Жоо мен орта мектептерде



Pdf көрінісі
бет19/28
Дата03.01.2017
өлшемі10,75 Mb.
#1050
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28

Сергіту сәті
Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
1-топ: Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью
Қартқожаның   өзіне   тән   ерекшелігі   (ескерту:   астын   сызу   керек;   өзің   жауап   қосуға
болады.)
Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен? Қартқожа бейнесі арқылы өзіңнің
болашаққа түйген түйінің.
2-топ: Шығарманы талдау.
І бөлім. Шығарма тақырыбы:
ІІ бөлім. Шығарманың идеясы:
ІІІ бөлім. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер:
ІV бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер:
Vбөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт:
VІ бөлім. Шығармада суреттелетін салт дәстүр:
VІІ бөлім. Қолданылған мақал-мәтелдер:
VІІІ бөлім. Басқа тілден енген сөздер:
3-топ: Шығарма құрылысы:
1.Басталуы 2.Байланысуы 3.Дамуы 4.Шиеленісуі 5.Шарықтау шегі 6.Шешімі.
«Менің мақсатым…» (ойтолғау)
«…Әсіресе, өз елі, өз ауылы қандай болды екен? Соларды көрсем, көмегімді берсем,
сонда менің жетілгендігім, жетілгендігімнің пайдасын көргенім.Әйтпесе мен не үшін,
кім үшін оқып жүрмін?  Өз басымның қамымен кетсем,  менің оқығанымнан  елге не
пайда? » (Қартқожа пікірін негізге алу)
Үй тапсырмасы
«Қартқожа» романын оқу. Қартқожаға 
мінездеме жазу. «Түсініктеме күнделігін»
толтыру.
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын тарату
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
Алматы облысы  Қарасай ауданы
«Ә.БАЙСАЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА  МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН
 ОРТАЛЫҚПЕН» КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі Конусова Ақсауле Едуардовна 
Әдебиет
Уақыты 
Сынып 
Мұғалімнің аты-жөні
Сабақтың атауы
КӘУСАР БҰЛАҚ
Насихат Ш.Құдайбердіұлы
Сілтеме
Әдебиет  оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Үлестірмелі парақшалар
Жалпы мақсаттар
Ш Құдайбердіұлының «Насихат» өлеңімен таныстыру
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, 
қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз 
айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Сәлеметсің бе,Көк Аспан
Сәлеметсің бе,Нұрлы Күн
Сәлеметсің бе,Жер Ана
Сәлеметсіз бе,қонақтар
Сәлеметсіз бе,мұғалім
Сәлеметсіз бе,жан досым
Міне,менің қолым бос
Жылуыңа жылу қос
Оқушылар мұғаліммен қосылып 
тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
« Әдебиеттік оқу» кітабын қолға алып, оқушылардың жаңа оқулықпен дос бала 
білулерін, оны ренжітпей ұстауларын сұрау. Оқулықтың бірінші бетін ашып, оның 
ең алғашқы тарауымен таныстыру.
133

Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Шәкәрім Құдайбердіұлы(1858-1931) –
ақын,жазушы,философ,тарихшы,композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол 
негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген
ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен 
адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде 
Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі 
Құдайберді
Құнанбайдың
 
 Күңке
деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған
ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына 
дейін оқиды.
Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей 
тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының 
төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның 
таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі 
кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ 
ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм 
алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден 
тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның 
сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше
ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы 
заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі 
болды.Араб,парсы,түрік,орыс тілдерінжетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға 
тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі 
жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз 
бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен 
адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері 
тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам 
өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек
дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын 
өзгерте алмайтынына сенімді болды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қызметі: ақын,жазушы,философ,тарихшы,композитор
Туған күні: 11.7.1858 (кейбір деректер бойынша 24.7.1858)
Туған жері: Кең-Бұлақ, Семей облысы, Ресей империясы
Ұлты: қазақ
Қайтысболған
күні:
2қазан1931
Әкесі:
Құдайберді
Сергіту сәті
Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
а) «Венн» диаграммасы арқылы немесе сызба арқылы өлеңдерді салыстыру.
Кестемен жұмыс
Бол,қыл,ұқ
Болма,қылма
Ғылымға ынтық бол
Үй тапсырмасы
Ұнаған шумақтарды жаттап ал
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын тарату
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
134

Алматы облысы  Қарасай ауданы
«Ә.БАЙСАЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА  МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН
 ОРТАЛЫҚПЕН» КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі  Жандарбекова Бибизада Серикбаевна
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Сабақтың атауы
Табиғатты зерттеу және бақылау үшін
 қолданылатын  тәсілдер. Жергілікті  жерді бағдарлау әдістері
Мақсаты:Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері жайлы мағлұмат беру. 
Бақылаудың түрлерін таныстыру,тәжірибенің адамның тіршілігі үшін өте құнды 
екенін түсіндіру. Ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойын анық жеткізе білу 
дағдысын дамыту. Табиғатқа жанашыр болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі:Аралас сабақ.Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі:Суреттер, үлестірмелер
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз 
ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
Топқа бөлу
Қызығушылықты ояту
Табиғат деп нені айтамыз?
Ойланып еске түсіреміз. 3 класта өткенді қайталайық. Табиғатты зерттеуде қандай 
басты әдісті қолданамыз? Өлі ,тірі денелерді бақылаудың қандай ерекшеліктері бар
еді?Табиғатты зерттеуде қандай шамалар мен өлшем бірліктер қолданылады?
Оқулық бойынша балаларға түсіндіру.
Д.М.3. Оқулықпен жұмысДауыстап тізбектей оқыту
Зерттеу қорытындысы бойынша берілген мысалдарды теріп оқып ,талдау.
–Өздерің бақылау әдісін табиғат аясында пайдаланып көрдіңдер ме?
Ғарыштан бақылау туралы не айта аласыңдар? Тәжірибе не үшін қажет?
Сергіту сәті
«Қаражорға» биі
Жаңа сабақ
Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау
Дәптермен жұмыс
- Адамдар нені бақылаған? - Ауа райын бақылау не үшін қажет деп ойлайсың?
- Өсімдіктер мен жануарлар әлемін бақылау үшін не істеу керек?
-Аспан денелерін қалай зерттейді?
Рефлексия
Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар
Менің жаңалығым
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс
Бағалау парақшаларын толтыру.
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату 
135

Алматы облысы  Қарасай ауданы
«Ә.БАЙСАЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ 
ДЕЙІНГІ ШАҒЫН  ОРТАЛЫҚПЕН» КММ 
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сансызбаева Жаңыл Сұлтанғалиқызы
Сынып 
4
Күні:
2016ж
Мұғалімі
Сансызбаева Жаңыл Сұлтанғалиқызы
Пәні :
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы:
Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»
Оқу мақсаты
 Өлеңдегі негізгі ойды анықтай алады,достары алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасады,бірін-бірі 
тыңдауға үйренеді,өз бойларындағы кедергіні жоюға тырысады.Шығармашылық қабілеттері 
артады.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар: Автортуралы біледі. Өлеңдегі негізгі  идеясын түсінеді;ой-пікірлерін еркін 
жеткізді;
Оқушылардың басым көпшілігі: Оқушылардың 60 пайызы тақырып өлеңнің мазмұнын 
меңгереді. 
Жекелеген  оқушылар: 40 пайыз оқушы жалпы тақырыпты түсінеді. Өз ойын тиянақтай 
біледі,нақты,толық жауап береді. Сыни  тұрғыда ойлайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады:Өлеңді түсініп  оқиды;
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: малта тас,маржан,ақық,меруерт тас,қия құз,жақпар сарай,бура
тастар,жомарт тау,момақан тау
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Не себепті ........деп ойлайсыз?
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар 
Көпшілік оқушылар 
Жекелеген оқушылар
Автор туралы біледі. Өлеңдегі   
негізгі  идеясын түсінеді;
Оқушылардың 60 пайызы тақырып 
өлеңнің  мазмұнын меңгереді. 
40 пайыз оқушы жалпы тақырыпты 
түсінеді. Өз ойын тиянақтай 
біледі,нақты,толық жауап береді. Сыни  
тұрғыда ойлайды. 
Жос.
уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Бағалау
Ресурстар
Баста
луы 
5мин
Психологиялық даярлық.Қима суреттер арқылы топтарға 
бөлу:Көкшетау , Оқжетпес,Бурабай,Жұмбақтас
Бағалау парақшаларын тарату.
Үй тапсырмасын сұрау.«Аквариумдағы балықтар» әдісімен   
сұрау.
«Сөзжұмбақ шешу» арқылы бекіту.
Мадақтау
Бағалау
Үздік топ
суреттер
Бағалау
парақшасы
Аквариум
балықтар
Ортасы
35мин
Мағынаны тану. «Тұлғаны таны»  әдісі
І.Жансүгіров туралы не білеміз? (пікір ағашына жазу)
-Көкшетау тауы туралы не білеміз?
-Оқжетпес ,Жұмбақтас тауы туралы не білеміз?
-Бурабай көлі туралы не білеміз?
Жаңа тақырыпқа бағытталу.
5 минут «Алдын-ала берілген атаулар» стратегиясы. «Жұмбақтас», 
«Оқжетпес», «Бурабай», «Көкшетау» ұғымдарын жазып, төрт топқа 
тарату. (Бұл ұғымдар нені білдіретіні туралы ойланып келу алдын –ала
тапсырылған) Әр топ өздеріне берілген сөздегі атаулары туралы 
білетіндерін, топта талқылап, жариялайды.
Оқулықпен жұмыс.Өлеңді тізбектей оқыту, талдау.
Бөліктер бойынша талдау.
1-шумақ:Балалар,оқылған шумақта не жайында айтылған?
2-шумақ:Ал мына жолдарда ақын не жайында айтады?
3-шумақ: Балалар,біздің оқыған осы өлең жолдарында не жайында 
айтылған? 
4-шумақ: Балалар бұл өлең жолдарында не жайында айтылған?
5-шумақ: Балалар бұл өлең жолдарында не жайында айтылған?
Ой түйіндеу.Көкшетау –шипалы тау. 
«Түртіп алу» әдісі
Мажыраған-тып-тыныш,тылсым.
Малта тас-теңіз толқыны,с ағынымен мұжылып,жұмырланып қалған 
мада тас.
Маржан-ашық қызыл,қызғылт не ақ түсті тас.
Ақық-әшекей үшін пайдаланылатын,түсі ақшыл бағалы тас.
Мадақтау
Үздік топ
Бағалау
Мадақтау
Піkір ағашы
Автор суреті
Тау суреттері
Мәліметтер 
парағы
Оқулық
Дәптер
Суреттер
Дәптер
Сөздіктер
Суреттер
136

Меруерт-әсемдік,сәндік үшін қолданылатын қымбат бағалы асыл тас.
Жомарт-қолы ашық,береген,мырза.
Момақан-момын,жуас.
Жақпар-қатпар-қатпар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-Таудың әсемдігі мен көркемдігі өлеңнің қай шумақтарында айтылған?
(2, 4, 5, 6)
-Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді? 
(3, 4).
-Ақын таудың тасын бейнелеуде қандай сөздер қолданған?Осы 
сөздерді дәптерге жазып алыңдар.
-Ақын тауды кімге теңейді? (бойын күткен сұлуға). 
Өлеңдегі бейнелі, көркем сөздерді мына сызбаға сүйеніп, теріп жаз.
Қандай тау?Жомарт,Момақан, Шипа    
Қандай тас?  Малта,маржан,ақық,меруерт
Сатылай кешенді талдау.
Бағалау
Үздік топ
Үздік нәтиже
Сатылай талдау 
кешені кестесі
Соңы
Үйге тапсырма:жатқа айту.
Бағалау.«Алма ағашы » кері байланыс 
күнделік
Ақтөбе қаласы «Ақбөбек» білім беру орталығының тәрбиешісі
Балиева Гулдарига Ибраимова
Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат» 
Білім беру аймағы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық» 
Бөлімдер: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Сурет», «Құрастыру» 
Бағдарлама мазмұны: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл 
қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. 
Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту. 
Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық 
шығармашылығына қызығушылықтарын таныту. [Г], [Ш] дыбыстарды дұрыс артикуляциямен айтуға пысықтау. 
Саусақпен сурет салуға үйрету, конструктардан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау. 
Заттық-дамыту орта: «Шалқан» ертегісіне арналған көстюмдер, «Шалқан» муляжі, «Шұбар тауық» ертегісінің 
мнемокестесі, «Бауырсақ» - доп, конструктор, сары түсті гуашь, ақ қағаз, «Лақтар мен қасқыр ертегісінің суреттері», Аю 
мен шұбар тауықтың костюмы, шырша мен ағаштар. 
Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. 
Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік. 
Балалар бір-бірінің иығынан ұстап «Пойыз»  өлеңін айтып жүреді. 
I аялдамаға келдік. Ата-аналардың қатысуымен «Шалқан» ертегісін сахналау. 
Балалар жарты шеңбер құрып отырады. 
II аялдама. «Сергіту сәті» - балалар «Аңшы» сергіту сәтінің сөзіне қимылдар жасайды. 
III Ертегілердің үзінді аялдама сұрақтар қояды. 
Мынау аялдамаға қызық суреттер ілініп тұр. – Бұл қандай ертегі? 
- «Лақтар мен қасқыр» 
- Осы ертегіні айтып беріңдер суреттерге қарап. 
- Суретте не салынған? 
- Ешкі тамаққа кеткен кезде лақтарға не айтып кетті? 
- Ал мынау суретте не көріп тұрсыңдар? 
- Қасқыр не істеп тұр? 
- Ол не үшін аңдып тұр? 
- Ал мынау суретте не көріп отырсыңдар? 
- Лақтар не істеп тұр? 
- Ең соңғы суретте не көріп отырсыңдар? 
- Ешкі лақтарымен не істеп тұр? 
Балалар тағы да пойыз құрып келесі аялдамаға барады. 
IV аялдама. «Орман». Сол орманда Аю жылап тұр. 
Тәрбиеші: Аю, сен неге жылап тұрсын, саған не болды? 
- Қалай мен жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен оған сыймай 
сындырдым, содан бәрі қашып кетті, кім маған көмектеседі? – деп балалардан сұрайды. 
Тәрбиеші: Жылама Аю, біздің балаларымыз сондай әдемі, үлкен үйшікті жасай алады. Бізбен бірге сиқырлы пойызға 
отырып келесі аялдамаға барайық, сол жерде біздің балаларымыз саған үйшік соғуға көмектеседі. 
Аю мен балалар пойыз құрып келесі аялдамаға жетеді. 
V аялдама. «Шұбар тауық». 
Сол аялдамада оларды Шұбар тауық күтеді. Олармен сәлемдеседі. Мнемотаблицаны көрсетеді. 
- Балалар, сендер мынау мнемотаблица бойынша ертегіні айтып бере 
алысыңдар ма? 
Бір-екі бала мнемотаблица бойынша ертегіні айтып береді. 
137

«Шұбар тауық» рақмет айтады. 
- Сендер менің балапандарыма тары жасай аласыңдар ма? – деп 
сұрайды. 
Балалар: Ия, біз оны жасай аламыз – дейді. Қыздар суретті салуға кетеді, саусақ арқылы балапандарға тары салады. 
Тәрбиеші: Аю, саған біздің ұл балаларымыз үйшік соғуға көмектеседі. 
Аю мен ұл балалар конструктордан үйшік соғады. 
Аю мен Шұбар тауық балаларға рақмет айтады, ал балалар сиқырлы пойызға отырып, өз тобына кетеді. 
VI Сюрприз. Бауырсақ секіріп топқа кіреді. 
Балалардан сұрайды: 
- Мен кіммін? 
- Мен кімнен қаштым? 
Балалар: Сен бауырсақсын, атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қаштын. 
Тәрбиеші: Ал сені түлкі жеп қоймады ма? 
Бауырсақ: Мен оны алдадым, түлкінің тұмсығына отырмадым деп айтып береді. Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен, олар 
маған қайда барғандарын айтып бере алады ма? Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер? Егер сендер маған толық жауап 
берсендер, мен сендерге сыйлық беремін. 
Балалардың жауабы: 
- Біз сиқырлы пойызға отырдық. 
- Ертегілер еліне саяхатқа бардық. 
- «Шұбар тауық», «Шалқан», «Үйшік» ертегісін еске түсірдік. 
- Шұбар тауыққа тары жасадық, Аюға үйшік жасадық, сергіту сәтін 
орындадық, қайтадан топқа келдік. 
Бауырсақ: Мен өз ертегіме барайын, ал есіктің артында сендерге сыйлығым бар, ол сендерді күтіп тұр.      
 Оқу іс-әрекетінің тақырыбыҚарлығаш пен Дәуіт (ертегі).
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ертегіні тыңдата отырып, Қарлығаш адамға дос құс екенін, Дәуіттің адалдығын 
балаларға түсіндіру. Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау.
Сөздік жұмыс: дәуіт, жардың қуысы, амалы таусылып.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қарлығаш, дәуіт, көкек, кыланның суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі. 
1.Кіріспе әңгіме Ертегі әуеніне қосылып балалар ән айтады. Есік қағылады. Ішке ертегілер елінен келген Тазша бала 
кіреді. Балалармен сәлемдеседі. Тазша бала өзімен бірге ертегі, жұмбақтар әкелгенін айтады. Балаларға жүмбақ 
жасырады.
Тазшаның жұмбағы:
Қонып алып жарға, қарқылдайды ... ( қарға)
Өзі жасыл әрі батыр, ол не? ... (дөуіт)
Өзі қара, бауыры ақ, ол не? ... (қарлығаш)
Тазша бала «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін айтып береді.
2.Дәптермен жүмыс: «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін балаларға оқып таныстыру.

Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан?

Жылан не үшін келді?

Қарлығаш көмекке кімді шақырды?

Көкек не деді?

Қарға ше?

Дәуіт не істеді?

Қарлығашқа кім көмектесті?
Ертегіні рөлге бөліп ойнату.
Тыйым сөздер: сурет бойынша сызбамен жаттау.
Құстың ұясын бұзба!
Құстың балапанына тиіспе!
Құсқа тас лақтырма!
3.Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық, 
ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.
 Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық, 
Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.
(Қимылмен көрсетеді).
4.Дидактикалық ойын: «ұшты-ұшты».
Ойын   шарты:   «Ұшты-ұшты   қарлығаш   ұшты»  деген   кезде   балалар  қолдарын   көтереді.   Ұшпайтын   затты   айтқанда,
қолдарын көтермеуі керек.
Тазша балалармен бірге ойнайды. Өз ризашылығын білдіріп, ертегілер еліне қайтады.
Қорытынды:

Қарлығаш - адамға дос.

Дәуіт - адал, достарына көмектеседі.

Қиындықта достарыңа көмектесу керек.    
* * * * * * *
138

Мырзағалиева  Айжан  Тезекбаевна
Жоғары санатты, математика-физика пәндері мұғалімі. 
Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі. 
Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін
қосып жүрген белді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып, ауылда
тәрбиеленгендер. Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге жаңарып,
жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған
заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология
құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін
жетілдіру үстінде. Ендеше заманына қарай амалы, демекші бұрынғы кездегідей қарапайым
дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт.
«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі», - деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына
сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк
ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат –
жан – жақты білімді, өмір сүруге  бейім, ой – тұлғасы бар, адамгершілігіжоғары, қабілетті жеке тұлғаныяғни еліміздің
патриотын  қалыптастыру. Н.Ә.Назарбаев «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз. Елдің болашағы
көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді»,- деп болашақ ұрпаққа ХХІ ғасырда нені
оқыту керектігі, ұстаздарымыздың оларды қалай дайындайтындығы, оқушы бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды
шығармашылыққа баулу, жаңа білімді жай ғана иеленіп қоймай, ол білімді қажетті   жерде қолдана білуге үйрету басты
мақсат болып табылады. Оқып үйрену мен тәрбие ісінде оқу орындарының жаппай заманауи технологияларды қолдануға
көшу процесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру  - қоғамның басты мәселесі. 
Мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін дамыту барысында мектептің даму жоспарында желілік қоғамдастық, тәлімгерлік
инновациялық,   интерактивті   әдістерді   пайдалану   арқылы   білім   сапасын   арттыру,   интернет   жүйесімен   байланысты
жандандыру,   жаңа   ақпаратты   технологияны   меңгеру,   жан-жақты   ұстаздар   қауымымен   пікір   алмасу   қарастырылған.
Мұғалімдер өз  әріптестерімен  өздері   сабақ   беретін  пән  бойынша  және  мазмұндас,  бір ұйымның  ішінде   және   де   басқа
ұйымдардың   өкілдерімен   желілік   кәсіби   қоғамдастық   шеңберінде,   тәлімгерлік   жүйесін   көздейтін   іс-шаралар   аясында
ынтымақтастық орнатудың маңызы зор. Ол арқылы бір-бірімен ақпарат алмасуға,тәжірибе алмасуға мүмкіндік жоғары. Ал
мұғалім үнемі ізденіп, білім қорымен өзінің іс- тәжірибесін таратып, өзгенің жаңалығын үйреніп отырса,оның сабақтары да
қызықты, бала үшін тиімді болмақ.   Ал бұл жағдай бүгінгі күні ауыл мектептері аталатын шалғайдағы ауылдар үшін де
тиімді.   Ешкімде   интернет   жоқ   деген   әңгіме   айта   алмайды.Осыған   дейін   де   мұғалімдерге   арналған   курстарда   атаулы
технология   элементтерін   үйретіп,   оны   сабақта   қолданып   жүрген   болсақ   бүгінде   деңгейлік   курстан   өткен   мұғалімдер
халықаралық білім беру жүйесімен танысады, өз мектептерінің білім сапасын көтеруге қызмет жасайды. 2014 жылы маусым
айында ПШО Орал қаласындағы филиалында І (ілгері) деңгей курсын аяқтаған соң алған білімім мен тәжірибемді сабақта
қолдану арқылы жақсы нәтижесін көріп көңілім тояды. Алғаш сыныпқа өткізген кездегі оқушыларымның енді сабақ ылғи
да осылай өте ме?-деген сұрағы оларға ұнағанының куәсі еді.
Деңгейлік курсты аяқтап, мектебіне оралған әр ұстаздың мақсаты – бағдарламаның негізгі идеялары мен жеті модульді
ықпалдастыра отырып, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізу, мектебіміздегі деңгейлік бағдарламаны
игерген, тәлімгерлік  пен коучинг үдерісінде іріктелген мұғалімдерден «Бұлақ» атты кәсіби қоғамдастық құрылды. Біз өзіміз
ғана көшбасшы болып қоймай, мұғалімдер арасынан көшбасшылар дайындап, солармен бірлесіп басқа мұғалімдерге ой
салып,   бірлесіп   жұмыстанамыз.   Желілік   қоғамдастықта   ұйымдастырылған   коучинг   сабақтарынан   меңгерген   әдіс   –
тәсілдерін мұғалімдер сабақтарында қолданып, өз сабағы туралы кері байланыс, бағалау парағы, екі жұлдыз бір ұсыныс
арқылы   оқушының,   ата   –   ананың   пікірін   де   біледі.   Осы   мақсатта   жұмыстанып   жүрген   әріптестерім   Шошаева   А.Б(тіл
маманы),Асқарова   Н.С(тіл   маманы);Меңдібаева   А.Т(математика);   Ф.Ниеталиева   (математика),   Б.Нагимова,   А.Кабиева,
Ж.Кукенова(тіл маманы), А.Желмуханова(ағылшын), А.Узбекова(бастауыш),
Р.Мусатаева(орыс тілі) мамандарының ынтасын, жаңашылдыққа талпынысы зор деп айтуға болады. Олар оқушылардың
ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалануына көңіл бөле білді. Қазіргі оқушылар кітапханаға барғаннан
гөрі   интернетпен   жұмыс   жасауға   қызығушылық   танытады.   Бұл   оқушылар   арасында   бір   –бірінің   пікірімен   санасу,
сыйластық қарым – қатынастың негізі қаланады, өзін жеке дара тұлға ретінде тануына жол ашады, өз ойын ашық, еркін
айтуға,   пікір   алмасуға   дағдыланады,   оқушының   өзін   –   өзі,   бірін   –   бірі   бағалауға,   мұғаліммен   еркін   сөйлесіп,   пікір
алмастыруға, белсенді шығармашылықты ойлауға негізі қаланады. 
     Мұғалімдер арасында өткізілген түрлі тақырыптардағы коучингтер бұған дейін өз жұмысын өзі жеке атқарып жүрген
әріптестердің   арасында   ынтымақтастық   орнап,   педагогикалық   ұжымның   көзқарасы   өзгеріп   жаңа   инновациялық
мүмкіндіктерді пайдалануға  талпынысы басым. Қазіргі таңда әріптестерім  ашық сабақтар мен апталық және түрлі  іс –
шаралар   жоспарлауда   жаңа   бағдарлама   негізінде   өткізуге   талпынып,   көмек   сұрап,   қызығушылығы   жоғары,   мазмұнды,
баланың шығармашылық жұмыстануы көріне білетін мұғалімнің жетістігі деп ұғамын.Нәтижесінде тәрбие сағаттары мен
ашық   сабақтар   топтық   жұмыс   түрінде,   сыни   тұрғыдан   ойлауға   үйрететін   әр   түрлі   стратегияларды   пайдалана   отырып
өткізуде.Бұл желілік қоғамдастық қызметінің нәтижесін көрсете алады.
      Әріптестерім   жаңа   үлгіде   сабақ   жоспарлап,   өз   жұмысының   нәтижесін   байқау   үшін   мұғалімдердің   ашық   сабақтар
вебсайттарына   жүктеуде.   Ұстаздар   қауымының   басын   қосқан   «Ұстаздар   сайты»,   «Коллеги»,   «Инфоурок»   тағы   басқа
сайттарға   алғысымыз   шексіз.   Нағыз   ұстаздар   қауымын   жетістікке   бастайтын   ғаламтор   желілері.   АКТ-ны   сабақта
қолданудың тиімділігі жоғары. Мысалы, оқушылардың қызығушылығы, сонымен қатар, білім сапасы артады, оқушыларға
өз   бетінше   ізденіп,   топтасып   жұмыстануға,   эксперименттік   тапсырмаларды   шапшаң,   әрі   нақты   орындай   алуға   зор
мүмкіндіктер береді. АКТ оқушыларға  тақырыпты  түсіндіруді  және олардың қабылдауын  жеңілдетуге  мүмкіндік беріп,
мұғалімдерге сабақ беруде жаңа әдіс-тәсіл ретінде көмектесетін маңызды құралдардың бірі болып отыр. Сондықтан оқыту
барысында осы технологияларды ойланып қолдану қажет.
Заман ағымына сай қазіргі уақытта көптеген оқу орындарында білім беруде АКТ-ны қолдану аясы кеңеюде. Білім үрдісінде
қолданылатын ақпаратты көрсетуге компьютер қолдану болып табылады. Осыған орай, жалпы мектебімізде, мұғалімдер
139

жаңа   ақпараттық   және   педагогикалық   технологияларды   пайдаланумен   қатар   алдағы   уақытта   оқыту   үрдісінде   проектор
экранын қолдануды тиімді құралдарының бірі ретінде қолдап отыр. АКТ-ны меңгерген мұғалімдер қатарын жас мамандар
бастайды. Мектебіміздегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шошаева Азатгүл Бериковнаның  «Дауысты дыбыстар. Еріндік және
езулік   дауыстылар»   атты   ашық   сабағы   «Саяхатшы   Дара»   мультсериалы   желісімен   өткізілді.   Ұйымдастыру   бөлімінде
оқушыларға саяхатқа шығуға қажет нәрселерді түгендеуден бастады да, үй тапсырмасын тексеру «Серпілген сауал» әдісі
(оқушылар шеңбер құрап, допты секірту арқылы өткен тақырыптар бойынша бір-біріне сауал қояды) қолданылды.
Жаңа сабақты түсіндіруі «Екі достың «Фонетика» еліне жолға шығуы»деп аталды.
Негізгі   бөлім.   «Кедергіден   құтылуға   көмектесейік!».   І   кедергі:   «Адасқан   әріптер»,   ІІ   кедергі:   «Артық   ғылым   кітапта»
оқулықпен жұмыс, «Талдау-табыс кілті» кедергі, көмек, достық сөздерін дәстүрлі фонетикалық, математикалық талдау. ІV
кедергі:   «Жұмыла   көтерген   жүк   жеңіл»,   «Түртіп   алу»   стратегиясы   бойынша   оқушылар   диктант   барысында   кездескен
еріндік, езулік дауысты дыбастары бар сөздерді екі бағанға ажыратып жазады. Рефлексия. «Бүгін не үйрендім?»  (сабақта
меңгергендерін қоржынға жазу). Бағалау: «Дараның нағыз достары кім?» Жүйелі түрде, оқушылардың жас ерекшеліктерін
ескере отырып,әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана алған сабақ өте қызықты болып 1 жыл ғана еңбек өтілі бар жас ұстаздар
үшін білім берудің жаңа технологиясын, АКТ-ны пайладанып сабақ өткізуі жақсы бастама болды. 
АКТ-ны пайдалану арқылы оқушы тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйренеді. Әрбір оқушы өз бетінше жұмыстанады. Оқушы
мен оқытушы арасында ақпараттық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар оқушының ойлау қабілетіне де ықпал етеді.
АКТ көмегімен оқушыларға түрлі слайдтар, схема, суреттер, видео көріністер, аудио, визуалды ақпарат ретінде қолдану
арқылы сабақтың барысын мейлінше түрлендіруге болады. Сабақта АКТ-ны қолдану кезінде дәстүрлі сабақтарға қарағанда
оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға болады. 
Заман талабына сай жабдықталған ауыл мектептеріндегі ұстаздардың осы талапқа сай жұмыстануға бетбұрыстары айқын
көрініс   тауып   жатыр.   Бүгінгі   мұғалімнің   еңбегі,   тынымсыз   ізденуді,   үздіксіз   кәсіби   дамуды   талап   етеді.Қоғамның
сұранысына   лайықты   ақпараттық   коммуникативтік   технологияларды   меңгерген  мұғалім   болып,   өз   бетінше   білім   алып,
шешім қабылдай алатын, болашаққа жан-жақты көзқарасы бар тұлғаны қалыптастырайық!
* * * * * * * * *

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет