Жолдауы жолдарынан



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата02.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#1023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ƏДЕБИЕТТЕР:
1.  Вайнштейн С.И. Проблемы истории жилища степных кочевников 
Евразии // Советская этнография. – 1976. – №4. – С. 46–56.
2.  Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы, 1974. – 28–30 бб.
3.  Харузин Н.Н. История развития жилища у кочевых и полукочевых 
тюркских и монгольских народностей России // Этнографическое 
обозрение. – 1896. – №1; Прошлое Казахстана в источниках и 
матерниалах. Сб.1. – Алма-Ата, 1935. – С. 29.
4.  Арғынбаев  Х.  Қазақ  халқының  қолөнері. – Алматы,1987. – 
13–18 бб.
5.  Биқұмар К. Қазақ халқының байырғы баспаналары, ұлттық киім-
кешектері, ыдыс-аяқтарына байланысты əдет-ғұрыптар. – Алма-
ты, 2006. – 22–23 бб.
6.  Маргулан А.Х. Казахская юрта и ее убранство. – М., 1964. – С. 3.
7.  Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х.А. Традиционная куль-
тура жизнеобеспечения казахов. Очерк теории и истории. – Ал-
маты, 1998. – С. 111.
8.  Тəжімұратов Ə.С. Шебердің қолы ортақ. – Алматы, 1977. – 23 б.

67
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Тұрар Рысқұлов
жəне Мəскеу 
Шығыстану институты
Ордалы ҚОҢЫРАТБАЕВ,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 
Магистратура жəне PhD докторантура 
институтының доценті, 
тарих ғылымдарының кандидаты 
К
өрнекті  қоғам  жəне  мемлекет  қайраткері  Тұрар 
Рысқұловтың  өмірі  мен  қызметінің  əлі  де  тереңдете 
зерттеуді  қажет  ететін  тұстары  баршылық,  олардың 
бірі – қайраткердің Мəскеу Шығыстану институтының 
қалыптасуына сіңірген еңбегі болып табылады. 
Т.  Рысқұловтың  ресми  түрде 1921–1922 жылдары  РКФСР  Ұлт 
істері  жөніндегі  халық  комиссариатында  қызмет  атқарғаны  белгілі, 
десек  те  ол  денсаулығына  байланысты  аталған  комиссариатта  тек 
1922  жылдың  шілде-қыркүйек  айларында  ғана  тұрақты  жұмыс 
істеген. 1921 жылы көктемде Баку қаласында өкпесіне суық тигізген 
Т. Рысқұлов бір жарым жылдай емделгеннен кейін, 1922 жылдың шілде 
айында  комиссариатқа  оралып,  алдымен  коллегия  мүшесі,  артынан 
комиссардың  екінші  орынбасары  болып  сайланады.  Қазан  айының 
басында Түркістан Республикасының Халық Комиссарлар Кеңесінің 
төрағасы  болып  қайтадан  Ташкентке  ауысқанға  дейінгі  екі  жарым 
айға  созылған  белсенді  қызметінің  арқасында  Т.  Рысқұлов  РКФСР 
Ұлт  істері  жөніндегі  халық  комиссариатының  тарихында  үлкен  із 
қалдырып  үлгереді.  Қайраткердің  комиссариат  қабырғасындағы 
сан-салалы  қызметінің  бірі,  жоғарыда  атап  өткеніміздей,  Мəскеу 
Шығыстану институтының қалыптасуына сіңірген еңбегі болды. 
Азамат соғысы жылдарында басқа да білім мен ғылым ошақтары 
сияқты  Мəскеу  Шығыстану  институты  да  аса  ауыр  əлеуметтік 
жағдайды  басынан  кешіреді.  Тұрақты  жəне  жеткілікті  түрде 
қаржыландырылмаған институттың қызметінде береке болмады. Ин-
ститут тек 1922 жылы ғана қалыпты еңбек жағдайына көшкен бола-

68
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
тын.  Мəскеу  Шығыстану  институты  құрылымдық  жағынан  РКФСР 
Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанындағы ғылыми меке-
ме жəне бір мезгілде жоғарғы оқу орны міндетін атқарды, сондықтан 
да аталған комиссариат инситуттың барлық қызметіне тікелей жауап 
берді. Комиссариат коллегиясының мүшесі жəне халық комиссарының 
орынбасары ретінде Т. Рысқұлов ұйымдық, əкімшілік жəне қаржылай 
қиын  жағдайды  басынан  кешіріп  отырған  институттың  ахуалын 
жақсарту үшін бар мүмкіндікті пайдаланып қолғабыс жасайды.
1922  жылы 17 шілдеде  өткен  коллегия  мəжілісінде  Мəскеу 
Шығыстану  институтының  қызметін  жан-жақты  тексеру  үшін  ар-
найы комиссия тағайындау туралы қаулы қабылдаған болатын. Та-
мыз  айының  басында  Т.  Рысқұлов  басқарған  комиссия  құрылады. 
Т.  Рысқұлов  комиссиясы  тамыз  айының  алғашқы  он  күндігінде 
институттың  қызметін  толық  тексеруден  өткізеді.  Тексеру 
қорытындысы бойынша Т. Рысқұлов коллегия мəжілісі үшін көлемді 
баяндама  даярлайды.  Т.  Рысқұловтың  баяндамасының  түпнұсқасы 
қолжазба күйінде мұрағат қорында сақталған [1]. 
Мəскеу  Шығыстану  институтының  қызметі  туралы  тексеру 
қорытындысын Т. Рысқұлов екі бөлімге жіктеп берген. Баяндаманың 
алғашқы бөлігінде Шығыстану институтының жалпы жағдайы мен 
оқу бөлімінің қызметі талданса, екінші бөлімді қаржы-шаруашылық 
ахуалы  мен  институт  ұжымында  қалыптасқан  топшылдық 
құбылыстарды ашуға арнаған. Шығыстану институтының қызметі, 
дейді  Т.  Рысқұлов,  екі  кезеңге  жіктеледі,  яғни  институтта  жаңа 
басқарма  құрылғанға  дейінгі  кезең  жəне  ол  құрылғаннан  кейінгі 
кезең.  Институттың  оқу  ісі  РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық 
комиссариатының  басқаруына  өткенге  дейінгі  жүйесіз  жазылған 
ереже  мен  педагогикалық  кеңеске  бағынып  келген.  Оқытушылар 
басшылардың  өз  қалауы  бойынша  алынатын  болған.  Институттың 
жұмысына  педагогикалық  кеңестің  құрамынан  тағайындалған 
педагогикалық комитет, институт директор жəне институт комисса-
ры бірлесе басшылық жасап келген. Аталған қызметкерлердің жиі-
жиі  ауысуы  салдарынан  институттағы  ғылыми  жұмыстар  мен  оқу 
ісінің берекесі кеткен. Шығыстану институты Ұлт істері жөніндегі 
халық  комиссариатына  тікелей  бағындырылып,  жаңа  ереженің 
қабылдауына  байланысты  институт  басқармасы  білікті  мамандар-
мен толықтырылып, директордың құзыры кеңейтілген. 
Т. Рысқұлов одан əрі институттың оқу бағдарламасында теориялық 
жəне практикалық маңызы жоқ, қажетсіз пəндердің көп болғандығы 
туралы жазады. Комиссия институттың оқу ісі мен қаржы операция-

69
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
ларынан көптеген шикілік табады. Т. Рысқұлов Мəскеу Шығыстану 
институтының жағдайын жақсарту үшін сапасыз оқытушылардың бір 
бөлігін қысқартып, келесі бөлігін Петроград Шығыстану институтына 
ауыстыру туралы ұсыныс жасайды. Жұмысшылар мен шаруалардың 
балаларын  ғылымға  тарту  үшін  институт  жанынан  Жұмысшы 
факультетін  ұйымдастыру  қажеттігін  атап  көрсетеді.  Сондай-
ақ,  институттағы  оқу  процесін  жандандыру  үшін  Бүкілресейлік 
Шығыстану  Ассоциациясын  Мəскеу  Шығыстану  институтымен 
тығыз  қарым-қатынас  жасауға  шақырады,  ал  Ұлт  істері  жөніндегі 
халық  комиссариатының  коллегия  мүшесі,  белгілі  шығыстанушы-
ғалым М.П. Павловичке институтта аптасына бір рет қоғамдық пəннен 
дəріс оқуды ұсынады. Шығыстану институтында қаржы мəселесі де 
аса  былығып  кеткендігі  анықталады.  Институт  ғимараты  ешқандай 
сын көтермейтін жағдайда болған. Сонымен, Т. Рысқұлов комиссиясы 
Мəскеу Шығыстану институтын толық тексеруден өткізіп, көптеген 
олқылықтар мен заңсыздықтардың бетін ашады. 
Т.  Рысқұлов  Мəскеу  Шығыстану  институтын  тексеру 
қорытындысын  алғашында  коллегияның 1922 жылы 9 тамыздағы 
мəжілісінің  талқылауына  ұсынған  еді,  бірақ  кейбір  мəселерді 
қосымша тексеру үшін талқылау бір-екі күнге кейінге қалдырылады 
[2].  Қосымша  тексеру  аяқталғаннан  кейін,  Т.  Рысқұлов 
коллегиясының 1922 жылы 11 тамыздағы  мəжілісінде  Мəскеу 
Шығыстану  институтының  қызметі  туралы  арнайы  баяндама  жа-
сайды. Мəжіліске коллегия мүшелері – О.Я. Карклин, М.Д. Гусей-
нов,  комиссариаттың  Ұлттық  кеңесінің  мүшелері – У.  Танышев 
(қазақ  өкілдігі),  М.В.  Шевле  (чуваш  өкілдігі),  Насунов  (қалмақ 
өкілдігі),  В.А.  Гартвиг  (неміс  өкілдігі),  сондай-ақ,  А.Т.  Гисматул-
лин,  Е.  Мазуров  (Мəскеу  Шығыстану  институты),  Я.Е.  Брезанов-
ский  (коллегиясының  іс  басқармасы),  Г.К.  Клингер,  Б.Л.  Абуков 
(Бүкілресейлік Шығыстану Ассоциациясы) қатынасады. 
Баяндама мəжілісте қызу талқыланған соң, коллегия Т. Рысқұлов 
комиссиясының қорындыларына жоғары баға беріп, Шығыстану ин-
ституты бойынша арнайы қаулы қабылдайды:
-  институт  басқармасының  бір  ай  ішінде  РКФСР  Ұлт  істері 
жөніндегі халық комиссариатының коллегиясына жаңа оқу жоспа-
рын тапсыруы; 
-  ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасын реттеу; 
-  əкімшілік-шаруашылық істер бойынша кемшіліктерді жою; 
-  жағымсыз істерімен əйгілі болған профессор Поповты инсти-
туттан кетіру жəне т.б. [3].*

70
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Институтының  басы  артық  штатын  қысқартып,  ғылым  мен  оқу 
процесінде  қабілетсіздік  танытқан  оқытушыларды  тазалау  үшін 
жаңа  комиссия  тағайындалады,  оның  құрамына  коллегиядан – 
Т.  Рысқұлов,  Шығыстану  институтының  басқармасынан – Грутов-
ский, студенттер қауымдастығынан – Ширман кіргізілді [4].
Мəжілісте институт ректоры Е. Мазуров Шығыстану институты-
на  биылғы  Қабылдау  комиссиясын  тағайындау  мəселесі  бойынша 
сөз  сөйлейді.  Коллегия  бес  адамнан  тұратын  Қабылдау  комисси-
ясын құрады, оның құрамына: РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық 
комиссариатының  коллегиясынан,  студенттер  қауымынан,  инсти-
тут  басқармасынан  бір-бірден  жəне  оқытушылар  құрамынан  екі 
адам  кіргізілді.  Комиссариат  коллегиясының  шешімімен  Мəскеу 
Шығыстану  институтына 1922–1923 оқу  жылында  студенттер 
қабылдайтын  мемлекеттік  Қабылдау  комиссиясының  төрағасы  бо-
лып Т. Рысқұлов тағайындалады. Мəжіліс төтенше жағдайлар үшін 
Т. Рысқұловқа кандидат етіп М.Ю. Брундуковты бекітеді [5].
РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық  комиссарының  коллегия-
сы 1922 жылы 6 қыркүйекте  өз  мүшелерінің  атқарар  міндеттерін 
талқылайды [6]. Мəжіліс  халық  комиссарының  екінші  орынба-
сары  Т.  Рысқұловқа  комиссариат  жанындағы  Түркістан,  Қазақ, 
Башқұрт  республикаларының  өкілдіктерінің  қызметін  үйлестіріп, 
Хорезм  мен  Бұқара  республикаларымен  жұмыс  жасау,  Шығыс 
халықтарының Орталық баспасының төрағасы жəне Халық ағарту 
ісі  бойынша  Федеральдық  комитет  төрағасы  міндеттерін  атқару, 
Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетінде дəріс оқу, ко-
миссариат атынан Мəскеу мен Петроград қалаларында орналасқан 
барлық институттарға басшылық жасау, РКФСР Халық Комиссарлар 
Кеңесінің Кіші Кеңесінде Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты 
атынан баяндамалар жасау міндеті тапсырылды [7]. Комиссариаттың 

Из протокола заседания Коллегии Народного комиссариата по делам национальностей РСФСР от 11 
августа 1922 года.
«СЛУШАЛИ: Пункт 1: Доклад Комиссии о ревизии Института Востоковедения. (Докладчик тов. Ры-
скулов).
ПОСТАНОВИЛИ: Пункт 1: а). Одобрить заключение Комиссии; б). Поручить Правлению Института 
Востоковедения  предоставить  Коллегии  НКН  план  учебной  программы  Института  руководствуясь 
директивой,  предложенной  Комиссией.  Срок  исполнения  не  более  месяца;  в).  Рекомендовать  Правле-
нию  Института  по  отношению  к  преподавательскому  персоналу  руководствоваться  положением, 
существующим  для  всех  ученых  Высших  учебных  заведений  и  вести  в  этих  рамках  товарищескую, 
дружественную работу; г). Констатировать, что замечается улучшение в ведении административно-
хозяйственной части, но, тем не менее, считать необходимым, обратить внимание Правления на не-
обходимость устранения тех дефектов, которые указаны в докладе Комиссии; д). Назначить Комиссию 
по сокращению штатов Института Востоковедения (согласно постановлению СНК), в составе 3-х лиц 
– представителей от Коллегии НКН, от Правления Института и от студенчества. Назначить пред-
ставителя от Коллегии тов. Рыскулова, от Правления – тов. Грутовского, от студенчества – тов. 
Ширмана. Срок работы Комиссии – 2 недели; е). Уволить из Института Востоковедения профессора 
Попова, считая, что он не может работать по директивам Наркомнаца. Предложить Правлению Ин-
ститута Востоковедения приискать вместо тов. Попова другого преподавателя». 

71
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Ұлттар кеңесінің 1922 жылы 11 қыркүйектегі мəжілісі коллегияның 
1922 жылы 6 қыркүйектегі қаулысын бекітеді [8]. 
Т.  Рысқұлов 1922 жылы  қыркүйек  айының  екінші  жартысын-
да  федерацияның  жоғарғы  оқу  орындарында  жаңа  оқу  жылының 
басталатындығына  орай  суденттер  мəселесімен  тығыз  айналыса-
ды. 1922 жылы 11 қыркүйекте  комиссариат  коллегиясы  Мəскеу 
мен  Петроград  Шығыстану  институттарының  стипендиясын  бөлу 
мəселесін талқылайды [9]. Т. Рысқұлов өзінің Мəскеу Шығыстану 
институтының  Қабылдау  комиссиясының  төрағасы  екенін  пайда-
лана  отырып,  оқуға  түркі-мұсылман  жастарының  қабылдануына 
күш  салады.  Оқу-білімнен  артта  қалған  аймақтардың  бірі  ретінде 
–  Түркістан  жастарын  жеңілдетілген  шарттармен  алғашқы  кезек-
те  қабылдаудың  жəне  оларға  мүмкіндігінше  көбірек  орын  бөлудің 
маңыздылығын дəлелдеп сөйлейді. Т. Рысқұлов коллегия мүшелерін 
өз  пікіріне  көндіріп, 1922–1923 оқу  жылында  Мəскеу  мен  Петро-
град  Шығыстану  институттарынан  Түркістан  жастары  үшін 16 
орын  алуға  қол  жеткізеді.  Мəжілістен  кейін  Т.  Рысқұлов  Ташкент 
қаласына  шұғыл  жеделхат  жолдап,  республика  басшыларынан  тез 
арада талантты түркі жастарын Мəскеу мен Петроградқа аттанды-
руды талап еткен: «Сіздерге Мəскеу Шығыстану институтына он екі 
орын (12), ал Петроград институтына төрт (4) орын берілді. Азды-
көпті даярлығы бар жергілікті жастарды тез арада аттандырыңыздар. 
РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық  комиссарының  орынбасары 
Т. Рысқұлов. 11.IX.1922 г.» [10]. Осылайша, Т. Рысқұловтың күш са-
луымен 1922–1923 оқу жылында Мəскеу Шығыстану институтына 
қабылданған 250 студенттің 12-і түркістандықтар болды. 
1922  жылы  Т.  Рысқұлов  небəрі 28 жаста  еді,  ал  Тұрардың 
көмегімен  оқуға  түскен  түркістандықтардың  да  жастары  осы  ша-
малас  болатын. 1916 жылы  Ташкент  педагогикалық  институтына 
түсіп, жоқшылық пен аласапыран заманның кесірінен оқуын аяқтай 
алмай, институттың екі курсын тəмамдады деген анықтама қағазға 
əрең қол жеткізген Тұрардың қызметте жүрген кейінгі жылдары кез 
келген университетке түсіп, диплом алуына мүмкіндігі мол болатын. 
Бірақ Тұрар дипломсыз-ақ туған халқына қызмет жасаудың тамаша 
үлгісін көрсетті. Тұрардың көмегімен оқып келген жүздеген жастар 
қазақ жұртының сауатын ашып, елді өнер мен білімге сүйреді. 
1922  жылы 13 қыркүйекте  өткен  коллегия  мəжілісінде 
Т. Рысқұлов Мəскеу Шығыстану институтының 250 студентіне ар-
нап  жеке  жатақхана  ашу  мəселелері  бойынша  баяндама  жасайды 
[11].  Коллегия  Мəскеу  қаласында  осындай  жатақхана  ашу  туралы 

72
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
шешім шығарады [12]. Коллегияның 1922 жылғы 26 қыркүйектегі 
мəжілісінде Мəскеу Шығыстану институтында қалыптасқан жағдай 
тағы да талқыланып, Т. Рысқұлов пен М.Н. Павловичке институтты 
қайта тексеру, ректор Е. Мазуровты орнынан алып, РКП (б) Орталық 
Комитетінің қарамағына жіберу туралы қаулы шығарады. Сол күні 
Т.  Рысқұлов  пен  М.Н.  Павлович  Мəскеу  Шығыстану  институтын 
қосымша тексеруден өткізіп, ректор Е. Мазуровты орнынан алады. 
Коллегияның 1922 жылғы 26 қыркүйектегі  мəжілісі  РКФСР 
Ұлт  істері  жөніндегі  халық  комиссариатында  Т.  Рысқұлов 
қатынасқан  соңғы  мəжіліс  болды.  Т.  Рысқұлов 1922 жылы 17 шілде 
– 26 қыркүйек  аралығында  ғана  РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық 
комиссариатының орталық аппаратында тұрақты жұмыс істеп, Ұлттар 
кеңесі мен коллегияның барлық мəжілісіне қатынасады жəне түрліше 
комиссиялардың  төрағасы  ретінде  қысқа  мерзімде-ақ  қыруар  іс 
бітіреді: ол РКФСР-дің ұлт аймақтарының өндіргіш күштерін дамыту 
сиезін даярлау комиссиясының мүшесі; Қуашылыққа ұшыраған аймақ 
тұрғындарына  жұмыс  малын  тарату  комиссиясының  төрағасы;  Жер 
мəселелері бойынша Федералды комитет туралы ереже жобасын да-
ярлау  комиссиясының  төрағасы;  РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық 
комиссариаты  жанындағы  Халық  ағарту  ісі  бойынша  Федеральдық 
комитет туралы БОАК қаулысының жобасын даярлау комиссиясының 
төрағасы; Халық ағарту ісі бойынша Федеральдық комитет төрағасы; 
Түркістан, Қазақ, Башқұрт автономиялы республикаларының өкілетті 
өкілдіктерінің қызметін үйлестіру жəне Хорезм мен Бұқара республика-
ларымен жұмыс жасау комиссиясының төрағасы; Башқұрт АКСР-інің 
шекарасын анықтау комиссиясының төрағасы; Шығыс еңбекшілерінің 
Коммунистік  университеті  жанынан  Жұмысшы  факультетін 
ұйымдастыру, оның ережесін, штаты мен сметасын белгілеп, БОАК-қа 
ұсынылатын қаулы жобасын даярлау комиссиясының төрағасы; Шығыс 
халықтарының  Орталық  баспасын  ұйымдастыру  комиссиясының 
төрағасы  жəне  баспа  басқармасының  төрағасы;  Мəскеуде  Шығыс 
еңбекшілерінің  үйін  ұйымдастыру  комиссиясының  төрағасы  болды. 
Сонымен  қатар,  Т.  Рысқұлов  Шығыс  еңбекшілерінің  Коммунистік 
университетінде дəрістер оқып, РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 
Кіші Кеңесінде Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты атынан ба-
яндамалар  жасады.  Мəскеу  мен  Петроград  қалаларында  орналасқан 
барлық институттарға саяси басшылық жасайды. 
Т. Рысқұловтың сан-салалы қызметінің бір бағыты Мəскеу жəне 
Петроград Шығыстану институттары мен Петроградтағы Шығыстың 
тірі  тілдерінің  Орталық  институтын  қайта  құруға  бағытталды. 

73
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Т.  Рысқұлов  осы  айларда  Мəскеу  Шығыстану  институтының 
қызметін  тексеру  комиссиясының  төрағасы;  Мəскеу  Шығыстану 
институтының 1922–1923 оқу  жылындағы  Мемлекеттік  Қабылдау 
комиссиясының  төрағасы;  Мəскеу  Шығыстану  институтының 
студентіне  арнап  жеке  жатақхана  ашу  комиссиясының  төрағасы; 
Мəскеу Шығыстану институты мен Петроградтағы Шығыстың тірі 
тілдерінің Орталық институтындағы студенттер вакансияларын бөлу 
комиссиясының төрағасы; Петроградтағы Шығыстың тірі тілдерінің 
Орталық институты туралы ереже жобасын даярлау комиссиясының 
төрағасы міндеттерін атқарды. 
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.  РФММ (Ресей Федерациясының Мемлекеттік мұрағаты). 1318-қ., 
1-т., 17-іс, 41-49-арт.пп. / Постановление  Комиссии  Народного 
комиссариата по делам национальностей РСФСР по обследо-
ванию деятельности Института Востоковедения. 
2.  РФММ. 1318-қ., 1-т., 17-іс, 20-п. / Из протокола заседания Колле-
гии Народного комиссариата по делам национальностей РСФСР 
от 9 августа 1922 года:
«СЛУШАЛИ: Пункт 1: Доклад Комиссии о ревизии Института 
Востоковедения. (Докладчик тов. Рыскулов).
ПОСТАНОВИЛИ: Пункт 1: По предложению тов. Рыскулова во-
прос отложить до следующего заседания».
3.  РФММ. 1318-қ., 1-т., 17-іс, 34-п. / Из протокола заседания Колле-
гии Народного комиссариата по делам национальностей РСФСР 
от 11 августа 1922 года.
«СЛУШАЛИ: Пункт 1: Доклад Комиссии о ревизии Института 
Востоковедения. (Докладчик тов. Рыскулов). 
4.  РФММ. 1318-қ., 1-т., 17-іс, 34-п.
5.  РФММ. 1318-қ., 1-т., 17-іс, 34-п.
6.  РФММ. 1318-қ., 1-т., 17-іс, 99-121-арт. п.
7.  РФММ. 1318-қ., 1-т., 17-іс, 99-арт. п.
8.  РФММ. 1318-қ., 1-т., 9-іс, 80-84-пп.
9.  РФММ. 1318-қ., 1-т., 17-іс, 133-п.
10.  ӨРОММ  (Өзбекстан  Республикасының  Орталық  Мемлекеттік 
мұрағаты).  Р-34-қ., 1-т., 1376-іс, 173-п. / Копия  телеграммы  из 
Москвы:  «Ташкент.  Совнарком.  Вам  предоставлено  в  Мо-
сковском  институте  Востоковедения  двенадцать  мест,  в 
Петроградском  четыре.  Срочно  командируйте  более  менее 
подготовленных местных. Замнаркомнац РСФСР Т.Рыскулов. 
11.IX.1922 г.».
11.  РФММ. 1318-қ., 1-т., 17-іс, 134-155-пп.
12.  РФММ. 1318-қ., 1-т., 17-іс, 138-арт. п.

74
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
ұжаттамамен  қамтамасыз  ету  ұйымдары  ұжымдар 
мен  мекемелердің  құжаттамамен  қамтамасыз  ету 
қызметтерінің ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеулік 
жəне əдістемелік жұмысын реттеу үшін құрылады. Олар 
құжаттаманы  басқару  бойынша  мемлекеттік  механизм 
құрылымындағы кеңесші органы болып табылады.
Басқарманы  құжаттамамен  қамтамасыз  ету  Ресейде  əрқашан 
жоғары  ұйымдастырушылық  жəне  ғылыми  деңгейде  тұрды. 
Мемлекеттік құжаттамамен қамтамасыз ету жүйесін елдегі барлық 
ұйымдардың  қызметінде  құру  жəне  енгізу  деңгейінің  жоғары  əрі 
сапалы болғаны соншалықты, КСРО ыдыраған соң да он бес жыл-
дан  аса  мерзім  көлемінде  (осы  күнге  дейін)  ұйымдардың  басым 
көпшілігі өз жұмысында басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету 
үлгісін  қолданып  келеді.  Сонымен  қатар,  жетілдіру  жұмыстары 
бір  орында  тұрмайды,  электрондық  құжат  айналымыммен  үздіксіз 
байланыста  басқаруды  құжаттамамен  қамтамасыз  ету  саласының 
барлық  деңгейінде  қарқынды  түрде  ақпараттық  технологиялар 
қолданылуда. Соңғы кездері құжат айналымының озық технология-
ларын енгізу арқасында «басқарманы ақпараттық қамтамасыз ету» 
атты жаңа бағыт құрылып, ол өз дамуын тапты.
Ұйымдардың  қызметін  құжаттамамен  қамтамасыз  ету  жəне 
мұрағаттану  бойынша  ресейлік  тəжірибе  Қазақстанда  да  сон-
дай  ұйымдардың  құрылуына  жəне  олардың  қызметін  жетілдіруге 
септігін тигізеді.
Кеңес  дəуірінен  кейінгі  кезеңде  Бүкілресейлік  құжаттама  мен 
мұрағат  ісінің  ғылыми-зерттеу  институты,  Ресей  тарихшылар-
Ресейдегі құжаттамамен 
қамтамасыз ету 
ұйымдарының қызметі 
Бибігүл ШЫНТАЕВА,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Тарих, археология жəне этнология 
факультетінің магистранты 
Қ

75
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
мұрағаттанушылар қоғамы жəне Ресей Федерациясының стандарт-
тау  бойынша  мемлекеттік  комитеті  мемелекеттік  құрылымдағы 
құжаттамамен қамтамасыз ету бойынша басты ұйымдар болып са-
налды. 
Бүкілресейлік  құжаттама  мен  мұрағат  ісінің  ғылыми-зерттеу 
институтының  ұжымы  құжаттама  жəне  мұрағаттану,  басқарманы 
құжаттамамен  қамтамасыз  ету  мен  мұрағат  ісі  саласында  өте  көп 
жұмыс жасап, оның дамуына үлкен үлес қосты. 
Институт 1966 жылы  Кеңес  Одағында  құжаттаманың  бірыңғай 
мемлекеттік  жүйесін  жасау  мəселесін  шешу  үшін  құрылды.  Бұл 
институттың  басты  мақсаты  болатын  жəне  ол  көздеген  мақсатына 
жетті.  Қысқа  мерзім  ішінде  институт  құжаттаманың  бірыңғай 
мемлекеттік  жүйесін  жасап  шықты.  Ол  тек  РСФСР-да  ғана  емес, 
басқа  республикаларда  да  табысты  қолданылды.  Қырық  жыл 
ішінде  институт  мемлекеттік  басқару  қажеттіліктерін  қамтамасыз 
етуге  бағытталған  жоғары  сапа  стандарттарына  сəйкес  біршама 
жұмыс  жасады.  Тек  Кеңес  Одағының  компьютерлендіру  саласын-
да  техникалық  артта  қалуы  бұл  салада  басқару  саласы  органдары 
жұмысын ұйымдастырудың əлемдік үлгілерге сай болуына кедергі 
болды.  Бірақ  кеңестік  кезеңде  құжаттаманы  автоматтандыру  жо-
баларын  толық  көлемде  жүзеге  асыру  мүмкіндігі  болмағандығына 
қарамастан маңызды ғылыми нəтижелер жасалды [1, 15]. 
Үлкен  құжаттық  жүйелер  саласындағы  зерттеулері,  құжаттама 
мен құжат теориясын ақпараттық тұрғыдан қолданылуы, құжаттама 
жүйесі  мен  мемлекет  тарихының  дамуын  зерттеуі,  құжаттаманың 
бірыңғай  жүйесін  əзірлеуі,  құжаттама  мен  мұрағат  ісінің  терми-
нологиясын  жасауы  институттың  ғылыми  қызметінің  маңызды 
нəтижелері саналады. 
Институттың  ғылыми  зерттеулері  басты  үш  бағыт  бойынша 
жүзеге  асты.  Біріншісі,  құжат  жұмысын  заңдық  қамтамасыз  ету-
мен қоса, басқарманы құжаттамамен қамтамасыз етудің теориялық 
мəселелері. Екіншісі, барлық аспектідегі электрондық құжаттардың 
мəселесі.  Үшінші  бағыты,  басқарманы  құжаттамамен  қамтамасыз 
етуді əдістемелік қамтамасыз ету. 
Бүгінде  іс  жүзінде  туындайтын  сұрақтарға  жауап  табу  үшін 
құжаттама теориясы жəне əдістемесімен түпкілікті, жете түрде ай-
налысу қажет. Бұл жайында сөз етудің қаншалықты негізі бар жəне 
оған қандай факторлар ықпал етуі мүмкін?
Ең  алдымен,  көптеген  ғылыми  жəне  кəсiби  бағыт  өкiлдерiнiң 
басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету мен мұрағат саласындағы 

76
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
ықпалдастық.  Осының  салдарынан  келіспеушіліктер  туындай-
ды.  Пайда  болған  қиындықтан  шығу  жəне  терминологияға  ортақ 
тұрғыдан келу үшін сəйкесінше жұмыстар жүргізілу қажет.
Екінші  фактор – басқаруды  құжаттамамен  қамтамасыз  ету  бой-
ынша  мамандарды  əзiрлеу  саласын  кеңейту.  Ресейде  жүзден  аса 
жоғарғы оқу орындары басқарманы құжаттамамен қамтамасыз ету 
бойынша мамандар даярлауға кірісті. Бұл жерде Қазақстанда жаңа 
талаптар  шарттарына  сəйкес  мамандандырылған  құжаттанушылар 
жəне мұрағаттанушылар кадрларын əзiрлеу тек əл-Фараби атындағы 
Қазақ  ұлттық  университетiнiң  базасында  ғана  жүргізілетінін  атап 
өткен жөн.
Үшінші фактор – бұл электрондық құжат жəне ақпараттық тех-
нологиялар  мен  электрондық  құжат  айналымын  енгізу  мəселесі. 
Егер  бұл  мəселеге  мұқият  қарасақ,  құжаттама  теориясының  жеке 
тұстарына біршама түзетулер жасамайынша, біз электрондық құжат 
пен қағазсыз технологиялар қолдану жайында айта алмаймыз.
Төртіншіден,  басқару  аппаратын  реформалау  жəне  əкiмшiлiк 
реформа 
шеңберінде 
басқару 
жүйесiнiң 
жаңа 
көрiнісі 
ақпараттандырудың  үкіметтік  тұжырымдамасына  сəйкес  нəтижеге 
бағытталуы  керек.  Осыған  байланысты  мемлекеттік  қызметті 
жүзеге  асыруда  əкімшілік,  электрондық  регламенттер  пайда  бола-
ды. Басқару жұмысы сипатының өзгерiсі құжаттау формалары мен 
əдiстерiнің өзгеруіне əкеледі.
Бесінші  фактор – бұл  бүгінде  барлық  мекемелерді  түгелiмен 
ораған қағаз ағынын жеңiлдету қажеттiлiгі.
Соңғысы.  Бұл  факторлардың  барлығы  міндетті  түрде  ұйымның 
құжат  айналымына  əсерін  тигізіп,  басқару  жұмысында  бірқатар 
өзгерістердің  пайда  болуына  əкеп  соқтырады.  Жаңа  басқару 
жəне  өндірістік  технологиялардың  пайда  болуы  жаңа  құжаттық 
технологиялардың дамуына əкеледі.
Ресейдің Федералдық мұрағат агенттігінде бұл мəселелерге үлкен 
назар аударылады. Олар электрондық құжат айналымы мəселесінн 
шешуде жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінгі таңда агенттікте үкіметтің 
федералды  атқарушы  органдарында  электрондық  құжаттармен 
жұмыс  істеу  жөніндегі  ережені  даярлау  бойынша  жұмыс  тобы 
құрылды [2, 117].
Институттың  жұмыс  үдерісіндегі  ең  маңызды  бағыт  əр  түрлi 
ұйымдарға көмек ретінде басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету 
бойынша əдiстемелiк құралдар кешенiн жасау болып табылады. Басты 
əдiстемелiк құжат үкiметтiң федералды атқарушы органдарындағы 

77
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Іс жүргiзу бойынша типтiк нұсқаулық болып есептеледі. Бұл құжат 
басқаруды  құжаттамамен  қамтамасыз  ету  жұмыстарының  қазіргі 
бағыттарын ашып көрсетеді. Ол кең таралымға ие болды жəне Ре-
сей Федерациясында іс жүргізу саласындағы бірегей құжат болып 
табылады.
Қазіргі  кезде  институт  ғылым  мен  техниканың  жаңа  даму 
кезеңіне сай əдістемеге негізделген құжаттаманы басқарудың жаңа 
бағыттарын дамытуға талпынады [3, 20–21] .
Басқаруды  құжаттамамен  қамтамасыз  ету  мұрағат  ісімен 
тығыз  байланысты,  сондықтан  Ресей  тарихшылар-мұрағатшылар 
қоғамының да бұл салада атқаратын рөлі айрықша.
Ресей  тарихшылар-мұрағатшылар  қоғамы  (бұдан  əрі – қоғам) 
1990 жылы 13 қараша күні Мəскеуде өткен бүкілресейлік құрылтай 
съезінде  құрылған.  Оның  қызметiнiң  заңнамалық  негiзiн  Ресей 
Федерациясының  «Қоғамдық  бiрлестiктер  туралы»  Федералды 
заңы  мен  съезде  бекітілген  жəне  Ресей  Федерациясының  Əділет 
министрлігімен  тіркелген  қоғамның  жарғысы  құрайды.  Қоғам 
заңды тұлға болып табылады жəне Ресей Федерациясының барлық 
аумағында жұмыс iстейдi [4, 27].
Қоғам  жұмысы  еріктілік,  теңқұқылық,  өзін-өзі  басқару 
ұстанымдына  негізделеді.  Қоғам  өз  ішкі  құрылымын,  мақсатын, 
қызметінің формалары мен əдістерін анықтауда ерікті болып табы-
лады. 
Қоғам  Ресей  Федерациясы  заңнамасы  анықтайтын  шарттарға 
сəйкес  мемлекеттік,  қоғамдық,  діни  жəне  басқа  құрылымдар  мен 
ұйымдармен жұмыс жүргізеді. Ол мұрағаттық жəне ғылыми меке-
мелермен,  академиялық  институттармен,  жоғарғы  оқу  орындары-
мен,  ұлттық  білім  органдарымен,  кітапханалармен,  Халықаралық 
мұрағаттар  кеңесімен  жəне  өзге  де  шетелдік  мұрағатшыларымен 
байланыс орнатып дамытуда.
Қоғам  басқармасы  Ресей  Федералдық  мұрағат  қызметімен 
жəне  қызығушылық  танытқан  басқа  ұйымдармен  бірлесе  отырып, 
мұрағат  ісі  мен  тарих  ғылымының  маңызды  мəселелері  бойынша 
бүкілресейлік  жəне  халықаралық  ғылыми  конференциялар,  семи-
нарлар, дөңгелек үстел отырыстарын өткізеді.
Қоғамның  «Мұрағатшы  хабаршысы»  атты  өз  баспалық  орга-
ны  бар.  Ол  өткен  конференция  жəне  семинар  материалдарының 
жинағын  шығарады.  Соңғы  жылдары  қоғам  мынадай  материалдар 
жинағын  басып  шығарды: «Мұрағаттар  мен  мұрағат  қорларының 
қауіпсіздігі»; «Муниципалдық  мұрағаттар:  қызметінің  құқықтық, 

78
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
ұйымдастырушылық  жəне  ғылыми-əдістемелік  мəселелері»; 
«Ақпараттық  қоғамдағы  құжаттама:  электрондық  іс  жүргізу  жəне 
электрондық мұрағат»; «Ресей тарихшылар-мұрағатшылар қоғамы: 
1990–2000 жж.» жəне т.б.
XXI ғасыр – ақпарат пен жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. 
Бiз iс жүргiзу дамуының барлық кезеңіндегі төңкерiстік өзгерістер 
табалдырығында  тұрмыз.  Электрондық  құжаттың  пайда  болуы, 
басқарудағы оның қолдану аясының кеңеюi өз шешімін талап ететiн 
теориялық жəне тəжірибелік мəселелерді алға қояды. Бүкілресейлік 
құжаттама мен мұрағат ісінің ғылыми-зерттеу институты жəне Ресей 
тарихшылар-мұрағатшылар қоғамы қазiргi құжаттама саласындағы 
зерттеулердiң алдыңғы қатарында тұр жəне басқаруды құжаттамамен 
қамтамасыз  ету  саласындағы  көкейкестi  мəселелердi  шешу  үшiн 
қажеттi ғылыми əлеуеті бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет