кім?
Білесіңдер ме? Бұл – ұлт үшін шыбын жанын құрбан қылған алаш
азаматтарының тұңғышы, мұны өлді демеңдер! Бұл өлген жоқ!
Бүгінгі һəм мұнан соңғы «ұлтым» деген азаматтар мыңа мен сияқты
болып, «ұлтым» деңдер деп өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен
көрсетті. Марқұмның аты да Қазы еді. Қазы – би деген сөз, Қазы
билігін айтып кетті. Қарағым Қазы, өліміңе өкінбе! Арманың жоқ:
қүдай алдында да, жұрт алдында да сенің орның бөлек.
Оқығандар! Жастар! Мынау жолдастарыңды ұмытпа көрмеңдер.
Оның үй-ішінің міндеті сендердің мойындарыңда... бір кішкентай
көзінің қарашығы (бір жасар ұл баласы) қалыпты. Соны тəрбиелеп,
адам қылу бəріңнің – барлық алаштың мойнына қарыз, һəм өздерің
де бұл оқиғаға қажымаңдар. Құдай тағала алашқа шын ұл бергеніне
бүгін ғана көзім жетті: 60 жасқа келгенде мұндай ұлт үшін жанын
қиып, құрбан болған азаматты көремін деген үмітім жоқ еді.
Көрдім. Енді бүгін өлсем де арманым жоқ. Қарағым Қазыжан!
Қадіріңді біліп, құрметтей алмасақ, кешіру қыл. Қош. Қабірің
нұрлы болсын» – дейді. Жиылған əлеумет еңіреп жылап жіберді»
[5]. Сол Кеңес өкіметінің шолақ саясатын өзі де сезінді. Ол туралы
Шəкəрімнің баласы Ахат мынандай оқиғаны келтіреді: «1928 жылы
«ірі байлар, халықты бұрын қанап, зорлық-зомбылық көрсетіп,
байыған ақсүйек, шонжарлар кəмпескеленсін» деген қаулы шығарды.
Сол қаулының бірнеше тармақтары болды, мысалы: кəмпескеге
жататын адамдар малының саны, оның ақсүйек, шонжардың
тұқымы болуы, болыс, би болып, елді зарлатуы, көп жалшы ұстап,
92
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
олардың еңбегін қанауы деген сиықты: ол тармақтардың бəрі ойда
жоқ. Осы кезде бұрынғы Шыңғыс болысы – Досов болысы болып
атанған. Досов болысынан бірнеше адамдар кəмпескеге ілінетін
болды. Солардың ішінде малы толмаса да, болыс болған, ақсүйек,
аға сұлтан болған шонжар Құнанбайдың немересінен біреуі қажет
болды. Бұған орай Шəкəрім кəмпескелініп, жер аударылатын бол-
ды. Бұл кезде кəмпескеге ілінетін адамды көпшіліктің жиналысына
салатын еді. Ол күнде біздің ауыл – Қаражартас ауыл советі болып
аталатын. Осы ауыл совет жиналысына Шəкəрім салынды. Семей-
ден келген үлкен уəкіл Қоянбаев жəне бірнеше адамдар шығып сөз
сөйледі. Қысқаша, олардың айтқаны: «Шəкəрім кəмпескеге жата ма»
деген ұсыныс. Сөйлеушілер: «Шəкəрімнің Құнанбайдың немересі
екені рас, болыс болғаны да рас. Бірақ, Шəкəрім бір адамға зорлық-
қиянат істеді, біреудің еңбегін жеді дегенді естігеміз де, көргеміз де
жоқ. Осы елде бір адал адам болса, сол Шəкəрім!», – деді. «Бізге
салсаңдар біз Шəкəрімді кəмпелескеуге ырза емеспіз», – деп оты-
рып алды. Ақыры дауысқа салғанда, үш-төрт адамнан басқа қол
көтерген адам болмады. Бұл жайды көп жазуды қажет етпедім. Осы
жайында Құлжабек деген жігіт: «Мен Шəкəрімнің қолында болып
жұмыс істедім. Малшы болсам да, өз үй-ішінің бір адамындай бол-
дым. Ақымды кем беріп, ренжіткен жері жоқ», деп айтқанындай
сөзді біреу емес, бірнеше адамдар ортаға салған. Солайша, бұл жи-
налыс Шəкəрімді толық ақтап, бермей қалады.
Сонан соң, «Шəкəрімді ауыл советінен басқа ауылдың совет жи-
налысына салу керек», – деп бізге жалғас, «Ақтөбе» ауыл советінің
жиналысына салды. Бұл жиналыста да елдің көпшілігі Шəкəрімді
кəмпелескеуге ырза емеспіз деп, қол көтермеді. Үшінші рет ең
шеткергі «Құндызды» ауыл советінің жиналысына салады. Бұл ауыл
советтің көпшілігі Мырза деген ел болатын. Бұрын əкей сонда бір
сайлауда болыс болған. Жиналыста олар да қол көтермей қойып,
бір ауыздан бермей қалады. Демек, Досов болысынан Шəкəрімді
қаралап, кəмпескелеуге ұсыныс айтуға ешкім шықпаған. «Шын адал
адамды көпшілік қолдайды», – деген əкейдің дана ойы тура келгеніне
сонда көзім анық жетті. Бірақ іс мұнымен бітпеді. Шəкəрімді енді
қырдың жиналысына салмай, Семейдегі Затон жұмысшыларының
жиналысына салатын болды. Осы жиылысқа қатысқан Алтыбаев де-
ген жоғарғы орында қызмет істеп жүрген азамат жиналыста болған
жағдайды, онда Шəкəрімнің адалдығын айтып сөйлеген адамдардың
сөздерін бір түрлі əсерлі етіп əңгімелеп берді. Алтыбаевтың
айтқанының бəрі есімде қалмады. Егер сол азамат өзі болса, бəрін
93
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
айтып берген болар еді. «Кеше заводта жиналыс болды. Сенің əкеңді
кəмпескелеу жайы қозғалып, көпшілік талқысына салынды. Сонда
бір жұмысшы: «Шəкəрімнің малы тола ма?», – деген сұрақ қойды.
Оған: «Малы толмаса? Басқа тармақтарға жататын адам. Ол болыс
болған. Қажыға барған. Жалшы ұстаған, оның еңбегін қанаған.
Алашордаға шілен, аға сұлтан болған Құнанбайдың немересі, бұл
жағынан кəмпескеге толық жатады», – деді. Сонда тұрып сөйлеген
жұмысшылар: «Шəкəрімнің бір адамға қастық қылды, арамдық жа-
сады дегенін естігеміз де, көргеміз де жоқ, біз Шəкəрімді кəмпескеге
жататын адам деп айта алмаймыз», – деді. Қанша жұмысшы сөйлесе
де Шəкəрімнің адалдығын, халыққа қиянатсыздығын айтты» [6].
Міне, өстіп халықты қолдаса да Кеңес өкіметі оған қиянат жаса-
ды. Шəкəрім Құдайбердіұлы Абай таныған Ресейдің жер айдалған
оқымыстыларымен де таныс еді. Соның бірі Е.П. Михаэлис бо-
лып табылады. Е.П. Михаэлистің қазақтарға қатысты ілтипатын С.
Созақбаев былай жеткізеді: «Е.П. Михаэлис относился с глубокой
любовью к аборигенам края, досконально изучил их быть и нравы.
Часто по служебным делам он бывал в Казахских аулах, посредни-
чал между враждующими партиями, вел переписку с туземной ад-
министрацией, а также со своими друзьями – казахами, которых у
него было немало» [7].
Шəкəрім Құдайбердіұлы өмірінде кеш білім қуып қалғандығын
бала-шағасына білім беруді басынан қолына алмағандығына өкініп,
оны мынандай өлең сөздеріне қосады:
«Жас өтті тынымсыз, өнерсіз, ғылымсыз,
Надандық жолымен, кеттім-ау білімсіз.
Оқытпай баламды, о да өсті тиюсыз.
Ойламай шамады, алды артым жиюсыз.
Бақ қайда қисынсыз, бос тілек сиымсыз.
Қазақ та қажытты, күнім жоқ жиынсыз.
Бір жол бар келгісіз, қайта өмір көргісіз.
Ізім жоқ, түзім жоқ, өтті-ау белгісіз.
Қазағым-жолдасым, қаламым-сырласым.
өлген соң белгілі, қайта келіп тұрмасым.
Тіл сорлы жырласын, бекерге тұрмасын.
Алдымнан жарылғап, алла кəр қылмасын.
Ел анау, ағайын, татуым қимасым.
Надандық жаман ғой, оқыған адам ғой.
Ізденіп көріңіз, ғылымды заман ғой.
Насихан тегін ғой, салулы егін ғой.
94
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Еңбек қыл ерінбе, араздық кегңі қой.
Ғылым бір кенің ғой, ауырсаң емің ғой.
Бəріне жетеді, таусылмас көңілің ғой.
Мен қайғы жедім ғой қапы өттім дедім ғой.
Қазағым, қам ойлан, сенде адам едің ғой» [8].
Осының өзінде де, ақын қырық жасынан кейін бүкіл өмірін жазу-
сызуға қалдырып, талай өлең-дастандарын арнап кетті.
Шəкəрім Құдайбердіұлының өлімі қайғылы өлім болғандығын
барлығымыз жақсы білеміз. Қазақ елін жайлаған асыра сілтеу оны
да сырт қалдырмаған. Ақыры мемлекеттік саяси басқарманың
өкілдері ақынды 1931 жылы 2 қазан күні өз жұмысымен оңаша
үйінен ауданға бет алып келе жатқан жолда атып өлтірді. Қарулы
тобымен бандыларды іздестіріп жүрген олар бұған солармен байла-
нысты деген айып тағады. Шəкəрім Құдайбердіұлының денесі ақтап
көмілмей көпке дейін жатқандығы белгілі. Оны тек қана 1960 жыл-
дарда ғана тауып, көмген болатын. Баласының естелігінде бұл оқиға
былай баяндалады: «... 1961 жылы, 22 июльде Бақанасқа бардым. 27
июльде əкем сүйегін тастаған құдықты жалғыз қазып, ол күні метр-
ден аз-ақ артық қаза қалдым. Жаныма адам алмай, жалғыз қазған
себебім: біреу болса, ол асығып сүйектің бір жерін сындырып алар
деген ой келді.
28 июльде жəне қазып, барлық сүйегін түгел алдым. Тек, оқ
бүлдірген екі сүйегі болды. Бірі – оң жақтағы тоқпақ жіліктің ба-
сын үзген. Екінші – атқан оқ төс сүйектің ортасынан өтіп, оң жақ
омыртқаның қанатын сындырған.
Кейбір сүйектерін өлшем алдым.
Бас шеңбері – 53 сантиметр,
Маңдай қара құсқа дейін – 31 сантиметр.
Құлақ-шеке арасы – 30 сантиметр
Ортан жілік – 43 сантиметр
Жіліншік – 46 сантиметр
Жамбас – 26 сантиметр
Бастың биіктігі – 19 сантиметр.
Əрине, осы өлшеулер дəп-дəл деп айту қиын. Мен алған өлшеумен
өлшесем де, дұрыс болмауы мүмкін. Əкей өте ұзын адам болатын.
Сүйегін ауданға алып келдік. 7 августа қабірі қазылды. 8 августа
Абай зиратының қасына жерленді. 100-ден артық адам қатысты.
Жетісі де берілді. Ел жабдығына алты қой, 240 сом шығарды. «Абай»
совхозы мен аудан басындағылар түгел жиналды, басқа совхоздар-
дан да келгендер болды. Аудан басшылары машина жəне қажет
95
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
нəрселерді бергізді. Жаңа өліктен де артық болды деуге болатындай.
Сүйек келгенде жыламаған жан болмады. Көздерінің жасымен бірге
қуаныштары да байқалды. Жаназасына қарт аталар, аналар түгел
кірді. Семейде дұға өткіз деп екі қой, 70 сом берді» [9].
Шəкəрім Құдайбердіұлының өлімін Зият Шəкірімұлы былай
өлеңге қосады:
«Қажы еді əкем кəрі шал,
Жетпіс үште жасы бар.
Анық жеміс алғанда,
Шөлдеген жанға бал еді.
Сүйегі қалды қиырда-ай,
Басыңа халқың жиналмай.
Туысқан, бауыр балаңнан
Топырақ қолдан бұйырмай,
Алланың пұлдан қағазын,
Өзгермей өткен сабазым,
Міндетін танып жөн көрген
Ораза, зекет, намазы,
Бейсембі күні өттің бе?
Шейіттік жолға кеттің бе?
Айрылман деген əкекем
Шынымен тастап кеттің бе?» [10].
Шəкəрім Құдайбердіұлы қазақ даласында саяси тұрақсыздық
белең алған кезеңде өмірге келген. Ел үшін еңбек еткен, халқының
қамын жеген өз заманының ірі, саяси тұлғасы болып табыла-
ды. Шəкəрім Құдайбердіұлының саяси қайрактерлік кезеңдерінің
шыңдалуы, мынандай белестерден өтеді. Балалық жəне бозбалалық
шағы 20 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Ал, екінші кезең ел ісіне
арласып би, болыс болған кезең, яғни 20–40 уақыт дейінгі жас
аралығын қамтиды. Үшінші кезең, 40-тан өмірінің соңына дейінгі
аралықты алып жатыр. Бұл уақытта Шəкəрім саяси-құқықтық ой-
тұжырымдарын, толғамдарын тудырып, жемісті қызмет атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |