Жолдауы жолдарынан



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата02.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#1023
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№1(33) 2012
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ 
ЖОЛДАУЫ ЖОЛДАРЫНАН 
Нұрлан Сейдін
Елдің ертеңгі жетістігі – білім 
мен ғылымда ...................................................    5
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ 
ҚАУІПСІЗДІК
Геннадий Чуфрин
КСРО-дан кейін: ТМД-дан Еуразиялық 
одаққа ..............................................................  12
ІШКІ САЯСАТ
Əбілəзиз Исаев 
Француздық мемлекеттік қызмет 
жəне мемлекеттік қызметшілерді 
дайындаудың француздық үлгісі ...................  22
Жазира Қуанышбаева
Тілдік құндылықтарына байланысты 
Қазақстан халқының өзін-өзі 
сəйкестендіруі .................................................  37
ЭКОНОМИКА
Нұржан Əлжанова 
Жоба үшін несие алу жолдары ......................  47
Сəкен Əбдібеков,
Айгерім Тұрысбекова 
Қазақстан Республикасының қазіргі 
тандағы коммерциялық банктер 
арқылы ұсынылған несие саясатын 
жетілдіру жолдары ..........................................  53
ҚОҒАМ, ТАРИХ, МƏДЕНИЕТ
Əлия Исаева,
Гүлбану Мəжитова
Қазақ халқының баспанасы – киіз үй .............  58
Ордалы Қоңыратбаев 
Тұрар Рысқұлов жəне Мəскеу 
шығыстану институты .....................................  67
МАЗМҰНЫ
ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ  ЖУРНАЛ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
ПРЕЗИДЕНТIНIҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ 
ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ
2004 жылдан бастап
əр тоқсан сайын жарық көредi
Бас редактор 
Болат СҰЛТАНОВ,
ҚР Президентiнiң жанындағы
ҚСЗИ директоры
Жауапты редактор
Нұрлан СЕЙДIН
Шығаруға жауапты:
А.Арзықұлов
Дизайн жəне беттеу
А.Жұмағалиева, А.Садвакасов
Редакция мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы,
050010, Алматы қаласы,
Достық даңғылы, 87-б
ҚР Президентiнiң жанындағы ҚСЗИ
Телефон (727) 264-34-04
Факс (727) 264-49-95
E-mail: offi ce@kisi.kz
www.kisi.kz
Журнал Қазақстан Республикасының
Мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық
келiсiм министрлiгiнде 2003 ж.
19 желтоқсанда тiр келiп, тiркеу туралы
 4526-Ж куəлiк бе рiлген.
Индекс 74007
Журналда жарияланған материалдарды
көшiрiп басқан, микрофильмдеген
жағдайда журналға сiлтеме жасалынуы
мiн деттi. Жарияланған мақала
авторларының пiкiрi редакция
көзқарасын бiл дiрмеуi мүмкiн.
ЖК «Волкова Е.В.» баспаханасында 
басылып шығарылды.
050010, Алматы қ., Райымбек даң., 212/1.
Таралымы 500 дана.

2
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
МАЗМҰНЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
ПРЕЗИДЕНТIНIҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ 
ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ
ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ  ЖУРНАЛ
Бибігүл Шынтаева 
Ресейдегі құжаттамамен қамтамасыз 
ету ұйымдарының қызметі .............................  74
Əлия Анипина 
Таң дəуірі позэиясының даму тарихы ...........  79
Перизат Шадыбекова
Шəкəрім Құдайбердіұлының саяси 
қайраткерлігінің кезеңдері ..............................  87
Жандос Құмғанбаев 
Əлихан Бөкейханов жəне «Қазақ» газеті ......  97
РЕЦЕНЗИЯ
Жұмабек Кенжалин
Қоғам өмірінің өлшемін айқындаған ..............104
Түйіндеме .......................................................109

3
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Болат СҰЛТАНОВ – 
редакциялық кеңестің төрағасы, ҚР Президентінің 
 
 
 
жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер 
 
 
 
институтының (ҚСЗИ) директоры, тарих 
 
 
 
ғылымдарының докторы
Нұрлан СЕЙДІН – 
жауапты редактор, ҚР Президентінің жанындағы 
 
 
 
ҚСЗИ-дың əлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің 
 
 
 
меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты
Нұржамал АЛДАБЕК – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 
 
 
 
университетінің бірінші проректоры, тарих 
 
 
 
ғылымдарының докторы, профессор 
Рахман АЛШАНОВ – 
«Тұран» білім корпорациясының президенті, 
 
 
 
ҚР жоғарғы оқу орындары қауымдастығының 
 
 
 
президенті, экономика ғылымдарының докторы, 
 
 
 
профессор
Мəулен ƏШІМБАЕВ – 
ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Халықаралық 
 
 
 
істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы, 
 
 
 
саяси ғылымдарының кандидаты 
Камал БҰРХАНОВ – 
ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, саяси 
 
 
 
ғылымдарының докторы, профессор 
Қуанышбек ҚАРАЖАН –  əл-Фараби атын. ҚазҰУ-дың Қазақстан тарихы 
 
 
 
кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының 
 
 
 
докторы
Бағлан МАЙЛЫБАЕВ — 
ҚР Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары, 
 
 
 
заң  ғылымдарының докторы
Лəйлə МҰЗАПАРОВА – ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директорының 
 
 
 
бірінші орынбасары, экономика ғылымдарының 
 
 
 
кандидаты
Марат ТƏЖИН – 
ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің 
 
 
 
хатшысы, əлеуметтану ғылымдарының докторы, 
 
 
 
профессор
Зарема ШƏУКЕНОВА – ҚР БҒМ ҒК Философия жəне саясаттану 
 
 
 
институтының директоры, əлеуметтану 
 
 
 
ғылымдарының докторы, профессор 

4
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
РЕДАКЦИОННЫЙ СОВЕТ
Булат СУЛТАНОВ – 
председатель редакционного совета, директор 
 
 
 
Казахстанского института стратегических 
 
 
 
исследований (КИСИ) при Президенте РК, доктор 
 
 
 
исторических наук
Нурлан СЕЙДИН – 
ответственный редактор, заведующий отделом 
 
 
 
социально-политических исследований КИСИ при 
 
 
 
Президенте РК, кандидат исторических наук 
Нуржамал АЛДАБЕК – первый проректор Казахского государственного 
 
 
 
женского педагогического университета, доктор 
 
 
 
исторических наук, профессор 
Рахман АЛШАНОВ – 
президент образовательной корпорации «Туран», 
 
 
 
президент Ассоциации высших учебных заведений 
 
 
 
РК, доктор экономических наук, профессор
Маулен АШИМБАЕВ – депутат Мажилиса Парламента РК, председатель 
 
 
 
Комитета по международным делам, обороне 
 
 
 
и безопасности, кандидат политических наук 
Камал БУРХАНОВ – 
депутат Мажилиса Парламента РК, доктор политических 
 
 
 
наук, профессор 
Куанышбек КАРАЖАН –  профессор кафедры истории Казахстана КазНУ 
 
 
 
им. аль-Фараби, доктор юридических наук
Баглан МАЙЛЫБАЕВ – заместитель Руководителя Администрации 
 
 
 
Президента РК, доктор юридических наук
Лейла МУЗАПАРОВА – первый заместитель директора КИСИ при Президенте 
 
 
 
РК, кандидат экономических наук
Марат ТАЖИН – 
помощник Президента РК – Секретарь Совета 
 
 
 
Безопасности РК, доктор социологических наук, 
 
 
 
профессор
Зарема ШАУКЕНОВА – директор Института философии и политологии 
 
 
 
КН МОН РК, доктор социологических наук, 
 
 
 
профессор

5
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖОЛДАРЫНАН 
Елдің ертеңгі жетістігі – 
білім мен ғылымда
Нұрлан СЕЙДІН,
ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ-дың 
əлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі,
тарих ғылымдарының кандидаты
Е
лбасымыз  Н.Ə.  Назарбаевтың  жыл  сайынғы  Жолдауы 
биыл «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан 
дамуының  басты  бағыты»  тақырыбымен  жария  бол-
ды.  Мемлекетіміз  алдында  тұрған  айқын  міндеттерді 
айшықтап,  жаңа  бастамаларға  тың  серпін  беретін 
Жолдауға халық ықыласы да ерекше. Жоспары биік, мақсаты мығым 
Жолдауды насихаттаудың үлкен шарасы еліміз бойынша қарқынды 
жүруде. 
Елбасының  биылғы  Жолдауының  əр  тарауы  қоғамдағы  өзекті 
мəселелердің  шешіміне  бағытталған.  Əсіресе,  маған  Президенттің 
білім  жəне  ғылым  саласы  жөнінде  көтерген  мəселесі  ой  сал-
ды.  Өткен  жыл  ғылым,  білім  беру  саласы  үшін  ерекше  білім  беру 
жүйесін дамытудың мемлекеттік жаңа бағдарламасын жүзеге асыра 
бастаған алғашқы жылы болды. 5-ші шақырылымдағы Парламенттің 
алғашқы сессиясының ашылуында сөз алған Елбасы білім беру са-
ласын «барынша тез модернизиялаушы» деп мінездеме беріп, оның 
дамуына жоғары баға берді. Бұл жерде қол жеткізген жетістіктеріміз 
де аз емес. Бюджеттен білім беру саласын қаржыландыру тек осы 
жылдың өзінде 25 пайызғы өсіп, 1 триллион теңгеден асып жығылды. 
Мектепке дейінгі мекемелер 25 пайызға өсті, ал 1–6 жастағы мек-
тепке дейінгі тəрбие беру жұмысын қамту 47,5 пайызға жетті. Яғни, 
реформаға дейінгі 1991 жылғы көрсеткіш қайта қалпына келіп қана 
қойған жоқ, одан асып кеттік (46,6 пайыз). 3–6 жастағы балаларды 
қамту 64,5 пайызға жетіп отыр, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 55 
пайызды көрсетеді. Бұл – өте тез əрі сенімді өсім көрсеткіші.
Елбасының  тапсырмасымен  мектепке  дейінгіден  жоғары  оқу 
орындарына дейінгі жəне одан кейінгі білім беру саласының барлық 
деңгейінің  сапасын  тексеру  тізбегі  құрылды.  Бұл  орталық  жəне 

6
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖОЛДАРЫНАН 
жергілікті  басқару  органдарымен  тығыз  қарым-қатынас  орнатуға, 
оқытудың  сапасын  түзетуге  жəне  арттыруға  жасалған  салиқалы 
қадам.  Сондай-ақ,  қамқоршылар  кеңесін  құру  арқылы  білім 
беру  жүйесінің  қоғаммен  өзара  байланысының  жаңа  механизмі 
қалыптасуда.
2011  жылы  білім  жəне  ғылым  жүйесінің  құқықтық  база-
сы  түгелімен  дерлік  жаңартылды.  Ғылым  туралы,  Назарба-
ев  Университеті,  Назарбаев  зияткерлік  мектебі  жəне  Назарбаев 
Қоры  мəртебесі  туралы  жаңа  заңдар  қабылданды. «Білім  туралы» 
Заңға  өте  елеулі  өзгертулер  енгізілді.  Өткен  жылы  барлығы 7 заң 
қабылданып,  қабылданғаны,  əлі  қарап  жатқаны  бар  Үкіметтің 70-
тен астам қаулысы қарастырылды.
Қазақстан  бұрынғы  Кеңес  Одағы  республикалары  аумағындағы 
барлық елдерді артта қалдырып, білім беруді дамыту индексінің (БДИ 
ЮНЕСКО)  ең  жоғары  төрттігі  қатарында  болып  келеді.  Біріккен 
Ұлттар Ұйымының адам дамыту индексі бойынша біз бүгінгі таңда 
əлем  елдері  арасында 68-ші  орындамыз.  Біздің  оқушыларымыз 
халықаралық  деңгейдегі  олимпиадалық  жарыстарда  қолжеткізген 
жетістіктері жыл санап артып келеді. Өткен жылы олар 912 медальді 
иемденді. Ал бұл көрсеткіш 2007 жылы бар-жоғы 181 ғана болған.
Бүгінгі таңдағы ең басты мəселе қолжеткен жетістікке тоқмейілсу 
емес,  Жолдауда  көрсетілген  басымдықтарды  толығымен  іс  жүзіне 
асырып,  болашаққа  қадам  жасау.  Елбасымыз  Н.Ə.  Назарбаев: 
«Экономикалық көрсеткішіміздің өсуіне орай біздің қоғамымыздағы 
мəдени  жəне  білім  деңгейінің  артуына,  жаңа  қазақстандық  зият-
кер ұлт қалыптасуына ерекше назар аудару қажет» деп атап өткен. 
Міне,  осы  жерден  келіп  білім  берудің  еліміздің  индустриялық-
инновациялық  дамуына  қатысу  икемі  бар  жаңа  мамандарды 
дайындаудың арқаулық міндеті шығады. Бұл міндеттің стратегиялық 
маңызы  мен  мазмұны  Елбасымыздың  жылсайынғы  Жолдауларын-
да да айрықша айтылған. Басты мақсат – барлық деңгейіндегі білім 
берудің  тиімді  жүйесін  қалыптастыру  жəне  жаңа  сапаға  көшуге 
дайындау, ғылыми зерттеулерді əлемдік деңгейге шығару жəне оны 
инновациялық үрдістерге қатыстыру.
Бұл  ретте,  қазіргі  уақытта  əлемде  жүріп  жатқан  қаржылық-
экономикалық  дағдарыстың  келеңсіз  əсерінен  көптеген  елдерде 
əлеуметтік  бағдарламалар,  оның  ішінде  білімді  дамытуға  қатысты 
шаралар елеулі жағдайда қысқартылуда жəне азаюда. Тіпті мұндай 
көріністер қуатты Еуро Одақ елдері сияқты алпауыт мемлекеттердің 
өздерінде  де  жүріп  жатыр.Соған  қарамастан,  Қазақстан 

7
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖОЛДАРЫНАН 
Республикасының Президенті, Елбасы Н. Назарбаев өзінің биылғы 
Жолдауында  халықтың  əлеуметтік  жағдайын  одан  əрі  дамыту  мен 
арттыруға қаржыны одан əрі көбейтуге, оның ішінде отандық білім 
мен ғылымды қолдауға бағытталған əлеуетті де маңызды бағдарлама 
ұсынып  отыр.  Бұл  адам  капиталын  ұдайы  дамытуға  бағытталған 
Елбасының тұрақты да сындарлы саясатының жарқын көрінісі.
Елбасы  Н.Ə.  Назарбаевтың  биылғы  Жолдауында  оқыту 
үдерістеріне  қазіргі  замаңғы  əдістемелер  мен  технологияларды 
енгізу  мəселелері  кеңінен  баяндалған.  Осы  бағытта  мемлекет  та-
рапынан  ауқымды  жұмыстар  атқарылуда.  Арнайы  министрліктер 
мен оқу орындары əдістемелер мен технологияларды жіті меңгеріп, 
халықаралық  тəжірибені  толық  зерделеуде.  Аталған  бағыттағы 
ауқымды  жұмысты  еліміздің  білім  беру  жүйесінің  көшбасшылары 
–  Назарбаев  Университеті  мен  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері 
атқарып  келеді.  Мұнда  өте  білікті  оқытушы  жəне  ғылыми  құрам 
шоғырланған.  Аталған  мекемелер  тарапынан  оқыту,  зерттеу  жəне 
инновация  мен  оны  іс  жүзінде  игеру  салаларында  ең  алдыңғы 
қатарлы  жетістіктер  мен  тəжірибелерді  үнемі  іздеу  жүргізілуде. 
Қазақстанның  жинақталған  тəжірибесіне  ыңғайлы,  əлемдік  ең 
жоғарғы үлгіге сəйкес келетін ұжымдық басқару жүйесі құрылуда.
Бүгінгі  таңда  Елбасымыздың  ерекше  назар  аударғанын  ескере 
отырып, Білім жəне ғылым министрлігі Назарбаев Университеті мен 
Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  тəжірибесін  бүкіл  Қазақстанның 
білім беру жүйесіне тарату үшін олардың жетістіктерін жалпыға білім 
беру  үдерісіне  енгізуде.  Назарбаев  Университетінің  жұмыстарын 
жаңа  құрылып  жатқан  зерттеу  жəне  инновациялық  университет-
тер арқылы да көпшілікке паш етпекші. Назарбаев Университетінің 
басқарудағы  өзіндік  үлгісі  бүгінгі  күннің  өзінде  Бақылаушылар 
кеңесін  құру  арқылы  еліміздің  іргелі  жоғары  оқу  орындарының 
ұжымдық басқаруларында қолданылуда.
Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында назар 
аударған  тағы  бір  маңызды  мəселе,  ол  педагогтардың  сапасы  мен 
біліктілігін  арттыру.  Бұл  білім  беру  нəтижесінің  негізгісінің  негіз-
гісі. Осы мақсатта министрлік қазіргі мұғалімдердің біліктілігін артты-
ру жүйесіне түбегейлі басқа қырынан келіп отыр. Бұған дейін бұл сала 
тиімсіз болды, əрі бұған салғырт қарап келген еді. Енді, дүниежүзілік 
тəжірибе  негізінде  қайта  дайындаудың  ешкімге  ұқсамайтын  жаңа 
бағдарламалары мен əдістемелері дайындалды. Қазірдің өзінде На-
зарбаев  Зияткерлік  мектебі  жанындағы  Педагогикалық  шеберлік 
орталығымен,  аймақтардағы  орталықтармен  бірлескен  Біліктілікті 

8
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖОЛДАРЫНАН 
арттырудың ұлттық орталығы құрылды. Осындай жаңа жүйе арқылы 
еліміздегі  мұғалімдер  жасағының  жартысын 5 жыл  ішінде  жаңа 
деңгейде қайта дайындықтан өткізіп шығару қарастырылуда. Білім 
жəне ғылым министрлігі үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап 
педагогикалық жоғары оқу орындары мен кафедралардың оқытушы-
профессорлар  құрамының  біліктілігін  арттырудың  жаңа  деңгейіне 
көшуді  жоспарлауда.  Бұл  үшін  бюджеттен  мақсатты  да  ауқымды 
қаражат бөлінуде.
Жоғары жəне ішінара кəсіптік-техникалық білім беруде əлі күнге 
дейін білім беру қызметін көрсетуші мекеме ретінде өз түлектерінің 
білім  сапасын  өздері  бағалайтын  жүйе  жұмыс  істейді.  Əлем  бұл 
тəжірибеден  əлдеқашан  бас  тартқан.  Ол  жерде  түлектерге  жан-
жақты əділ бағаны осы салада жұмыс істейтін өз ісінің шеберлері 
мен жұмыс берушілер ғана бере алады деп санайды. Ал бұл бізде əлі 
қалыптаспағандықтан да қазақстандық жұмыс берушілер тарапынан 
жас  мамандарды  даярлау  сапасының  төмендігіне,  жұмыс  орнында 
оларды  «қосымша  оқыту»,  нарықтық  жəне  өндірістік  шындыққа 
бейімделу қажеттіліктеріне орай сындар көп айтылады.Сондықтан 
Президент  тапсырмасына  орай  қанатқақты  ережеге  сəйкес 
салалық  ассоциация  арқауында  жұмыс  берушілердің  қатысуымен 
біліктілікті  растайтын  бірнеше  тəуелсіз  орталықтар  құрылады. 
Бұндай ресімдемелерден өткен оқу орындарының түлектеріне жеке 
біліктілігіне кəсіби растама берумен қатар өз істерінің шеберлерімен 
мойындалады. Бұл – жұмысқа орналасуға жоғары мүмкіндік береді 
деген  сөз.  Сондай-ақ,  бұл  еңбек  нарығындағы  сұранысқа  жас  ма-
мандар деңгейін біртабан жақындатады. Бірақ бұл жүйенің жалпыға 
бірдей енгізу туралы шешімі қанатқақты жобаның қорытындыларын 
жан-жақты талдау мен көпшілік талқысынан кейін барып қолға алы-
нады.
Еңбек  ресурстары  сапасынан  Қазақстанның  инновациялық 
болашағы тікелей байланыста болғандықтан да түбегейлі жаңа əдіс 
жəне технология қажеттігі туралы мəселеге Елбасы өз Жолдауында 
баса назар аударды. Бұл қазіргі дүниежүзілік тəжірибеде бар дүние. 
Оның  аса  жарқын  мысалдарының  бірі – Германиядағы  кəсіптік-
техникалық  білім  берудегі  даярлаудың  дуальдық  жүйесі.  Мұнда 
оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен 
қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, 
білімді ұйымдастыруға арнайды.
Қазіргі таңда қазақстандық техникалық жəне кəсіптік білім беру 
жүйесінде  басқарудың  су  жаңа  құрылымы – жұмыс  берушілердің 

9
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖОЛДАРЫНАН 
қатысуыменен  салалық  жəне  аймақтық  кеңестер,  ұлттық  кеңес 
құрылуда.  Олар  Германия,  Норвегия,  Сингапур  жəне  т.б.  елдердің 
ең озық тəжірибелерін енгізу мəселелерін толық пысықтайды. Бұл 
жүйе əр аймақта дуальдық жүйені қоса отырып 2–3 колледжді сол 
аймаққа бейімдейді, кейін олардың тəжірибесін басқа кəсіптік білім 
беру ұйымдарына таратады.
Өндірістен қол үзбей оқытудың тағы бір əдісі – қазіргі заманғы 
ақпараттық,  мультимедиалық,  интерактивтік  технологияларды 
қолдана отырып алыстан оқыту, бұл жоғары жəне кəсіптік білім бе-
руде біршама жоғары сапаға ие болуға мүмкіндік береді. Министрлік 
бүгіннің  өзінде  елімізде  алыстан  оқытудың  заманауи  əдістерін 
меңгеру жолдарын қарастыруда.
Біздің  мектептерімізде  теориялық  негізде  беріліп  жатқан  білім 
деңгейі  өте  жоғары,  мұны  халықаралық  олипиадаларда  жеткен 
жетістіктеріміз айғақтайды. Бірақ, ақылды оқушының алған білімін 
өмірлік жағдайда, əлеуметтік бейімделу мен қайраткерлік үдерісте 
қолдануы  əлі  жеткіліксіз.  Сондықтан  да  Президент  тапсырмасына 
сəйкес Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамыту жөніндегі 
5  жылдық  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  талқыланып,  қабылданады. 
Жоспар  шеңберінде  əдістемеге  концептуалды  келуді  елеулі  түрде 
қайта  қарау,  соған  сəйкес,  білім  беру  мазмұны  мен  стандартта-
рын  бейімдеу, «білімдарлықтан»  өмір  бейімділігіне  ауысу  сияқты 
міндеттер тұр. Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүруде.
Елбасымыздың биылғы жолдауы Тəуелсіз Қазақ елі үшін айшықты 
мəселелерді  ашып  берді.  Жастар  үшін,  жастар  саясаты  турасында 
маңызды мəселелерді қадап айтқан болатын. Соның ішінде жастар-
ды жатақханамен қамтамасыз ету мəселесіде шегеленіп айтылған бо-
латын. Осыған байланысты үкімет тарапынан жатақханалар желісін 
кеңейту туралы мəселе де өз шешімін табуда. Бүгінгі таңда жоғары 
оқу орындары мен колледждердегі студенттердің 211 мыңы ауылдық 
жерден  қалаға  келіп  оқитындар,  олардың  көпшілігі  жатақханамен 
қамтамасыз  етілмеген.  Сол  себепті 2015 жылға  дейін  Елбасының 
тапсырмасына  сəйкес 93 жатақхана  тұрғызу  жоспарлануда,  оның 
ішінде Алматы жəне Астана қалаларында 2 студенттік қалашық са-
лынады. Бұл өз кезегінде түйінді мəселенің үшкір тұстарын жоюға 
мүмкіндік береді.
Жолдауды іске асырудағы Президент тапсырмаларының ішіндегі 
ең  маңыздысы  əрі  басты  бағыт – бұл  оқыту  үрдісінде  тəрбиелеу 
компоненттерін  күшейту.  Патриоттық,  азаматтық  тəрбиені,  оның 
ішінде экстремизмге қарсы тұру жəне оқытудың басқа да құрамдас 

10
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖОЛДАРЫНАН 
бөлігін  үнемі  одан  əрі  дамыту  айтылған.  Жоғарғы  оқу  орындары 
мен  мектептер  бір  жағынан  міндетті  түрде  тəрбие  компоненттері 
қосылған  білім  беру  үлгі-қалыптары  мен  бағдарламаларының 
негізінде  оқытудың  мазмұны  мен  мақсаттарын  жетілдірсе,  екінші 
жағынан  жергілікті  атқарушы  органдар  мен  үкіметтік  емес  сектор 
Білім  министрлігімен  күш  біріктіре  отырып,  жастармен  тəрбие 
жұмысын одан əрі жақсарта түсуді көздеуде.
Ғылыми-зерттеу  институттары  мен  əлеуметтік-гуманитарлық 
бағыттағы кафедралар алдына тəрбие жұмысы, экстремизмге қарсы 
əрекет, дінтанудың маңызды мəселелері туралы ғылыми зерттеулерді 
дамыту  туралы  міндеттер  қойылуда.  Мұндай  зерттеулер  заманауи 
теориялық базамен қатар, іс жүзінде əрекет етуге мүмкіндік беретін 
ғылыми негізделген ұсыныстар береді.
Оң  көзқарастағы  жастар  бастамасын  қолдауда  тəжірибе 
жинақталуда.  Мемлекеттік  əлеуметтік  тапсырыс  аясында 2011 
жылы  бірнеше  жастар  жобасына  қолдау  көрсетілді  жəне 19 
ресурстық, оның ішінде 16 аймақтық, 3 республикалық орталықтар 
құрылды.  Аталған  орталықтардың  міндеті – жергілікті  жастардың 
бастамаларына талдау жасау, олардың ең үздіктеріне республикалық 
жəне  жергілікті  деңгейде  қолдау  көрсету. «Мемлекеттік  қызмет 
мектебі», «Жастар  кадрлық  резерві»  сияқты  жобалар  жүзеге  асу-
да.  Жаңа  сайланған  Парламентке  «Мемлекеттік  жастар  саясатына 
қатысты кейбір Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобасы ұсынылды.
Елбасының  тікелей  қамқорлығының  арқасында  ғылымды 
қаржыландыру  соңғы  жылдары  айтарлықтай,  тіпті  ішкі  жалпы 
өнімнің өсу жылдамдығымен жарыса көбейіп келеді. 2011 жылғы 
ғылыми зерттеулерге жалпы бюджеттен бөлінген қаржы 28,8 мил-
лиард теңгені құраса, 2012 жылы 41,8 миллиард теңгеге жетіп отыр. 
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 пайызға өскендігін көрсетеді. 
2015 жылы ғылымға бөлінетін шығын көлемін ішкі өзіндік өнімнің 
1 пайызына жеткізу міндеті қойылған .  Бұл шетелдік мемлекеттердің 
зерттеу көздерін қаржыландыру деңгейіне жақындап қаламыз деген 
сөз.  Өткен  жылдан  бері  базалық,  гранттық  жəне  бағдарламалық-
мақсаттық  қаржыландырулардан  тұратын  жаңа  жүйе  енгізілді. 
Ол  заманауи  дүниежүзілік  əдіснаманың  тетіктерін  игеру  мен 
қаржы  көздерін  бөлуде  жұмсақтықты  қамтамасыз  етеді.  Осы-
лайша,  ел  ғалымдарына  жаңа  мүмкіндіктер  ашатын  жəне  оң 
өзгерістерді  қамтамасыз  ететін  шын  мəніндегі  база  құрылды. 
Отандық ғалымдардың өте жоғары деңгейде зерттеулер жүргізуіне, 

11
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖОЛДАРЫНАН 
дүниежүзілік  ғылыми  кеңістікке  тез  жақындасуына  мүмкіндік 
беретін бұл база одан əрі ұлғайтылады.
Бір  жылдан  аз  уақыт  ішінде  «Ғылым  туралы»  жаңа  Заң 
қабылданды. Сол жылы заңмен белгіленген нормалар мен тетіктерді 
талдайтын  бірнеше  ондаған  нормативтік-құқықтық  актілерді 
қалыпқа келтіру мен бекіту кезеңі басталды. Осылайша Қазақстан 
ғылымда  ғана  емес,  ғылыми  кадрларды  дайындау  жүйесіндеде 
ескі ғылыми дəрежелер мен атақтардан бас тартып, жалпы əлемдік 
тəжірибеге ұқсас философия докторларын, қауымдастырылған про-
фессорлар  мен  жаңа  формациядағы  профессорларды  дайындауға 
көшті. Бұл да үлкен маңызы бар өзгеріс. 
Елбасының  Жолдауында  ғылымды  мемлекеттік  қолдау  мен 
инновациялық  жүйенің  мықтап  қалыптасуына  жүйелі  тапсырма 
қойылған.  Оның  ішінде  экономикаға  ғылыми  нəтижелерді  тиімді 
енгізу үшін мүмкіндік туғызатын инновациялық гранттардың шығын 
мөлшерін ұлғайту. Бұл дегеніміз, қазақстандық ғалымдардың қоғамға 
қажеттілік деңгейін көтереді, олардың шын мəніндегі беделін артты-
рады жəне еліміздің инновациялық дамуындағы үлесін көрсетеді.
Жалпы,  Президенттің  биылғы  Жолдауы  елімізді  əлеуметтік-
экономикалық жаңғыртудың нақтылы бағыт-бағдарын айқындаумен 
бірге білім берудің көкжиегін кеңейтудің байыпты бағдарламасына 
айналып  отыр.  Сондықтан  университет  басшылығының,  барлық 
профессор-оқытушыларының, 
құрылымдық 
бөлімдердің, 
ғылыми-зерттеу  орталықтары  мен  институттардың  барлық 
ұйымдастырушылық,  ғылыми-педагогикалық  қызметі  Жолдаудан 
туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталуда.

12
№1(33) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУIПСIЗДIК


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет